Ыбыраим немесе Ибраһим заманына дейін ол елде халық пұтқа табынады екен. Бір күні Ибраһимнің атасы қолдан жасалған пұтты беріп базарға апарып сатып кел дейді. Жолда бара жатып дәретке барғысы келгендіктен пұтты жол шетіне қойып, өзі дәрет сындыруға барып кайтып келсе бір түлкінің пұтқа сарып тұрғанын көреді. Содан түлкі сиген, қолдан жасалған, пұтты Тәңір болып жарытпас деп сындырып тастайды. Бұған кәпірлер шулап Ибраһимді жазалату үшін патшаға - Намрутқа алып келеді. Ол пұтты кім сыңдырғанын сұрайды. Ибраһим: «Пұттың өзі айтсын» - дейді. Олар: «Пұттар сөйлей алмайды ғой, қалай сұраймыз?» - деді. Ибраһим: «Ендеше, неге сендер жансыз қуыршақты Тәңірге балайсыңдар? Пұтқа табынбаңдар, бір Аллаһты мойындандар, мені Аллаһтың елшісі деп атаңдар» - дейді. Тағы да Ибраһим: «Менің Тәңірім күнді Шығыстан шығарып, батыс жаққа батырады. Сендер күнді батыстан шығарыңдар, мықты болсаңдар. Қашан күн батыстан шықпайынша, ақыр заман болмас» - деді. Ибраһимнің мына сөзін естіген кәпірлерге: «Шынымен мына пұтқа табынуымыз бекер іс, біздер адасқан екенбіз» - деген ой келеді. Намруд патша Ибраһимді отқа жағып сынамақшы болады. Бұл сынақтан ол Аллаһтың пәрменімен аман-есен шығыпты.
Бір күні Ибраһим түс көреді, түсі бойынша ұлын құрбандыққа шалуы керек болады. Бұл жайды ұлы Исмаилға айтады. Сонда ұлы: «Әке, Аллаһ Тағала бұйырып тұрса, мен қарсы болмаймын. Өзіңе не бұйырылса, соны істе» - дейді. Ибраһим (ғ.с.) ұлы Исмаилды бауыздағанда пышағы өтпейді. Сол кезде Аллаһ көктен көк қошқар түсіреді, оны құрбандыққа шалады. Әке мен баласының адал ниетіне орай Аллаһ малды өзі түсіреді. Осы күннен бастап мұсылмандар әр жылы құрбандық шалатын болыпты.
Ибраһим пайғамбар - жоғарыда жазылған 29 пайғамбарлардың бірі. Ол Ысқақ пен Исмаилдың әкесі. Ысқақтан - еврейлер, Исмаилдан – арабтар тарайды. Аллаһтың соңғы пайғамбары Мұхаммед (с.ғ.с.) осы Исмаилдың ұрпағы. Ал Ысқақтың тұқымы - Иса Мәсіх пайғамбар.
Хараннан Луд туды. Ибраһимнің әйелінің аты Сарай, ал Нахордың әйелі - Мылқа. Сарай бедеу болғандықтан баласы болмаған. Сарайдың Ажар деген күңі болған. Сонымен Тәңірдің жазуымен Ибраһимнің әйелінің күңі Ажардан Смағұл (Исмағұл) деген ұлды болды. Құдайдың қалауы бойынша Ыбырам, Ыбырам емес Ыбыраим (Ибраһим - көне еврейше «көптің әкесі» деген ұғымды білдіреді) деп аталды. Бұдан әрі Құдай Ыбыраимға: «Мен сені көптеген халықтардың түп атасы етемін және ұрпағыңның еркек кіндіктісінің бәрі сүндеттелуге тиіс. Бұл Менімен сендердің араларыңдағы бекіткен келісімнің белгісі болады. Өз әйеліңді енді Сарай емес «Сара» деп ата. Одан сен бір ұлды боласың, одан халықтардың патшалары тарайтын болады. Сен оның атын Ысқақ деп коясың депті және де солай болған екен. Сонымен Ыбыраимның бәйбішесінен (Сарадан бұрын Сарай атанған) - Ысқақ, бәйбішесінің күңі Ажардан - Смағұл деген ұлдары болды. Бірақ Смағұл Ысқақты келекелеп, мазақтағандықтан әкелері Ыбыраим баласы Смағұлды шешесі Ажармен бірге далаға апарып тастағанда Құдайдың жебеуімен сол маңнан құдыққа кезіктіріп өлімнен аман сақтаған. Ол бала садақшы мерген екен, кейін ол ұлы халықтың атасы болады.
Ыбыраимның інісі Нахордың Милка деген әйелінен Усты, Буды, Кемуел, Кесет, Хазон, Пилдаш, Идлаф, Бетуел дүниеге келді. Ал тоқалы Рехумадан: Тебах, Гихам, Тақаш және Маха атты төрт ұл туды.
Ал Бетуелден Рабиға және оның ағасы Лабан туады. Кейін осы Рабиға Ысқаққа күйеуге шығады.
Ыбыраим пайғамбар кейіннен тағы да Кетура (үшінші әйелі) есімді әйелге үйленеді. Одан: Зимран, Иоқшан, Медан, Мидиан, Ишбақ, Шуақ деген ұлдары дүниеге келді.
Иоқшаннан: Шаба, Дедан.
Мидианнан: Ефа, Ефер, Хенок, Абида, Елдаға.
Кейін қартайып Ыбраим қайтыс болады, ол әйелі Сараның қасына Махпела үңгіріне жерленді. Мұрагерлікке Ысқақ қалдырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |