Бағдарламасына нұСҚаулық руководство к типовой учебной программе дошкольного воспитания и



бет124/152
Дата15.10.2023
өлшемі8,98 Mb.
#115206
түріБағдарламасы
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   152

Әділ шешім


Орман төресі айбарлы Арыстанға Қоңыр аюдың үстінен арыз жазылды. Арызда бітік өскен Таңқурайлы сайды мекендеп, қорып, оған түскен Шошқаның торайын таспен ұрып көзін шығарып, Ешкінің лағыныңсирағын сындырған, бұзаулы Сиырдың мүйізін қағып түскені мәлімделді. Ормандағы бар жаунарлар жиналып Қоңыр аюдың мәселесін қарады.

  • Аюеке сенің мінезің момақан еді, не себепті Шошқа, Ешкі, Сиырларға қиянат жасадың? – деді айбарланған Арыстан.

  • Уа, тақсыр менен бір білместік өтті. Оларға жазықсыз қастандық жасаған жоқпын. Бар кінә өздерінде.

  • Неліктен?

  • Шошқа торайын ертіп алып, қорс-қорс етіп пісіп тұрған таңқурайдың түбін қопарды. Бір күндік емес келешектің жемісі емес пе? Таңқұрайжы аядым. Шошқаны үркітейін деп тас лақтырып едім, торайына тиіп, көзін шығардым. Ол үшін әрине кінәлімін. Қоңыр аю иіліп келіп еңкейді. Айбарланған Арыстан Қоңыр аюдан мұны күтпеген еді, оған іші жылып қалды. Дұрыс айтасың, келешек өнімді қорғау бәріміздің ортақ борыш.Шошқа таңқурайды қопарғаның рас па?

  • Рас, еді тақсыр.

  • Ендеше қоңыр аю емес өзің кінәлісің.

  • Ешкі не істеді, Аюеке?

  • Лағын ертіп алып таңқурайдың піскен жемісін төгіп, сабағын шорт- шорт үзді.

  • Ешкі де айыпты, ал сиыр не істеді?

  • Бұзауымен ары-бері жүріп таңқурайды таптады.

  • Сиыр да кінәлі. Таңқурайдың тағдырын ойлаған Қорңыр аюда еш жазық жоқ. Арыз жазғандар жауапқа тартылсын. Айбарланған арыстанәділ шешім шығарды. Жала жапқандардан құтылған Қоңыр аюТаңқурайлы сайға қарай томпаңдап ақырын аяңдай берді.

Ескермес Сәрсенбаев

Тәртіпсіз лақ


Кеш. Аулада, терек саясында кітап оқып отырғанмын. Кенет тарс – тұрс дыбыс шығып, басымды көтердім.
Қарасам, көршімнің біріншіде оқитын баласы кішкентай ақжағаллақты қуалап жүр.
Бір кезде жетті-ау лаққа. Мүйізінен ұстап алып, басқа төпелеп жатыр.Үйден әжесі шығып, оның қылығын көрді де:

  • Әй, Тәлтай! Ұрма лақты!

Айқайға алаңдаймын деп, Тәлтай лақтан айырылып қалды. Төніпкелген әжесінен қашпай тымыраяды.

  • Неге ұрасың ой, тәртіпсіз?!

  • Лақ тәртіпті ме? Неге еккен ағашымды құлатады?

Қараймын, әлгінде ғана терезе алдына еккен өрімталы қисайып жатыр. Оны көрген әжесі:

  • Жә, екеуің де оңып тұрған жоқсыңдар, - деп қолын бір сілтеп, жөніне кетті.

  • Маған ұрсады, лаққа ұрыспайды, - деп бұртаңдаған Тәлтай құлаған талын тұрғызып жатты.

Н. Сералиев




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет