Бағдарламасына нұСҚаулық руководство к типовой учебной программе дошкольного воспитания и


«АДАЛДЫҚ ӘЛІППЕСІ» МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДА ҚҰНДЫ ҚАСИЕТТЕР МЕН АДАЛДЫҚТЫ



бет42/152
Дата15.10.2023
өлшемі8,98 Mb.
#115206
түріБағдарламасы
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   152

«АДАЛДЫҚ ӘЛІППЕСІ» МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДА ҚҰНДЫ ҚАСИЕТТЕР МЕН АДАЛДЫҚТЫ


ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАР ЖИНАҒЫ


Ұжымда достық қарым-қатынасты қалыптастыруға бағытталған дидактикалық ойындар




«Достық көмек»
Ойынның мақсаты: балаларды зейін қоюға, мейірімділікке, досына көмектесуге тәрбиелеу.
Тәрбиеші ойынның шартын түсіндіреді.
Балалар шеңберге тұрып, қолдарын артына қояды, тәрбиеші балалардың бірінің қолына «қауырсынды» тигізеді (бұл кез-келген құстың қауырсыны болуы мүмкін). Қолына қауырсын тиген бала өзінің арманы туралы айтады. Тәрбиеші қалған қатысушылардан осы арманды қалай іске асыруға болатынын ойластыруды және айтып беруді сұрайды.


«Сиқырлы таяқша»


Ойынның мақсаты: балаларды зейін қоюға, мейірімділікке, досына көмектесуге тәрбиелеу.
Балалар шеңберге тұрып, өздеріне көмек қажет болған жағдайды кезек- кезек айтып береді, мысалы: тісім ауырды, біреу ренжітті, көңіл-күйім болмады және т.б. Қатысушылар жағдайларын айтып болғаннан кейін, педагог «сиқырлы таяқшаны» қолына алып, былай дейді:
«Сиқырлы таяқша, досыңа көмектес!».
Досына қалай көмектесуге болатынын білетін бала қолын көтереді, ал педагог оған таяқшаны береді. Таяқшаны алған қатысушы оны екінші қатысушының қолына тигізеді және оған қалай көмектесуге болатынын айтады. Қиындық туындаған жағдайда педагог баланың қолына таяқшаны тигізіп,
оған қалай көмектесу керектігін өзі айтады.


«Досыңның жақсы қасиеттерін атап бер»


Ойынның мақсаты: адамның жақсы жақтарын көре білуге тәрбиелеу.
Педагог өз қалауы бойынша бір баланы таңдап алып, оны шеңбердің ішіне отырғызады және басқа балалар өзіне осы баланың қандай қасиеттері ұнайтынын айтады. Педагог балаларға жауаптарының қайталанбауын ескертеді және өзі үлгі ретінде осы баланың жағымды қасиеттерінің бірін әңгімелеп береді. Ойын осылай жалғасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет