Курс мақсаты:болашақ ШКМ мұғалімдеріне қазіргі педагогикалық технологиялар жөнінде білім беру.
Курс міндеттері:
Бастауыш мектептегі пəндерді оқыту барысында қолдануға болатын педагогикалық технологияларға сипаттама жəне талдау жасау;
Қазіргі педагогикалық технологияларды қолданудың əдіснамалық негізі туралы түсінік қалыптастыру;
Педагогикалық технологиялардың таңдау əдіснамасын анықтау;
Оқыту технологиялары туралы нақты білім мен қолданудың білігін қалыптастыру, инновациялық іс-əрекетке баулу.
Курс мазмұны: курс дəріс, практикалық сабақтар, студенттердің өзіндік жəне оқытушымен өткізілетін өзіндік жұмыстары арқылы жүргізіледі. Студенттер кəсіби білім, біліктіліктер жəне дағды, іскерліктерді меңгереді.
Пререквизиттер: Бұл пəнді оқуға дейін педагогика, психология пəндерін меңгерумен қатар, философиялық таным принциптері мен əлеуметтік орта туралы түсініктерді білуі тиіс.
Постреквизиттер: Бұл курсты оқу болашақта оқу-тəрбие əдістемелерін, оқыту технологиялары мен əдістемелерін, жəне ШКМ оқу-тəрбие процестерін ұйымдастыруға меңгеруге негіз болады.
Барлық мамандықтағы білім бакалаврының құзырлығына қойылатын талаптар.
Əр мамандықтағы білім бакалаврының педагогикалық процестің даму заңдылықары туралы түсінігі болуы қажет.
Əр мамандықтағы білім бакалавры Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын, «Қазақстан Республикасындағы балалардың құқығы туралы» жəне басқа да білім беруге қатысты нормативтік – құқықтық актілерді, педагогика мен психологияның негіздерін білуі керек.
Педагогика мен психологияның теориялық жағдайларын кəсіби іс-əрекетінде тəжірибе жүзінде қолдана білуі қажет.
Білім бакалавры білім беру мекемелерінде педагогикалық пароцесті жəне психологиялық іс-əрекетті ұйымдастыру, оқу-тəрбие шараларының жоспарларын, жобаларын, бағдарламаларын жасап оларды мектепке дейінгі, жалпы орта, бастапқы кəсіби жəне орта кəсіби білім беру мекемелерінде жүзеге асыру дағдысын меңгеруі қажет.
Білім беру сапасын жақсарт мен көтеру, психологиялық-педагогикалық мəселелерді шешуде құзыретті болуы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |