Бағыты: Математика Секция: Математика Тақырыбы


Бірнеше ұғымнан тұратын ойлаудың формасының екінші түрі – пайымдау



бет8/13
Дата28.04.2023
өлшемі396,82 Kb.
#88159
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
tedeu-ru-aryly-shyarylatyn-logikaly-esepter

Бірнеше ұғымнан тұратын ойлаудың формасының екінші түрі – пайымдау.
Пайымдау – онда нәрсенің бар екендігі, немесе нәрселердің ара-қатынасы туралы бір нәрсе не құпталады, не терістеледі. Қазақ тілінен алған білімізге сүйене отырып, біз әрекетке итермелейтін сөйлемдердің не ақиқат, не жалған бола алатынына көз жеткізіледі.
Ойлаудың үшінші формасы – ой тұжырымыОл пайымдау мен ұғымға қарағанда анағұрлым күрделі. Ақыл-ой қызметінде сөз – ұғым, сөйлем–пайымдау десек, онда ой тұжырымы сол ақыл-ой қызметінің өзі. Талдау, сұрақ қою, жауап іздеу, түсіндіру, болжау, дәлелдеу, бекерлеу, көзін жеткізу, күдік тудыру, сұрау, талап ету, тыйым салу – барлығы және де басқа ойлау әрекеті белгілі ой тұжырымының түрлеріне ие болады. Сондықтан біз ойлау мен ой тұжырымын жасау екеуі бір нәрсе деп айта аламыз. Егер ұғым негізінде – шындықтың нәрселік сипаты, ал пайымдау негізіне – нәрселердің байланысы (қатынасы) жатса, онда ой тұжырымы объективтік нәрселердің неғұрлым күрделі, өзара байланысын құрайды. Егер ой тұжырымы бір ғана пайым нәтижесінде жасалатын болса, онда ол тікелей, егер бірнеше пайымдар нәтижесінде ой тұжырым жүргізілетін болса жанама ой қорыту деп аталынады.
Логикалық есептердің түрлері:

  • Күнделікті өмірмен байланысты есептер – баланың күнделікті өмірде байқампаздығын арттырады;

  • Кеңістікте ойлау қабілетін жоғарлатуға арналған есептер – бұл есептерді шығару арқылы баланың кеңістегі ойлау қабілеті артып, кез келген заттарды, оқиғаларды кеңістікте көре алады;

  • Математикалық негізде шығарылатын есептер – баланың математикалық негіздегі білімі, тәжірибиесі артады;

  • Салыстыру арқылы шешім табуға арналған есептер – заттардың айырмашылықтарын, ұқсастықтарын анықтап, белгілері бойынша ажырата алды;

  • Ұқсас ерекшеліктерге байланысты топтастыру арқылы шығарылатын есептер – ұқсас ерекшеліктеріне байланысты заттарды іріктеп, топтастыруға үйретеді;

2 – сыныпқа арналған логикалық есептер


1. Әтеш бір аяқта тұрып 3 келі тартады. Екі аяқта тұрып әтеш қанша келі тартады?



2. Бір көпбалалы отбасыда әр 5 ұлда 3 қарындасы бар. Барлығы қанша бала бар?


3. Бөлменің 4 бұрышының әр қайсысында мысық отыр. Әр мысыққа қарама-қарсы тағыда 3 мысық отыр. Осы бөлмеде барлығы қанша мысық отыр?


4. Кiм Маридің анасының жанында отыр?





Отырғышта Мари, оның анасы, әже және қуыршақ отыр.


Әже немеренiң жанында отыр, бiрақ қуыршақтың жанында емес. Қуыршақ ананың жанында отырған жоқ. Кiм Маридің анасының жанында отыр?
(A) Мари;
(B) Әже;
(C) Мари және әже;
(D) Мари және қуыршақ;
(E) Әже және қуыршақ.
5. Алаңғасар үй иесiде не өсiп шығады?

Алаңғасар үй иесінде « Қияр », « Гүл » және « Түймедақ » жазулары бар 3 жәшік көшеттері бар. Ол « Түймедақ », « Қияр » және « Раушан » гүлін жәшіктерге отырғызды, бірақ жазу атауына сай келген жоқ. « Түймедақ » жазуы бар жәшікте не өседі?


(A) қияр; (B) раушан; (C) түймедақ; (D) анықтауға болмайды; (E) қарбыз.

6. Баспалдақта неше саты бар?





Марат саты бойынша баспалдақ арқылы адымдай келе жатып бiрiншi баспалдақты өткiзіп жіберді. Сонымен қатар ол басқан адымдарын санап отырды: « Бір, екі, үш...».


Баспалдықтағы сатылар саны нешеу?
(A)5; (B) 7; (C) 9; (D) 11; (E)12 

7. Әрбiр шынжыр табанда өз жапырығы бар. Қай жапырақ кімдікі екенін анықта.





8. Бір топ бала тоғаннан


Он бес балық ұстады.
Бөліскеде оларды 
Тиді әркімге үш балық. 
Сыпайын бір ол сені 
Бала сонда қанша еді.
9. Бес бұтақты ағашта 
Бұтақ сайын 5 алма
Біреуін бер Сайынға
Сонда қалмақ қанша алма?

10. Шығатын жолды дұрыс тап:





1 – сыныпқа арналған логикалық есептер 

1. Сұрақтарға жауап беріңдер:


1. Екі сиырдың мүйізі нешеу? 


2. Бір мысықтың аяғы қанша? 
3. Бес қойдың басы нешеу? 
4. Үш адамның қолы нешеу? 
5. Бес баланың аяғы нешеу?
2. «Қане кім шапшаң?» ойыны

Үш алманы бақтағы 


Кірпі алып жинады 
Ең әдемі біреуін 
Ақ тиінге сыйлады 
Ыдыстағы алманың 
Санап көрші қалғанын? 

3. 8 майшам жағылды, оның 2 сөніп қалды. Барлығы қанша майшам қалды?





4. Бес балаға бір алма себетте қалатындай етіп қалай бес алманы бөлу керек?



5. Бір әкенің 6 ұлы бар, әр ұлдың 1 қарындасы бар. Әкеде барлығы қанша бала бар?


6. Қарағайда 40 апельсин пісті, олардың 10 түсті. Неше апельсин қарағайда қалды?





7. Берілген суреттердің 7 айырмашылығын тап:





8. Сандарды дұрыс орналастыр. Барлық бағыт бойынша сандардың қосындысы 15-ке тең болу керек.



9.Нүктелерді дұрыс қосқанда не шығады?





10. Екі қыстақтың арасы 10 шақырым. Осы екі ортаға бір адам жолаушылап шығады. Оның өзі нағыз қырсықтың қырсығы екен. Ол күніне екі шақырым алға жүріп, бір шақырым кейін қайтыпты. Осы қырсық адам екінші ауылға қанша күнде жетер екен?
Мақсаты:
Оқушылардың ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлауын дамыту.
Есептеу дағдыларын жетілдіру;
Математикалық тілде сөйлеуге,ұқыптылыққа баулу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет