Не жетсін сыйласқан өмірге
Мұң болса бірге мұңдасып,
Сыр болса бірге сырласып,
Ән-жырды бірге жырласып,
Биіктеп бірге қырды асып,
Не жетсін өткізген күндерге.
Жолықпай жүріп табысып,
Сарғайып жүріп қауышып,
Ойыңмен ойың қабысып,
Шырақ – отты бірге жағысып,
Ләззатты бірге алысып,
Не жетсін өткізген кездерге.
Тілдесер кезде тілдесіп,
Кездесер кезде кездесіп,
Сыйласар жерде «Сіз» десіп,
Сенісер жерде «Сен» десіп,
Не жетсін өмір сүргенге.
Айтпай-ақ ой-сөзіңді,
Білдерген ыммен сезімді,
Қызықтап мына өмірді,
Көтеріп бірге көңілді,
Не жетсін сыйласқан өмірге.
Пайдаланылған әдебиеттер мен деректер:
Қожа Ахмет Яссауи «Диуани хикмет», Алматы, 2007 ж.
Сафи-ад-дин Орын Қойлақы «Насабнама», Түркістан, 1992 ж.
М. Сарсекеев «Тарақты және Қаракесек шежіресі», Алматы, 1995 ж.
Б.Исабаев «Ұлылар мекені», Новосибирск, 2001 ж.
А.Кәріпбеков «Ислам және қожалар», Алматы, 2009 ж.
Т.Жұртбай «Бесігіңді түзе», Алматы, 1997 ж.
Ш. Әшімұлы «Сыр ғұламалары», Шымкент, 2002 ж.
С.Саттаров «М.Әуезовтың ататегі», Алматы, 2010 ж.
Т. Төлеков «Жеті ата шежіресі», Астана 1999 ж.
Ш.Уәлиханов «Шығармалар жинағы», 3-том, Алматы, 2010 ж.
Қ.Жұмаділов «Прометей алауы», Алматы, 2002 ж.
Ы.Дюсенбаев «М.Әуезовтың өмірі мен шығармашылық шежіресі», Алматы, 1997 ж.
Т.Жұртбай «Бесігіңді аяла», Астана, 2002 ж.
Т.Жұртбай «Талқы», Алматы, 1997 ж.
Киелі кітап – Таурат, Забур, Інжіл.
«Абай» энциклопедия, Алматы, 1995 ж.
С.Сатарұлы «Абд ал-Жалил баб (Қорасан ата)», Алматы, 2007 ж.
С.Мұқанов «Қазақ қауымы», Алматы, 1995 ж.
«Мұсылман күнтізбесі» 2005-2006 ж, 2007-2008 ж.
«М. Әуезов» энциклопедия, Алматы, 2011 ж.
С.Нұрахметов «Батыр баба жолымен», Алматы, 2005 ж.
Т.Жұмабаев «Асыл мұра», Семей, 2012 ж.
Ибн Хишам «Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбардың өмірбаяны», Алматы, 2004 ж.
М.Қозыбаев «Киелі тәуелсіздік», Алматы, 2009 ж.
Нүридин Үсен «Құрайыштар және Сейіттер мен қожалар», Алматы, 2006 ж, «Үш Қиян» баспасы.
Құран Кәрім. Райымбек қайырымдылық Ислам бірлестігі. Алматы, 2012 ж, «Дәуір» баспасы.
Шайдарбек Әшімұлы. «Төрт шадиярлар немесе төрт халифа», Шымкент, 2003 ж, «Жібек жолы» баспасы.
Шәкерім Құдайбердіұлы. «Түрік, Қырғыз – қазақ хандар шежіресі». «Қазақстан» баспасы. Алматы, 1991 ж.
Әр жылдарда, әр түрлі газет-журналда жарияланған материалдар.
Көнекөз қариялар мен, зерделі ағаларымыздың ауызша айтқан әңгімелері.
Мазмұны:
|
Кіріспе......................................................................................................
|
9
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |