Бағдарламасына нұСҚаулық руководство к типовой учебной программе дошкольного воспитания и



бет116/152
Дата15.10.2023
өлшемі8,98 Mb.
#115206
түріБағдарламасы
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   152
Әжем мені мақтайды Құрметтейтін бұл кісім Кейімесін деп келем.
Жуынғанда сүлгісін, Ұсынамын еппенен.

Мейірім бар көзінде, Естімедім сөгісін.


Сыртқа шығар кезінде, Қойып берем кебісін.

Қасынан бір қалмадым, Әңгімелер айтамын.


Дүкен барса, алғанын Көтерісіп қайтамын.

Сырымды әжем біледі, Қолымды да қақпайды, Көршілерге үнемі,


- Көмекшім? – деп мақтайды.
О. Байбақұлы

Қалсын апам қуанып
Апамызды сыйлайық, Үйдің ішін жинайық, Бұрынғыдай егесіп Ерегесіп тұрмайық.

Қалмау үшін керісіп, Кел, алайық келісіп. Атқарайық үйдегі Жұмысты тең бөлісіп.


Кел, самаурын қайнатып, Дастарханды жайнатып. Отырайық бөлмеде Бөпемізді ойнатып.


Гүлдерді де суарып, Еденді де жуайық, Келген кезде жұмыстан Қалсын апам қуанып.


С.Әлімқұлов

Ұя Ұя жасап тақтайдан, Талға апарып байладым.
Жыл құсының шаттанған, Күттім қашан сайрауын.

Сол ұяны талғады, Қараторғай мекендеп. Күні бойы сайрады, Жайлы пәтер екен деп.


Қ.Баянбаев

Еңбек Гүл өсірсең терлеп, Мұның аты-еңбек.
Кесте тіксең зерлеп, Мұның аты-еңбек. Қырға шықсаң өрлеп, Мұның аты-еңбек.
Қиындықтың бәрін, Еңбек бәрін жеңбек.
Н.Жанаев

Бозторғай әні Тау мен дала, қырқаны Күн аймалап тұр тағы.
Көкте қалқып бозторғай, Құбылтып ән шырқады. Мың құбылды қырдағы Әннің әсем ырғағы – Күміс қанат бозторғай Күнді мақтап жырлады. Әнші аспанда қалқып тұр, Әуеледі шалқып жыр.
Жусанды кең даланың Жұпар иісі аңқып тұр.
Бәйшешек Еріді де соңғы қар, Өзен тасып, су ақты.
Ойпаңдағы омбы қар Қыс белгісі сияқты. Көктем лебі тұр есіп, Жапты жаңа гүл қырды:
Қар астынан дүр өсіп, Бәйшешектер құлпырды. Тұңғыш гүлін көктемнің Аялап тұр көктен күн.
Ә. Табылды

Гүл мен Ара Түсінбейсің жанымды, Жаралайсың тәнімді.
Тастап ұшып кетесің, Сорып алып нәрімді, - Деді Араға Гүл бірде. Жоқ бойымда мін мүлде. Үлесім бар балыңда,
Алғысыңды айт, білдің бе?» Айтты Ара: «Әй, тамыр, Сыңайыңды байқадым.
Сені баптап өсірген Жазға алғыс айтамын!»
К. Ыбырайұлы


Көбелек Қанатын көп қақпайды, Қалбаң-қалбаң ұшады. Құлағына жақпайды Құйқылжыған құс әні.

Жаңбыр жауса себелеп, Жасырынып қалатын.


Түрлі жеппен көбелек Кестелепті қанатын.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет