Бағдарламасына нұСҚаулық руководство к типовой учебной программе дошкольного воспитания и



бет43/152
Дата15.10.2023
өлшемі8,98 Mb.
#115206
түріБағдарламасы
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   152

«Досыңды тауып ал»


Ойынның мақсаты: достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу, зейін, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Балаларды екі топқа бөледі, бір топтағы балалардың көздерін орамалмен байлайды да, оларға бөлменің ішінде жүруді ұсынады және көздері байланбаған құрдастарын тануы қажет екендігі айтылады. Балалар досының қолын, шашын, киімін ұстап тануына болады. Балалар достарын тапқаннан кейін ойыншылар рөлдермен алмасады.

«Құпия заттар»


Ойынның мақсаты: қарым-қатынас дағдыларын дамыту, құрдастарымен ортақ тіл табыса білуге үйрету.
Жүргізуші барлық қатысушыларға әдемі қобдишадан (түйме, моншақ, сағат) «құпия заттарды» таратады, оны алақандарының арасына салып, ешкімге көрсетпеуін сұрайды. Құпия затты таратып болғаннан кейін ойынға қатысушылар бөлмені аралап жүреді, олар қызығушылық танытып, бір-бірін құпия затын көрсетуге көндірудің жолын табуға тырысады. Тәрбиеші балалардың әрекетін бақылайды, ұялшақ балалардың басқалармен ортақ тіл табысуына көмектеседі.


«Мақтау сөздер айту»


Ойынның мақсаты: достық қарым-қатынасқа, әр адамның жақсы қасиетін көре білуге тәрбиелеу.
Қатысушылар шеңбер құрып отырады, ал бір бала шеңбердің ортасына отырады. Балалар оның мінез-құлқындағы жағымды қасиеттерін, қабілетін, сыртқы келбетінің тартымдылығын айтып, мақтайды.


«Сиқырлы дүрбі»


Ойынның мақсаты: топтың әр мүшесінің жақсы жақтарын көре білу қабілетін қалыптастыру.
Тәрбиеші балаларға «сиқырлы дүрбіні» көрсетеді және балаларға дүрбімен біреуге қараған кезде тек оның жақсы жақтары ғана көрінетінін түсіндіреді. Алдымен тәрбиеші дүрбімен қарап, топтағы бір баланың жағымды қасиеттерін атай отырып, үлгі көрсетеді. Содан кейін балалар дүрбімен құрдасына қарайды да, оның жақсы жақтарын көріп тұрғанын және ол қандай қасиеттер (мейірімді, әдепті, қамқор және т.б.) екенін айтады.


«Дос болайық бәріміз»


Ойынның мақсаты: ұжымда бірлікті қалыптастыру.
Балалар бір-бірінің артына тұрады да, алдында тұрған баланың иығынан ұстайды. Осы қалыпта олар әртүрлі кедергілерді еңсереді:

  • орындыққа көтерілу және түсу;

  • үстелдің астынан өту;

  • «көлді» айналып өту»;

  • «ну орман» арқылы өту»;

  • «жабайы жануарлардан» жасырыну.

Ойын барысында балалар өз серіктесінен қалып қоймауы керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет