Бағдат Оралбайұлы «Тегімізді тануға талпыныс»


Ата, Апа! Мен сіздерді өте жақсы көремін



бет141/153
Дата06.01.2022
өлшемі11,37 Mb.
#12762
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   153
Ата, Апа! Мен сіздерді өте жақсы көремін.

Жиен немереңіз – Мөлдір. Тамыз, 2008 жыл.
Мөлдірдің өзін елге таныстыруы
Бабам менің Саяқып,

Болған екен атақты.

Қасиеттерін ел қастерлеп,

«Қасиетті» - деп атапты.


Үлкен атам – Оралбай,

Болыпты сыйлы сондай.

Еңбегімен еселеген,

Ел байлығын ұдай.


Үлкен әжем – Қасия,

Ғасыр жасаған қария.

Бос өткізбеген өмірін,

Шеберлігі болған жария.


Бағдат атам әлі күн,

Еңбек етеді әрбір күн.

Макен апам мейірлі,

Еркелетеді күні-түн.


Әкем менің – заңгер,

Ел тыныштығын ойлаған.

Мамам – ұстаз, еңбекқор,

Ұрпаққа білім сыйлаған.


Өзімнің атым Мөлдір,

Сабақты беске оқимын.

Ұстазымның айтқан ақылын,

Көңілімде сақтап тоқимын.


Тегім «Қожа» атақты,

Оқимын екінші сыныпта.

Екінші «Б» атынан,

Келіп тұрмын сайысқа.


«Мектеп аруы» сынында,

Жетсем деймін табысқа.

Намысы үшін сыныптың,

Түсіп тұрмын жарысқа.


Мен өнерлі баламын
Мөлдірдің 1-сыныпта оқып жүргенде мектептегі

«Мен өнерлі баламын» - кешіндегі өзін таныстыруы.
Сүйіктісімін атамның,

Сүйкімдісімін апамның.

Әдемісімін әкемнің,

Мақтанышымын мамамның.


Мен оқушы баламын,

Айтқан тілді аламын.

Суретті сұлу саламын,

Жазуды көркем жазамын.


Сабақты үздік оқимын,

Өнерден өрнек тоқимын.

Бұралып биді билеймін,

Жаман қылықты сүймеймін.


Зулатып оқи аламын,

Есептің шешуін табамын.

Көп іс келеді қолымнан,

Мен өнерлі баламын.


Өмірбаян – толғаныс
Кіндік қаным тамыпты,

Қасиетті Қарабұлақта.

Соғыстан соңғы 1947 жылы,

Ел жүдеу тартқан уақытта.


Ұл туды деп мәз болыпты,

Ызғарлы қаңтар айында.

Қуанысып дастархан жайыпты,

Шілдехана атты тойымда.


Жүгірдім бала шақта,

Бұрқыратып топырақта.

Серуендедім ой-қырында,

Алыс-жақын атырапта.


Сенде өстім, ержеттім,

Қара орман Атажұртта.

Ат жалын тартып міндім,

Болдым сөйтіп азамат та.


Боз қырау түсіп басыма,

Бүгін Бәкең атты атамын.

Сиреген жылдан жылға,

Өзім теңдес қатарым.


Кешқұрым көңілім құлазыса,

Әрнәрсені ойлап жатамын.

Дерттерден тәнім ауырса,

Жайым болмас, қапамын.


Өсірген ұл мен қырмызы қыз,

Сендерден қуат аламын.

Жеңістеріңді көрсем желпініп,

Дертіме шипа табамын.


Мүлт кетсеңдер тауым құлап,

Өртенгендей қара орманым.

Азынап аяз, соққандай дауыл,

Құлағандай боп қорғаным.


Абзал достар – жанашырым,

Қиналғанда арқа сүйерім.

Ағайын, туыс, жақындарым,

Сендерсіңдер сенімді тірегім.


Жай-күйімді тамыршыдай таныр,

Құдай қосқан қосағым бар.

Жаныма жаққан, көңілден шыққан,

Сыңарым сенсің сүйген жар.


Қандай сүйкімдісіңдер немерелерім,

Сендермен ләззатқа батамын.

Талпыныстарыңа, тәтті қылықтарыңа,

Масаттанып, марқайып-ақ қаламын.


Көрмесем сендерді сағыныштан,

Ұйқым қашып, түн қатамын.

Шығаруға болмас өмірді естен,

Тек, сауық емес, қаталын.


Сезінемін маған деген,

Жүректеріңде от барын.

Жанымды тоңсам жылытады,

Сендерден ескен шоқ жалын.

Жанымды баураған ықылас,

Аппақ пейілдеріңе тоямын.

Қабағымнан кірбің тарқап,

Тәуба, мұң-қайғымды тиямын.


Асфандиярға
Апасының сүйікті баласы,

Көзінің ағы мен қарасы.

Айналып-толғанып иіскегенде,

Жазылатын көңілінің жарасы.


Сөйткен баласы 37-ге толып,

Шықты міне мүшел жастан.

Талпынып, еңбектеніп ерте-кеш,

Жетістіктерді келешектен тосқан.


Кезінде оқып, мамандық алып,

Болды бүгін жігіт ағасы.

Күндіз-түні ізденіп, үйреніп,

Кемелденіп толыққан санасы.


Ерекше сүйетін Асфанын,

Аспандай заңғар апасы.

Амал не қызығын көре алмады,

Тағдырдың жазбауын қарашы.


Аңсаған апаңның арманын,

Адамгершілікпен орындап ақташы.

Тек жақсы атыңды шығарып,

Жайсыздыққа жаныңды қоспашы.


Жете бер табысқа өмірде,

Тілейміз мол бақыт өзіңе.

Еншің боп бақ-байлық,

Бола бер еліңнің төрінде.



Қажет адамға
Өмірден орныңды табуға,

Ортаңның сыйлысы болуға.

Қиындықты күресіп жеңуге,

Мағыналы өмір сүруге

Ыстық қайрат қажет адамға.
Асқар тауға шығуға,

Шарықтап көктеп тұруға.

Биік арманға жетуге,

Қамсыз өмірді кешуге

Нұрлы ақыл қажет адамға.
Армансыз айдында жүзуге,

Мейіріміңді төңірегіңе төгуге,

Қуаныш халқыңа сыйлауға,

Жаныңды жамандыққа қимауға,

Жылы жүрек қажет адамға.
Серілік сайранды салуға,

Сүйіктіңмен ләззатқа қануға,

Сезімнің қалауын сезуге,

Шырын балды жарыңа беруге

Ғашық жүрек қажет адамға.
Шалқып шаттықта жүруге,

Табаныңды тұғырға тіреуге,

Өмірден жемісіңді теруге

Ауыртпалығына кезіккен төзуге

Қажырлы еңбек қажет адамға.
Қадамың қарымды болуға,

Еншіңді өмірден алуға,

Сыңарыңа сүйікті сенуге

Маңдайға жазғанды көруге,

Парасаттылық қажет адамға.
Макошама
Жартымсың Жарым сеніскен,

Тіршіліктің дәнін теріскен.

Толғақты ойлар қозғасам,

«Бұл қалай» демей келіскен.


Қиыншылық болса төзіммен,

Батса да жанға көніскен.

Өмірдің ащы-тұщысын,

Түсіністікпен бөліскен.


Ұрпағымызды тәрбилеп,

Тіршілік ұрқын себіскен.

Ауыр ой ма әлде шаршатқан,

Жүдеп жүрсің неліктен?


Кесел-дерт пе әлдебір?

Көңіл-күйіңді кеміткен.

Жасыма Жаным бекем бол,

Қарайық алға үмітпен.


Өмір бар алда әлі де,

Өткерер күндер қызықпен.

Еншімізді алмай өмірден,

Оңайшылықпенен беріспен.


Бір жүріп бәрін жеңерміз,

Кедергілер болса кезіккен.

Жігерлен, Жартым, жасыма,

Сыңарың тұрғанда қасыңда.



Матушкеге
Туылғансың сен елінде,

Алтайдың орыс жерінде.

Атанып кеттің сондықтан,

Тілімен елдің Матушке.


Қалың қыздың ішінен,

Таңдағаным Матушке.

Мария атын жоғалтып,

Бүгінде сен Макошке.


Матушкенің сүйікті,

Тамағы оның картошке.

Елемейсің кей-кейде,

Еңбекті еткен есепке.


Көңіліңе жаққан кезіңде,

Беретінің «четушке».

Дәмнен кедей болмаспыз,

Тарыласың осы несіне?


Алла өзі береді,

Бақ пен байлық несібе.

Болғанменен білесің

Хал-жайымды түсіне.


Сондықтан сені сүйемін,

Жасырамын оны несіне?

Рахмет айтам бәріне,

Тартқансың мықты тегіңе.




Макеңе
Күніміз әзір батқан жоқ,

Айымыз бар әлі туатын.

Көгімізде самсап жарқырап,

Жұлдыздарымыз бар шығатын.


Мерейлі жасқа жетсек те,

Кемелді деген жас алда.

Ол күндерді де көрерміз,

Қуат берсін тек бір Алла.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет