13. «Жан қиналмай, жұмыс бітпес». Осы сөйлемнің формалық және мағыналық түрін ажыратыңыз:
А. Көсемше формалы, шарт мәнді;
В. Көсемше формалы, себептік мағына;
С. Есімше формалы, қимыл-сын мәнді;
Д. Болымсыз етістік формалы, қарсылықты мағына.
Е. Есімше формалы, шарт мәнді.
14. Көсемше формасы арқылы құрмаласатын құрмаластың қай тобы?
А. Қимыл-сын, мақсат, себеп бағыныңқылар;
В. Ыңғайлас, қарсылықты салаластар;
С. Талғаулы, кезектес салаластар;
Д. Шартты бағыныңқылы мен қарсылықты салалас;
Е. Қарсылықты, шартты бағыныңқылар.
15. Түсіндірмелі қатынастағы іргелес салалас құрмаластарға мысал келтіріңіз.
16. Себеп-салдар салаласты байланыстыратын жалғаулықтар:
А. Өйткені, бірақ, себебі;
В. Сондықтан, кейде, біресе;
С. Өйткені, сондықтан, себебі;
Д. Әйтсе де, сол себепті.
Е. Да, де, және, әрі.
17. Салалас құрмалас сөйлемнің А.Байтұрсынов еңбектерінде жіктелімі:
А. Жиылыңқы, қайырыңқы.
В. Ыңғайлас, ереуіл, талғама, шарт-жағдай;
С. Мезгілдес, себептес, қарсылықты, шартты, салыстырмалы;
Д. Айырыңқы, сұйылыңқы, қойылыңқы;
Д. Ыңғайлас, қарсылықты, себеп-салдар, талғаулы, кезектес.
18. Сабақтас құрмалас сөйлемдерді айқындаудағы басты меже қандай?
19. Шартты бағыныңқының сабақтастың өзге түрлерінен ерекшеліктері:
А. Баяндауышы тек қана шартты рай формасынан жасалады;
В. Бастауышы баяндауышымен қабыса байланысады;
С. Интонациялық кідірісі ұзақ;
Д. Бастауышы баяндауышымен жақ жағынан қиыса байланысады.
Е. Бағыныңқы компонент дербес бастауышты болады.
20. Есімшеге көмектес септігі жалғануы арқылы сабақтастың қай үрі жасалады:
А. Қарсылықты бағыныңқы;
В. Мезгіл бағыныңқылы;
С. Амал бағыныңқылы;
Д. Себеп бағыныңқылы.
Е. Шартты бағыныңқылы сабақтас.
Достарыңызбен бөлісу: |