Бағыты: Аудандық «МАҢҒыстаунама-2022» Бөлім: «Ей,менің жарық мекенім» Орындаған



бет7/8
Дата13.06.2023
өлшемі93 Kb.
#100915
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Ақын Светқали Нұржан

Қорытынды
«Құлазыған сенің құла жүздерің,
Не білмеген, не көрмеген ізгі елім.
Жазылмаған тарихымның жолдарын
Ауыз екі аңызынан іздедім…»
Өткенді білу - өркениет белгісі, ұлт тарихы, ел болмысы, ұрпақ тәрбиесі. Туған жерінің қадыр-қасиетін ұғындыру, туған жер тұлғаларына деген құрметтерін арттыру, туған ел тарихын тану мақсатында Светқали Нұржанов ағамыз дүниеге келген Қаңға жерінің тарихына ғылыми ізденіс жүргізіп келемін. Қаңға өңірі-ата тарихы әріден басталатын қасиетті мекен. Қазіргі жастардың өздері туған, қазір мекен етіп жатқан жері тұнып ұрған тарих екенін бірі білсе, бірі білмейді. Туған өлке тарихы мені ғылыми ізденіске жетелеп, өз жерімді, өз елімді, Отанымды сүюге тәрбиелейді. Өз өлкемнің тарихи ерекшелігін білуге жетелейді. Мен өзімнің «Туған жер сыр шертеді» атты ғылыми-зерттеу жұмысымда жергілікті өлке шежіресінің маңызын білуге, Қаңға қаласының орнын, оның орта ғасырда Маңғыстау түбегінде өмір сүргендігін көрсетуге тырыстым. Олардың болғандығын ғылыми болжам жасауға қорымдар мен әулиелер тақырыбында бүктеме альбомдар жасадым. Қаңға жері жөнінде деректер жинақтадым. Туған жердің тарихын, шежіресін білу-әрбір ұрпақтың азаматтық борышы. Тарих арқылы біз өткенді зерттеп, болашаққа мақсат қоямыз. Елін, жерін сүю үшін, ең алдымен оның тарихын жақсы білу қажет. Ұлтарақтай болса да, атақоныс жер қымбат. Ат төбеліндей болса да, туып-өскен ел қымбат» деп жырлағандай, осы ғылыми–зерттеу еңбегімде Қарағантүбек шаруашылығын жерінде орналасуын жәдігерлерінің өткені мен бүгінгі тарихының тарих қойнауындағы сырлары жатыр.

ҰСЫНЫСТАР:

- Қаңға Баба өңірінің тарихи сырға толы мәдени ескерткіштерін келер ұрпаққа тірі мұражай ретінде жәдігерлік деңгейге көтеру.


- тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау сақтау мақсатында мемлекет тарапынан арнайы қаржы бөлініп, кең көлемде зерттеу жұмыстары толығымен жүргізілсе және оларды келер ұрпаққа аманат етіп табыстау.
- мәдени мұра бағдарламасы бойынша мемлекет тарапынан осы тарихи орынға қазба жұмыстары жүргізілсе деп ғылымға өз ұсынысымды енгіземін.
- Тамшалы-Мерет-Қаңға аймағында облыстық мемориалдық туристік кешен ашу арқылы туризм саласын дамыту.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет