«Есептер шығарайық» 1. 8 тоқаш болды. 2 - уі желінді. Қанша қалды?
2. Үстелде 5 алмұрт пен 3 апельсин. Барлығы қанша?
3. Тимурда 6 кітап бар, ал Алинада 2 кітап артық. Алинада неше кітап бар?
4. Біз 3 газет жаздырттық, ал журналдың 2 - і кем. Журнал нешеу?
5. Құмырада 10 гүл. Оның 3 - уі бәйшешек, ал қалғаны раушан. Раушан нешеу?
6. Құмырада 3 гүл бар еді, тағы 4 гүл салды, ал 2 гүлді алды. Қанша қалды?
7. Құмырада 5 раушангүл және 4 бәйшешек. Раушангүлдің бәйшешекке қарағанда нешеуі артық?