Бағыты: Аудандық «МАҢҒыстаунама-2022» Бөлім: «Ей,менің жарық мекенім» Орындаған



бет4/8
Дата13.06.2023
өлшемі93 Kb.
#100915
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Ақын Светқали Нұржан

2.2 Қаңға-киелі мекен.
Қаңға баба – ежелгі елді мекен. Форт-Шевченко қаласының шығыс жағынан 50 км жерде орналасқан. Бұл алғашында Жібек жолының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатымен қамал бекініс түрінде салынған. Бұдан керуен сарай, мешіт орны, сақшылар тұрағы мен биік төбе басындағы қорғаныс қабырғасының жұрнақтары сақталған. Қаңға баба ежелгі қорым аты. Қорым орналасқан сай бойындағы көп мазарлар құлпытасының және өсіп тұрған тұт ағашының суретін кезінде Т.Г. Шевченко қағаз бетіне салып алған; құлпытас қазір Форт-Шевченко қаласындағы мұражай қорында сақтаулы. Сайдың төменгі жағында егіншілік пен бақшалық орындарының, суландыру жүйелерінің ізі сақталған. Қаңға өз уақытында Шевченко атындағы ұжымшардың, «Қызылөзен» кеңшарының ферма орталығы болған.
Новопетровск бекінісінде айдауда болған ұлы украин ақыны Т.Г.Шевченко 1851 ж. мамыр айында Қаңға-баба жерінде болып, қорымның бір көрінісінің суретін салған. Поляк суретшісі Бронислав Залесский де Қаңға-баба қорымындағы қираған мазардың, қабірүсті қойылымдарының сызбаларын қалдырған. Бұл жер Маңқышлақ айлақтарынан Хорезмге, Хиуаға баратын магистральді керуен жолы бойындағы маңызды орын болған. Шатқалдың етегіндегі сай маңында, жер қабаттарының арасынан ағып тұрған таза судан нәр алып, тұт ағаштары қалың боп өскен. Қаңға-баба кешенінің пайда болуы алдымен жері ыңғайлы, су көздерінің болуымен байланысты, мұнда оғыз-қыпшақ (11-13 ғғ.) кезеңінде-ақ қасиетті су көздері мен тұт ағаштарына құрметтейтін киелі орыны болған Маңғышлақ көшпелілері болуы мүмкін. Тұт ағашын кие тұту ғұрпы Арал-Каспий өңірінің халықтарында кең тараған, исламға дейінгі наным-сенімдерге ие. Т.Г.Шевченко өзінің күнделігінде қазақтар ағашты өте құрметтеген, құрғақ бұтақшалардың өзін сындырмайтын болған деп көрсетеді. Этнограф Г.П.Снесаревтың айтуынша, Хорезм тұрғындары арасында ағашты құрметтеумен байланысты басқа да наным-сенімдер бар. Хиуа маңының тұрғындары ежелден тұт ағашын шабуға тыйым барын, қураған бұтақты қасиетті сөздер айтып кесу шарт болғанын айтады. Сақталған тұт ағаштарының ежелгілері, діңі құлаш жарым болып келеді, жақсы жемістейді. Мұнда сонымен қатар бұлақ жағасында жалбыз мол өседі. Осының бәрі керемет салқындық және хош иіс беріп тұрады.
1870 ж. осында болған орыс генералы Н.П.Ломакин мынадай мәліметтер қалдырған екен:
«Қаңға-баба шатқалы Форттан 25 шақырым жерде орналасқан. Тереңдігі бір сажын болатын бірнеше құдықтар мен бұлақтарда мол көлемде тұщы су бар. Қаңға-баба жерінде мектеп, адамдар орналасатын үйі бар үлкен түрікмен мешіті болған, олардың қирандылары әлі күнге дейін тұр. Сай беткейлерінде қазақтар күтіп, қорғаштайтын 800 тұт ағашы өскен. Олардың кез-келгені сол ағаштардың тіпті бір бұтағын сындыруды үлкен күнә санайды».
Ел арасында сақталған аңыздарға қарағанда, Қаңға-баба мұсылманшылықты уағыздаған әулие адам болған делінеді. Кейбір аңыздарда Қаңға-баба осы өлкенің билеушісі, қазақтардың жазылмаған заң кодексін шығарған, бұлжымас дала заңын орнатқан ұлы тұлға болған дейді.
Ғалым С.Қондыбай «Маңғыстау мен Үстірттің киелі орындары» кітабында Қаңға-баба – оғыздарға дейінгі маңғыстаулықтардың пірі дейді. Өлке ақсақалдары Қаңға-бабаны әлі күнге дейін қадір тұтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет