2.1. Сөйлемнің толымды – толымсыздығы
Тіл білімінде толымды және толымсыз сөйлемдерді белгілі бір тиісті сөйлем мүшесінің я мүшелерінің қатысу-қатыспауына байланысты ажыратып жүр. Сондықтан мүшеленбейтін сөйлемдерді (сөз-сөйлем, атаулы сөйлем т.б.) толымды-толымсыз деп бөлуге келмейді. Толымды және толымсыз болып келетін сөйлемдер – бірқұрамды (бір негізді) және қосқұрамды (екі негізді) сөйлемдер.
Осы тұста бірқұрамды (бір негізді) сөйлемді толымсыз сөйлем типіне жатқызу керек пе, жатқызбау керек пе деген мәселе шығады. Бұл мәселе турасында орыс тіл білімінде қарама-қайшы, алуан түрлі пікірлер көп. Сол пікірлердің ізімен жүріп өткен қазақ тілі синтаксисінің маманы Ж.Сәдауқасұлының кей пікірлеріне ден қоюға болады, бірқұрамды сөйлемдердің толымды-толымсыздығын айқындауға ғалымның пікірлерін тұғыр етуге болады.
2.2 Мүшеленбейтін құрылымдар
Көне заманнан бері сөйлем синтаксистік зерттеулердің негізгі нысаны болып келеді. Ол құрылымдық-семантикалық тұрғыдан А.Байтұрсыновтың, М.Балақаевтың, Т.Қордабаевтың, Қ.Есеновтің, Р.Әмірдің, М.Серғалиевтың, Т.Сайрамбаевтың еңбектеріңде айтарлықтай деңгейде зерттелдң, соның негізінде орта және жоғары оқу орындарына арналған оқулықтар жарық көрді. XXI ғасырға дейінгізерттеулердің дені сөйлемнен предекативтілік, модальдділік, интонация сияқты тағандарды айқындауға, олардың берілу жолдарын белгілеуге тырысты. Ал жиырмасыншы ғасырдың соңынан бері қазақ тіл білімі синтаксистің функционалдық, коммуникативтік-прагматикалық сипаттарын анықтауға бет бұрды.(Ж.Сәдуақасұлы, Ж.Жақыпов, З.Ерназарова, т.б). Бұл зерттеулер сөйлемдерді функционалдық тұрғыдан «мәннен – құрылымға» қарауға мүмкіндік беріп, мүшеленетін және мүшеленбейтін сөйлем деп бөлуге болатындығын көрсетіп отыр.
№14 практикалық сабақтың тақырыбы: Суперсинтакистік парадигмалар және сөйлем мен контекст
Тапсырмалар:
1.Күрделі синтаксистік тұтастық
2.Мәтін құрамындағы дербес сөйлемдердің синтаксистік байланысы
3.Сөйлемнің толымды, толымсыздығы
4.Мүшеленбейтін құрылымдар
5.Үстемелі құрылымдар
6. М.Әуезовтің «Абай жолы» романынан мүшеленбейтін сөйлемнің түрлерін теріп жазыңыз.
7.І Есенберлиннің «Көшпенділер» романынан вокативті сөйлемдерді теріп жазыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |