"Көркем еңбек" оқу пәнінің міндеттері: 1) әртүрлі іс-әрекеттерді кіріктіру арқылы пәндік білімдерді, дағдыларды және қабілеттерді дамыту;
2) ұлттық және әлемдік материалдық мәдениет пен өнер шығармаларымен таныстыру арқылы құндылық бағыттарын қалыптастыру;
3) білім алушылардың визуалды және эстетикалық қабылдауын, сыни ойлауын дамыту үшін терминологиялық аппарат қалыптастыру;
4) бақылау, эксперимент жүргізу және көрсетілім жасау арқылы зерттеу дағдыларын дамыту;
5) әртүрлі материалдар мен құралдарды қолдану арқылы шығармашылықпен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру;
6) білім алушылардың өзін-өзі бағалауын жоғарылату және жағымды көзқарас қалыптастыру;
7) коммуникацияның бір тілі ретінде ұлттық және әлемдік мәдениет мұраларының мағынасын, көркем еңбектің рөлін түсіндіру;
8) өз жұмысын жасау үшін, әртүрлі ақпарат түрлерін (іздеу, жинау, сұрыптау) бағдарлау қабілетін дамытуға ықпал жасайтын, әртүрлі танымдық, коммуникативтік, ұйымдастырушылық және адамгершілік сипаттағы міндеттерді өздігінен шешу тәжірибелерін қалыптастыру;
9) ұжымдық, топтық және жеке жұмыстарды орындау процесінде қолдың моторикасын, сенсорикалық, қиялдауы мен шығармашылығын, елестетуін және қабылдауын дамыту.
Оқулық:Н.А.Раупова, Ә.Т.Төлебиев, Г. Қ. Жарымбетова. – Алматы: Атамұра, 2022.
Күнтізбелік-тақырыптық жоспар Көркем еңбек пәні 2-сыныбы Аптасына 1 сағат, жылына 36 сағат