Өзібек қожа
Жоғарыда жазылғандай Саяқып бабамыздың балаларының бірі (ең үлкені) Өзібек қожа болып табылады. Бұл бабамыздың тұқымы мейлінше өсіп тамыр жайған, бірінші анамыздың есімі Бейбіт – руы-тобықты-Көкше екен.
Бұл анадан: Нұрбек, Сарқожа, Дәуіт қожа, Қожабек туған, ал екінші-кіші анамыздың аты Торқа екен. Бұл анадан Тасқожа, Бекқожа, Есқожалар тарайды. Енді осы жеті бабамыздың ұрпақтарын таратамын.
І Нұрбекқожа
Нұрбекқожадан Әрінқожа мен Жәнібекқожа. Өз кезегінде Әрінқожадан Баймұхамбет, Батқал және Әкежан үш ұл туады. Ал Баймұхаметтен Мақұлбай мен Мендікбай. Мақұлбайдан Смақ пен Жамаутай. Смақтан Мағзұм, Мағзұмнан Бауыржан, Бауыржаннан (әзірше) Заңғар туады. Жамаутайдан Тұрсын, Мұхит, Мұхтар деген бауырларымыз бар. Тұрсыннан Архат, Мұхиттан Фархат пен Рифхат, Мұхтардан Айдар деген жігіттер өсіп келеді.
Мендікбайдан Мұрат, Мұраттан Нұрқас, Нұрғали, Нұрлан, Арман төрт ұл. Өз кезегінде Нұрқастан Нұржан, Нұрғалидан Бахтияр, Данияр, Бауыржан деген үш ұл. Нұрланнан Елсияр, Арманнан Арнат, Фархат.
Жоғарыда аты аталған Батқал Әрінқожаұлынан Абдрахман, Абдрахманнан Нұрәсіл, Нұрәсілден: Серікжан, Нұрлан, Ерлан, Еркін. Енді Серікжаннан Мейіржан мен Жандос, Нұрланнан Шыңғыс. Ерланнан: Дінмұхамбет, Досымжан, Даниял. Еркіннен Ерасыл мен Ернұр.
Әкежан Әрінқожаұлынан Әлсейіт, Әлсейіттен төрт ұл: Қоңыртай, Сұртай, Көбектай, Жұмагелді. Қоңыртай мен Көбентайдан ұрпақ жоқ. Сұртайдан Нұржан және Маржан, Меруерт, Нұржаннан Дастан. Жұмагелдіден үш ұл: Бахтияр, Ұлан, Бейбіт. Бейбіттен Нұрасыл мен Жанасыл. Ұланнан Айсұлтан.
Жәнібек Нұрбекқожаұлынан төртеу: Әубәкір, Түсіп, Қалиасқар, Жанғұлы. Әубәкірден Ыбырайым жалғыз, Ыбырайымнан Әбен, Халық, Бойтан.
Әбеннен Мәуіткәрім, Тоқтар, Беккәрім (Бекен).
Мәуіткәрімнен бес ұл: Сәулет, Серікқазы, Сәбит, Бейбіт, Сарқыт. Сәулеттен Дархан мен Дастан. Серікқазыдан Ернат пен Ербол. Сәбиттен Рауан.
Бейбіттен Шалқар мен Бағжан. Сарқыттан Өркен. Тоқтардан төрт ұл: Хамит, Еркін, Медет, Еділ. Хамиттен Жайық, Жайықтан Еміл мен Кемел туады. Еркіннен Ертіс, Медеттен Ілияс, Еділден үш қыз бар. Ертістен Едіге есімді Еркіннің немересі бар.
Беккәрім (Бекен) Әбенұлынан үш ұл: Демесін, Азат, Азамат. Демесіннен Расхат, Азаттан Алмас, Арман. Азаматтан Олжас туған.
Халық Ыбырайымұлынан Оңдабай аға, одан Нұрлан, Қуаныш, Ермек есімді бауырлар бар.
Бойтан ағадан Оңдасын мен Байкенже туады.
Оңдасынан төрт ұл: Мұхит, Мұхтар, Мақсұт, Мұрат. Мұхтардан Нұрсұлтан. Байкенже бауырдан Мақсат пен Бекзат.
Түсіп атамыздан екі ұл: Қанапия мен Қалиакпар. Қанапиядан ұрпақ жоқ, ал Қалиакпардан Оңғарбай жалғыз, Оңғарбай ағамыздан Ержан және Бақыт, Дина, Гульнара деген үш қыз. Ержаннан Даниял деген азамат бар.
Жәнібек бабаның бір ұлы Жанғұлы, Жанғұлыдан Шипық, Шипықтан Бейсембай, Бейсембайдан үш ұл: Нұртай, Амангелді, Аманжол. Нұртайдан Әсет (бірақ қазір Нұртай да Әсет те суға кетіп қайтыс болған, ұрпақ қалған жоқ) Амангелдіден Нұрбол, Аманжолдан Алмас туған.
Кейінгі лек Қожалардың ішінде Әубәкір атамыз бен Қалиакбар әкеміз өз замандарында емшілікпен айналысқан екен. Бұл кісілердің осы қасиеттері өздерінен кейінгі ұрпақтарына да ауысқан болуы керек. Қазіргі күндерде Қалиакбарұлы Оңғарбай ағамыз да әке жолын жалғастырып, халықты емдеп, дертті болған жандарды кеселдерінен айықтырып сауапты іс атқарып жүр. Экстрасенс, массажист, космоэнергетикалық каналдарымен емдеу саласының магистрі, сеанстар өткізеді. Сонымен бірге, халықты медицина бойынша қорғасын құюмен ұшықтау т.т.с.с ем-домдар жасап халықтың алғысына бөленіп жүр. Оңғарбай ағамыздың емшілік қасиеттері тұқым қуалап қыздары Дина мен Гульнара да емшілер болумен бірге көріпкелдік те қасиеттері бар.
Нұрбек қожа бабамыздың ұрпақтарының бірі – Молдажан. Осы Молдажанның баласы Сейілханнан Оралғазы (Өкей) туады. Оралғазы (Өкей) мен бәйбішесі Серікқайша екеуінің қыздардан басқа үш ұлы бар. Олар: Еркін, Ербол, Дулат. Ерболдан Нұрасыл, Сырым және Дулаттан Ерасыл, Нұралы есімді немерелері Өкей марқұмның атын шығаруда. Ал, енді Еркін болса әзірге үйленбеген. Келекшекте бұл ұлымыз да өз сыңарын тауып, ұрпақ сабақтастығын жалғастыру мәселесінде өз үлесін қосып, азаматтық міндетін орындар деген ойдамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |