Бағыттары ІІ халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного образования



Pdf көрінісі
бет19/96
Дата08.01.2017
өлшемі14,44 Mb.
#1410
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   96

бойы нашар тамақтанады, ойнамайды және балабақшаға қиындықпен үйренеді. 

 

Ағымдағы  бейімделушілік  кезеңінде  барлығы  немесе  алдыңғы  жаттығуларға 



қатысты  олардың  жүйке-жүйелері  өзгеру  шарттарымен  қабілеттеріне  байланысты 

болады.  Белгілі  бір  ұжымға  түскен  үлкендермен  және  балалармен  көп  қарым-

қатынаста  болған  балалар  көптеген  әртүрлі  әсер  алады,  әртүрлі  жағдайларда 

(саяжайда,  ата-әжелерінің  ауылында  т.б.)  өскен  балалар  біркелкі  өскен  балаларға 

қарағанда жаңа жағдайларға тез үйренеді. Балалар үйінде өскен балалардың біркелкі 

жағдайдан бірден кез келген көптеген өзгерістер олардың жанына ауырлық тигізеді. 

Балалар  ұжымына  түспеген  қоршаған  әлемнің  байлығынан  оқшауланып,  біркелкі 

өскен балалардан анықтауға болады. Егер бала ер жеткенше, кіші және орта жастағы 

балалармен, мектепке дейінгі жастағылармен аз араласса, өз уақытының көп бөлігін 

анасының  қасында  өткізсе,  онда  оның  бейімделуі  қиын  өтеді.  Ол  құрбы-

құрдастарымен  және  басқалармен  қарым-қатынас  жасай  алмайды.  Алғашқы 

уақыттарда  ол  анасынан  ажыраған  кезде,  қатты  стресс  алады,  тәрбиешісімен  және 

құрбыларымен қарым-қатынас кезінде қатты үрейленеді. 


 

189 


 

 

Келесі бейімделушілік кезінде психикалық дамудың деңгейі тағы сол қалыпта 



болады. Жоғарғы деңгейдегі балалар әдеттегіден тез үйренеді. 

 

Қиын  талдауды  балалар  (жүктілік  кезінде  және  туылғанда  кемтар  болуы), 



балабақшаға келгенше ұзақ және жиі ауыратындар, олар айналасына дұрыс бейімделе 

алмайды.  Сондықтан  бұл  топтағы  балалардың  сол  күнге  дейінгі  өткен  өмірін  білу 

керек  және  мұндай  балаларға  көп  көңіл  бөлу  қажет.  Сонымен  қатар  бұл  балаларда 

бейімделуі  қиын,  агрессивті,  қорқынышы  басым  болады.  Кез  келген  жастағы 

агрессивті  балалар  айналасына  қиын  бейімделеді,  олар  үнемі  басқа  балалармен 

келіспей қалады, басқа балалармен араласқысы келмегендіктен оларға жалғыз болуға 

тура келеді. Мазасыз балалар бейімделу кезеңінде жылауық келеді, олар өздерін үйіне 

алып кетуді ұмытып кетеді деп қорқады. Осы қорқыныш әсерінен, олар балалармен 

ойнаудан  бас  тартады,  балалардан  оқшауланады.  Егер  де  қорқыныш  пен  күйзеліс 

белгілері  қалпына  келмесе,  онда  балада  дезадаптация  пайда  болуы  мүмкін,  мұндай 

жағдайда ол өзгермелі жағдайларға бейімделе алмайды. Дезадаптацияның алдын алу 

үшін,  ең  алдымен  өзгеріс  алдындағы  қорқуы  мен  күйгелектігінен  арылту  керек. 

Бейімделу кезінде ата-ана басты ықпал етеді. Егер де балаларынан ажырар кезінде ата-

анада  қорқыныш  туса,  бұл  қорқыныш  балаға  әсер  етеді  және  бала  топта  қалғанда 

қорқыныш  әсерінен  онда  ұлшақтық  сезім  туындайды.  Оның  маужырап  жүруіне 

әкеледі және жүйке күйзелісіне туғызады, құрдастарымен бірлестікте болуына зиянын 

тигізеді.   

 

Баланың  индивидуалдық  ерекшеліктерінің  дамуы  әртүрлі  әлеуметтік  қарым-



қатынастарымен байланысты. Баланың жан-жақты дамуы мына кейіпке ұйғарылады, 

яғни,  оның  әлеуметтік  қарым-қатынастарының  жан-жақты  дамуы,  оған  жаңа 

жағдайлармен  қарым-қатынастардың  пайда  болар  кезінде  айналасына  нақты 

мүмкіндігі оның даму деңгейінің анық қайта құрылуына жағдай жасайды. Тұлғаның 

әлеуметтік  бейімделуі  үшін  әлеуметтік  қатынастар  және  қалыптастыру  туралы 

ақпараттық дайындалуы және жаңа қоршаған ортаға оның үйренуі аса маңызды болып 

табылады.  Жаңа  әлеуметтік  талаптарды  қайта  құру  алуан  түрлі  психоэмоционалды 

қиыншылықтарға  алып  келеді.  Бала  әлеуметтік  бейімделуді  тәрбиелеу  және  оқыту 

процесі  негізінде  өзіндік  тәрбиесінен  үйренеді.  Әлеуметтік  бейімделу  қабілеттің 

дамуы мүмкіндігін, сонымен қатар белсенділіктің жаңа талаптарын қайта құруын және 

мінез-құлық  түрлерін  лайықты  өңделуін  кеңейтеді.  Жүйке-жүйесі  күшті  баланың 

мүмкіндіктері  кеңейтеді.  Бұл  жағдайдың  алдында  баланың  жас  ерекшеліктері  және 

қабілеттілік  мүмкіндігінің  сыналу  кезеңі  көрінеді,  бұл  басқа  адамдармен 

коммуникативті  қарым-қатынасының  даму  кезеңімен  және  баланың  миындағы 

ақпараттың қайта қаралуымен, оның субъективті бейнесінің қабілеттілігінің қоршаған 

ортадағы  қатынастарымен  өзара  байланысты.  Мәселе,  баланың  балабақшаға  дейінгі 

бейімделуінде    бала  өмірінің  алғашқы  ойларында  бұрыннан  пайда  болған  және 

бекітілген отбасында өткізетін қалыпты отбасылық жағдайларда ата-анасымен қарым-

қатынасының бұзылуында емес.  

 

Ең маңызды баланың жақындарынан уақытша ажырауы және отбасының мінез-



құлқына  міндетті  емес,  жаңа  қатынастардың  қалыптасуында,  ортадағы  жаңа 

жағдайлармен  танысу  кезіндегі  баланың  алдында  тұрған,  басты  талап,  сөзсіз  сол 

немесе  басқа  да  қиын    өлшемімен  көрінеді.  Қиындықтар  дәрежесі  индивидуалдық 


 

190 


 

ерекшеліктерінен  орын  алатын  алғашы  өмірлік  жағдайлары  даму  деңгейі  және 

баланың  денсаулық  жағдайымен    байланысты.  Бірақ  кейбір  жағдайларда  қиындық 

дәрежесі  баланың  мүмкіндіктерінен  басым  болады,  балаларда  ерте  және  мектепке 

дейінгі  жасындағы  бейімделушілік  кезеңіне  өтудегі  айырмашылығы  ерте  жастық 

шақта баланың психикасының дамуында оның жақындарымен (ата-анасымен) қарым-

қатынасы маңызды орын алады.   

Баланың мектептегі оқуды табысты басталуы үшін қажетті психикалық сапалар 

кешені- мектепке психологиялық даярлық мазмұнын құрайды. Ол баланың мектептегі 

оқу  әрекетіне  жағымды  қатынасынан;    мінез-  құлықтың  ырықтылығының  барынша 

жоғары  деңгейінен;  білім,  іскерлік,  дағдыларының  белгілі  бір  қоры  мен  таным 

процестерінің дамуынан, сондай-ақ үлкендермен және құрдастарымен өзара қарым – 

қатынас  орнатуды,    ұжым  өміріне  араласып  кетуді,  бірлескен  әрекетті  орындауды 

қамтамасыз ететін сапалардың қалыптасуынан тұрады.  

Смирнованың зерттеуінде көрсетілгендей, бейімделу екі жастағы балада өте ауыр 

өтеді.  Барлық  негативті  көрінулер  осы  жастағы  балаларда  көп  кездеседі,  яғни 

балабақшаға  екі  жастан  кейін  келген  балаларға  қарағанда  балабақшаға  екі  жасқа 

келген  балаларда  көп  кездеседі.  Қалыптасу  (қайта  келу)  кезеңі  кейде  2-3  айға 

созылады.  Бәрінен  қиыны,  құрбыларымен  қарым-қатынасын  және  ойын  іс-әрекетін 

қайта қалпына келтіру.  

Е.О. Смирнова 1,5 және 3 жастағы балалардың қалыптасуындағы ерекшеліктерді 

зерттеген. Егер де 3 жастағы бала балабақшаға дайындалу кезінде, сөйлей алса, өзін-

өзі күте алса, үлкендермен сөйлесу тәжірибесі бар және балалар ортасын қажет ететін 

болса,  1,5-2  жастағы  балалар  ата-аналарынан  алшақтауға  дайын  емес,  әлсіз  болып 

табылады.  Осы  жаста  балабақшаға  қалыптасу  ұзақ  және  қиын  болып  келеді,  көп 

ауырады [23].  

Бұл  кезеңде  интенсивті  физикалық  даму  жүреді.  Орта  жағдайларының  өзгеруі 

және  мінез-құлықтың  жаңа  формаларын  қалыптастыру  қажеттілігі  баладан  нақты 

талпыныс пен мүмкіндікті қажет етеді.  

Баланың күрделі физикалық және психикалық күйі ең алдымен психологиялық 

болмысына  ие  және  қоршаған  әлеммен  баланың  әлеуметтік  қарым-қатынасы 

аумағында жүреді.  

Ерте жастағы балалардың мінез-құлқының ерекшелігі жоғары эмоционалдылық 

болып  табылады.  Баланың  қоршаған  әлемге  қарым-қатынасы  белгілі  мөлшерде 

эмоционалды  шартталған.  Организмнің  сыртқы  ортамен  байланысына  субъективті 

жауабы болып келетін эмоционалды қалпы, сол сырттағы өзгеріске негізделген және 

балалардың даму деңгейі мен оның тәрбиесіне байланысты. Қоршаған ортаның және 

өмірдің  қалыпты  күйінің  өзгеруі  ең  бірінші  кезекте  эмоционалды  жағдайдың 

бұзылуына әкеледі.  

Бейімделу кезеңінде баланың тұлғасы оның жиынтығында, қызығушылығында, 

бірақ  шешуші  мән  эмоцияға  қоршаған  ортаның  әсеріне  және  міндетті  түрде 

эмоционалды жауап береді.  

Баланың  мінез-құлқы  сергек  кезінде,  оның  интенсивтілігі  мен  іс-әрекет 

деңгейімен  сипатталады.  Сондықтан  эмоционалды  күйдің,  түс  көру,  тәбеттің 

өзгеруімен  қоса  баланың  ойындағы  және  басқа  адамдармен  қарым-қатынасындағы 


 

191 


 

баланың белсенді өзгерісі мен бейімделу процесінің көрсеткішін ескеру өте маңызды. 

Көрініп  отырғандай,  ерте  жастағы  балалардың  әлеуметтік  бейімделуінің 

ерекшеліктерін айта отыра, функционалды жүйенің дамуының аяқталмағанын ескеру 

керек және бір комплексте бейімделу жағдайының барлығын қарастыру қажет: мінез-

құлық реакциялары, вегетативтік қозғалыстар, реактивтіліктің өзгеруі және бірінші 2 

жыл  бойындағы  аурушаңдылықтың  жоғарылығы,  психикалық  және  физикалық 

деңгейінің теңеспеуі.  

Әдеттегі  мінез-құлықтың  кенеттен  өзгерту  қажеттілігі  қиын,  ол  кейбір  кіші 

жастағы  балаларға  күші  келмес  міндет,  жоғарғы  жүйке  қызметі  жүйесінің 

«психикалық  стресс»  типі  бойынша  шектен  шығуға  алып  келеді  (Аксарина  Н.М.) 

Тонкова-Ямпольская  Р.В.  мынадай  болжам  шығарды,  эмоционалды  жағдайдың 

бұзылуы,  вегетативтік  жылжумен  байқалатын,  функционалды  белсенділігін 

төмендетеді.  Соның  нәтижесінде  бала  сырқатқа  шалдығады.  Көптеген  авторлардың 

еңбектері  бөбекханада  пайда  болатын  ауруларға    арналған  зерттеу  жұмыстарының 

(Антонова П.М, Коган Р.Б, Щербаков, Е.М. Логина, О.В. Оноприенко, О.С. Култепина 

және  т.б.)  қорытындысы  бойынша,  балабақшадағы  балалар  үйге  қарағанда  3-5  есе 

ауырады,  көбінесе  респираторлық  аурулармен  ауыратындығын  айтады.  Жағымсыз 

эмоциялардың азаюы және олардың жойылуы баланың мінез-құлқында көрінеді.  

Эмоциялардың  түрі,  деңгейі,  созылуы  ерте  балалық  шақта,  баланың  қалып  отырған 

нақты  жағдайы  мен  шарттарының  өте  маңызды  денгейімен  анықталады.  Бұл  жаста 

баланың эмоциясын нақты шынайы болады. Баланың эмоциясына әсер ету мүмкіндігі 

барлық  психикалық  белгілер  сияқты,  ортаның  әсер  ету  мәні  мен  пайда  болуымен 

анықталады. Бұл эмоциядағы өзгерушілік жағдайлардың өзгеруіне, ортаға байланысты 

бейімделу  кезеңінде  олардың  пайдалы  бағытына  қолданылуы  мүмкін  және  қажет. 

Кішкентай  баланың  ең  белсенді  дамитын  қажеттіліктерінің  бірі  оны  қоршаған 

ортасына  бейімделуі.  Орта  қаншалықты  тез  өзгерсе,  жағымсыз  эмоциялар  да 

соншалықты көп болса, онда олардың мінез-құлқында кемшіліктері ұзаққа созылады 

да бейімделуі қиындайды. Бұдан шығаратын қорытынды, балалардың жаңа ортамен 

балабақшада алдын ала танысуы, тез және жеңіл бейімделуіне жақсы жағдайлар мен 

мүмкіндіктер  туындатады.  Бұл  процесте  қоршаған  ортамен  араласу,  танысу 

барысында бала міндетті түрде үлкендерден көмек іздейді. Сонда балаға бейімделудің 

қиын  кезеңінде  үлкен  адам  осы  ортаға  «апару»  керек,  бала  оның  қорғанысын  сезіп 

және  оған  үйренуі  үшін.  Егер  бала  мен  әлеуметтік  орта  арасында  қалыптасқан 

эмоционалды  қарым-қатынас  (үлкендер  және  басқа  балалар)  жағымды  және  күшті 

болса,  ол  айтарлықтай  дәрежеде  жаңа  әлеуметтік  ортаның  кемшіліктерін  жаңа 

нәрсемен ауыстырып және орнын толтыра алады (жағдайдың өзгеруі жаңа адамдармен 

таныспауы және т.б.).  

Кейбір қазіргі психологтар бейімделу процесіндегі эмоционалды тонустың үлкен 

мәнін  айтады.  Бұл  жағымды  қарым-қатынастың  алғашқы  құрылуы,  бөлек  адамға 

бауыр басуы, одан кейін жаңа ортаға, үлкен адамдардың ортасына енуі. Эмоция мен 

бауыр  басудың  арқасында  бала  бақшаға  жағымды  қарым-қатынас  туындататын 

балалардың жеке адамға үйренуі, баланың бейімделуі жеңілдейді. 

Кейбір  ғалымдардың  (Атанасова  А.Г,  Голубева  А.Т.)  зерттеулерінің  нәтижесі 

көрсеткендей,  бейімделудің  бастапқы  кезеңінде  бала  «ойыншықтарымен  ойнауға» 


 

192 


 

қатысқысы келмейді. Таныс емес жағдай баланың әдеттегі белсенділігін жояды. Кейде 

ең қызықты ойыншықтар да балаларды тартпайды, олар «бөтен» ойыншықтар. Баланы 

өзінің  жақсы  көретін  ойыншықтары  тартады.  Тәжірибенің  көрсетуінше,  баланың 

жақсы  көретін  ойыншығы,  суреті  бар  кітап  немесе  бала  үйреніп  қалған  заттар 

бейімделу процессін жеңілдетеді, егер бала оларды өзімен бірге алып келсе.  

Мазасыз  және  ұйқы  бұзылуының  жалғасу  кезеңі  бейімделудің  бастапқы 

кезеңдерінде балалардың көбісі күндіз ұйықтамауына алып келеді. Кішкентай баланың 

жүйке  жүйесінің  шектеулі  төзімділігі  мен  жеңіл  шаршауы  эмоционалды 

тұрақсыздыққа  әкеледі.  Бұл  балалардың  орта  мен  адамдарға  жағымсыз  қарым-

қатынасы  мен  шиеленісуін  күшейтеді.  Бейімделу  кезеңі  балаларда  ұзақтығы  мен 

көрсету  формасы  бойынша  әртүрлі  болуы  мүмкін.  Балалардың  кейбірі  енжарлыққа 

барады.  Басқалары  өздерінің  керексіз,  қорғаусыз  сезініп,  әрдайым  үлкендердің 

қолдауын  іздейді,  үшіншілері  ата-аналарымен  айырылысқаны  үшін  бірінші  күндері 

жылап шыңғырады және әрең тынышталады. Тәжірибенің көрсетуінше, балалардың 

бала бақшада жеңіл және тез бейімделуі, көбінесе оны бала бақшада қалай қарсы алды 

және қандай мөлшерде оған жеке көңіл аударды соған байланысты.  

Бейімделу  процесінде  балалардың  мінез-құлқының  өзгеруі  жайлы  көрсетілген 

материалдар мынандай қорытындыны шығарады: баланы дайындау, оның жаңа ортаға 

ақырын  енгізілуі,  дұрыс  ұйымдасқан  жүйелі  әсер  ету  эмоционалды  кері  кетуді 

төмендетіп,  дағдарыстың  алдын  алады,    тұлғаның  мүмкіндіктері  мен  қабілетінің 

дамуында үздіксіз көтерілуді қамтамасыз етеді. 

Бөбекханадан  бала  бақшаға  ауысу  ерекшелігі.  Бір  балабақшадан  екіншіге  өту 

барысындағы өзгерістер бала бақшада күн тәртібінің іске асуы барысында балалардың 

өздеріне қарауда, талабының жоғарылау нәтижесінде, таныс емес балалармен кездесу 

және  тәрбиешілердің  үйренбеген  мінез-құлықтарынан  пайда  болады.  Зерттеулер 

қорытындысы  балабақша  мен  бөбекханадағы  жағдайдың  бірдей  құрылса  бейімделу 

балаларда  2  есе  тез  және  жеңіл  өтеді,  егер  балаларды  жаңа  ортамен  өз  уақытында 

таныстырса және егер бейімделудің бастапқы кезеңінде баланың үйреніп қалған өмір 

салтына сай жаңа талаптар жүйесін құрса.  

Балабақша ортасы  - ол ең алдымен бала мен үлкендер, бала мен басқа балалар 

арасындағы  өзінің  талаптары  мен  әртүрлі  қарым-қатынасы  бар  әлеуметтік  орта. 

Сондықтан, балабақшаға бейімделу – балалар мен үлкендер, балалар мен құрбылары 

арасындағы өзіндік талаптары, өзіндік түрлі әрекеттері бар қарым-қатынас. 

Балабақшада балалар жаңа орын жағдайы мен уақыт тәртібіне сай ғана емес, бірінші 

кезекте,  жаңа  тұлға  –  тәрбиешімен  де  таныс  болады.  Бала  бақша  тәрбиешісі 

педагогикалық  тәсілдерді  қолданады.  Мұндай  мінез-құлық  балалар  жағынан  бала 

бақша тәрбиешісі мен әлеуметтік байланыс қалыптастыруда баяулыққа әкеліп соғады. 

Баланы  жаңа  ортаға  тез  үйреткісі  келетін  тәрбиешінің  бала  тұлғасын  нақты  білмеуі 

орын  алуы  мүмкін.  Одан  бұрын,  бала  бақша  тәрбиешілерінде  бірінші  жоспарда 

педагогикалық  әсер  ету  тұрады.  Бала  бақша  тәрбиешілерінде  қыздармен 

салыстырғанда  ұлдарға  эмоционалды  қарым-қатынасы  білінеді.  Іс-әрекетте  қыз 

балаларға  көп  талаптар  қояды.  Бұл  рөлдерді  реттеу  салт-дәстүрмен  негізделген. 

Дамуды бақылау нәтижесі, балалардың және тәрбиешілердің мінез-құлық реакциясын 

талдау бойынша (Аксарина Н.М., Жукова Н.И.), 3 жастағы балалар бала бақшаға барар 


 

193 


 

кезінде үйрену қиындығы пайды болмай-ақ, материалдық, уақыттық және әлеуметтік 

жағдайлардың толық өзгеруін түсіне алмайды. 

Бұл  қиындықтар  уақытша  сипатқа  ие  және  әдебиетте  бұрын  көрсетілгендей, 

үйрену реакциясы мен мінез-құлықтың бұзылуының интенсивті формасымен теңдесе 

алмайды. Баланың бөбекханадан бала бақшаға өту кезеңіндегі бейімделу мүмкіндігіне 

әлеуметтік тәжірибе мен дағды әсер етеді. 

Бейімделу  процесіндегі  үлкендер  мен  құрбыларымен  қарым-қатынас 

спецификасы.  Балалар  тобындағы  психологиялық  ахуал  ерекше  көңіл  бөлуді  талап 

етеді. Тәрбиешінің міндеті - топтағы рөлдердің орналасуын уақытында байқап, қарым-

қатынастың  қарама-қайшы  келуінің  алдын  алу  керек.  Егер  тәрбиеші  авторитарлы 

басқару стилін ұстанып, балаларды «жақсы көретіндер мен жамандарға» бөлсе, онда 

топ тез-тез топ-топ болып бөлініп кетеді, бір-біріне қарсы келеді. Олардың арасында 

«шеттетілген»  және  «қабыл  алынбаған»  саны  көбейеді.  Әсіресе,  ұлдарда,  күш  пен 

бағыну  қарым-қатынасы  пайда  бола  бастайды.  Патологиялық  мінез-құлық 

варианттары  өте  көп  болуы  мүмкін,  бірақ  оларды  деструктивтілік  (агрессивтілік, 

бағынбаушылық,  тежелу),  кінәлі  болу  сезімінің  болмауы,  тәрбие  шараларының 

төменгі  деңгейлігі.  Органикалық  және  генетикалық  аномалиямен  негізделген  мінез-

құлық бір-бірімен байланыста болуы көп кездеседі. Бірақ есте сақтау керек, олардың 

алғашқылары  бағытталған  емге  жақсы  бағынады,  ал  екіншілері  психонервологтың 

қарауында жалпы тәрбиелік әсер етуге бағынады. 

 

Қолданылған әдебиеттер: 



1.

 

Әубәкірова  Ж.К.  мектеп  жасына  дейінгі  балалармен  қарым  қатынас  тренингін 



ұйымдастырудың педагогикалық психологиялық негіздері. автореф.к.пс.н. – Алматы, 

2001, -88б. 

2.

 

Возрастная  и  педагогическая  психология:  Хрестоматия:  Учеб.пособие  для 



студентов пед.учеб.заведений / Сост.И.В.Дубравина и др.  – М.:Изд.центр Академия, 

1998. – 313с. 

3.

 

Немов  Р.С.  Психология.  Учеб.студентов  вые.Пед.Учеб.заведений.  В 2  кн.  Кн.2. 



Психология образования.- М.:Просвещение: Владос, 1994-496с. 

4.

 



Общение детей в детском саду и семье./ Под ред. Рониной Т.А., Стеркиной Р.Б., - 

М.: Педагогика, 2000-260с. 

 

 

ҚОҒАМДАҒЫ МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК-



ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ БЕЙІМДЕУДІҢ МАҢЫЗЫ 

 

Ахат Роза 



Ғылыми жетекшісі:Жексенова Бибинур Омарбаевна 

ККАО Болашак 

 

Көптеген ғасырлар бойы «адамзат» әр түрлі ғылым салаларының басты объектісі 



болып  келеді,  себебі  ғылым  мен  адамзат  бір  бірімен  тығыз  байланыста  келеді.  Өз 

 

194 


 

тарихын,  мәдениетін,  табиғи  болмысын  танып  білуге  деген  адамзат  құштарлығының 

шегі  болған  емес.  Осы  таным  жолында  психология  ғылымының  орны  аса  зор  әрі 

ерекше.  Адам  болмысының  табиғаты,  оның  саналы  қоғам  шеңберінде  өркендеуі  мен 

қалыптасуы,  айналасындағы  басқа  адамдармен  қарым  қатынасының  ерекшеліктері 

психология  ғылымының  негізінде  жатыр.  Адамның  даму  заңдары  мен  болмысының 

мүмкіндіктері жөніндегі білімдер жүйесі бүкіл қоғамның дамуы үшін өте қажет. Көп 

жағдайда адамдардың жеке және ұжымдық әрекеттерінің механизі, әрекет, әлеуметтік 

бағыт,  тәртіп  стереотиптерінің  қалыптасу  заңдылықтары  жөніндегі  білімдерді 

пайдаланбай,  сезім,  психологиялық  климатты  танып  білмей,  жеке  адамның 

ерекшеліктері мен психологиялық қасиеттерін,қабілетін, сезімін, мінезін, адам аралық 

қатынастарын  зерттемей,  әлеуметтік  процестер  мен  құбылыстардың  мәні  толық 

ашылмайды.  Яғни,  әлеуметтік  процестерді  зерттеуде  психологиялық  факторларды 

ескеру-заңды қажеттілік.Осыған орай,психология бірнеше салаға бөлінген. Соның бірі-

әлеуметтік психология . 

Әлеуметтік 

психология- 

адамдардың 

әр 

түрлі 


ұйымдасқан 

немесе 


ұйымдаспаған  топтарында  көрініс  беретін  психикалық  болмысын  зерттеумен 

айналысады.Әлеуметтік  психология  бүгінгі  таңда  ерекше  сұранысқа  ие.  Өйткені 

әлемдік 

проблемаларды 

шешуден 

бастап,  адам 

қашанда 

топтың  өкілі 

болғандықтан,оның  ортаға  бейімделуі,  күнделікті  тұрмыстағы  кездесетін  қақтығыс, 

күйзелістерді  зерттеп,  қажетті  шешімдерге  қол  жеткізуге  болады.  Адам  баласында 

өмірге келген сәттен бастап, белгілі ортаға бейімделу процесі жүреді. Психологияда бұл 

процесті адаптация деп атайды. 

Адаптация-жеке  адамның  немесе  әлеуметтік  топтың  ортамен  әрекеттестігі,  оған 

осы  ортаның  нормалары  мен  құндылықтарын  игеру,  сонысымен  қатар  ортаның 

мақсатына  сәйкес  өзгеруі,  қайта  құрылуы  жатады.  «Бейімделу»  (адаптация)  ұғымы 

психологияда  адамның  қоршаған  орта  жағдайына  бейімделуін  білдіреді.  Бұл  ұғым 

индивид  пен  ортаның  тепе-теңдік  байланыстары  туралы  гештальтпсихология,  ақыл-

ойдың  даму  теориясы  сияқты  психологиялық  концепцияларда  да  маңызды  орын 

алады.Бұл терминді еңгізген Г.Селье. Үш стадиядан тұрады: 

1.        Алаңдау  стадиясы–  бір  неше  сағат  немесе  екі  күн  созылуы  мүмкін,  мұнда 

адамға белгілі әсер келіп адам одан қорғануға тырысады; 

2.    Қарсы шығу стадиясы – адам әсерге қарсыланады; 

3.    Тұрақтану немесе әлсіздену стадиясы. 

Бейімделудің  негізгі  түрлері  –сенсорлық  бейімделу  мен  әлеуметтік  бейімделу. 

Сенсорлық  бейімделу–түйсіктердің  бейімделуі.  Әлеуметтік  бейімделу  –бейімделудің 

еңжоғары  дәрежесі,  бір  жағынан,  үнемі  жүретін  индивидтің  әлеуметтік  орта 

жағдайларына  белсенді  түрде  бейімделу  процесі,  екінші  жағынан,  бұл  процестің 

нәтижесі. Осы екі компоненттің өзара қатынасы индивидтің қажеттіліктеріне, оларды 

қанағаттандыру мүмкіндігіне тәуелді. Бейімделу үздіксіз жүретін процесс болса да, оны 

әдетте,  адамның  өмірінде  негізгі  әрекеттердің  және  әлеуметтік  ортаның  ауысуымен 

байланыстырады.Психологиялық  бейімделудің  негізгі  көріністері  –  адамның 


 

195 


 

айналасындағы  адамдармен  белсенді  қарым-қатынас  жасауы.  Психологиялық 

бейімделудің басты құралы-тәрбие, білім, еңбек және кәсіби даярлық болып табылады. 

Психологиялық  адаптация,  адам  өміріндегі  кез  келген  өзгерістерде  жүзеге  асады. 

Мысалы, «үйкүшік» баланың балабақшаға келген соң, жаңа жағдайларға бейімделуіне 

тура келеді. Мектепке келу-жаңа талаптарды орындауға, жаңа жағдайларға бейімделуді 

қажет етеді. Еңбек жолын бастаған жастарда, бейімделу кезеңін басынан кешіреді. Тіпті 

микросоциумдағы  (отбасы)  өзгерістер:  ата-аналардың  ажырасуы  немесе  жақын 

адамдардың қайтыс болуы т.б. жаңа жағдайлар туғызады . 

Әлеуметтік  бейімделу  –  тек  дені  сау  адамдардың  ғана  емес,  сонымен  қатар 

мүмкіндігі  шектеулі  балалардың  да  әлеуметтік  ортаға  қосылуы,  қоғамда  өмір  сүруге 

бейімделуі.  Мүгедек  бала  —  тiршiлiк-тынысының  шектелуiне  және  оны  әлеуметтiк 

қорғау қажеттiгiне әкеп соқтыратын аурулардан, жарақаттардан, олардың салдарынан, 

кемiстiктерден организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы бұзылған он сегiз 

жасқа  толмаған  адам.  Мүмкіндігі  шектеулі  балалардабейімделу  үдерісі  үнемі  сәтті, 

қиындықсыз  бола  бермейді.  Кейде,  адекватты  емес  мінез-құлық  реакциялары,  қиын 

психологиялық  ситуациялар  туындайды.  Бір  сөзбен  айтқанда,  дезадаптация  пайда 

болады.  Балалардағы  дезадаптация  күйі  оңай  пайда  болғанмен,  адаптация  үдерістері 

ұзақ уақытқа созылады . Мүмкіндігі шектеулі балалардың бейімделу немесе адаптация 

қиындықтарын  жеңілдету,  психикалық  дамуын  қалыпты  балалардың  психикалық 

дамуы деңгейіне жақындату коррекция және компенсация жолдарымен жүзеге асады. 

Дәлірек айтқанда, коррекция (түзету) ұғымы – психикалық және дене бітімдік дамудағы 

кемшіліктерді,  психологиялық-педагогикалық  және  емдеу-сауықтыру  шараларының 

жүйесі көмігімен түзету. Бұл жүйе баланың психикасының, дене бітімінің ауытқуларын 

жеңілдетуге  және  жоюға бағытталады. Дамудағы  ауытқуды  түзету  немесе  коррекция 

жасаудың тұтас тұжырымдамасын алғаш рет итальян педагогы М.Монтессори (1870-

1952) жасады. Ол сезімдік тәжірибе мен моториканың дамуы автоматты түрде ойлауды 

дамытады, себебі олар ойлаудың алғышарттары деп есептейді. 

Көршілес  мемлекет  Ресейде  түзету  жұмысының  теориясы  мен  тәжірбиесін 

дамытуда  жетекші  рөлді  А.Н.Граборов  (1885-1949)  атқарды.  Ол  ақыл  ойы  кем 

балалармен жүргізілетін сабақтардың біртұтас жуйесін жасады. Бұл жүйенің құрамына 

нелер  кіреді?  Оған  ойлау,  есте  сақтау  үдерістерін  дамытуға  ықпал  ететін  әр  түрлі 

ойындар, шыдамдылықты, төзімділікті қажет ететін қол еңбегі, топтық саяхаттар тәрізді 

маңызды әлеуметтік мазмұндағы жұмыстар енеді. 

Кемістіктердің  орнын  толтыруда  психотерапияның  рөлі  ерекше  маңызды.Ұзақ 

уақытқа дейін, психотерапевтік шаралар вербальды коммуникация, интеллект сияқты 

қалыпты  дамыған  адамға  тән  компоненттер  негізінде  ғана  жүзеге  асады  деген  теріс 

ұғым  орын  алып  келді.  Бірақ  ақыл  ойы  кем  балаларда  интеллекттуалды  әрекеттік 

болатыны және психотерапияда вербальды емес әдістердің қолданылатыны дәлелденді, 

мысалы  арттерапия.  Олигрофрен  оқушылармен  психотерапевтік  жұмыстар  жүргізу 

барысында, нәтижесінде олардың зейін, қабылдау, есте сақтау қабілеттерінің артқанын, 

оқу  әрекетінің  арта  түскендігін  байқауға  болады.  Сондай-ақ,  психикалық  дамуы 



 

196 


 

тежелген балалармен жүргізілген психотерапевтік жұмыстарда өз нәтижелерін көрсетіп 

келеді. 

Кез  келген  қоғамда,  даму  дәрежесі  қаншалықты  жоғары  болғанына  қарамастан, 

әлеуметтік қиындықтар болып тұрады. Осындай себептердің салдарынан, қазіргі кезде 

әлеуметтік көмекке мұқтаж болып отырған мүмкіндігі шектеулі балалар күннен күнге 

көбеюде.  Әрине,  мүмкіндігі  шектеулі  балаларды  тәрбиелеп,  әлеуметтік  тұрмысқа 

баулуда,  ата-ана  мейірімімен  қатар,  мұғалім  және  психологтың  тарапынан  шексіз, 

мейірімділіктің  қажеттілігі  бірден  айқын  байқалады.  Бұл  жұмыста  үлкен 

жауапкершілік,  төзімділік,  тәжірибе  қажет.  Қазіргі  озық  технология  заманында 

мүмкіндігі  шектеулі  балаларды  заман  талабына  сай,  түрлі  әлеуметтік  жағдайлардан 

адаспай, дұрыс жол таба алатын, еңбеққор азамат етіп қалай әзірлеп шығаруға болады 

деген  сұрақ  осы  салада  қызмет  атқарып  келе  жатқан  мамандарды  шығармашылық 

жұмысттар  мен  инновациялық  технология  әдіс  тәсілдерін  іздеуге  итермелейді. 

Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік психологиялық түзету арқылы қолдаудың 

маңызы  зор.  Себебі,  тұрмыс  тіршілігіндегі  шектелуді  жою  үшін  жағдай  жасауды 

қамтамасыз  етіп,  оларға  басқа  азаматтармен  бірдей  қоғам  өміріне  қатысу 

мүмкіндіктерін  жасау  керек  деп  ойлаймын.  Біздің  Отанымызда  да  осы  салаға 

байланысты арнайы сауықтыру орталықтары да жұмыс жасап келеді. Қазіргі уақытта 

республикалық  арнайы  түзету  мекемелерінде  мүмкіндігі  шектеулі  балалар  мен 

жасөспірімдер тәрбиеленуде. Осы топқа жататын арнайы мектептерде сырқаттары және 

басқа  себетерге  байланысты  оқуға  мүмкіншіліктері  жоқ  оқушылардың  жалпы  орта 

мектептерде  білім  алуы  қиыншылық  туғызады.  Осы  себепті  әлеуметтік  тәрбиенің 

мәселелерін  көре  білу,  сезіну  және  шешу  жолдарын  қарастыру,  мүмкіндігі  шектеулі 

баланы  әлеуметтендіруге  қолайлы  шарт  жасау  және  қатарға  қосу  мен  тәрбиелеуді 

жүзеге асыруды міндет етіп алға қою керек. Егер, әлеуметтік педагогикалық үдерісте 

мүмкіндігі шектеулі балаға алғашқы сәттерде көмек беру үшін оның отбасын, ол өмір 

сүріп отырған ортасын зерттей алсақ, онда баланы өзі өмір сүрген әлеуметтік ортаға 

араластыру,  бейімдеу,  әлеуметтендіру  мәселелеріне  белсенді  қатыстыру  мүмкіндігі 

туады.  Тек  осыдан  кейін  әлеуметтік  психологиялық  үдерісін  дұрыс  ұйымдастырып, 

түрлі  әлеуметтік  кедергілерге  қарсы  тұра  алатын,  білімді, мәдениетті, еңбеққор  және 

тұлғаны қалыптастыру мүмкіндігі туар еді. Бұл қасиеттерді бала бойына дарыту үшін 

мүмкіндігі  шектеулі  балалардың  психологиясын  терең,  жетік  меңгеруіміз  керек. 

Мүмкіндігі  шектеулі  баланы  әлеуметтік  ортаға  бейімдеу  үшін  психолог,  емдік 

физкультура,  логопед,  олигофренопедагог  мамандарының  арнайы  тапсырмалары  өте 

қажет.  Сонымен  қатар,  әлеуметтік  бейімделудегі,  тәрбиелудегі  кемшіліктерді  жеңу 

үшін ата-аналар мен бірігіп арнайы түзету жұмыстарын ұйымдастыру қажет және оны 

неғұрлым ерте бастаса, соғұрлым әлеуметтік бейімделуде нәтижелі болады. 

Адамның  ең  маңызды  игілігі  –жеке  басының  бостандығы  мен  құқықтары.  Ата 

Заңымыз  Конституцияның  «Кемтар  балаларды  әлеуметтік  және  медициналық-

педегогикалық түзету арқылы қолдау» туралы Заңның 4- тарауында кемтар балалардың 

құқықтары бекітілген, нақты ата-аналарының және өзге де заңды өкілдерінің құқықтары 



 

197 


 

мен міндеттері көрсетілген. 15-бап кемтар балалардың әлеуметтік және медициналық-

психологиялық  түзеу  арқылы  қолдауды  кепіл  түрде  тегін  алуға  құқығын  бекітті. 

«Балалардың құқықтары туралы Конвенцияда» мүмкіндігі шектеулі балалардың ерекше 

күтімге, білім алуы мен дайындығына, әлеуметтік ортада, қоғамда толық құқылы өмір 

сүруін  қамтамасыздандыру  мазмұны  23-баптарында  нақты  көрсетілген.  Олардың 

мүмкіндіктері шектеулі болсада, мәртебесі сау адамдармен тең дәрежелі. Атап айтқанда 

мүмкіндіктері  шектеулі  тұлғалардың  қалыпты  дамыған  адамдармен  әлеуметтік 

жағынан  да,  саяси,  азаматтық,  экономикалық,  мәдени  жағынан  тең  құқылы  екендігі 

айтылған. 

Қазіргі  таңда,  еліміздегі  мүмкіншілігі  шектеулі  балалар  санының  көбеюі 

деңсаулық сақтау, білім және әлеуметтік қорғау салаларының осы мәселеге көңіл бөлуін 

талап  етіп  отыр.Жылдан  жылға  мүмкіншілігі  шектеулі  балаларға  деген  қоғамның 

көзқарасы  өзгеріп,  оларды  қоғамның  бір  мүшесі  ретінде  қарауға  бет  бұрып  келеді. 

Үкіметіміздің  мүмкіндігі  шектеулі  балаларға  арналған  көптеген  көмектерінің  ішінде 

үйде әлеуметтік көмек беру ерекше орын алады. Үйде әлеуметтік көмек беру барлық 

мүгедек балаларға емес, олардың ішінде өз-өзіне қызмет етуі төмен, қозғалысы нашар, 

үйде  оқитын,  үйде  тәрбиеленетін  және  ешқандай  бағдарламамен  оқуға  жарамсыз 

балалар  мен  жасөпірімдерге  көрсетіледі.  Осы  орайда  педагог-психологтың  міндеті 

мүмкіндігі шектеулі балалардың жан айқайын қоғамға жеткізу, яғни бала ағзасындағы 

ауытқулар  мен  бөгеттердің  себеп-салдарын  анықтап,  олардың  отбасындағы  қарым-

қатынастарын дамытып, дені сау баламен араласауына жағдай туғызу болып табылады. 

Тәрбиелеу барысында, жас ерекшеліктерін ескере отырып, балаларды шешім қабылдай 

алуға,  өзін-өзі  қамтамасыз  етуге,  еңбекке,  тәртіп  мәдениетіне,  ұжымда  еңбек  ете 

алатындай  деңгейге  бейімдеу  қажет.  Статистикалық  мәліметтерге  сүйенсек,  қазіргі 

кезде  арнайы  білім  беру  ұйымдарында  мүмкіндігі  шектеулі  16664  бала,  жалпы 

мектептердегі арнайы сыныптардың саны 762 болса, сол сыныптарда — 7582 бала оқып 

жатыр, ал жалпы мектептерде ешқандай әлеуметтік− психологиялық қолдаусыз оқып 

жатқан  мүмкіндігі  шектеулі  балалардың  саны  65  мыннан  асты.  Бұл  ҚР  білім  беру 

саласындағы ауыр мәселенің бірі болып отырғаны ақиқат. Арнайы білім беру жүйесінің 

қазіргі  даму  кезеңінде  балалалық  мүгедектің  алдын  алу,  өзекті  мәселесі  ретінде 

қарастырылады.  Бүкіл  әлемдік  деңсаулық  сақтау,  білім  беру  және  әлеуметтік  қорғау 

ұйымдардың  қызметінде  кемтар  балалар  мен  отбасына  ерте  жастан  қолдау  көрсету 

жетекші  беталыс  болып  саналады.  Отандық  Ерсарина  А.Қ,  Жалмұхамедова  А.Қ, 

Сүлейменова Р.А т.б.ғалымдардың ғылыми зерттеулері бойынша ерте жастан кемістікті 

анықтау және дәл сол кезден кешенді түзету жұмысын бастау, кейіннен бала дамуында 

басқа  ауытқушылықтарды  алдын  алуға  жол  ашады.  Қазіргі  уақытта  біріктірудің 

жетекші  мезгілі  ретінде  жалпы  сыныбында  пән  мұғаліммен  қатар  екінші  арнайы 

педагогты қосу ерекше оқу орнын ұйымдастыру кең тараған дәстүр. «Шағын−мектеп» 

сынып құрамы ашылады. Мүмкіндіктері шектеулі балалармен жұмыс жеке білім беру 

және  түзету−дамыту  бағдарламамен  жүргізіледі.  Әр  жалпы  мектептерде  білімді, 

тәжірбиелі  арнайы  педагог  балаларға  арнайы  көмек  көрсету  мен  мұғалімдерге  кеңес 



 

198 


 

беру  қызметін  атқарады.  Осы  атқарылып  жатқан  игі  істердің  барлығы  мүмкіндігі 

шектеулі балалардың қоғамда өз орынын табуға, дені сау балалар тәрізді білім алуына 

мүмкіндік жасайды. 

Ойымды қорытындылай келе, қоғамда тек дені сау балалар дүниеге келуі керек. 

Мүмкіндігі  шектеулі  балаларды  әлеуметтік  психологиялық  бейімдеу  арқылы  заман 

талабына сай білім беріп қана қоймай, тәрбиелеп, оларды қоғам өміріне өз пайдасын 

тигізуге қабілетті тұлға ретінде қалыптастыру. 

 

Қолданылған әдебиеттер: 



1. Богданов О.В. «Методические рекомендации по проведению комплекса лечебно 

– восстановительных и реабилитационных мероприятий в Сенсорной комнате». 

 2.  Специальная  педагогика:  учеб.  Пособие  для  студентов  Высш.  Пед.  Учеб 

завед»./под ред. Н.Н.Назаровой.- М:изд центр"Академия", 2004. С. 10-11. 

 3. Кушваха П. «Снузлин- уникальный сказочный мир ощущений».  

4.  Браудо  Т.Е,  Кириченко  Ю.А,  Соловьева  Е.А,  Ряховская  М.В.  «Методическое 

пособие по использованию Сенсорной комнаты».  

5.  Кириченко  Ю.А.  «Коррекция  игровой  деятельности  в  Сенсорной  комнате». 

Шеримова А. С., Елюбаева А. Н. Қоғамдағы мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік-

психологиялық бейімдеудің маңызы // Молодой ученый. — 2015. — №8.1. — С. 41-44. 

 

 

АТА – АНАЛАРМЕН ЖҰМЫС БАРЫСЫНДА 



ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӘДІС-ТӘСІЛДЕР 

 

Ахмадиева Д.К., Мустафаева А.М. 



«№ 114 «Бақыт» балабақшасы» Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны 

 

Балабақша, бала, рта-ана, тәрбиеші, бұл ұғымдар бір-бірінен ажырамас, бірінсіз 



бірі мүмкін емес, өте тығыз, бір мақсаттағы, болашағы кең жауапты әрі құрметті де 

құдіретті дептүсінеміз. 

Балабақша-  балалардың  екінші  үйі.  Балаларсыз  балабақша  болуы  мүмкін  емес. 

Ата-анасыз  балалардың  болуы  да  дәл  солай.  Ал,  балабақшаға  баласын  әкелген  ата-

ананың ең бірінші тірегі, сенімі, ақылшысы, сырласы ол-тәрбиеші педагог. Себебі, ата-

ана  өзінің  жүрегінен  шыққан  жан  баласын  тәуліктің  10,5  сағатына,  яғни,  барлық 

адамдардың белсенді әрекеті жалғасатын, жауапкершілігі мол ағымынан қалдырмай, 

қоғамдық  мекемеге,  тәрбие  орнына,  тәлім-тәрбие  алсын,  ұжымға  үйренсін, 

адамгершілік қасиеттерге қалыптассын, білім алсын, дос тапсын өссін, дамысын деп 

әкеледі. 

Ендеше,  сол  ізгі  мақсаттар  мен  игі  нәтижелерге  жету  үшін,  бар  жігері  мен 

қайратын,  білімі  мен  өнегесін,  тәжірибесі  мен  тәлімін  аямайтын  жандар-ол,  әрине 

тәрбиешілер. 


 

199 


 

Күнде  таңертең  баланы  мейіріммен,  жылы  жүрекпен  қабылдап,  балабақшаға 

баланың  емін-еркін,  қуана,  асыға  жетуі,  ата-анасының  сенімді  қолға  тапсырып, 

алаңсыз еңбек күнін тапсырып, алаңсыз еңбек күнін жалғастыруы-өмірдің жағымды 

жалғасы. Ата – ана мен тәрбиешінің тығыз байланысы өте маңызды рөл атқарады.Ата 

– ана өз  баласының жай күйін  әркез біліп тұрғуы керек, ал тәрбиеші тарапынан біз 

ата- анаға баланың дұрыс дамып жетілу жолдарын  айтамыз. 

Осы  мақсатпен    ата-  аналарға  арнап  ата  –аналар  жиналыстары    жиі  өткізіліп 

тұрады. Ата – аналар  жиналысты бір сарынды болмас үшін, ата- аналармен әртүрлі 

дөңгелек үстелдер, КВН ойын- сауығы, пікірталастар және  кеңестер өткізуге болады.  

Ата-  аналар  көп    ақпарат  алғанымен  қатар  ауыр  жұмыс  күнінен  соң  бір  сергіп  

қалады.  Отбасы  мен  балабақша  арасындағы  бала  тәрбиесі  педагогикалық  мақсаттар 

арқылы жүзеге асады. Сондықтан ата- аналарға жиі  ақыл кеңестер  өткізіп отырған 

жөн. Сондайақ  ата аналармен әр түрлі мерекелік ойындар, сайыстар өткізіледі.  

Біздің  «Бақыт»  балабақшамызда  ардайым  ата-аналармен  тығыз  жұмыстар 

атқарылады.Олар:  Ата  –аналар    көмегімен  қалдық    заттардан    жасалған  түрлі    қол 

өнерлер, сурет көрмелері, спорттық сайыстар, мерекелік іс – шаралар. 

 

Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың  «Сіздермен  біздер  тек  болашақ  буынды  ғана  емес 



жалпы адамзаттық, қадір-қасиеттердің мән маңызын түсінетін жаны да, тәні де таза, 

білімді  патриот  азаматтар  буынын  тәрбиелеуге  міндеттіміз»  -  деп  айтқандай  бала 

біздің  болашағымыз,  бала  тәрбиесі  еліміздің  әлеуметтік  дамуының,  құрылымының 

келешегін айқындаушы деп есептейміз. Егемен еліміздің көк туын желбіретер ертеңгі 

болашақ,  яғни  бүгінгі  бүлдіршіндер  тәрбиесі  аса  ауқымды,  назар  салатын  басты 

мәселелердіңбірі. 

 

Бала тәрбиесі ана сүтінен басталып, біреудің біреуге ықпалы арқылы өмір бойы 



қалыптасатын күрделі құбылыс. Тәрбиенің ең алғашқы бастамасын отбасында алса, 

жалғасы балабақшамен байланысады, яғни бала тәрбиелене отырып білім алады. 

 

Сәби  өседі,  уақыт  өткен  сайын  оның  айналасындағы  кеңістігі  де  күннен  күнге 



өзгеріп, ұлғая береді. Бала үшін отбасы бір жағынан – тіршілік қоршауы болса, екінші 

жағынан – тәрбиелік орта. Бүгінгі таңда жас сәбидің өмірін толыққанды ұйымдастыру 

үшін  балабақшаның  да  орны  ерекше.  Тіптен  «бақытты  балалық  шақ»  деген  ұғым 

отбасы мен балабақшаның бірігіп ұйымдастырған тірлігінде ғана туындайтын сияқты. 

 

Мектепке дейінгі ұйымдардың отбасы арасындағы өзара ықпалдастықтың негізгі 



бағыттарына көңіл бөлсек: 

 

-  педагогикалық  және  психологиялық  сауаттылықты  жетілдіру,  ата  -  аналарды 



оқыту бағдарламасын меңгертуіне: 

 

- іс - әрекеттің түрлі формалары (сабаққа қатысу, әртүрлі клубтар) және қосымша 



қызмет көрсетуіне; 

 

-  балалардың  шығармашылық  әрекетін  дамытуына;-  жоспарлау  мен  бақылауды 



ұйымдастыруына; 

 

- қалыптасу мен дамыту мәселелері бойынша тәжірибе алмасуына; 



 

- әлеуметтік дамытушы орта қалыптастыруға көмектесуіне. 

 

Міне  осындай негізгі бағыттарды бала тәрбиелеудегі  іске асырушылар  мектепке 



дейінгі мекемелер мен отбасы. Осы екі арада жүргізілетін тәлім  - тәрбие сабақтаса, 

ұштаса өткізілгенде ғана көзделген мақсат нәтижелері болары сөзсіз. 



 

200 


 

 

Бала  тәрбиесіне  тек  балабақша,  мектеп,  оны  қоршаған  орта  ғана  емес,  сонымен 



қатар отбасы, яғни, әкесі, атасы, әжесі, ағасы, әпкесі де әсерін тигізеді. Ата - аналарды 

ынтымақтастық пен серіктестікке жұмылдыра атқарған жұмысымыздың формаларын 

ұсынғым келіп отыр. Мысалы, «Әженің үйінде қонақта болу», «Ата  - әжем ауылы», 

«Менің  туған  өлкем»  атты  өткізілген  іс  -  шаралардың  мақсаты  –  балалар  мен  ата  - 

аналарды  халқымыздың  салт  -  дәстүрімен,  әдет  -  ғұрпымен  таныстырып,  оны өзара 

көрсете алу дағдыларын қалыптастыру. 

 

Ата  -  аналармен  жұмыс  дәстүрлі  емес  түрлерімен  ұйымдастырылады:  ата  - 



аналармен тренингтер, пікірталастар, психологиялық демалыс сәттері, дөңгелек үстел. 

 

Отбасы  –  қоғамның  алғашқы  ұясы  болғандықтан,  оны  нығайту,  оның  тәрбиелік 



мәнін арттыруғ сол қоғамның басты назарында болуы керек. Баланың дұрыс тәлім  - 

тәрбиесі, ең алдымен ата - ананың және тәрбиешілердің еңбексүйгіштігі мен беделіне 

тікелей  байланысты.  Мектепалды  даярлық  топ  тәрбиешілері  мен  ата  -  аналарға 

ұсынылады.  Бала  тәрбиесі  –  атам  заманнан  бастап  адамзатты  толғандырып  келе 

жатқан өмірдің өзекті мәселесі. 

 

Отбасындағы  ата  -  ана  мен  баланың  арасындағы  қарым  -  қатынас  нәтижесінде 



адамгершілік,  эстетикалық,  дене  тәрбиесінің  алғашқы  тәрбиешілері.  Отбасы  – 

қоғамның алғашқы ұясы болғандықтан, оны нығайту, оның тәрбиелік мәнін арттыру, 

сол қоғамның басты назарында болуы керек. 

 

Еліміздің  тәуелсіздік  алған  тұста  жас  ұрпақты  ұлттық  салт  -  дәстүріміз,  әдет  - 



ғұрпымыз негізінде тәрбиелеу қолға алынады. 

 

Жалпы  отбасы  болсын,  мектепке  дейінгі  тәрбие  беретін  мекеме  болсын 



тәрбиеленуде  мынадай  тәсілдерді  қолданған  жөн:  ақыл  -  кеңес  беру,  үлгі  -  өнеге 

көрсету, үйрету, түсіндіру, жадында қалдыру, жаттықтыру, салыстыру, ынталандыру, 

мадақтау, талап қою, жазалау. Әр ата - ана өз баласына ұстаз екенін ұмытпауы тиіс. 

 

Тәрбиеші  әр  баланы  жеке  -  жеке  ата  -  ана  арқылы  білуі  қажет.  Ата  -  ананың 



күнделікті өміріндегі еңбегі, мінез - құлқы, балаға қарым - қатынасы баланы тәрбиелеп 

отырған тәрбиешіге де аян болуы қажет. Баланы сонда барып тәрбиелей аламыз. 

1. Баланы сәби ол әлі ештеңе білмейді, ұқпайды деп жәй көзбен қарамау керек, өйткені 

ол да жетіліп келе жатқан тұлға. 

2. Баланы әр уақытта шындыққа үйрету. Еш уақытта алдамай ащы болса да шындықты 

ашып айтып, сол жағдайға дұрыс көзқараспен қарауға жағдай туғызу. 

3. Баланың әрбір сән уақытымен істеуге күнде қадағалау. 

4. Баланың әрбір сән қадағалап, оған деген көзқарасыңызды қалай болса да нәтижеге 

жеткізуіңіз керек. 

5. Баланы өз бетімен жұмыс жасауға және өзге баланың жұмысын бағалауға үйрету 

керек. 

 

Мектепке дейінгі тәрбие беретін мекеме халықтық білім беру жүйесінің алғашқы 



баспалдағы. Бұл ортада бала бұйығылықтан арылып, көпшіл, ұйымшыл болып өседі. 

Тәрбиеші өз қарауындағы әр баланың әрқайсысына мейірім нұрын сыйлай, ана орнына 

ана болуы қажет. Отбасындағы тәрбие педагогикалық тәрбиемен ұштасуы қажет. 

 

Отбасының  мектепке  дейінгі  мекемелерімен  байланыстылығы  өте  маңызды. 



Мұндай байланыссыз жас ұрпақты жақсы тәрбиелеу мүмкін емес. 

 

201 


 

 

Бала тәрбиесі жөніндегі сұрақтың ата - анамен яғни отбасымен байланысты болуы 



педагогикалық ұжымның ең негізгі міндеті. 

Мектепке дейінгі ұйымы мен отбасы ынтымақтастығын нығайту үшін тәрбиеші мен 

ата - ана арасында үлкен байланыс болуы қажет. Әр баланың тани білу тәрбиешінің 

ерекшелігіне де байланысты. Баланың бәрін бірдей көріп, бірдей тәлім - тәрбие беру 

тәрбиешінің басты міндеті. Сауалнама таратып, ата - ананың пікірін бөлісуі қажет. 

 

Бала ата - ана өмірінің жалғасы. «Құс балапаны үшін тұзаққа түседі, адам баласы 



үшін  азапқа  түседі»  демекші,  баланың  болашағына  үлкен  жауапкершілікпен 

қарауымыз  қажет.  Баланың  үлкен  саналы  азамат  ету  өміріміздің  яғни  отбасы  мен 

педагог ұжым арасындағы байланысымыздың шешімі деп те айтуымызға болады. 

 

«Болар  елдің  баласын  сәнінен  емес  сәлемінен  танимын»  деген  екен  қариялар, 



сондықтан да әр баланы елдің үлкен беделі зор азаматы етіп тәрбиелейік, ағайын! 

 

 



Колданылған әдебиеттер. 

1.  Островская  Л.Ф.  Беседы  с  родителями  о  нравственном  воспитании  дошкольника. 

Книга для воспитателя детского сада. М. Просвещение, 1987 

2.  Евдокимова  Е.С.  Педагогическая  поддержка  семьи  в  воспитании  дошкольника. 

Творческий центр. Москва 2005. 

3. Степанов О.М., Фицула М.М. Основы психологии и педагогики: Учебное пособие. 

–К.:Академвидав, 2006. – 520 с. (Альма-матер) 

4. Зверева О.Л, Кротова Т.В. Родительские собрания в ДОУ. Методическое пособие

Айрис дидактика. Москва 2006. 

 

 



РАЗВИТИЕ ВОСПРИЯТИЯ КРАСОТЫ ОКРУЖАЮЩЕЙ СРЕДЫ ДЕТЕЙ 

ДОШКОЛЬНОГО ВОЗРАСТА 

 

Ахметова Г,Б., Идрисова А.А. 



КГКП № 134 «Гауһар» 

 

Эстетическое  воспитание  –  это  целенаправленный,  систематический  процесс 



воздействия на личность ребенка с целью развития у него способности видеть красоту 

окружающего  мира,  искусства  и  создать  ее.  Начинается  оно    с  первых  лет  жизни.                                                                                                                                  

Знакомство  с  красотой  в  жизни  и  искусстве  не  только  воспитывает  ум  и  чувство  

ребенка,  но  и  способность    развитию  воображения  и  фантазии.  В  процессе 

осуществления  эстетического  воспитания  необходимо  решить    следующие  задачи: 

систематически  развивать  эстетическое  восприятие,  эстетические  чувства  и 

представление  детей.    Их  художественно-творческие  способности,  формировать 

основы эстетического вкуса.                                

Эстетическое  воспитание  тесно  связано  с  современностью  и  во  многом 

определяются ею. Эстетическое воспитание действительности предполагает близость 

к  жизни,  стремление  преобразовать  окружающий  мир,  общество,  природу, 

предметную среду. Ребенок с первых лет жизни неосознанно тянется ко всему яркому 

и привлекательному, радуется блестящим игрушкам, красочным цветам и предметам. 


 

202 


 

Все    это  у  него  чувство  удовольствия,  заинтересованность.  Слово  «красивый»  рано 

входит в жизнь детей. С первого года жизни они слышат песню, сказку, рассматривают 

картинки,  одновременно  с  действительностью  искусство  становится  источником  их 

радостных  переживаний.  В  процессе  эстетического  воспитания  у  них  происходит 

переход от безотчетного отклика на все яркое, красивое и сознательному восприятию 

прекрасного.    Эстетическое  восприятия  действительности  имеет  особенности. 

Основным  для  него  является  чувственная  форма  вещей  –  их  цвет,  форма,  звук. 

Поэтому его развитие требует большой сенсорной культуры. Красота воспринимается 

ребенком  как  единство  формы  и  содержания.  Форма  выражается  в  совокупности 

звуков,  красок,  линий.  Однако  восприятие  становится  эстетическим  только  тогда, 

когда оно эмоционально окрашено, сопряжено с определенным отношением к  нему. 

Эстетическое  восприятие  неразрывно  связано  с  чувствами,  переживаниями. 

Особенностью эстетических чувств является бескорыстная радость. Светлое душевное 

волнение, возникающая от встречи с прекрасным. Воспитатель должен вести ребенка 

от восприятия красоты, эмоционального отклика на нее к пониманию, формированию 

эстетических представлений, суждений, оценок.  Это работа кропотливая, требующая 

от педагога умение систематически, ненавязчиво призывать жизнь ребенка красотой, 

всячески облагораживать его окружение. 

Задачи  эстетического  воспитания  дошкольников,  исходя  из  его  цели,  можно  

представить  двумя  группами.  Первая  группа  задач  направлена  на  формирование 

эстетического  отношения  детей  к  окружающему.  Предусматривается  следующее: 

развивать  умение  видеть  и  чувствовать  красоту  к  природе,  поступках,  искусстве, 

понимать  прекрасное,  воспитывать  художественный  вкус,  потребность  в  познании 

прекрасного.                       

Вторая  группа  задач  направлена  на  формирование  художественных  умений  в 

области  разных  искусств:  обучение  детей  рисованию,  лепке,  конструированию; 

пению, движениям под музыку; развитие словесного творчества. Названные группы 

задач  дадут  положительный  результат  лишь  при  условии  их  тесной  взаимосвязи  в 

процессе реализации.             

Дошкольникам  доступны  почти  все  виды  художественной  деятельности  – 

составление рассказов. Придумывание стихов, пение, рисование, лепка. Естественно, 

они имеют большое своеобразие, которое выражается в наивном, непосредственном 

отображении  деятельности,  в  необыкновенной  искренности,  в  вере  в  правдивость 

изображаемого,  в  отсутствии  заботы  о  зрителях  и  слушателях.  Уже  на  этом  этапе 

происходит  развитие  художественных  творческих  способностей  детей,  которые 

проявляются  в  возникновении  замысла.  В  претворении  его  в  действительности,  в 

умении  комбинировать  свои  знания  и  впечатления,  в  большей  искренности    при 

выражении чувств и мыслей.                                                                                                

Цель обучения навыками художественной деятельности заключается не только в 

том, чтобы дать детям знания и навыки в пении, рисовании, чтении стихов и т.д., но ив 

том,  чтобы  вызвать  в  них  интерес  и  желание  самостоятельной  творческой 

деятельности. Осваивая те или иные навыки, ребенок использует их, внося свою, пусть 

маленькую  лепту  в  украшении  жизни  семьи,  детского  сада,  своих  сверстников.  В 



 

203 


 

развитии  художественно-творческих  способностей  детей  особая  роль  принадлежит 

личности педагога, его культуре, знаниям, увлеченности.  

Эстетическое  воспитание  детей  осуществляется  путем  ознакомления  детей  с 

эстетикой быта, с прекрасным в труде, в природе, общественных явлениях и  жизни – 

большая и трудная задача, которая требует длительной работы взрослых. 

Эстетика  быта  детского  сада  проявляется  в  художественной  простоте,  в 

продуманном подборе предметов обихода, где каждая вещь имеет свое место, где нет 

ничего лишнего. Окраска стен должна быть спокойных, светлых тонов. Требования к 

оформлению детского сада определяются задачами охраны жизни и здоровья детей, 

содержанием воспитательной работы с ними. Главными среди них являются: 

Целесообразность, практическая оправданность обстановки. 

Чистота, простота красота. 

Правильное  сочетание  цвета    света,  С  создающего  зрительный  контраст, 

обеспечивающий видимость каждого предмета.                                                                           

Все компоненты оформления должны составлять единый ансамбль.  

Понятие «эстетика быта» включает в себя и красоту каждодневных отношений 

между  людьми,  которые  окружают  ребенка.  Очень  важно,  какую  речь  он  слышит, 

какие интонации. Необходимо, чтобы она была правильной, образной, интонационно 

богатой и доброжелательной.                          

Мощным средством эстетического воспитания является природа. Именно в ней 

можно  увидеть  гармонию  –  основу  красоты:  разнообразие  красок,  форм  звуков  их 

сочетании.  Сама  по  себе  природа  –  это  условие  для  всестороннего  воспитания  и 

развития  ребенка.  Средством  она  становится,  когда  взрослый  целенаправленно 

использует ее «воспитательные возможности» и делает ее наглядной для ребенка.   

Условием  и  средством  эстетического  воспитания  является  и  художественная 

деятельность 

дошкольников, 

как 

организованная 



воспитателем, 

так 


и 

самостоятельная.  Изобразительное  искусство  необходимо  ребенку.  Он  дает  д  ему 

богатые зрительные образы.                                                                                 

В  художественной  деятельности  как  правило,  присутствуют  воспроизводящий 

(репродуктивный) фактор и творческий. И тот и другой необходимы и взаимосвязаны 

– ребенок не может творить, не научившись воспроизводить, репродуцировать.          

Все  названные  выше  средства  эстетического  воспитания  –  быт,  природа, 

искусство,  деятельность  эффективны  как  сами  по  себе,  так  и  во  взаимосвязи,  но 

перенасыщение  так  же  вредно  для  развития,  как    и  недостаток  эмоционального 

воздействия. Надо и сказать и находить золотую середину.      В современных условиях 

в  детском  саду  выдвигаются  следующие  задачи  эстетического  воспитания. 

Систематически  развивать  восприятие  прекрасного,    эстетического  чувства, 

представления  детей.  Все  виды  искусства,  природа  и  быт  способствует  этому

вызывает  непосредственную  эмоциональную  отзывчивость,  радость,  волнение, 

восхищение, увлеченность.                

Приобщать  детей  к  деятельности  в  области  искусства,  воспитывая  у  них 

потребность  и  привычку  посильно  вносить  элементы  прекрасного  в  быт,  природу. 

Общественные отношения.              



 

204 


 

Формировать  основы  эстетического  вкуса  детей  и  способность  самостоятельно 

оценивать произведения искусства и явления жизни.        Развивать художественно-

творческие  способности  детей.  Их  деятельность,  связанная  с  искусством,  всегда 

должна  быть  непринужденной,  насыщенной  радостным  устремлением,  творческим 

воображением, инициативой. Чем более эстетически развит ребенок, тем прочнее его 

художественные  умения  и  навыки,  тем  полнее  развивается  его  творческая 

деятельность.                                                                                                             

Ведущее  место  в  осуществлении  эстетического  воспитания  принадлежит 

детскому саду. Но велика роль семьи. Только при единстве воздействии детского сада 

и семьи возможно полноценное  осуществление задач эстетического воспитания. Не 

каждый из детей станет музыкантом или художником, но у каждого ребенка можно и 

нужно  воспитывать  любовь  и  интерес  к  искусству.  Развивать  эстетический  вкус, 

музыкальный слух, элементарные навыки рисования.          

Установление преемственности в эстетическом воспитании детского сада и семьи 

формирует первоосновы духовной культуры, которой должен обладать человек. 

 

Литература 



1.

 

А.  А.  Адаскина  «Особенности  проявления  эстетического  отношения  при 



восприятии действительности» 1966 г. 

2.

 



Н.А.Ветлугина «Эстетическое воспитание в детском саду» 1978 г. 

3.

 



С.А Козлова «Дошкольная педагогика»  

4.

 



О.А. Куревина «Путешествие в прекрасное»  

5.

 



В.И. Ященко «Дошкольная педагогика» 1978 г. 

    


    

ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫ РЕТІНДЕ 

АТА-АНАЛАРЫМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУ 

 

Камалова М.З., Ахметова Ж.Ә. 



«Еркетай» балабақшасы КМҚК 

 

Үш-ақ нәрсе-адамның қасиеті, 



Ыстық қайрат,нұрлы  ақыл,жылы жүрек 

Абай 

 

Біздің  елімізде  мүмкіндіктері  шектеулі  -  мүгедек,  тіл  кемістігі  бар,  көз 

жанарларынан айырылған, аутизмге ұшыраған балаларға деген қоғамда теріс көзқарас 

қалыптасқан.  Балалардың  құқықтары  және  мүдделерін  сақтауда  ұлттық  саясаттың 

негізгі бағыттарының бірі мүгедек балаларды әлеуметтік жақсарту болып табылады, 

ол мүгедек балалардың тіршілік кезеңдерін шектелуін еңсеруі, әлеуметтік мәртебесін 

қалпына келтіруі, әлеуметтік-тұрмыстық және еңбекке қалыптасуы    үшін жағдайлар 

жасау арқылы жүзеге асырылады.  

 Еліміздің  әрбір  жеке  тұлғасын  жан-жақты  тәрбиелеп,  шығару  –ең  жауапты  іс. 

Сондықтан 

баланы 

жаңаша 


көзқараспен 

қалыптастыру 

мақсатында 


 

205 


 

тәрбиешілер,мамандар  тарапынан  берілетін  әр-түрлі  шығармашылық  жұмыстар 

,ойын-жаттығулар,олардың 

ойлау 


 

сезімдерін 

арттырып 

,өмірге 


деген 

қызығушылықтарын арттырады. 

Қазіргі  таңда  қоғамызда    болып  жатқан  әлеуметтік  жағдайлар:  отбасылық,  

экологиялық дағдарыстан жүйкелерінің бұзылған, психикалық аурулары бар  балалар 

көбеуде. Елімізде кемтар  балалар саны жылдан-жылға  өсіп отыр. Мектепке дейінгі 

мекемелерде,  түзелту  орталықтарында  ондай  балалар  саны  өте  көп.    Бұл  процестің 

мақсаты  мен  міндеті  жалпы  тәрбиелік    принциптерімен  анықталған.  Атап  айтсақ 

оларды қоғамдық  өмірге бейімдеу, азаматтық саяси құндылықтарын  қалыптастыру, 

бұлар    дефектіге  сәйкес  тұрғыда,    соған  сәйкес    әдістемелермен  толықтыруы  және 

түзетілуі тиіс.  

Қоғам үшін әр уақытта,әр жанұяда  өсіп келе жатқан  ұл  - қыздардың дені сау, 

рухани құндылықтарға, еңбекке, білімді  болып өсуі -ең жоғарғы талап, ең биік шың. 

Оның  күш-қуат  алатын  ортасы  отбасы  болып  табылады.  Жанұяның  құнды  ықпалы 

және  оның  әсерін  өмірде  ешқандай  әрекетпен    теңестіруге  болмайды.  Балаға 

отбасының тәрбие бергені  ешнәрсе алмастыра алмайды. Жанұя - өмірге сәби әкеліп, 

оны  қоғамға  қалыптастыруда  және  ұрпақ  тәрбиелеуде  таптырмас    орын.  Жанұяның 

балаға  тәрбие  беруіндегі    басты  мақсаты    балаланың  жасын  деңгейін,  жеке  тұлға 

ерекшелігін, психологиялық процестер  түрлерін қадағалай отырып, жақсы өсіп-өнген  

болашақ ұрпақты тәрбиелеу. 

Жанұя баланың жеке тұлға ретінде дамуы,қоғамда ең бірінші қадам басуы тиіс. 

Мүмкіншілігі  шектеулі  бала  өмір    табалдырығын    аттағаннан  бастап  тәрбиесіне 

отбасының    мүшелері    жауапты  қызмет  атқарады  .  Ата-аналар  мүмкіндігі  шектеулі 

бала  тәрбиесіне  аса  көп    көңіл    бөліп,  өздерін  кінәлі  сезінбей,оны  көп  бос    ұстап 

еркелетпей  қарауы  керек  .Көп  еркелікпен    өскен  бала  ұяң  келеді,  өзіне  сенбей 

үлкендердің  көмегін  қажет  етіп,  әлжуаз  болып  өседі.  Осындай  балалар  әлеуметтік 

дамуда әр- түрлі қателіктерге тап болып отырады.  Мұндай балалар өздеріне ерекше  

көңіл  бөлуді,  арнайы  көзқараспен  қарауды,  оқытуды  талап  етеді.  Әрбір  жанұяда 

кемтар  балаға  деген  көзқарас  оны  басқа  түскен  масыл,  не  тағдырың  тәлкегі  деп 

қарамай, бала қамқорлық пен шапағаттың құшағында болуы тиіс. Балаға деген мұңдай 

қамқорлық оған жақсы әсер етіп, ол өзін басқа балалардан бөлек емес екенін  сезінбеуі 

тиіс. 

Ата - аналар бала бақытының таусылмас қайнар көзі  болуы тиіс . Бала бақыты - 



білімде. «Білім бала дамуының биік шыңы. Білімі көп адам құралдары сай ұстаға тең, 

не жасаса да өз ретімен жасайды », - дейді А. Байтұрсынов. Бүгінгі таңда  қоғамымызда 

болып  жатқан  өзгерістерге  байланысты  ұстаздар  мен  ата  -  аналардың  балаға  білім 

берудегі  жауапкершілігі ұлғая  түсуде. Балаларды оқыту мен тәрбиелеуде жанұяның  

басым бөлігін мойындай отырып біріккен түрде жұмыс жасау керек. 

Біздің өз тобымызда осындай баланың бірі тәрбиеленуде. Ол алғаш келгенде біз 

аяныш сезімімен қарайтынбыз. Ол өз бетінше еркін жүре алмайтын және тілі де шыға 

қоймаған,  орнынан әзер  тұрып,  әр  қадам  басуы  қиындықпен  келетін.  Ата-анасымен 

бірлесе жұмыс істей отырып, психолог, дефектолог, логопед мамандарының көмегіне 

жүгінген болатынбыз. Қазіргі кезде сол мамандардың берген кенестерінің арқасында, 

бала еркін жүріп , анық сөйлеп, өз бетімен киініп, әр қадамын нық басатын жағдайға 


 

206 


 

қол жеткіздік. Әрбір өтетін ісшаралардың бәріне қатыстырып, ортамызда ұстаймыз. 

Тақпақ айтып, би билеп, әнді де шырқайды. Қазір ересек топқа келгелі қалам ұстап, 

әріптерді де жаза бастады.Ойын ойнағанды ұнатады. 

Ол «Асханада» «Дұкенде» «Кітапханада», т,б ойындарды жақсы ойнайды. 

Қорытындылай  келе    жеке  тұлғаның  рухани    тәрбиеде  өсуіне    жағдай  жасай 

отырып, балаға  жақсы көңіл бөліп, қажеттілігіне қарап жұмыс жасауымыз керек .   

 

       Қолданылған әдебиеттер: 



1.Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  Заңы  27.07.2007ж.  №319. 

www.edu.gov.kz.  

2. Қазақстан Республикасы президенті Н.А.Назарбаевтың 2014 жылғы 17 қаңтардағы 

Қазақстан  халқына  жолдауы  «Қазақстан  жолы  –  2050:  Бір  мақсат,  бір  мүдде,  бір 

болашақ » URL: http://akorda.kz. 

3. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған 

мемлекеттік  бағдарламасы.  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  2010  жылғы  7 

желтоқсандағы № 1118 Жарлығымен бекітілген.// "Егемен Қазақстан" 2010 жылғы 14 

желтоқсандағы № 529-532 (26375).  

4.  Кемтар  балаларды  әлеуметтiк  және  медициналық-педагогикалық  түзеу  арқылы 

қолдау  туралы  Қазақстан  Республикасының  2002  жылғы  11  шілдедегі  N  343  Заңы. 

URL: http://adilet.zan.kz. 

5.  «Даму  мүмкіндігі  шектеулі  балаларды  әлеуметтік  және  медициналық-

педагогикалық  түзеуді  қолдау  жөніндегі  2007-2009  жылдарға  арналған  іс-шаралар 

жоспарын  бекіту  туралы»  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2007  жылғы  5 

ақпандағы № 81 Қаулысы. URL: http://adilet.zan.kz. 

 

 

МД БАЛАЛАРҒА ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ БАРЫСЫНДА ПЕДАГОГТІҢ   РОЛІ 



 

Ж.Б.Аширбекова, Р.Ж.Бапахова  

«Алтын сақа» балабақшасы КМҚК  Қарағанды қаласы 

 

Ұлттық  тәрбие  ұлттық  мәдениетті  өркендетудің  қайнар  көзі  болып  табылады. 



Ұлттық  тәрбие  халықтың  өмір-тіршілігімен,  кәсібімен,  ұлттық  тәрбие  дәстүрімен 

қоғамнан қоғамға жалғасып, дамып, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отырған. Ұлттық салт-

сананың үрдістері рәсім, рәміз, кәде, ырым, тыйым өмір қолданыстары арқылы іске 

асырылады да, ұлттық болмыс пен ұлттық мәртебенің мәдени-рухани деңгейі өмірден 

көрініс табады. Ұлттық тәрбие осылай өз нәтижесін береді. Ата-баба мұрасын каймағы 

бұзылмаған өмір тәжірибесінен алынған қалпында қолдану ұрпақ үшін өте пайдалы 

болмақ.  Егеменді  ел  болып,  тілімізді,  дінімізді  иелендік.  «Қазақтың  өздік  ұлттық 

қасиеттерінің  қайта  қалыптасуына  қамқорлық  жасау  –  менің  перзенттік  те, 

президенттік те парызым!» - деп Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ұлттық 

тәрбиеге ерекше мән береді. Біз сол ұлы мақсатты іске асыру үшін ұлттық тәрбиенің 

негіздерін  айқындап,  күнделікті  өмірде,  сабақта  жүзеге  асыруымыз  кажет.  Халық 

дүниеге келген жас нәрестенің болашағын ойлап, бар жақсылықты баланың жолына 



 

207 


 

бағыттап,  көркем  сөздерді,  мақал-мәтелдерді,  жаңылтпаштарды,  салт-дәстүрлерді 

күнделікті  тәрбиеде  пайдаланып  отырған.  Ата-бабаларымыздың  асыл  мұрасын, 

дәстүрлерін  қастерлеуге,  мақтаныш  тұтуға  баланы  тәрбиелеуіміз  қажет.Балаларды, 

бүлдіршіндерді ұлттық дәстүрге баулу үшін тәрбиешілер мен жас ата-аналар қазақтың 

бұрынғы  салтына  байланысты  әдет-ғүрыпты,  жөн-жораларды  білуі  қажет.  Ұлттық 

тәрбие 

арқылы 


балалардың 

әдет 


ғұрыптарға,салт 

дәстүрлерге 

деген 

қызығушылықтары артады, халық ауыз әдебиетін қолдану арқылы балалардың тілдері 



дамиды,сөздік  қорлары  байиды,ересектермен  және  құрдастарымен  қарым-қатынас 

қажеттілігі  қалыптасады,ойлау  қабілеттері  дамиды.  Балаларға  ұлттық  салт-

дәстүрлерді,  оны  ұйымдастыру  жолын,  соған  байланысты  бұл  күнде  ұмыт  бола 

бастаған  атауларды  оқу  іс-әрекет  барысында,  ертеңгіліктерде  таныстыруға  болады. 

Балалар    өз  елінің,  жерінің,  халқының  мерей-мәртебесін  биіктету  үшін  ұлттық 

тәрбиені, өзін-өзі тануды жетік білу қажет. Сондықтан да ата - бабаларымыз ұлттық 

тәрбиеге,  салт-  дәстүрге  ерекше  мән  берген.  Ұлттық  тәрбиенің  мағынасын  терең 

ұғынып,  болашақ  ұрпағымызға,  жас  ата-  аналарға  сапалы  да  терең  ұлттық  тәрбие 

беруге тиіспіз. Әр отбасында өз балаларын еркелетіп, айтқанын жасап үйреткен ата- 

ана,  енді  өзінің  ақылын  баласы  ескермейтіндей  халге  жетті.  Осындай  келеңсіз 

нәрселерді  болдырмау  үшін  қолға  алатын  мәселе  болашақ  ұрпағымыздың  саналы 

тәрбиелі  болып  өсуі  үшін,  халық  болып,  қоғам  болып  кірісуіміз  қажет.  Ол  үшін 

халқымыздың ғасырдан-ғасырға қастерлеп келген құнды дәстүрлерін есімізде сақтап, 

санамызға құюымыз қажет. 

Халықтың өмірлік тәжірибеден түйгендерін, бастан кешкендерін, ұқыптылықпен 

жинаған  әдет-ғұрыптарын,  салт-дәстүрлерін,  даналық  асыл  ойларын  жас  ұрпаққа 

жеткізу  біздің  міндетіміз.  Баланың  психикалық,  физиалогиялық  денсаулығы,  өмірге 

деген  дайындығы,  мәдениеттілігі,  жан-  жақты  дамуы  баланың    келіп  жүрген 

балабақшасында  қолайлы  жағдай  болса  ғана,  және  баланың  үлкендерге  деген,бір- 

біріне,құрбыларына деген сыйластығы, баланың ата-анасына деген адамгершілігі, ата-

аналардың баласына деген  түсінушіліктері жоғары деңгейде болса ғана, бала өзін жеке 

тұлға ретінде сезіне алады.Баламен ата-ана бір-бірімен өзара тығыз қарым-қатынасты, 

адамгершілік қасиеттерді меңгерсе, жүргізілген жұмыс түрлерінен нәтиже шығатыны 

даусыз. «Келешектің иесі жастар», - жастар өзінің  ата-анасынан гөрі заманына көбірек 

ұқсас  болып  келеді.  Сондықтан,  қоғам  талабына  сай,  сол  қоғамды  көркейтетін, 

дамытатын жастар тәрбиелеу ең маңызды мәселе екені белгілі. Жаңа білімнің тізгінін 

ұстайтын,  еркін  елдің  ертеңгі  шығармашылық  кемеңгерлерін  тәрбиелеу.  Бала 

бойындағы  тәрбиенің  бастауын  ата-ана  қалыптастырса,  балабақшада  тәрбие  көзін 

жеткізуші- педагог болып табылады. 

Адам  ұрпағының  өзі  туралы  естеліктерінің  бастауында  адамзаттың  балалық 

кезеңі туралы ертегі, қиял елесіне оранған естеліктерінен тұратыны анық. Әлбетте, ол 

кездейсоқтық  болмаса  керек.  Себебі,  жеке  адамның  да,  тұтас  қоғамның  да  даму 

жолының бастауындағы игі құбылыстарынан ғана көзделсе керек. Осы ретте адамның 

да  адам  болып  қалыптасуы  балалық  шақтың  қандай  жағдайда  өтуіне  байланысты. 

Іргетасы мығым болса ғана сарайдың еңсесі биік болады. Бұлақтың да қайнар көзі таза 

болса, асау өзеннің де бастау бұрқағы биіктен сарқыраса алысқа ағары мәлім ғой... 



 

208 


 

ХХІ ғасыр- бәсеке ғасыры,олай болса, ұлттық тарихымызды, мәдениетімізді, ата 

дәстүрімізді  қастерлейтін,  ертеңгі  Қазақстанның  тізгінін  ұстайтын,  өмірдің  әр  түрлі 

мәселелерінен  хабардар,  кез  келген  тапсырманы  орындауға  қабілетті,  қолынан  іс 

келетін  құзыретті  азаматтарды  кіші  жастан,  яғни,  мектепке  дейінгі  жастан  бастап 

дайындау  мақсаты  тұр.  Ғасырдан  астам  тарихы  бар  және  әлемдік  қоғамдастықта 

балаларға мектепке дейінгі тәрбие мен білім берудің негізгі нысаны ретінде сыннан 

өткен  балабақша  бүгін  де  үздіксіз  білім  берудің  алғашқы  баспалдақтардың  үлгісі 

болып  отыр.Оқу  мен  тәрбие  егіз.  Тәрбиенің  негізі-  ұлттық  тәлім-тәрбие.  Тәрбие- 

халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесінен ізгі қасиеттерін 

жас  ұрпақтың  бойына  сіңіру,  баланың  қоршаған  ортадағы  қарым-қатынасын  және 

соған сай мінез- құлқын қалыптастыру. 

Тәрбие  мәселесі  адам  баласының    ғұмырындағы  көнермейтін,  өмір  ағысынан 

ажырамайтын баға жетпес құндылық. Бала тәрбиелеу мәселесінің  негізгі өзегі- өмір 

тәжірибесі, халықтың әдет – ғұрпы. « Әке асқар тау, ана- ағар бұлақ, бала жағадағы 

құрақ»,-  дейді  дана  халқымыз.  Отбасындағы  осы  үш  адамның  арасындағы  берік 

байланыс терең сүйіспеншілік мызғымастай жарасым табуы қажет. Ұлттық тәрбиенің 

өзегі- адамгершілік тәрбиесі. Ендеше адамгершілік тәрбиесінің ең негізгі міндеті жас 

ұрпақтың бойына өзі өмір сүріп отырған қоғамның  алдында тұрған мақсат – мүдеге 

сай  адамдық    қасиеттерді    қалыптастырып  жетілдіре  отырып  тәрбиелеу  болып 

табылады.  Адамның  адамгершілік    жағынан  қалыптасуы    оның  туған  кезінен-ақ 

басталады,  ал  рухани-адамгершілігі  қоршаған  орта  мен  адамгершілік  тәрбиесінің  

міндеттері мен мазмұнына байланысты жетіледі. Тәрбие жүйесінің тиімділігінің аса  

маңызды  көрсеткіші    баланың    адамгершілік    жағынан  жетілуі,  оның-рухани 

адамгершілік  қасиеттерінің    елеулі  өзгеруі  болып  табылады.  Балалық  шақта  айнала 

қоршаған дүниені  ақылмен, жүрекпен тану- адамгершіліктің ең басты негізі болып 

табылады.  Адамгершілік-  рухани  тәрбиені  қалыптастырудың  негізі-  баланы  ұлттық 

салт дәстүрге тәрбиелеу, қазақ халқының  ұлттық тәлім  тәрбиесінің басты бағыттарын 

бойына  дарыту.  Адамгершілік  рухани  тәрбиені  жеткіншектерде  қалыптастырудың 

негізінің бірі  салт-дәстүрлерге  баулу. Олардың қызығушылығын тудырып, уақытын 

бос өткізбей   жастайынан салт-дәстүрлерге баулу керек. Бұл да жеткіншектің бойында 

өз  ұлтына  деген  мақтаныш  сезімдерінің  дамуына  жағдай  жасайды.  Әрбір  баланың 

мінез-құлқы ата-анасының жағымды іс- әрекетінен үлгі алу барысында қалыптасады. 

Адам шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап өз туған елінің азаматы деген атқа ие 

болады. Осы кезден бастап әр тұлғаның «Мен»-і қалыптасады.Адамның жеке басының 

қасиеттері  мектепке  дейінгі  жаста  қалыптасатыны  бәрімізге  аян.  Осы  жаста  бала 

қажетті  қасиеттердің  бәрін  бойына  сіңіріп,  әдетіне  айналдыра  бастайды.  Бала  әр 

нәрсеге  құмар,  айналасындағы  барлық  өзгерісті,  табиғат  тамашаларын  сезінуге 

талпынып,  өз  құрбыларымен,  ересектермен  тығыз  қарым-қатынаста  болады.  Осы 

мектепке дейінгі жастағы баланы жан-жақты дамытып, жеке тұлға ретінде тәрбиелеу, 

оның  ішінде  адамгершілік  тәрбиені  бала  бойында  қалыптастыру-    ата-ана  мен 

мектепке  дейінгі  ұйымның    міндеті.  «Бала  –  бауыр  етің,»,-  демекші,  бала  дамуы 

негізінен  ортаға,  әр  баланың отбасында  қалыптасқан  әке-шешенің,  әже  мен  атаның, 

үлкен мен кішінің қарым-қатынасына қатты байланысты. Баланың өзгелермен қарым-

қатынасы, амандасуы, үлкен-кішімен сөйлесуі – бәрі-бәрі отбасынан басталады. Бала 


 

209 


 

отбасы жағдайында өмірдегі әр түрлі жағдайларда, өзін қалай ұстауы, кішіпейіл болу, 

ізеттілік  сыйластық,  үлкендермен  және  кішілермен  қандай  қарым-қатынаста  болу 

сияқты  тәжірибе  жинақтайды  және  оны  меңгереді.  Отбасында  бірін-  бірі  сыйлау, 

қамқоршы болу, бірлесіп еңбек ету секілді, баланың бойында адамгершілік қасиеттер 

дамиды.  Әрбір  баланың  жақсы  болуға  тырысатын  кездері  болады:  оның  сондай 

белсенділігі мен талпынысына қолдау көрсету, демеп жіберу, сеніммен қарау, балаға 

қанат беріп, баланың  ынтасын одан әрі арттырады.  Ата-аналарымен бірігіп жұмыс 

істеу  барысында  балалар  тазалыққа,  адалдыққа,  мейірімділікке,  кішіпейілділікке 

үйренеді. Отанға деген сезім ықыластары артады. Бала дүниеге келгеннен бастап, ата-

анасы және айналасындағы адамдар мен тығыз байланысты болады.  

Қазақстан  Республикасының  Президенті  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаевтың 

«2030  жылға  дейінгі  Қазақстанның  даму  стратегиясын  іске  асыру»  ережесі  деп 

аталатын  бағдарламасында  халық  үшін  мектепке  дейінгі  тәрбиенің  тиімділігін 

қамтамасыз етудің мақсаты айқын көрсетілді. Өйткені еліміздің даму стратегиясының 

негізгі  бір  тармағы  халыққа  білім  беру  болып  табылады.  Сондықтан  балаларды 

мектепке даярлау мәселесі өзекті істің біріне айналып отыр. 

Өмірге  келген  жас  ұрпақты  тәрбиелеу-  біздің  бәріміздің  қасиетті  борышымыз. 

Балғындардың  шат  күлкінсіз,әсем  қылығынсыз  өмірді,  келешекті  елестету  мүмкін 

емес. Жүрегімізге жылу, жанымызға нәр, көңілімізге гүл себер бала. 

Халқымыз  ежелден-ақ  бала  тәрбиесіне  ерекше  көңіл  бөліп,олардың  парасаты 

мол,мейірімді,ақылды,еңбекшіл  болып  өсуіне  бағыт-бағдар  беріп  отырған.  «Бала 

балқыған қорғасындай, қандай да қалыпқа құюға болады» делінген халықтың даналық 

сөздері де осыған байланысты туса керек.Ұрпақ тәрбиесі тал бесіктен басталады.   

Балалар  өз  бойларына  жаңұяда,  өмірде  қажет  болар  қабілеттері  қалыптасып 

дамуда.  Бір  бірімен  сыпайы  қарым  –  қатынас  жасау  іскерлігі,  сендіру,  түсіндіру 

іскерліктері  жетіліп  келеді.  Балабақша  іргесінде  балалардың    бір-бірімен  сыпайы 

қарым – қатынас жасау, кішіге көмектесуге, үлкенді сыйлауға тәжірбиесі үйретілуде.  

Қарапайымдылық, мейірімділік, шыдамдылық, бір- біріне көніл бөлу сезімдерін 

бағалау  сияқты  этикалық  мәселелерге  көбірек  көніл  бөлініп,  балалар  осы  тұрғыда 

тәрбиеленуде. Отбасындағы зиянды әдеттер, ата-ананың бір-бірімен қарым-қатынасы 

бала  тәрбиесіне  көп  әсер  етеді.  Балалардың  бойында  зорлық-зомбылық,  өзімшілдік 

жағымсыз  қылықтардан  бойын  аулақ  ұстау  үшін  ата-ана  мен  баланың  арасында 

байланыс  үзілмеуі  керек.  Осы  бала  тәрбиесінде  адамгершілікке,  имандылыққа, 

мейірімділікке тәрбиелеу барысында ата-ана мен бала арасындағы, бала мен үлкендер 

арасындағы  қарым-қатынасты  реттеу.  Адамның  жеке  басының  қасиеттері  мектепке 

дейінгі жаста қалыптасатыны бәрімізге аян. Осы жаста бала қажетті қасиеттердің бәрін 

бойына  сіңіріп,  әдетіне  айналдыра  бастайды.  Қазіргі  таңда  ұрпақтың  білімі  мен 

тәрбиесіне  ерекше көңіл  аудара  отырып  сапалы  білім  беру  талабы  туып  отырғанда, 

балабақша мен отбасы ынтымақтастығы өте қажет. Біз педагогпыз. Біздің өз өмірімізде 

осы  таңдаған  мамандығымызға  деген  қызығушылық,  жауапкершілік,  алға  қойған 

мақсатымыз  бар.  Сол  мақсатқа  жету  үшін  оқу-тәрбие  үрдісіндегі  жұмысымызды 

жаңаша,  заман  талабына  сай  құра  отырып,  ата-ананы,баланы,  қоғамды  біріктіре 

отырып  нәтижеге  жетуге  қол  жеткізуіміз    қажет.  Отбасында  ата-аналарға 

педагогикалық  білім  өте  қажет,  себебі  ата-  ана  бала  тәрбиесінің  мақсат,міндеттерін 


 

210 


 

айқын  түсінбей,  бала  тәрбиесінің  жолдары  мен  амалдарын  ойдағыдай  іске  асыра 

алмайды.Ендеше педагог ынтымақтасу, бағыттай білу, қызығушылықтарды тоғыстыра 

білуі  қажет.  Тәрбиеші-педагогтың  жеке  басының  өнегесі,  әдептілігі,  балалар 

ұжымында  сыйластық,  бірін-бірі  түсінуі,  қамқоршы  болуға  ықпал  етуі  жас  ұрпаққа 

адамгершілік тәрбие бере отырып өз ұлтының салтын, тілін, дінін сыйлай, құрметтей 

білуге,  мақтан  тұтуға  жетелейді.  «Ата  көрген,  оқ  жонар,  шеше  көрген  тон  пішер»- 

демекші, балаға отбасы, ошақ қасында көрген тәрбиесі көп әсерін тигізеді. Қазіргі жас 

бала-  ертеңгі  күні  еліміздің  саналы  азаматы.  Күнделікті  жұмыс  барысында  ата-ана 

жан-жақты  ізетті,  мәдениетті,  адал  ниетті,  мейірімді,  қайырымды,  кішіпейіл  болса 

ғана,  баласына  жаны  ашитын,  келешегін  ойлайтын  ата-ана  болады.  Адамгершілігі 

жоғары  бала  ертең  үлкенді  үлкен,  кішіні  кіші  деп  сыйлай  алатын,халық  мұқтажын 

сезінетін,көмек көрсетуге дайын азамат болып өсетініне күмән жоқ. 

Сол үлкен армандарымның бірі осы тәрбиелеп отырған  балаларды мынау қазақ 

халқының азаматы деп ауыз толтыра айта алатын, мақтан тұтатын түлек етіп тәрбиелеп 

шығарсақ,ертең  ол  да  Абай  атамыз  айтқандай  «дүниеге  бір  кірпіш  болып  қаланса», 

міне, сонда ғана өзімізді жаңа заманның жаңа формациялы педагогтарымыз  деп айта 

алар  едік.  Міне,  осылайша  өз  еңбек  жолымызды  «Алтын  сақа»  балабақшасында 

атқарып  келеміз.  Менгеруші  мен  әдіскердін  озық  тәжірибесінен  үлгі  аламыз.  Кез 

келген іске ұмтылыс, үлкен тілек бар болса, оң нәтежесін берері сөзсіз.Тындырымды 

білімнің, еңбек сүйгіштігінің арқасында, өзінің іс-тәжірбиесін жас мамандарға үнемі 

үйретіп,ізденісте жүретін педагогтың алатын асуы биік,болашағы жарқын болуда. 

 

Қолданылған  әдебиеттер тізімі 



1.«Өзіндік таным - өзекті тәрбие».   Бала тәрбиесі,  2006 ж.№1.  

2.«Бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынастар». Бала тәрбиесі,  2006 ж.№1. 

3.«Имандылық адамгершілік тәрбиесінің бастауы».Отбасы және бала-бақша 2005 ж.. 

4.«Ата-аналармен бірлесіп жұмыс жүргізейік». Отбасы және бала-бақша 2000 ж. №3 

 

 

О РАБОТЕ ВОСПИТАТЕЛЯ В ГРУППЕ ДЕТЕЙ С ОБЩИМ 



НЕДОРАЗВИТИЕМ РЕЧИ 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет