11
3) Пайымдау мәтіні - болған оҕиғаның себеп-салдарын, түйінін білдіреді де неліктен?
деген сұраҕҕа жауап береді. Пайымдау мәтіні грамматикалыҕ
жағынан бір-бірімен
сабаҕтастыҕ байланыстары арҕылы жасалады. Сонымен бірге мұнда ҕыстырма сӛздер
"біріншіден", "екіншіден", "ендеше", "олай болса", "сондыҕтан" т.б. ҕолданылады.
А. Байтұрсынұлы мәтіннің бұл үш түрін былай түсіндіреді: "Дүниедегі нәрсенің
ҕайсысы туралы сӛйлесек те, бір жағынан ғана емес, әр жағынан алып сӛз ҕылуға болады.
Мәселен, бір адамды сӛз ҕылсаҕ, я ол адамның істеген ісін, айтҕан сӛзін әуезе ҕылып
сӛйлейміз, я тұлға-тұрпатын,
кескінін айтып, не болмаса ол адамның істеген істерінің,
ӛзінің жаҕсы-жаман болғанының мәнісін, себебін тексере, байымдай сӛйлейміз.
Осыған
орай сӛйлеген сӛзіміздің түрі не әуезе, не әліптеме, не байымдама болып шығады".
Мәтінге газет-журнал материалдары, ӛлең шумаҕтары, оҕулыҕтағы
ережелер және әр
түрлі таҕырыптағы әңгімелер мен сӛйлесулер жатады.
Әрбір мәтіннің таҕырыбы онда не туралы айтылатындығын білдіреді. Мәтіннің
ҕұрамындағы сӛйлемдер тек таҕырып бойынша ғана байланыспайды, белгілі бір негізгі
ой, айҕын идея арҕылы да бірігеді. Яғни мәтіндегі негізгі ойда ҕандай мәселеге баса назар
аударылады, неге кӛз жеткізу маҕсат етіледі, неге үйретеді деген жайлар аныҕталады.
Негізгі ой мен таҕырып мәтіннің ӛн бойынан ажырамас бірлікте кӛрініп, ашылады.
Мәтін бұл жалпы таҕырып тӛңірегіндегі аҕпаратты жеткізетін мазмұнды сӛйлемдердің
тізбегі. Мәтінмен жұмыс дегеніміз - сабаҕта ӛтілетін әр түрлі жұмыстардың жиынтығынан
ҕұралады. Мысалы:
дыбыстармен жұмыс, сӛздіктермен жұмыс, сӛздік ҕорларын
жетілдіру, тіл дамыту және т.б.
Мәтінді оҕудың бірнеше түрі бар. Олар:
1) Дауыстап оҕу;
2) Іштей оҕу;
3) Араласып оҕу (кезекпен);
4) Буынға бӛліп оҕу;
5) Мәнерлеп оҕу;
6) Сӛйлемді мазмұнына, айтылуына ҕарай ырғағымен оҕу.
Бастауыш сынып оҕушысы меңгеруге тиіс болатын мәтінге тән негізгі белгілерді, яғни
мәтінде берілетін ой, пікір, мазмұн белгілі бір таҕырыпҕа негізделіп, белгілі бір
таҕырыпта аяҕталған
ойды білдіретіндігін, мәтінде барлыҕ уаҕытта негізгі ой
болатындығын, мәтінді ҕұрылымдыҕ бӛлімдерге бӛлуге болатындығын, мәтіннің
ҕұрылымдыҕ-мазмұндыҕ бӛлімдері және ондағы сӛйлемдер бір-бірімен жүйелі түрде
байланысатындығын мұғалім оҕыту үдерісінде басшылыҕҕа алып, жүзеге асырады.
Достарыңызбен бөлісу: