Зерттеудің жаңашылығы:
Өз жобамда мен түйген түйінім алға басып жұрт қатарына кіру керек. Басқадан кем болмау үшін біз білімді, күшті болуымыз керек.
Ұлт құндылығын насихаттап, өлмес өнеге танытқан тәлімгер ақын туындылары қазақ зерттеу нысанасы екенін дәлелдеу. Қазақ халқының өзіндік болмысын, ұлттық менталигетін танытуда тума талант иесінің туыңдыларының мәні аса зор деп айта аламын.
Олар бастап беріп кеткен түбегейлі жаңаруды заман талабына сай дамытуға міндеттіміз.
МАЗМҰНЫ:
1.Кіріспе...........................................................................................
1.1.Абстракт................................................................................
2.Негізгі бөлім.
2.1 Маңғыстау аспан асты мұражайы................................
2.2 Қаңға-киелі мекен...................................................................
2.3. Аңыздар
2.4.Қаңға өңіріндегі жәдігерлер...............................................
3.Қорытынды..................................................................................
3.1.Ұсыныстар мен күтетін нәтижелер...................................
4.Пайдаланылған әдебиеттер........................................................
5.Қосымшалар................................................................................
2.1 Маңғыстау аспан асты мұражайы.
Менің негізгі ойым – ақынның балалық шағына саяхат жасау болды.
Ақын ағамыз əр сөзіне ұқыпты емес пе?
Қазақ баласы қазақ даласының киесін сезінбей қалатындай…
Маңғыстаудың «Қаңға-Баба» деген əулиелі қонысының «Ақмолалы қора» деген жерінде дүниеге келіпті. Қаңға-Баба, шынында да, тылсымға бөккен ерекше мекен екен. Айнала – əбден тозығы жеткен бөз матадай боз-сұрғылт тастар. Тау деуге де, демеуге де келіңкіремейтін қыраттардың қуыс-қуыстары, яки тұйық-үдектерінің бəрі – бұлқынған бұлақ, жұлқынған құрақ, тербелген тұт ағаштары, шайқалған шалғын, найқалған нарпоз. Мал да, жан да, аң да, құс та, əсіресе, кешке қарай, жұпары бұрқырап, мүлгіген алқапты алып кететін нарпоз иісіне елтіп қалатындай.
Бұлақтардың аттары да ерекше: Үдек, Үшкөз, Гүлеже, Қарагөз, Баулы, Ақбұлақ, Көкбұлақ, Түркпенсу, Құйжақ, Ақшауыл, Жемсенді, Түбіжік… Бұлақтардың өр басы – тау үстінде сонау «Алтын Орда», «Ноғайлы» заманынан қалған көне мазарлар күңгірлеп тұрар-ды. Ондағы араб қарпімен түскен құпия жазулардың сыры ол бізге жұмбақ. Ирек-ирек көне жазулар есте жоқ ескі заманның сүрлеу-соқпағы сықылды, ізіне түссең, сыры тұңғиық əлемге бастай жөнелердей…
Арабша жазулардың үстінен XIX ғасырдың соңғы ширегінде орыс отаршылдарының қанды қылышымен осып жазылған қарақшылардың есімдері де əлі күнге шейін зəр шаша айбат шегіп тұратын!
Тау баурайы толған көне қорым. Аралап кетсең, бағзы жазу-мен бəдізделген қойтас-құлпытастардың, дольмен-саркофагтардың, күмбез-сағаналардың неше атасына жолығатындай!
...«Қарагөз» (Əбіш Кекілбайұлының төртінші атасы – «төрт мəрте Қыдыр көрген» сақи Өтек Көпжасарұлының жекеменшік суы) бұлағының етегіне көз салсаң, қазақ жүріп өткен шиыр-шиыр жолдар мен қилы-қиыр замандардың ен-таңбасын бұлжытпай тауып аларың шын: ежелгі мешіт-медресенің құламаған қабырғалары, көне керуен сарайдың орны, 1924 жылы мөрлі шебер Ідіріс Серікбайұлы тұрғызған жартылай құлаған мектеп (мұнда біздің ата-бабамыз, аға-туыстарым оқыған болуы да мүмкін.
Кейін бұзып алмақ болғанда, шамалары жетпей, тек төбесінің ғана материалдарын алып кеткен) жəне «Мақтым-Баба» қабірстаны жатыр. Қабірстандағы құлпытастар мен қойтастар, мазарлар неше ықылым заманнан сыр шертеді анық.
« Қ.А.Яссауидің 360 əулие-шəкірттерінің мүрит-софылары да, ноғайлының би-шоралары да, оғыз-түркмендерге пірлік қылған қожа-мақтымдар да, кейінгі қазақтың небір қасқа-жайсаңдары да осында тоқайласып, мəңгі жай тапқан. Алашқа қайыры тиген «үш Назардың» бірі Жаңайұлы Қожаназардың (Ə.Кекілбайұлының жетінші атасы) 73 жасында алған нақсүйері Ақшолпан мен одан туған ұлы Қошан (қазақ-түркмен дауында «Қараман-Ата» əулиенің басында алты жасында «Антқа тігілген» бала) да, Мəмбетұлы Саназар əулиенің шешесі Құдайназарқызы Мұратбике де, əйгілі Өтесбайұлы Түйте ахун да, заманы тар болып, құлашын кеңге жаза алмаған шерлі шайыр Түменнің əкесі Балтабас пен анасы Үрпая, қыршын перзенті Орысбай да, менің кəрі əкем Сырымұлы Ғафур (Қапу) да, кəрі нағашыларым Мəжімұлдары Əбдіраман мен Нухы да, нағашы əкем Жолдаұлы Төремұрат та осында жерленген. Əрі суық, əрі ыстық мекен.
Суық болатыны – ең аяулыларымды қойнына қымтаған «бауыры суық қара жер», ыстық болатыны – мені дүниежарық қапысынан енгізіп, күллі ғаламның құпия сырларымен алғаш қауыштырған қоныс қой бұл!..»
Мұқағали марқұм өзінің сəби шағы туралы «Алдымен көргенім – аспан» деген поэма жазды.
«Мен алдымен не көрдім екен?» деп ойланам кейде… деп жазған Нұржан ағамыз
Асылы, ілкі көргенім – аспан да емес, жер де емес, бəдіздері мен құпия жазулары быжынаған көне қорымдар болса керек…
Сықылды көне күннің көлеңкесі,
Қарайды тау басынан Ескі Мазар.
Басында әр бұлақтың тұт ағашы
Бейне бір осы жердің құт анасы.
Достарыңызбен бөлісу: |