Ойлансақ осы не етеді?
Елдің көзі дүниеге бұрын түседі,
Байлықты қуып өмірден әркім өтеді.
Бай да өледі, жиғаны қалар артында,
Бұйырғаны тек ақыреттен киім киеді.
Байлығың қайда? Көрге онымен кірмессің,
Қабірде жатып қызығын еш көрмессің.
Тірлігіңде рахатты көр, шайқап өт,
Бұл өмірге қайта айналып келмессің.
Бай да, кедей де түбі бір күн кетеді,
Дөңгелеген дүние осылайша өтеді.
Байлықтың болмас алып қалуға көмегі,
Тіршілікте, ойлансақ осы не етеді?
Келгенде ажалдың кезегі
Қара жер түбі теңейді,
Бай менен орта кедейді,
Қармансаңдағы кетерсің,
Келгенде ажалдың кезегі.
Ұнайды жандар маған
Ұнайды жаны пәк жандар маған,
Табиғи тазалығымен тамсандырған.
Жасандылық, пенделікке жол бермейтін,
Қалтқысы жоқ мінезді, аңқылдаған.
Ұнайды жаны сұлу жандар маған,
Жарасымды қылықтарды әдет қылған.
Әр ісінен, сөзінен, қылығынан
Адами қасиеті аңқып тұрған.
Өлең туралы
Шыңғару деген өлеңді,
Ұйқастыру ғой сөзіңді.
Білдіру ғой сезімді,
Көрсету ғой төзімді.
Таныстыру ғой өзіңді,
Шабыттанған бір кезіңді.
Достарыңызбен бөлісу: |