Бағдарламасына нұСҚаулық руководство к типовой учебной программе дошкольного воспитания и



бет44/152
Дата15.10.2023
өлшемі8,98 Mb.
#115206
түріБағдарламасы
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   152

«Паровоз»


Ойынның мақсаты: ұжымда үйлесімділікті, бірлікті қалыптастыру.
Тәрбиеші балаларға өз тобының балалары тату, мейірімді, адал болуын тілейтінін айта отырып, паровоз ойынын ойнауды ұсынады, онда «вагондар» бір- бірін шынтағынан ұстайтынын көрсетеді. Паровоз әртүрлі қарқынмен, ырғақпен, кедергілер арқылы жүреді. Балалардың ырғақты ән айтуларына болады. Ойынның шарты қолдарынан жібермей, біртұтас команда ретінде әрекет ету.


«Түрлі - түсті гүлдер»


Ойынның мақсаты: дұрыс таңдау жасай білуді, құрдастарымен ынтымақтастықта жұмыс жасау қабілеттерін дамыту.
Құрал-жабдықтар: күлтелері алынатын жасанды гүл, қызыл және сары текшелер.
Тәрбиеші ойынның әртүрлі нұсқаларын қолданады. Ойынның бірінші нұсқасы:
Балалардың әрқайсысы гүлдің күлтесін жұлып алып, іштерінен тілек тілейді.
Егер баланың тілегі өзінің жеке басына байланысты болса, балаға сары текше беріледі, егер тілегі әлеуметтік маңызға ие болса – онда қызыл текше беріледі. Ойынның соңында барлық текшелерді жинап алып, топтағы адамгершілік тәрбиесінің даму деңгейін анықтауға болады (бірақ оны балалармен талқылауға болмайды) және балаларға қандай тілектің ұнағанын, оның не себепті ұнағанын талқылауға болады.
Ойынның екінші нұсқасы:
Гүлдің бір күлтесін екі баланың алуына болады, олар ойланып және бірге келісе отырып, екеуіне ортақ тілек тілейді.
Ойынды жүргізе отырып, педагог балалардың жолдастарына, қарт адамдарға, әлсіздерге қамқорлық жасағысы келетін тілектерін қолдайды. Педагог егер балалар шынымен қаласа, олардың барлық тілектері орындалатынын айтады.


«Адал достар»


Ойынның мақсаты: ұжымда достық қарым-қатынасты қалыптастыру. Педагог балалардан бөлменің екі бөлікке бөлінгенін (бір бөлігі- «құрлық»,
бір бөлігі-«теңіз») айтады және ойынның шартын түсіндіреді.
Балалар шеңберге тұрып, музыканың басталуымен хороводпен жүре бастайды. Музыканы тоқтатқан кезде балалар да тоқтайды. «Құрлықта» қалған қатысушылар «теңізде» қалғандарды мүмкіндігінше тезірек құтқаруы керек. Ол үшін «құтқарушылар» секіргішке үрлемелі дөңгелекті өткізіп, оны батып бара жатқан қатысушыларға лақтырып, оларды «құрлыққа» шығарып алуы тиіс. Ойын осылай жалғасады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет