Модуль – бағалаудың нақты тұжырымдалған нәтижелері мен
критерийлері бар бағдарламаның оқыту нәтижелері тұрғысынан алғандағы
аяқталған бір бӛлігі.
Модульдық оқыту – білім алушыға ыңғайлы реттілікте бірыңғай
мазмұнды бұзбай оқуға, толықтыруға, құрамдастыруға болатын зерттеу
материалын/курсын
жеке
ӛзара
байланысты
блоктар
түрінде
құрылымдандыру.
Біліктілікке негізделген оқыту – қойылған талаптар шеңберінде
адамдардың нақты кәсіптік қызметті орындауының сапасын арттыру мен
жетілдіруді игеруге арналған білім беру мен оқыту.
Біліктіліктерге негізделген тәсіл (біліктілік тәсілі) – контексті,
білімді ізденуші мен оны кәсіптікке ұқсас жағдайларда қолдануға үйрететін
кәсіптік білім берудің құрылымы.
Қҧзыреті – орындалатын міндеттер мен шешілетін мәселелер
күрделілігінің нақты деңгейіне білімнің, шеберлік пен тәжірибенің сәйкес
келу шарасы (бағдарламаны/модульді меңгеру нәтижелерін сипаттайтын
білім және оны қолдану, шеберлік, қарым-қатынас, жауапкершілік сияқты
бірқатар параметрлердің динамикалық тіркесуі).
Біліктілік – құзыреттер жиынтығы (берілген пәндік салада тиімді
қызмет етуге қажетті білім мен тәжірибенің болуы).
Тҧлғаға бағытталған оқыту (студент-орталықтандырылған оқыту)
– білім алушылардың ӛздігінен білім алу, ӛзін-ӛзі анықтау, дербес болу және
ӛзін-ӛзі дамыту қабілеттерін жетілдіру үшін оңтайлы жағдайлар жасалған
кездегі шәкірттер мен оқытушылардың ӛзара әрекетіне негізделген оқыту.
Қашықтықтан оқыту – оқу процесін техникалық және бағдарламалық
жабдықтандыруды, азаматтарды оқу орнынан қашық жерден тұрғылықты
жері бойынша оқыту үшін тиісті әдістерді, технологиялар мен ұйымдық
формаларды пайдалануды қамтамасыз ететін білім беру бағдарламаларын
меңгеру тәсілі.
Сынақ бірлігі – білім беру бағдарламасының еңбек етуді қажет ететін
шарасы.
4. Қысқартулар
Стандартта келесі қысқартулар қолданылады:
- ҚБМС –
қосымша білім берудің мемлекеттік стандарты
- ПОӘК – пәннің оқу-әдістемелік кешені
- ББ – білім беру бағдарламасы
- КМ – коммуникативті машықтар
- СБ – сынақ бірліктері
- ОПҚ – оқытушылар мен профессорлар құрамы
5. Жалпы ережелер
5.1 Біліктілік арттыру және/немесе қайта даярлаудың білім беру
бағдарламаларын ведомстволық бағыныстылығы мен меншік түріне
қарамастан денсаулық сақтау саласында білім беру және/немесе ғылыми
қызметті жүзеге асыратын, қажетті оқу-әдістемелік, материалдық-
техникалық жабдықтармен қамтамасыз етілген медициналық білім және
ғылым ұйымдары іске асырады.
5.2 Біліктілік арттыру:
- осы стандартқа;
- оқу- әдістемелік және бағдарламалық құжаттарға
сай іске асырылады.
5.3 Қосымша медициналық білім беру бағдарламаларын меңгерген
және сынақты ойдағыдай тапсырған тұлғаларға меңгерген сағаттары/сынақ
бірліктері кӛрсетілген бекітілген үлгідегі құжат беріледі.
5.4 Стандартта білім беру мен ғылымның медициналық ұйымдарының
оқытушыларын даярлаудың/қайта даярлаудың білім беру бағдарламаларын
жүзеге асырудағы біліктілік тәсілі сақталады. Ұйым ӛзінің қосымша құзыреті
тізімін бекітуге құқылы.
5.5 Біліктілікті арттыру және/немесе қайта даярлау 3 деңгейде жүзеге
асырылады: негізгі, орташа, жоғары. Құзыретінің негізгі деңгейі 5 жылға
дейін педагогикалық ӛтілі бар және/немесе ӛз қызметін кафедра деңгейінде
жүзеге асыратын, орташа – 5 жылдан бастап 10 жылға дейін педагогикалық
ӛтілі бар және/немесе ӛз қызметін ЖОО деңгейінде жүзеге асыратын, жоғары
– 10 жылдан астам педагогикалық ӛтілі бар және/немесе ӛз қызметін ұлттық
(республикалық) деңгейдегі сарапшылар деңгейінде жүзеге асыратын ОПҚ-
мен меңгерілуі тиіс.
Бір маманның әртүрлі құзыреті бойынша әртүрлі деңгейлері болуы
мүмкін.
5.6 Стандарт ережелерінің мақсаттары:
- медициналық ЖОО оқытушысының біліктілігін арттыру және/немесе
қайта даярлауға қойылатын міндетті талаптарды орындау арқылы қосымша
білім берудің жоғары сапасына ие болу;
- қосымша кәсіптік оқытуды іске асыратын ұйым жұмысының
тиімділігін қадағалайтын бақылау жүйесін құру және оқу процесін
регламенттеу.
6. «
Медициналық білім беру және ғылыми ҧйымдарының оқытушысы»
стандарты бойынша қосымша білім алушы тҧлғаларға қойылатын
талаптар
6.1 Қосымша білім беру бағдарламаларын меңгеруге тілек білдіруші
тұлғалардың бұдан бұрынғы қажетті деңгейдегі білімі – жоғары кәсіптік
білімі.
7. «Медициналық білім беру және ғылыми ҧйымдарының
оқытушысы» стандарты бойынша қосымша медициналық білім
беру бағдарламасының қҧрылымына қойылатын талаптар
7.1 «Медициналық білім беру және ғылыми ұйымдарының оқытушысы»
стандарты бойынша қосымша білім беру бағдарламасының құрылымы білім
берудің мазмұнын анықтайтын біліктіліктер негізінен және олардың
сәйкестілігін айқындайтын, ӛлшемі мен есебін анықтайтын модульдерден
құрылады. Жұмыстың барлық түрлерінің ауқымдылығын есептеу игерілген
материалдардың сағат/сынақ бірліктері бойынша жүзеге асырылады.
Сонымен қатар, бұдан бұрынғы білім деңгейінде игерілген жинақтық
сағат/сынақ бірліктері жүйесі бар.
7.2 «Медициналық білім беру және ғылыми ұйымдарының оқытушысы»
стандарты бойынша қосымша білім беру бағдарламалары күндізгі оқу
формасы арқылы жүзеге асырылады, электронды және телекоммуникация
құралдарының кӛмегімен қашықтан оқыту формасы арқылы да жүргізілуі
мүмкін.
7.3 Оқытудың ұзақтығы 5 жыл ішінде кемінде 216 сағаттан/сынақ
бірліктерден (4 модульден) тұрады.
Тындармандардың негізгі қызметтен босатылғандағы оқу жүктемесінің
кӛлемі аптасына 54 сағаттан (54 СБ) аспауы тиіс, оның 1/3 сағаты (бірлігі)
ӛзіндік жұмысқа бӛлінеді. Тыңдармандардың негізгі қызметтен қол үзбей
оқуы аптасына 27 сағаттан (27 СБ) аспауы тиіс, оның 1/3 сағаты (бірлігі)
ӛзіндік жұмысқа бӛлінеді. 1 академиялық сағаттың ұзақтығы 50 минут.
8. «Медициналық білім беру және ғылыми ҧйымдарының
оқытушысы» стандарты бойынша қосымша медициналық білім
беру бағдарламасының мазмҧнына қойылатын талаптар
8.1 Оқытушыларды дайындау деңгейіне қойылатын талаптар
«Медициналық білім беру және ғылыми ұйымдарының оқытушысы»
стандарты бойынша қосымша медициналық білім беру бағдарламасының
мазмұнымен анықталады.
8.2 Білім беру міндетті біліктіліктен және таңдаулы біліктілік
модульдері бойынша жүзеге асырылады.
Міндетті біліктілік тізімі және тиесілі сағат/аптаның ең аз кӛлемі осы
стандарттың Типтік оқу жоспарымен анықталады (1-2 кесте). Таңдауға
болатын модульдер тізімі мен тиесілі сағат/аптаның ең аз кӛлемін білім беру
және ғылым ұйымдары ӛзі бекітеді.
Таңдауға болатын компоненттің модулі жеке тақырыптарды тереңдете
зерделеуді қажет етеді, сонымен бірге білім алушылардың, ЖОО
әкімшілігінің, студенттердің болжалдары есепке алынады.
8.3 Қайта даярлау циклі мен біліктілік арттыру циклдары бойынша
міндетті біліктілік пен таңдауға болатын біліктіліктердің ара қатынасы
біліктіліктің талап етілетін деңгейіне байланысты. (№1 кесте)
1-кесте
-
Міндетті
компонент
пен таңдауға
болатын
компоненттердің ара қатынасы
Біліктілік
деңгейлері
Міндетті модульдің/таңдауға болатын
модуль компонентінің СБ ара қатынасы
(%)
Негізгі
3/1
Орташа
2/2
Жоғары
1/3
8.4 Таңдауға болатын компонент ЖОО аралық немесе кӛшпелі оқу-
әдістемелік семинарларда, тренингтерде, конференцияларда, сондай-ақ
шетелдік мамандардың қатысуымен жүзеге асырылуы мүмкін.
8.5 Таңдауға болатын компонент циклдарында оқытудың ұзақтығы мен
тақырыпты ұйым тӛменде ұсынылған негізгі тақырыптардан (бағыт) ӛз
бетінше таңдап алады.
8.6
«Медициналық білім беру және ғылыми ұйымдарының
оқытушысы» стандарты бойынша таңдау компоненті циклдарында
даярлаудың ұсынылатын тақырыптары (бағыттары) мыналар:
-
«Медициналық білім берудегі кӛшбасшылық»
-
«Медициналық білім берудегі басқару мен менеджмент»
-
«Медициналық білім берудегі кәсіби біліктілік»
-
«Менеджменттің – HR негізі (адами ресурстар менеджменті)»
-
«Білім берудегі медициналық ұйымдардың аккредитациясы»
-
«Медициналық білім берудегі қаржыландыру негіздері»
-
«Гранттарды жобалау, әзірлеу, жүзеге асыру»
-
«Білім беру бағдарламасына дәлелдемелі медицина интеграциясы»
-
«Кәсіпаралық ынтымақтастық»
-
«Медициналық білім берудегі зерттеулер»
-
«Бағалау құралдарын валидациялау»
-
«Медицинадағы оқытудың телемедицина және қашықтықтан оқыту
әдістері»
-
«Медициналық білім беру ұйымдардағы стратегиялық жоспарлау»
-
«Медициналық білім берудегі Болон процесі принциптерін жүзеге асыру»
-
«Кәсіби тілдік курстар: қазақ, орыс, ағылшын және т.б.»
-
«Білім беру мен ғылымның медициналық ұйымдарында ӛзін-ӛзі бағалау
процесін ұйымдастыру және ӛткізу»
-
«Білім беру құқығы»
-
«Білім беру мен ғылымның медициналық ұйымдарының қаржылық-
шаруашылық қызметін ұйымдастыру»
-
«Медициналық білім берудің ұйымдарындағы сапа менеджменті»
8.7 «Жоғары және дипломнан кейінгі медициналық білім беру
пәндерінің оқытушысы» стандарты бойынша қосымша медициналық
білімнің білім беру бағдарламасының мазмұны 3-кестеге сәйкес анықталады.
2-кесте - «Медициналық білім беру және ғылыми ҧйымдарының
оқытушысы» стандарты бойынша біліктілікті арттыру циклдерінің
ҥлгілік оқу жоспары
№
Модульдер атаулары
Оқу жҥктеме
сінің сағат/ап
тамен кӛрсетіл
ген кӛлемі*
Бақылау
формасы
Бейіндік модульдер
Міндетті компонент
Медициналық ЖОО-да тиімді
оқыту
54/1
сынақ
Медициналық
ЖОО-дағы
бағалау мен сараптау
54/1
сынақ
Білім беру бағдарламаларын
әзірлеу
54/1
сынақ
Зерттеу менеджменті
54/1
сынақ
Коммуникативтік машықтар
54/1
сынақ
Ақпараттық-коммуникациялық
технологиялар
54/1
сынақ
Таңдау компоненті
54/1
сынақтар
3-кесте – «Медициналық білім беру және ғылыми ҧйымдарының
оқытушысы»стандарты бойынша білім беру бағдарламасының
мазмҧны
Модульдер
циклы
Модульдер мазмҧны
Міндетті компонент
Медициналық ЖОО-да тиімді оқыту
Психология негіздері. Педагогика, андрогогика негіздері.
Оқыту әдістері мен технологиялары. Оқытудың интерактивті
технологиялары. Оқытудың тиімділігін арттыру стратегиялары.
Студенттерді мотивациялау тәсілдері. Тұлғаға бағытталған
оқыту (студент-орталықтандырылған оқыту).
Медициналық ЖОО-дағы бағалау мен сараптау
Бағалаудың қазіргі заманғы тәсілдері мен қағидалары.
Студенттерді бағалау: стратегиялар, әдістер. Жиынтық және
формативтік
бағалау.
Кері
байланыс.
Студенттердің
клиникалық машықтарын бағалау. Оқытуды бағалау: жақсарту
үшін стратегияларды, әдістерді қолдану. Бағалау әдістерін
валидациялау. Тәуелсіз баға, оқу жетістіктерін сырттай бағалау
туралы түсінік. Кредиттерді ECTS типі бойынша қайтадан
сынақтан ӛткізудің Қазақстандық жүйесі.
Білім беру бағдарламаларын әзірлеу.
ҚР-дағы медициналық білім беру құрылымы. Білім беру
бағдарламасын (ББ) құрастыру бойынша негізгі нормативтік-
құқықтық актілер: ҚР ДСМ стандарттары мен бұйрықтары, ҚР
БҒМ, нұсқаухаттар. Медициналық ЖОО-дағы оқытудың
кредиттік
технологиясы.
Дублинск
дескрипторлары.
Компетенцияларға негізделген ББ-ны жобалаудың жалпы
принциптері.
Модульды
ББ-ны
қалыптастыру.
ББ-ға
әдістемелік кӛмек кӛрсетуді қамтамасыз ету: пәннің оқу-
әдістемелік жиынтығы. ББ-ны бағалау.
Зерттеу менеджменті.
Медицинадағы
зерттеу
түрлері,
ғылыми
зерттеулер
әдіснамасын таңдау. Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру мен
ӛткізу қағидалары, қазіргі заманғы ғылыми зерттеу дизайны,
қазіргі заманғы статистикалық әдістер мен технологияларды
қолдана отырып статистикалық зерттеулерді жоспарлау,
ұйымдастыру
және
ӛткізу
методологиясы.
Ғылыми
жұмыстарды жариялау машықтары (цитат келтіру тәртібі,
ғылыми зерттеулер этикасы, қазіргі заманғы биостатистика
негіздері). Тиісті практика (GCP, GMP, GLP т.с.с.).
Студенттердің ғылыми жұмысын ұйымдастыру. Медициналық
білім берудегі зерттеулер (BEME).
Коммуникативті машықтар
Коммуникативті біліктілікті қалыптастыратын психологиялық
сипаттамалар. Тиімді байланыс орнату жолдарындағы
кедергілер және оларды шешу жолдару. Топта жұмыс істеу
машықтары.
Кӛшбасшылық,
конфликтология,
тайм-
менеджмент негіздері. Студенттің коммуникативті біліктілігін
қалыптастыру.
Клиникалық
оқытудағы
коммуникативті
машықтар. Пациенттерге кеңес берудің жалпы принциптері.
Студенттердің коммуникативті машықтарын бағалау әдістері.
Тәлімгерлік.
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Ақпаратты іздеу, ӛндеу, беру және кӛрсету машықтары.
Презентация кӛрсету машықтары (Power-Point, аудио-
видеоматериалдар,
е-learning
арналған
материалдар,
телеконференциялар т.с.с.). Техникалық қолдау құралдарын
қолданудың жалпы принциптері (факс, ксерокс, электрондық
пошта, проекциялық бейнелеу құралдары және т.б.).
Медициналық білім берудегі ақпараттық-коммуникациялық
технологиялардың
(АКТ)
мүмкіндіктері.
Білім
беру
мекемелерінің бірыңғай ақпараттық кеңістігі туралы түсінік.
Электронды білім беру ресурстары, оқу-тәрбие процесіне
цифрлы білім беру ресурстарын енгізу әдістемелері.
Медициналық білім берудегі Интернет-ресурстарды қолдануға
шолу және құқұқтық аспектілері. Қашықтықтан білім беру
технологиясын пайдалану.
Таңдау компоненті
Барлығы
9. Қосымша медициналық және фармацевтикалық білімнің білім
беру ортасына қойылатын талаптар
9.1 Біліктілікті арттырудың білім беру бағдарламасына:
дидактикалық және дәрістік материалдармен қоса теориялық білім беру;
практикалық білім беру;
сынақ енеді.
9.2 Білім беру бағдарламасының мазмұны «Медициналық ЖОО
оқытушысы» стандарты бойынша осы стандарттың негізінде жасалған
Үлгілік оқу бағдарламасымен (міндетті компонент пәндері) анықталады.
Білім беретін ұйым Оқу жұмыс бағдарламалары мен силлабустарды
таңдау компоненті бойынша әзілейді.
9.3 Кадрмен қамтамасыз етуге қойылатын талаптар: біліктілік арттыру
мен қайта даярлау циклында оқу сабақтарын доктор немесе ғылым
кандидаты ғылыми дәрежесі, философия немесе магистр докторы
академиялық дәрежесі бар тұлғалар, сондай-ақ тиісті циклдерде оқыған
(сондай-ақ шетелде де) және сертификаты бар тұлғалар жүргізуі керек.
9.4 Оқу-әдістемелікпен қамтамасыз етуге қойылатын талаптар: оқу
процесінің
оқу-әдістемелік
және
ақпараттық
қамтамасыз
етуі
тыңдаушылардың қосымша білім беру бағдарламасын сапалы меңгеру
мүмкіндігіне кепіл болуы қажет.
Білім беру бағдарламасын іске асыру халықаралық ақпараттық
желілерге,
электрондық
дерек
базаларына,
кітапханалар
қорына,
компьютерлік технологияға, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттерге
еркін қол жеткізу мүмкіндігі болуы қажет.
9.5 Материалдық-техникалық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар:
білім беру бағдарламаларын іске асырушы мекемелерде қолданыстағы
санитариялық-техникалық
нормаларға
сай
және
оқу
жоспарында
қарастырылған теориялық, клиникалық дайындықтың барлық түрлерін
ӛткізуді қамтамасыз ететін материалдық-техникалық база болуы қажет
(аудиториялық фонд, клиникалық базалар, компьютерлік кластар,
зертханалар, аспаптармен қамтамасыз ету, қор материалдары).
10. Қосымша медициналық және фармацевтикалық білімнің білім
беру бағдарламаларын меңгергендердің дайындық деңгейіне
қойылатын талаптар
10.1 Жалпы талаптар. Біліктілік арттыру циклдерінің білім беру
бағдарламасын меңгерген оқытушы осы стандарттың талаптарына, нақты
модульдің мақсаты мен мазмұнына сай келетін білім мен машықтарды игеруі
тиіс.
10.2 Сынақ – бұл мамандар білімінің, шеберлігінің, машықтары мен
біліктілігінің осы стандарттың талаптарына сәйкестігін анықтауға
бағытталған, оқытушының біліктіліктің теориялық және практикалық
жетістіктерді бақылау формасы. Қорытынды аттестацияны ӛткізу формасын
ұйым ӛзі анықтайды.
Негізгі сӛздер: қосымша білім берудің мемлекеттік стандарты; білім беру
бағдарламасы; біліктіліктер; сынақ бірліктері; менеджмент.
Достарыңызбен бөлісу: |