Бағдарламасына нұСҚаулық руководство к типовой учебной программе дошкольного воспитания и



бет96/152
Дата15.10.2023
өлшемі8,98 Mb.
#115206
түріБағдарламасы
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   152
Бесік жыры
Әлди-әлди, ақ бөпем, Ақ бесікке жат бөпем! Жылама бөпем, жылама, Жілік шағып берейін, Байқұтанның жіпке
Жіпке тағып берейін. Әй-әй бөпем, әй бөпем. Ән айтайын бал бөпем. Ән тыңдағың келсе егер

Санамақ
Бір үйде біз нешеуміз Кел санайық екеуміз Бас бармағым – әкем, Балан уйрек – анам, Ортан тірек – ағам, Шылдыр шүмек – апам, Кішкене бөбек – мен.

Және айтайын, жан көкем.

Бөпем менің ай ма екен? Шекер ме екен, бал ма екен? Ойнақтап бір бәйгеден Озып келер тай ма екен ?


Әлди, әлди, ақ бөпем, Ақ бесікке жат, бөпем, Бармақтарың майысып, Түрлі ою ойысып,
Шебер болар ма екенсің?! Таңдайларың тақылдап, Сөзіңді жұрт мақұлдап, Шешен болар ма екенсің?!


Бесік жыры Әй-әй бөпем, әй бөпем, Ән айтайын, бал бөпем, Ән тыңдағың келсе егер, Және айтайын, жан көкем Бөпем менің ай ма екен.
Шекер ме екен, бал ма екен. Ойнақтап бір бәйгеден Озып келер тай ма екен.
Тас бұлақтар тауда екен, Жас құрақтар сайда екен. Көлбең-көлбең ұшатын Көбелектер қайда екен Қара қарға қарда екен, Жапалақтар жарда екен, Балпаң-балпаң басатын Балапандар қайда екен.
Әй-әй бөпем, әй бөпем, Ұйықтадың ба, бал бөпем... Алдағанға көнетін
Аңқау бөпе қайда екен.
Сағи Жиенбаев

Сыбызғы
Сыбызғы - түтік,
Әр тұсынан тесілген, Үрлесе шебер,
Үні кетпес есіңнен.
М.Әлімбаев


Сыбызғы
Кең далама, тауыма,
Сызылтып ән салайын. Сыбызғыммен маңыма, Достарымды жинаймын.
С.Әлімқұлов


Домбыра Басып дұшпан желігін, Жырла, көтер ел үнін. Қара шанақ домбырам Күмбірлей бер серігім.


Сылдырмақ
Өзінше бір жыр жырлап, Отыр інім былдырлап.
Әрі ойыншық, әрі аспап Қолында бар сылдырмақ.
К. Ыбрайұлы



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет