Бағыты: Аудандық «МАҢҒыстаунама-2022» Бөлім: «Ей,менің жарық мекенім» Орындаған



бет6/8
Дата13.06.2023
өлшемі93 Kb.
#100915
1   2   3   4   5   6   7   8
2.4 Қаңға өңіріндегі жәдігерлер
Сақтар дәуірінен қалған ескерткіштердің бірі-көне үйіктер Түпқараған жеріндегі Арықша, Қорып тұран жұртының басындағы үйіктер мен обалар, Мереттің Қара тамы деп аталатын үйіктер мысал бола алады. Үйіктердің көпшілігі б.з.д. VІІ-ІV ғасырларға жататын скиф-сак көсемдерінің үстіне көтерілген ескерткіш. Бұл туралы академик Ә.Х.Марғұлан былай деп жазады: «Бұл үйіктердің астынан салт атты жауынгерлердің, ру басшыларының немесе қатардағы мүшелерінің сүйегін көптеп табуға болады. Әсіресе ру басшылары мен тайпа көсемдеріне орнатылған ескерткіш-қорғандар өздерінің әсемдігімен көзге түседі». [14].
Оғыз тайпасының тұрғанын дәлелдейтін көне ғимараттар бар. Кетік пен Таушық елді мекенінің арасында екі қауым бар, оны жергілікті халықтар
Ақшора мен Белтора деп атайды. Үсті құлап, ашылып жатқан бір бейіттің диаметрі 3 метр 30 см, ішіне бірнеше адам жерленген. Қабірді жапқан қақпақ тас үстіне қой мүсінін қойған. Демек, оғыздардың тотемі-қой. Олар қойға табынған.
Кетіктен 18 км жерде Қарамола ескерткіші тұр, оның бір қабырғасында қарулы жауынгердің бейнесі қашалған. Тағы бір қабырғасында әйел мүсіні бейнеленген. [12]. Қарағантүбек шаруашылығының территориясында орналасқан Қаңға бекінісі. Маңында қисапсыз қойымдықтар. Қамал Түпқараған пристанынан Орта Азияға тартылатын ұлы кереуен жолының бойында. Қамалдың биіктігі–3 метр, ұзындығы 60 метр, еңіс тұмсықты бойлай салынған. Қыр бетінде атпен кіргендей кең есік. Таудың құлау етегінде өңделмеген ұзын тастардан жасалған қосымша қамал-керуен сарай.
Мерет сайынан бір шақырымдай жерде Асқармауыт қауымы бар. Мешіті бар, кезінде бала оқытылған қыраттың маңында иік төбелерде есеп-қисабы жоқ шошайған тастар көп. Жерленген адамдар мен олардың құралдары табылған. Бір рет қазып тастап кеткен. Мерет сайы мен Қаңға бекінісінің арасындағы үлкен жол жота қырлардың астында көміліп жатқан Қаңға қаласының орны бар деп білемін. Мерет сайының ішінен бастап Тамшалыға дейінгі сай ішіндегі қалың ну ағаштар гүлденген. Қаңлы қаласының болғанын дәлелдей түседі. Түпқарағанда Сұлтан епе ғимараты бар, ғимарат маңындағы 50 м туннель шың болып жағалай, тау қабатын бойлай, үңги қазылған. Биіктігі адам еңкейіп қана жүргендей. Үш жерден ауа келер саңылау шығарылған. Туннельдің әр жері таспен тірелген. Бағандар қаз-қатар тізіле барып, қонақжай бөлмесіне ұласады. Ғимараттардың есігі терістікке қарайды. Оның қақ төрінде тастан жасалған намазжай-жайнамаз. Қақ төрінде таңба тастардан диаметрі бес метрдей намаз оқитын қораша жасап, оның алдына Хорасан, Хорезм стилінде михраб (аса тас) қойған. Сұлтан епе ғимаратында үлкен үңгір бар. Содан жерасты жолы Үдек маңындағы «Ойран ауызы» жерінен барып шығады. Ара қашықтығы екі шақырымдай. Жаугершілік заманда жерасты жолы Шақпақ ата мешітімен байланыс қызметін атқарған және Қаңға қаласының ең шеткі бекінісі-қамалы болуы мүмкін. Түпқараған түбегінің басты ерекшелігі -әулиелі киелі орындардың көптігі. Сонау Айназар ата, Саназар ата, Бесімбай, Сағындық кесенелері, Қарағашты әулие қорымы, Сұлтан епе кесенесі, Шақпақ ата ғимараттары бір жоталы қыраттар бойында орналасқан. Ерте кездерде адамдарды жерлеу ел отырған аймаққа, қоныс шетіне жақын орналастырылған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет