Байланысты: Шағын комплектілі мектептегі оқыту әдістемесі 44 (1)
Жобалау əдісі оны немесе проблемалар əдісі деп те атайды. Негізі – студенттердің танымдық дағдыларын дамыту, өз білімдерін өз бетімен құру жəне ақпарат кеңістігінде бағытталу іскерлігін, сыни ойлау іскерлігін дамыту. Жобалау əдісі – белгілі бір проблема- ны бөлшектеп өңдеу арқылы дидактикалық мақсатқа жетудің тəсілі. Оның нəтижесі – шы- найы, белгілі бір түрде рəсімделген практикалық нəтиже. Жобалау əдісінің негізі идеяы – ол «жоба» ұғымының мəнін құрайды, оның прагматикалық бағыты белгілі бір теориялық жəне практикалық мəнге ие проблеманы шешу барысында алынатын нəтижеге жетумен көрсетіледі. Оған қол жеткізу үшін мынаған үйрету керек: өз бетімен ойлау, ғылымның түрлі салалары бойынша білімдерін пайдалана отырып, проблеманы табу жəне шешу, шешімдердің түрлеріне орай олардың мүмкін болатын нəтижелерін болжау қабілеті, се-
беп-салдарлы байланыстарды орнату іскерлігі. Жобалау əдісі əрдайым студенттердің өз бетімен жұмыстануына бағытталған. Оны студенттер белгілі бір уақыт аралығында жеке, жұппен, топта орындауы мүмкін.
Жобалау əдісін қолдануға қойылатын талаптар:
Зерттеушілік шығармашылық тұрғыдан мəнді проблеманың/міндеттің болуы (мы- салы, бір проблема бойынша əр түрлі жерлерден репортаждар қатарын жасау)..
Мүмкін болатын нəтижелердің практикалық, теориялық, танымдық мəні (мысалы, газета, альмана шығару)
Студенттердің өз бетімен (жеке, жұпта, топта) жұмысы.
Жобаның мазмұндық бөлімін құру.
Зерттеу əдістерін қолдану.
Жобалау əдісінің нəтижесі материалдық рəсімделген болуы тиіс: видеофильм, аль- бом, бортжурнал, компьютерлік газета, альманах, доклад жəне т.б.)
Жобалаудың құрылымы: жобаның мақсаты, оның өзектілігі – ақпарат көздері жəне ақпаратты өңдеу – нəтиже – презентация
Жобалауды құру:
Жобаның тақырыбын таңдау, қатысушылардың құрамын белгілеу.
Топқа міндеттерді белгілеу, зерттеу əдістерін таңдау, ақпарат іздеу, шығармашылық шешімдер қабылдау.
Студенттердің өз бетімен жұмысы.
Əрдайым зерттеу нəтижелерін талқылау үшін жиналып отыру.
Жобаны қорғау, оппонент белгілеу.
Ұжымдық талқылау, экспертиза, сыртқы бағаны жариялау, қорытындылар. Жобаға берілетін сыртқы бағаның параметрлері:
оппоненттердің сұрақтарына жауап беру іскерлігі, жауаптардың нақтылығы жəне дəйектілігі.
Оқыту əдіснамасы. Сабақтар оқытудың жаңа технологияларын қолдану арқылы өткізіледі, əдістері: ғылыми-педагогикалық əдебиеттерді, оқу əдістемелік құралдарды талдау, педагогикалық эксперимент, бақылау, озат педагогикалық тəжірибені оқып- үйрену жəне əңгіме, анкета, тест т.б. Курсты оқыту барысында педагогикалық технологиялар мазмұны студенттердің кəсіби біліммен қарулануына себепші оқыту құралы ретінде де қарастырылады. Осы мақсатта дəріс сабақтары, студенттердің оқытушы жетекшілігімен орындалатын өзіндік жұмыстары жəне СӨЖ жоспарланады.