40-СОӨЖ тақырыбы: Эмоционалды және императивті одағай сөзді мүшеленбейтін сөйлемдер
Тапсырмалар: М.Мағауиннің «Аласапыран» романынан эмоционалды және императивті одағай сөзді мүшеленбейтін сөйлемдерге мысалдар теріп жазыңыз.
Есеп беру түрі: синтаксистік талдау
41-СОӨЖ тақырыбы: Модаль сөзді мүшеленбейтін сөйлемдер
Тапсырмалар: Қ.Жұмаділовтің «Соңғы көш» шығармасынан модаль сөзді мүшеленбейтін сөйлемдерді теріп жазып, семантикасын ажыратыңыз.
Есеп беру түрі: синтаксистік талдау
42-СОӨЖ тақырыбы: Коммуникемдер
Тапсырмалар: Ә.Нұрпейісовтің «Қан мен тер» романынан коммуникемдерге байланысты мысалдар теріп жазып, семантикасын ажыратыңыз.
Есеп беру түрі: синтаксистік талдау
СӨЖ тапсырмалары:Көркем мәтіннен контекске тәуелді сөйлемдерді тауып, олардың тиянақсыздығын дәлелдеңіз.
Есеп беру түрі: Синтаксистік талдау
Он бесінші апта №29-дәрістің тақырыбы: Коммуникативтік синтаксистің негізгі бірліктері мен құрылымдары 1.Тіл біліміндегі синтаксистік парадигмалар және коммуникативтік синтаксис мәселелері
2.Коммуникативтік синтаксистік тұлға-бірліктері (синтаксема)
3.Сөйлемнің актуалды (жұмсалымдық-мағыналық) мүшеленуі
Терминдер мен анықтамалар
Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер)
Тілдің синтаксистік құрылымы белгілі бір ұлт тіліне тән синтаксистік құралдар мен оларды пайдалану қағидаларының қалыптасқан жүйесінен тұрады. Ал синтаксис ғылымы болса осы жүйені түсінудегі / түсіндірудегі әртүрлі теориялардың жиынтығы.
Тілдің әртүрлі деңгейлерінің бірліктері синтаксис арқылы ғана ойды қалыптастырып қарым-қатынас жасауға қатысады. Синтаксистің тілдік құбылыс және ғылыми нысан ретіндегі ерекшелігі осында. Сондықтан синтаксистік бірліктер мен құралдардың, құрылымдардың қарым-қатынас жағдайында сөйлеуді ұйымдастырудағы рөлін, қызметін анықтау – маңызды мәселе.
3.2 Коммуникативтік синтаксистің тұлға-бірліктері (синтаксема) Тіл ғылымында соңғы жылдары қалыптасып дами бастаған жаңа көзқарастардың ішінде синтаксисті коммуникативтік аспектіде зерттеу-нысанды тану жолында біршама жемісті нәтижелер беріп келеді.
Тілде мазмұндық жақ ( мағына) және бейнелеуші жақ ( құрылым) бар. Тілдік құбылыстарды ( соның ішінде синтаксистік) зерттеуде бұлар сәйкесе ме, олардың қарым-қатынасы қандай дәрежеде?
Сөйлемнің актуалды ( жұмсалымдық-мағыналық) мүшеленуі Тілдік жүйеде белгілі бір құырылымға ие сөйлемдегі сөздерді түрлі нұсқада орналастыру мүмкіндігі бар. Мысалы: Асан қазір мектептен келеді. – Асан мектептен қазір келеді. – Мектептен қазір Асан келеді... Бұлардың біреуі – алғашқы нұсқасы әрі бейтарап мәнде болады. Нақты тілдік жұмсалым кезінде қарым- қатынастың міндетіне орай солардың біреуі пайдаланылады.
№30-дәрістің тақырыбы: Мәтін - негізгі қатысымдық бірлік 1.Мәтін-коммуникативтік синтаксистің негізгі бірлігі
2.Мәтіннің қатысымдық/коммуникативтік құрылымы
3.Мәтіннің синтагматикалық бөлінуі.
Терминдер мен анықтамалар
Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер)
Мәтіннің зерттелуіне алып келген жай сөйлемдегі көптеген грамматикалық құбылыстардың (мыс., сөздердің орын тәртібі, шақ құбылысы т.б.) мазмұны, қызметі жағынан толыық сипатталып түсіндірілмеуі болды. Сөйлем шеңберінде түсіндіруге келмейін грамматикалық құбылысты түсіндіру үшін сөйлемнен тыс кеңістікке – мәтін кеңістігіне шығуға тура келеді.
Мәтін синтаксисі синтаксистік құбылыстарды зерттеуде біртұтас құрылымдық- мағыналық ұстанымға иек артады.
Екіншіден, тілді зерттеуге коммуникативтік- функционалдық ұрғыдан келу де мәтінді зерттеуге алып келді. Бұл көзқарас бойынша сөйлемді қызмет етуші тілдің сөйлеу актісі, коммуникативтік тұлғасы ретінде түсіндіреді.