Студент сабаққа қатысуға міндетті. Əрбір қатыспаған сабақ оқу-əдістемелік кешенде көрсетілгендей көлемде тапсырылады. Курстың үштен бір бөлігіндей көлемінде себепсіз сабақ қалдырған студент курстан шығарылады.
Дəрісханадағы тəртіп
Студент сабаққа кешікпей келуі, сабаққа белсенді қатысуы тиіс. Сабақты қабылдауға бөгет болатын нəрселерді ұстамауы (телефон, газет, журнал, фотосуреттер) керек.
Семестрде жеке тапсырмаларды орындау міндетті болып есептеледі. Ол реферат түрінде орындалып немесе электрондық нұсқада құрылып, студенттер алдында қорғалады Əрбір жеке тапсырма бағаланады жəне ол қорытынды бағалауға əсер етеді.
СОБӨЖ сабақ кестесінде бөлінген уақытта орындалады жəне сабақ соңында тапсырылады. Сабақтан кейін қабылданбайды, бағаланбайды.Қосымша материалдарды іздеу, берілген тақырыптың мазмұнын тереңдету, практикалық мəнділігін анықтау, т.с.с. тапсырмалар студентке жүктеледі. СӨЖ тапсырмаларды орындау мен тапсыру графигіне сəйкес қабылданады.
Оқу материалын меңгергендігін практикалық тапсырмаларды орындау, тестілеуден өту, тақырып бойынша жазбаша жауап арқылы тексеріледі. Бақылау сабақта жүргізіледі, сабақ соңында тапсырылады, сабақ соңынан қабылданбайды жəне бағаланбайды.
Əңгімелесу. Əңгімелесу əр топ үшін кесте бойынша жүргізіледі.
Курс мақсаты оқу процесінің жоғарғы тиімділігін қамтамасыз етуге тиісті жəне
барлық студенттер үшін міндетті. Əрбір оқытушы студенттерге сабақ барысында тəртіп ережелерін, оқытушымен жəне басқа студенттермен өзара қатынастарын ұстаудағы өзіндік жүйесін талап етеді.