Бесіншіден, мұғалім үнемі өз бетімен оқып, педагогика, әдістеме жаңалықтарымен танысып, өзінің ой-өрісін кеңейтіп, білімін толықтырып отыруы керек.
Осы қағидаларды әрбір мұғалім тұрақты ұстанып отырса, мұғалімнің күш-қуаты, көңіл күйі әрдайым жоғары болады да сабақ беру сапасы арта түседі, еңбегі жанады.
Ұстаз еңбегінің қыр-сыры мол, қиын да жауапты, шығармашылық еңбек екендігін еске алсақ, олардың жемісті, әсерлі жұмыс істеуі үшін үкімет тарапынан үнемі жеңілдіктер жасалынып отыруы керек. Сонымен қатар мұғалімдер сапалы, құнды оқулықтармен, көрнекті дидактикалық, техникалық құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілуі тиіс.
Мұғалімдерге көптеген қосымша жұмыс атқаруына тыйым салу, заңды түрде аптасына 2 күн демалыс берілуі тиіс. Мұғалім сонда ғана шәкірттерінің өз бетімен білім алуына ықпал етіп, ынталы оқушыға әрдайым ақыл-кеңес бере алады.
Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі- маңызды мәселелердің бірі.
Бүгінгі таңда П.Эрдниевтің дидактикалық бірліктерді шоғырландыру технологиясы, Л.Занков, Д.Эльконин мен В.Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы, Ш.Амонашвилидің ізгілікті тұлғалық технологиясы, В.Шаталовтың оқу материалдарының белгі және сызба түрлері негізінде қарқынды оқыту технологиясы, В.Монаховтың, В.Беспальконың және басқа да көптеген ғалымдардың технологиялары кеңінен танымал. Ал қазақстандық Ш.Қаланова, Ж.Қараев, Ш.Таубаева, Қ.Қабдықайыров, С.Лактионова, М.Жанпейісова, Ә.Жүнісбек, Қ.Нағымжанова, т.б ғалымдардың зерттеулерінде оқытудың жаңа технологиялары жан-жақты қарастырылады.
Инновациялық үрдісті жүйенің бір жағдайдан екінші бір жағдайға көшуі және жаңалықты енгізу үрдісіне басшылық жасау мәселелерінің маңыздылығы Н.Горбунова, М.Кларин, А.Лоренсов, М.Поташник, П.Пидкасистый, Л.Романова, В.Загвязинский, А.Найн, Т.Шамова, О.Хомерики, Н.Юсуфбекова және т.б зерттеулерінде қарастырылған. Осыларға сүйене келе, ғылыми-педагогикалық әдебиеттерде іс жүзінде анықталып табылған оқыту үрдісінің нәтижесін көрсететін әдіс-тәсілдері мен түрлерін көбіне жаңашылдық не инновациялық деп атайды.
Достарыңызбен бөлісу: |