Психологиялық консилиум: Психологиялық мəселе бойынша əдістерді қолдануды талқылау. Топ рольдерге бөлінеді: психологтар, сарапшылар, түрлі мекеме өкілдері. Мəселені жан-жақты талдап тиімді қотынды шығарулары керек.
Дебат. Студенттердің сыни ойлауын, талдау, маңыздысын ажырату іскерліктерін қалыптастыруға бағытталған. Элементтері: дəйектерді құру; проблемаға байланысты түрлі көзқарастарды ашу; проблеманың фактілерін жəне идеясын көрсету.
Еркін микрофон.Бұл белгілі бір мəселе бойынша ұжым алдында сөйлеу. Бір күннің проблемасы алдын ала ұсынылады. Бұл студенттерге даярлануға, өз сөзін белгілеуге мүмкіндік береді. Бұл форманың уақыты шектеулі. Еркін микрофонды бір адам жүргізу қажет. Ол сөйлеушілер ретін белгілейді, қорытындылайды, жұмысты ұйымдастырады.
Миғашабуыл. Шығармашылық белсенділікті жəне жаңа идеяларды тез жасау іскерлігін дамытудың əдісі. Қолданылу уақыты: проблеманың шешімін табу үшін; жаңа тақырыпты ұсыну жəне студенттердің іс-əрекетін өзектілеу, берілген проблемаға студенттердің зейінін шоғырландыру үшін. Əдістің басты міндеті – танымдық іс-əрекетті белсендендіру жəне студенттерді оқыту процесіне қатыстыру. Технологиясы: сипаты бойынша əртүрлі сұрақтарды пайдалана отырып берілген сұрақ немесе зерттелетін проблема бойынша көп идеялар жинақтау. Идеялар сыналмайды жəне комментарий берілмейді.
Миға шабуылды ұйымдастыру ережелері:
Миға шабуыл уақытында студенттердің барлығы қатысады.
Идеяны нақтылау жəне дамыту мақсатында сұрақ қоюға болады.
Миға шабуыл барысында аралық бағалар қойылмайды.
Проблеманы талқылау деңгейінде ұсынылатын барлық идеялар қабылданады.
Ойлар нақты жəне қысқа болуы керек.
Ашықойларминутасы. Алдын ала проблема жарияланады. Студенттер берліген мəселе бойынша өз дəйектерін құрады, өз көзқарасын білдіреді. Студенттердің жауаптары қысқа, нұсқа, логикалық құрылған болуы тиіс. Зерттеу процесі, ақпаратты, фактілерді өз бетімен іздеу ынтымақтастықта өтуі тиіс.