Бағыты: Аудандық «МАҢҒыстаунама-2022» Бөлім: «Ей,менің жарық мекенім» Орындаған



бет5/8
Дата13.06.2023
өлшемі93 Kb.
#100915
1   2   3   4   5   6   7   8
2.3 Аңыздар.
Қаңға баба туралы аңыздарда Алан мемлекетінің бір тайпасының көсемі Түпқараған түбегіндегі қаңлы жерін мекендеген. Жер асты суы мол, шөбі шүйгін Хазар теңізіне сұғына еніп жатқан екі қапталы су аймақты таңдап қоныстанған. Ол кезде Хазар теңізінің суы көтеріліп Қаңға ойына дейін жеткен. Кейін бұл жерді әр түрлі тайпалар бірінен кейін бірі келіп қоныстанған, бірақ қаңлы атауы сақталып қалған. Қаңлы атауына баба сөзінің қосылуы көреген, ойшыл, өз тайпасының тұтастығын сақтап, үлкен елге дейін көтере білген данагер, халқына шипа, ел ағасы болған адам көрінеді деп атайды көнекөз қариялар. Аңыздарда «Қаракөз» тамы Қаңғаның басында тұр. Бұл байдың қызы болса керек. Елі өз ру-тайпасының малдары мен адамдары шөлден қырылар жағдай болған. Тасты ойып, астын қазып бұлақтың көзін ашып, мол тұщы суға тап болған. Өз тайпасы Қаңға бойына келіп, орналасқан дейді. Қаңға ойында Ақтас мешіті бар, жері борлы болып келеді. Мешіттің жанында бала оқытқан. Түпқараған жеріне оғыз-түрікпендер шабуыл жасап, балалар қырылған. Бір бала тірі қалып Үдектің басына дейін сағым болып жүгірген. Оғыз тайпасының көсемі бұл баланы «Әулиелі бала» деп атап әскерлеріне тимеуге бұйрық берген. Осы балаға жер жаннаты Қаңғаны сыйға тартқан екен дейді. Қаңға бекінісінің екінші бетінде Мерет деген жер бар. Мерет сайы екі бүйірлеп барып, Тамшалы жеріне одан әрі теңізге құяды. Мерет атауы қайдан шыққан? Аңыз бойынша Мерет жылқылы байдың қызы болған. Әкесінің жылқысы мен малы көп болған. Қашанда Маңғыстау жері суға тапшы.
Мерет сайының ішінен мол су көзін тауып оған баратын жолды ойып салдырған. Жолдың ерекшелігі сонда ең төменгі қабаттарына күн көзі түспейді екен. Сайдың басында үйік белгі бар, қазақтар оны Дінілтас деп атайды. Соның қасындағы қорымда алтын кеніші болған дейді көнекөз қариялар.
Маңғыстауда әулиелер мен киелі орындар көп. Солардың көбі Қаңға өңірінде орналасқан. Соның бірі Қарағашты әулие қорымы туралы. Бұл қорымда «Руы Қыдырша Нияз» деген жазуы бар кірпіштен жасалған сағана там бар.
Сол қыдырша Нияз ақсақал наурызда жер бетіне игілік дарытатын Қыдыр атаны өз көзімен көрген дейді, ал кейбір аңыз-әңгімелерде Няздың әйелі Ақтайлақ ана Қыдыр атаның қызы болған дейді. Енді бір аңыз Шақпақ ата туралы. Қаратауда Имеди тауының төбесінде Сахабия(бұлтты) атты жер бар деседі. Сол жерге Шақпақ ата бұлттар арасымен жетеді екен. Бір күні оған жаулары шабуыл ұйымдастырған. Намаздың уақыты болып қалғандықтан өміріне қауіп төніп тұрғанына қарамастан Шақпақ ата бір биік тас үстіне шығып, намазын оқиды. Сол жерде ол уақытты ұмытып, тура екі жыл бойына дұға оқыған көрінеді. Сол таста осы күнге дейін аяқ, қол, маңдай, мұрын ізі қалған. Екі жыл өткенннен кейін жауы қайтып келіп, киелі атаның басын кесіп алыпты. Шақпақ ата болса, кесілген басын қолтығына қысып алып, көзден ғайып болған. Әрине, мұның бәрі аңыз, бірақ аңыздың да негізінде тарихи оқиға жататынын естен шығаруға болмайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет