Кейбір пәлсафа ойлар
Құдіреттің алдында пендесі табынар,
Жіберсе күнәні, амалсыз мойындар.
Мықтылар алдында әлсізі жағынар,
Бар мәзір жасалып алдына қойылар.
Ұлылар – ұлы күш, алдыға оздырар,
Қорытпадай қорытып нәтиже шығарар.
Ғұламалар – таразы, бәрін де ойға алар,
Қорытындысын сараптап ақылмен саралар.
Сүйгенін сүйіктісі әр кезде сағынар,
Қалаулысын аңсап, қасынан табылар.
Сәнқойланар аруы, әшекейлерін тағынар,
Сүйіктісінің ырқына еркімен бағынар.
Жетпекке мақсатқа әркімде амалдар,
Риза тағдырға, іске асса армандар.
Өткізер өмірін итшілеп пақырлар,
Кілтін таптаса ашылмас қамалдар.
Достарыңызбен бөлісу: |