Қыздар мен гүл егіз дейміз
Қалыптасқан бар қағидамыз,
Қыздар мен гүл егіз дейміз.
Қыздарды гүлге теңейміз,
Гүлдерді мәпелеп үзбейміз.
Аруларды сыйлап сіз дейміз,
Ұнатқандықтан іздейміз.
Бізге де көңіл бөл дейміз,
Жарасып бірге жүр дейміз.
Шаттанып бірге күл дейміз,
Бақытты ғана тілейміз.
Сүйгендіктен гүл сыйлап,
Жүректеріңді бізге бер дейміз.
Өзіңсің ардақ, аяулым
Бойымдағы асылым,
Бұлқынған сен деп жүрегім.
Махаббатымды лүпілінен,
Түсінер деп келемін.
Қолымдағы қымбаттым,
Жүректен туған өлеңім.
Сезімімді жолдарынан,
Сезінер деп сенемін.
Іңкәр сезім құдіретіме,
Жырақта жүрсең жүдедім.
Сағыныштың сазыменен,
Өзіңді аңсап жүремін.
Сенсің аяулым, асылым,
Бақытты болуыңды тіледім.
Жанымда болсаң жадырап,
Қуаныштан күлемін.
Өзіңсің құмарым, сырым,
Шабыт берген шырайлым.
Жанымды толқындай тербеген,
Өзіңсің ардақ, аяулым.
Достарыңызбен бөлісу: |