Бағыттары ІІ халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного образования



Pdf көрінісі
бет21/96
Дата08.01.2017
өлшемі14,44 Mb.
#1410
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   96

 

Қолданылған әдебиеттер: 

1.

 

Ү.Тұрғынтаева.  Халық  даналығы-адамгерішілік  тәрбие  құралы  //  Отбасы  және 



балабақша. 2001ж. 

 

230 


 

2.

 



ҚР «Білім туралы»Заңы (27 шілде 2007 жыл)  

3.

 



Давыдова О.И., Богославец Л.Г., Майерс А.А. Балабақшада ата-аналармен жұмыс. 

М.2005. 


 

 

ОҚУШЫЛАРДЫ САУАТТЫЛЫҚҚА ҮЙРЕТУ 



 

Балхожаева Гулнур Героевна, Талдыбаева Панеш Секеновна 

«№54 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ, 

 

Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  Заңында:  «Білім  беру  жүйесінің 

басты  міндеті  –  ұлттық  және  азаматтық  құндылықтар  мен  практика  жетістіктері 

негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу 

үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді 

ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желіге шығу»  - делінген 

[1]. 

ХХІ  ғасыр  –  жаңа  технология  мен  ақпараттандыру  ғасыры.  Барлық  сала 



компьютерлендіріле  бастады.  Сонымен  бірге  еліміздің  ертеңі  болар  жас  ұрпақ 

компьютерді терең меңгеруі тиіс.  

Ақпараттық-коммуникациялық  технологияны дамыту  білім  берудің бір  бөлігі. 

Бүгінгі  күні  инновациялық  әдістер  мен  ақпараттық  технологиялар  қолдану  арқылы 

оқушының  ойлау  қабілетін  арттырып,  ізденушілігін  дамытып,  қызығушылығын 

тудыру, белсенділігін арттыру ең негізгі мақсат болып айқындалады.Ақпараттық және 

педагогикалық  технологиялар  негізінде  мұғалімнің  рөлін  түбегейлі  өзгертуге 

мүмкіндік туды.  

Интерактивті әдістерге мыналар жатады:  

• проблемалық шығарма әдістері;  

презентациялар пікірталастар;  

• топпен жұмыс;  

• миға шабуыл әдісі;  

сыни тұрғысынан ойлау әдісі

• викториналар;  

• зерттеулер;  

 іскерлік ойындар;  

рөлдік ойындар

• инсерт әдісі т.б  

«Қазіргі  заманда  жастарға  ақпараттық  технологиямен  байланысты  әлемдік 

стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, Елбасы атап көрсеткендей жас 

ұрпаққа білім беру жолында интерактивті технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру 

мен  тиімділігін  арттырудың  маңызы  зор.  Ақпараттық  технологиялардың  бірі  – 

интерактивтік тақта, мультимедиялық және он-лайн сабақтары.  

Жаңа ақпараттық технологияның негізгі ерекшелігі – бұл оқушыларға өз бетімен 

немесе  бірлескен  түрде  шығармашылық  жұмыспен  шұғылдануға,  ізденуге,  өз 

жұмысының нәтижесін көріп, өз өзіне сын көзбен қарауына және жеткен жетістігінен 


 

231 


 

ләззат  алуға  мүмкіндік  береді.  Ол  үшін  мұғалім  өткізетін  сабағының  түрін  дұрыс 

таңдай білуі қажет [2]. 

Қазақ  тілі,  әдебиет  сабақтарында,  ақпараттық  технология  оқушылардың 

шығармашылығын  талап  ететін  жоба  жұмысында  қолданысын    табады.  

Бүгінгі  таңдағы  ақпараттық  қоғам  аймағындағы  оқушылардың  ойлау  қабілетін 

қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан 

тарайтын педагогикалық технологиялардың тиімділігі жоғары деп есептейміз  

Компьютер  және  ақпараттық  технологиялар  арқылы  жасалып  жатқан  оқыту 

процесі  бастауыш  сынып  мұғалімдердің  кәсіптік  біліктілігі  интернет  жүйесі  және 

электронды  оқулықтар  арқылы  дамып,  жаңаша  ойлау  қабілеті  қалыптасып,  жүйелік 

байланыстар  мен  заңдылықтарды  табуға  ынталанып,  нәтижесінде  —  кәсіби 

потенциалдарын қалыптасуына жол ашылады.  

Американ  психологы  Э.  Фромм  1959  жылы  шығармашылыққа  мынадай  ұғым 

береді: «Бұл тандану мен таным қабілеті болу және қалыптан тыс жағдайларда шешім 

таба білу және жаңалық табуды көздеп, өз тәжірибесін жете түсіну қабілеті дамиды», 

—  дейді.  Сонымен  қатар,  сабақ  үстінде  оқушыларды  қызықтырып  жүрген  бар 

мәселелерді қамтамасыз ете алмайды, сол себепті балалардың танымдық қызығуларын 

арттыру мақсатын сыныптан тыс жұмыс арқылы жүзеге асыруға болады.  

Қазақ  тілінен  сабақ  беретін  мұғалім  тек  қана  күнделікті  сабақ  берумен  ғана 

шектеліп  қоймай,  оқушылардың  дүниетанымын  кеңейтіп,  елдің  тарихына,  салт-

дәстүріне,  өнеріне  деген  сүйіспеншілікті  туғызу  үшін  сыныптан  тыс  жұмыстарды 

ұйымдастыру қажет. Оның ең тиімді жолы — сайыс, интеллектуалды-шоу ойындары. 

Бұл арқылы оқушыларға күнделікті жүз рет сөзбен айтқан ұғымдарды бір рет көрсету 

арқылы  естерінде  мәңгі  қалдыруға  мүмкіндік  туады.  Осыған  байланысты  біздің 

мектепте «Қыз сыны», «Жігіт сұлтаны» сайыстары, «Менің Отаным» интеллектуалды-

шоу 

ойыны 


да 

компьютердің 

көмегімен 

өткізіледі.  

Оқушылардың  шығармашылық  жұмысын  ұйымдастыруды  төрт  кезеңге  бөлуге 

болады.  

1.Оқушы жұмысты бастамас бұрын оның негізгі мақсатын айқындап алуы керек. 

Мақсаты  —  сабақта  алған  білімін  тереңдете  отырып  берілген  тақырып  бойынша 

ізденіс жұмысын жүргізу.  

2.  Оқушы  интернеттен  таңдап  алған  материалын  сұрыптап  алуды  үйренеді.  

3. Оқушы өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады.  

4. Оқушы өзінің іздеп тапқан материалын слайд түрінде қорғауға дайындалады  

Оқушылардың  білімінің  мемлекеттік  стандарт  талаптарына  сәйкестігін  бақылауды 

ұйымдастырудың  бір  түрі  –  тесттік  бақылау  жүйесі  болып  келеді.Олай  болса  тест 

дегеніміз не?  

Тест ағылшын сөзі, қазақша аудармасы тексеру, сынау, байқау дегенді білдіреді. 

Тестілеу  -  білімді  меңгеру  деңгейін  анықтау  үшін  қолданылатын  тапсырмалардың 

жиынтығы.  

Бүгінде тест қолдану мұғалімдермен қатар оқушылар үшін де көп тиімді екенін өмірдің 

өзі  дәлелдеп  отыр.  Нәтижесі  тікелей  белгілі  болады.  Тесттік  әдіс  оқушының  білім 

дәрежесін анықтауда көп уақыт алмайды.  

Тестік бақылаудың ерекшелігі:  


 

232 


 

1.

 



Сапалы, объективті, өткізілуі стандартты түрде, жалпы білім тексеріледі.  

2.

 



Әділетті, оқушылар бірдей жағдайға қойылады.  

3.

 



Тестік бақылау кең көлемді оқу материалын қамтиды.  

4.

 



Бағалауы нақты.  

Компьютерлік тест алу арқылы күтілетін нәтижелер:  

1.Сабаққа деген ынтасы, қызығушылығы артады.  

2.Білімді өз бетімен алу жолдарын үйренеді.  

3.  Танымдық  іс  –  әрекеті,  ойлау  белсенділігі,  тапқырлығы,  тез  шешім  жасау 

әрекеті дамиды.  

4. Білім сапасы артады  

Заман  талабына  сай  оқу  үрдісін  ақпараттандырылған  технологиямен 

жүргізіп,жас  ұрпақты  тәрбиелеу  бүгінгі  күннің  басты  талабына  айналып  отыр.Осы 

орайда  елбасымыз  Н.Ә.Назарбаев  :  “Жаңа  заманның  жаңа  адамын  тәрбиелейтін 

ұстаздар,сіздер  ізденіс  пен  ілгерілеуден  жалықпаңыздар.Олар  заман  талабына  сай 

тәрбиеленуі тиіс” деген болатын.  

Сабақты интерактивті әдіс арқылы жүргізу тиімді.Оқытушы өзінің әр сабағымен 

шәкірттерін  қызықтыра  білгені  жөн.шәкірттерді  сол  сабақты  асыға  күтіп  отыратын 

дәрежеге  жеткізуі  қажет.Сонда  ғана  оқытушы  шын  ұстаз  болғаны  деп  санаймын. 

Бастауыш сыныптарда қорыта айтқанда, бастауыш сынып оқушылары үшін сабақты 

қызықты  да  мазмұнды  етіп  жүргізу  мұғалімнің  өзіне,  шығармашылық  ізденісіне, 

әртүрлі  әдістемелік  әдіс-тәсілдерді  сабақта  тиімді  пайдалана  білуіне  байланысты.  . 

«Еліміздің  ертеңі  бүгінгі  жас  ұрпақтың  қолында,  ал  жас  ұрпақтың  тағдыры 

ұстаздардың 

қолында» 

Н. 

Ә. 


Назарбаев  

Педагогикалық  шеберлік  –  ұстаздық  талантпен  тығыз  байланысты.  Педагогикалық 

шеберлік – тек қана мұғалімнің жалпы, жан – жақты және әдістемелік сауаттылығы 

ғана  емес,  ол  –  әр  сөзді  оқушылырға  жеткізе  білу,  олардың  толық  қабыл  алуы. 

Ұстаздық  шеберлік:  1)  мұғалімнің  өмірге  көзқарасы,  оның  идеялық  нанымды, 

моральды бойына сіңірген адам екендігі; 2) пәнді жетік білген, ойын толық жеткізетін 

және оқушылардың бойында әдеп, әдет, дағды сияқты моральдық нормаларды сіңіре 

білгендігі; 3) оқыту мен тәрбиелеудің әдіс – тәсілдерін меңгерген, білгенін қызықты 

да, тартымды өткізе алатын, педагогикалық әдеп пен талантын ұштастырған адам ғана 

шеберлікке  ие  болады.  Педагогикалық  шеберлікте  педагогикалық  техника  деп 

аталатын мәселеге мән беріледі. Педагогикалық шеберліктің негізгі белгілері: кәсіптік 

білім, біліктілік, дағды, кәсіптік қабілет, педагогтік әдептілік, педагогикалық техника 

жатады.  

Ал  инетрактивті  технологияны  меңгерудегі  мұғалімнің  шеберлігі  және 

шығармашылық үлгісі:  

1.

 



Интерактивті технологияны оқып үйрену. 

2.

 



Интерактивті технологияны меңгеру 

3.

 



Интерактивті технологияны тәжірбиеде қолдану.  

4.

 



Интерактивті технологияны дамыту және нәтижесін тексеру.  

«Қазіргі  заманда  жастарға  ақпараттық  технологиямен  байланысты  әлемдік 

стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, Ел басы атап көрсеткендей жас 

ұрпаққа  білім беру  жолында  ақпараттық  технологияны  оқу  үрдісінде оңтайландыру 



 

233 


 

мен 


тиімділігін 

арттырудың 

маңызы 

зор.  


Осы тақырыпты қорытындылай келе қазір техниканың дамыған заманы, интерактивті 

тақтаны  пайдалану  көп  мектепте  жүзеге  асырылған,  соның  негізінде  мұғалімдерге 

әдістемелік көмек, пән бойынша өтетін білім жетілдіру курстарын қашықтықтан оқыту 

қолға 


алындар 

деуге 


болады.  

Ақпараттық –интерактивті технологияны оқу тәрбие үрдісіндегі қолдану оқушының 

өз  мамандығына  қызығушылығын  арттырып,  шығармашылық  шабытын  шыңдап, 

ғылыми  көзқарасын  қалыптастырып,  мамандық  сапасын  арттырып,  еңбек 

нарығындағы бәсекеге қабілетті мамандар даярлаудағы үлесі мол. 

Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.Назарбаев  «Ұлттың  бәсекелестік 

қабілеті  бірінші  кезекте  оның  білімдік  деңгейімен  анықталатынын  кез-келген 

мемлекеттің  рухани,  әлеуметтік-экономикалық  дәрежес  Елбасы  Қазақстан  халқына 

жолдауында  бүкіл  дүниежүзі  елдері  арасындағы  алдыңғы  50  мемлекеттің  бірі  болу 

мақсатында:  бәрі  де  мектептен  басталады.  Егемен  еліміздің  тірегі  –білімді  ұрпақ. 

Қазақстан  экономикасының  орнықты  дамуы  үшін  сапалы  білімнің  қолжетімділігін 

қамтамасыз  ету  арқылы  адами  капиталды  дамыту,  білімнің  бәсекеге  қаблеттілігін 

арттыру мақсатында Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 

жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бекітілді.  

Бағдарламаларда  көрсетілген  міндеттердің  бірі  -  12  жылдық  оқыту  моделіне 

көшуді білім беру мазмұнын жаңыртумен қоса жүзеге асыру.  

Бүгінгі білім беру саласындағы проблемалар орта білім жүйесін қазақстандық 

қоғам  дамуының  қазіргі  заманғы  талаптарына  және  әлемдік  білім  беру  кеңістігіне 

кірігу шарттарына сәйкес жаңғыртуды талап етеді.  

Ендеше  12  жылдық  білім  –  бәсекеге  қабілетті  жеке  тұлғаны  жоғары  сатыда 

бейімді  оқытуды  көздейтін  бірден-бір  тиімді  жол.  Н.  Ә.  Назырбаев  «Білім  мен 

ғылымды  өз  дәрежесінде  меңгерген  елдер  ғана  әлемдік  дамудың  алдында  болады. 

Ендеше  біз  халыққа  білім  беру  және  ғылымды  дамыту,  оларды  реформалау  ісін 

қарқынды жола қоюымыз керек» деп міндеттейді. Біз осы пікірдің өзінен-ақ білім беру 

жүйесін  әдәс-тәсілдеріне  жаңаша  құрылыммен  келу  керектігін  көреміз.  

       Қазіргі  заман  талабына  сай  адамдардың  мәлімет  алмасуы,  қарым-қатынасына 

ақпараттық технологиялардың кеңінен қолданысқа еніп жылдам дамып келе жатқан 

кезінде ақпараттық қоғамдық қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр. Келешек 

қоғамымыздың мүшелері – жастардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру 

қоғамның алдында тұрған ең басты міндет.  

Осы  орайда  ел  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың  халыққа  жолдауындағы  оқу 

үрдісінде  ақпараттық  технологияларды  білім  беру  саласын  жақсартуда  қолданыс 

аясын кеңейту керек деген сөзін басшылыққа ала отырып, сабақта жаңа ақпараттық 

коммуникациялық технологияларды пайдалануға жаппай көшуіміз керек.  

Ақпараттық технологияларды сабақта пайдаланудың негізгі мақсаты: Қазақстан 

Республикасында  біртұтас  білімдік  ақпараттық  ортаны  құру,  жаңа  ақпараттық 

технологияны пайдалану Қазақстан Республикасындағы ақпараттық кеңістікті әлемдік 

білім  беру  кеңсітігімен  сабақтастыру.  Жаңа  ақпараттық  технологиялық  құралдары 

оқыту құралы қызметін атқарады.  

 


 

234 


 

Пайдаланылған әдебиеттер:  

1.  Н.Ә.Назарбаев  «Қазақстанның  әлемдегі  бәсекеге  барынша  қабілетті  50  елдің 

қатарына кіру стратегиясы».  

2.  Елбасы  Н.Назарбаевтың  «Жаңа  әлемдегі-жаңа  Қазақстан»  атты  Жолдауы.  

3.  Қазақстан  Республикасы  білім  беруді  дамытудың  2011-2020  жылдарға  арналған 

Мемлекеттік бағдарламасы.  

 

 



ЖАС ҰРПАҚТЫҢ БОЙЫНА АДАМГЕРШІЛІК ҚАСИЕТТЕРДІ СІҢІРУ – АТА – 

АНА МЕН ТӘРБИЕШІНІҢ ЫҚПАЛЫ 

 

Батенова Ж. Р., Оразбекова З. Р. 



Қарағанды қаласы. №42 «Тілек» балабақшасы 

 

Адамгершілікке  тәрбиелеу  құралы – еңбек 



 пен ата- ана үлгісі 

Ыбырай  Алтынсарин 

 

Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен 



ағаш  болғанда  оны  түзете  алмайсың»  деп  бекер  айтылмаған.  Сондықтан  баланың 

бойына  жастайынан  ізгілік,  мейірімділік,  қайырымдылық,  яғни  адамгершілік  құнды 

қасиеттерді сіңіріп өз – өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші 

роль атқарады. Рухани – адамгершілік тәрбие – екі жақты процесс.                                        

Бір жағынан ол үлкендердің, ата – аналардың, педагогтардың балаларға  белсенді 

ықпалын,  екінші  жағынан  –  тәрбиеленушілердің  белсенділігін  қамтитын 

қылықтарынан,  сезімдері  мен  қарым  – қатынастарынан  көрінеді.  Сондықтан  белгілі 

бір  мазмұнды  іске  асыра,  адамгершілік  ықпалдың  әр  түрлі  әдістерін  пайдалана 

отырып, педагог істелген жұмыстардың нәтижелерін, тәрбиеленушінің жетістіктеріне 

зер салып талдау керек. 

Адамгершіліктің негізі мінез – құлық нормалары мен ережелерінен тұрады. Олар 

адамдардың  іс  –  қылықтарынан,  мінез  –  құлықтарынан  көрінеді,  моральдық  өзара 

қарым – қатынастарды басқарады. Отанға деген сүйіспеншілік, қоғам игілігі үшін адам 

еңбек ету, өзара көмек, сондай – ақ қоғамға тән адамгершіліктің өзге де формалары, 

бұл  –  сананың,  сезімдердің,  мінез  –  құлық  пен  өзара  қарым  –  қатынастың  бөлінбес 

элементтері,  олардың  негізінде  қоғамымыздың  қоғамдық  –  экономикалық 

құндылықтары жатады. 

Баланың 


өмірге 

белсенді 

көзқарасының 

бағыты 


үлкендер 

арқылы 


тәрбиеленеді.Тәрбиелеу, білім беру жұмысының мазмұны мен формалары балалардың 

мүмкіндігін  ескеру  арқылы  нақтыланады.  Адамгершілікке,  еңбекке  тәрбиелеу 

күнделікті  өмірде  үлкендердің  қолдан  келетін  жұмысты  ұйымдастыру  процесінде 

ойын және оқу ісінде жоспарлы түрде іске асады.  

Тәрбиешінің  ең  бастапқы  формалары  педагогтың  балалармен  мазмұнды 

қатынасында, жан – жақты іс әрекетінде, қоғамдық өмірдің құбылыстарымен танысу 

кезінде,  балалрға  арналған  шығармалармен,  суретшілер  туындыларымен  танысу 

негізінде іске асады. 



 

235 


 

Мұндай  мақсатқа  бағытталған  педагогтық  жұмыс  еңбек  сүйгіштікке,  ізгілікке, 

ұжымдық  пен патриотизм бастамасына  тәрбиелеуге,  көп дүниені өз  қолымен  жасай 

алуды  және  жасалған  дүниеге  қуана  білуді  дамытуға,  үлкендер  еңбегінің  нәтижесін 

бағалауға тәрбиелеуге мүмкіндік жасайды. 

Балаларда  ортақ  пайдалы  жұмысты  істеуге  тырысу,  бірге  ойнау,  бір  нәрсемен 

шұғылдану, ортақ мақсат қою және оны жүзеге асыру ісіне өздері қатысуға талпыныс 

пайда болады. Мұның бәрі де баланың жеке басының қоғамдық бағытын анықтайды, 

оның өмірге белсенді ұстанымын бірте – бірте қалыптастырады. 

Әр баланың жеке басы – оның моральдық дамуы үшін қамқорлық жасау – бүгінгі 

күннің және  алдағы күндердің талабы, оған педагогтың күнделікті көңіл бөлуі талап 

етіледі. 

Мектепке  дейінгі  жаста  балаларды  адамгершілікке  тәрбиелеудің  негізгі 

міндеттері мына жайлармен түйінделеді: ізгілік бастамасымен тәрбиелеу, балалар мен 

үлкендер  арасындағы  саналы  қарым  –  қатынас,  тұрмыстың  қарапайым  ережелерін 

орындау, кеңпеілдік, қайырымдылық, жақын адамдарға қамқорлықпен қарау және т.б. 

Ұжымға  тәрбиелеу,  балалардың  өзара  ұжымда  қарым  –  қатынасын  қалыптастыру, 

Отанға  деген  сүйіспеншілікке  тәрбиелеу,  әр  түрлі  ұлт  өкілдеріне  қадір  тұту  және 

сыйлау.  Осылайша  мейірімділіктің  негізі  қаланады,  немқұрайдылықтың  пайда 

болуына, құрбыларына, төңіректегі үлкендерге қалай болса солай қарауға мүмкіндігі 

жасалмайды. 

Қарапайым    әдеттерді  тәрбиелей  отырып  педагог  балдырғанның  бар  істі  шын 

пейілмен  әрі  саналы  атқаруына  қол  жеткізеді,  яғни  сыртқы  ұнамды  мінездері  оның 

ішкі жан дүниесін, оның ережеге деген көзқарасын айқындайды. 

Атақты  педагог  Сухомлинский:  «Бала  кезде  үш  жастан  он  екі  жасқа  дейінгі 

аралықта әр адам өзінің рухани дамуына қажетті нәрсенің бәрін де ертегіден алады. 

Тәрбиенің  негізгі  мақсаты  –  дені  сау,  ұлттық  сана  сезімі  оянған,  рухани  ойлау 

дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар – ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа 

да игі қасиеттер қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу. Ертегінің рухани тәрбиелік мәні зор. 

Ол  балаға  рухани  ләззат  беріп,  қиялға  қанат  бітіретін,  жас  баланың  рухының  өсіп 

жетілуіне қажетті нәрсенің мол қоры бар рухани азық», деп атап көрсеткен. 

Руханилық  жеке  тұлғаның  негізгі  сапалық  көрсеткіші.  Руханилықтың  негізінде 

адамның мінез – құлқы қалыптасады, ар  – ұят өзін – өзі бағалау және адамгершілік 

сапалары дамиды. Мұның өзі мейірімділікке, ізгілікке шақырады. 

Рухани  –  адамгершілік  тәрбие  –  бұл  дұрыс  дағдылар  мен  өзін  –  өзі  ұстау 

дағдыларының нормалары, ұйымдағы қарым  – қатынас мәдениетінің тұрақтылығын 

қалыптастырады.  Жеке  адамның  адамгершілік  санасының  дәрежесі  оның  мінез  – 

құлқы мен іс әрекетін анықтайды. 

Сананың  қалыптасуы  –  ол  баланың  мектепке  бармастан  бұрын,  қоғам  туралы 

алғашқы  ұғымдарының  қалыптасуына,  жақын  адамдарының  өзара  қатынасынан 

басталады. Баланы жақсы адамгершілік қасиеттреге, мәдениетке тәрбиелеуде тәрбиелі 

адаммен жолдас болудың әсері  күшті екенін халқымыз ежелден бағалай білген. 

«Жақсымен  жолдас  болсаң  –  жетерсің  мұратқа,  жаманмен  жолдас  болсаң  – 

қаларсың  ұятқа...»,  «Жаман  дос,  жолдасын  қалдырар  жауға»  -    деген  мақалдардан 

көруге  болады.  Мақал  –  мәтелдер,  жұмбақ,  айтыс,  өлеңдер  адамгершілік  тәрбиенің 


 

236 


 

арқауы.  Үлкенді  сыйлау  адамгершіліктің  бір  негізі.  Адамзаттық  құндылықтар  бала 

бойына  іс  –  әрекет  барысында,  әр  түрлі  ойындар,  хикаялар,  ертегілер,  қойылымдар 

арқылы беріледі. 

Адамгершілік тақырыбы  – мәңгілік. Ол ешқашан ескірмек емес. Жас ұрпақтың 

бойына  адамгершілік  қасиеттерді  сіңіру  –  ата  –  ана  мен  тәрбиешінің  басты 

міндеті.Адамгершілік әр адамға тән асыл қасиеттер. Адамгершіліктің қайнар бұлағы – 

халқында, отбасында, олардың өнерлерінде, әдет – ғұрпында. Әр адам адамгершілікті 

күнделікті тұрмыс – тіршілігінен, өзін қоршаған табиғаттан бойына сіңіреді. 

Көрнекті педагог В . Сухомлинский «Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек, 

ол бала солай бола алады», - дейді. Демек, шәкіртке жан – жақты терең білім беріп, 

оның жүрегіне адамгершіліктің асыл қасиеттерін үздіксіз ұялата білсек, ертеңгі азамат 

жеке тұлғаның өзіндік көзқарасының салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. 

Ұрпақ тәрбиесі – келешек қоғам тәрбиесі. Сол келешек қоғам иелерін жан – жақты 

жетілген, ақыл – парасатты мол, мәдени – ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу – біздің 

де қоғам алдындағы борышымыз. 

Қазақ халқының әлеуметтік өмірінде үлкенді сыйлау ұлттық дәстүрге айналған. 

Отбасында, балабақшада, қоғамдық орындарда үлкенді сыйлау дәстүрін бұзбау және 

оны қастерлеу әрбір адамнан талап етіледі.Халқымыздың тәлім – тәрбиелік мұрасына 

үңілсек, ол адамгершілікті, қайырымдылықты мейірбандықты дәріптейді. 

Ата  –  бабаларымыздың  баланы  бесігінен  жақсы  әдеттерге  баулыған  «Үлкенді 

сыйла», «Сәлем бер, жолын кесіп өтпе» деген секілді ұлағатты сөздердің мәні өте зор. 

Адамгершілікті, ар – ұяты бар адамның бет – бейнесі иман жүзді, жарқын, биязы, өзі 

парасатты болады. Ондай адамды халық «Иман жүзді кісі» деп құрметтеп сыйлаған. 

Балаларымызды  имандылыққа  тәрбиелеу  үшін  олардың  ар  –  ұятын,  намысын 

оятып,  мейірімділік,  қайырымдылық,  кішіпейілдік,  қамқорлық  көрсету,  адалдық, 

ізеттілік сияқты қасиеттреді бойына сіңіру қажет. Баланы үлкенді сыйлауға, кішіге ізет 

көрсетуге, иманды болуға, адамгершілікке баулу адамгершілік тәрбиесінің жемісі. 

Қазіргі кезде өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеуде қойылған мақсаттардың бірі 

қоғамға пайдалы, үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге қамқор бола білетін, жан – жақты 

дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру. 

Балабақша  тәрбиешісіне  арналған  әдістемелік  құрал,  көркем  шығармалар 

хрестоматиясы  және  балалардың  дәптерінен  тұратын  бұл  оқу  –  әдістемелік  кешен 

«Өзін – өзі тану» курсының негізгі мақсатына қол жеткізуге бағытталған. Сабақтардың 

негізгі  құрылымдары  «Амандасу  рәсімі»,  «Шаттық  шеңбері»,  «Көңіл  күйді  көтеру» 

сабақтың  негізгі  мазмұны  «Сергіту  сәті»,  «Тыныштық  сәті»,  «Ойын»,  «Дәйексөз», 

«Шығармашылық  тапсырма»  ұжымдық  жұмыс,  дәптермен  жұмыс,  жүректен  – 

жүрекке шеңберінен тұрады. 

Сабақтың  негізгі  мазмұнында  балалардың  танымдық  қызығушылықтарын 

қалыптастыру  мен  қанағаттандыруға,  әлеуметтік  дағдыларын  қалыптастыруға 

арналған алуан түрлі ойындар мен жаттығулар қолданылды. Мұның маңызы баланың 

мораль  ұғымын,  оны  бағалауын,  жалпы  адамгершілік  қасиеттерге  қатынасын 

дамытудан тұрады. 

Мысалы:  «Отбасы  аялдамасы  тақырыбында  ата  –  аналармен  бірлесіп 

ұйымдастырылған  «Менің  отбасым»  газетінде  баланың  сәбилік  шағынан,  ересек 


 

237 


 

жасына дейінгі және ата – анасы, туысқандарының фото суреттері жапсырылған. Бұл 

газеттер арқылы балабақша мен отбасы арасындағы байланыс, ынтымақтастық нығая 

түседі,  балаға  деген  ата  –  ана  жауапкершілігі  артады,  ата  –  аналар  бала  тәрбиесіне 

педагогпен  тығыз  қарым  –  қатынаста  болады.  Бір  сөзбен  айтқанда  отбасы  мен 

балабақша бірінің бастаған игілікті ісін екіншісі жалғастырады, толықтырады. 

8 – наурыз аналар мерекесіне арналған «Қыз сыны» сайысына ата – аналар үлкен 

жауапкершілікпен  қатысты.  Олар  анаға  байланысты  мақал  –  мәтелдер  жаттады. 

«Шеше көрген тон пішер, әке көрген оқ жонар» - демекші қыздарымыз түйме тігіп, өз 

шеберліктерін көрсетті. 

Жас  ұрпақты  саналы,  сергек  етіп  тәрбиелеу  отбасы  мен  балабақша 

қызметкерлерінің бірден бір парызы. Оқу тәрбие жұмысын дұрыс жолға қоюда ата – 

аналармен  жұмыстың  орны  орасан.  Сондықтан  біздің  балабақшада  ата  –  аналармен 

жұмыстардың  алуан  түрлері  іске  асырылуда.Топтағы  қабылдау  бөлмесінде  ата  – 

аналар  бұрышы  жасалған.  Онда  «Білгенге  маржан»,  «Қауіпсіздік  ережесі»,  «Ата  – 

аналарға кеңес», «Кел жаттайық бәріміз» деген бұрыштар бар. 

Сонымен  қатар  «Жирен  жаман  әдеттен,  үйрен  жақсы  әдеппен»  -  дегендей 

халқымыз балалармен «Әдептілік – әдемілік» тақырыбында ұйымдастырылған оқу іс 

– әрекеттері өтеді 

Тәрбиешінің алға қойған мақсаты, баланың бойына ұлттық саналық қалыптасқан, 

халқының  әдеп  –  ғұрпын,  салт  –  дәстүрлерін  көңіліне  тоқыған  дені  сау,  шымыр  да 

шыныққан,  сымбатты,  халықтың  тілін  білетін,  рухани  байлығы  мол,  жан  –  жақты 

азамат тәрбиелеп өсіру. 

Ересектер тобында «Мен елімнің азаматымын» тақырыбына қосымша «7 мамыр 

–  батырлар  күні»  мерекесіне  арналған  «Ел  қорғауға  әзірміз»  атты  көңілді  жарыс 

өткізілді.  Осындай  сайыстар  арқылы  өсіп  келе  жатқан  жас  ұрпақ  ұландарымызды 

Отанды  қадірлеп  қорғай  білуге  баулытамыз.  Балалар  осы  жарыста  өздерінің 

шапшаңдылығымен,  батылдығымен  өз  Отанының  жас  ұландары  екенін  көрсетіп, 

дәлелдеді.  Жарыстар  жас  жеткіншектердің  бойында  адамгершілік  қасиетін  оятып, 

патриот болуға тәрбиелейді. 

Рухани  –  адамгершілік  тәрбиесінде  алдымен  баланы  тек  жақсылыққа  – 

қайырымдылыққа, мейірімділік, ізгілікке тәрбиелеп, соны мақсат тұтса, ұстаздың, ата 

– ананың да болашағы зор болмақ. «Мен үш қасиетімді мақтан тұтам», - депті Ақан 

сері.  Олар:  жалған  айтпадым,  жақсылықты  сатпадым  һәм  ешкімнен  ештеңені 

қызғанбадым. 

Бұл  үш  қасиет  әркімнің  өз  құдайы.  «Өз  құдайынан  айырылған  адам  бос  кеуде, 

өлгенмен  тең»  деген  екен.  Шындығында  бұл  ақиқат.  Олай  болса,  жеке  тұлғаны 

қалыптастыруда, олардың жан дүниесіне сезіммен қарап, әрбір іс – әрекетіне мақсат 

қоюға,  жоспарлауға,  оны  орындауға,  өзін  –  өзі  талап  қоя  білуге  тәрбиелеу  – 

адамгершілік  тәрбиенің  басты  мақсаты.  Мақсатқа  жету  үшін  сан  алуан  кедергілер 

болуы мүмкін. Ондай қасиеттерді бала бойына жас кезінен бастап қалыптастыру жеке 

тұлғаны қалыптастырудың негізін қалайды. 

«Еліміздің күші – патшада, сәбидің күші – жылауында» демекші, біздің күшіміз, 

қоршағанымыз, сеніміміз – адамгершілігімізде болуы керек. Ол үшін Ақанның осы үш 

қасиетін бала бойына дарыта білсек – ұлы жеңіс болары анық.  


 

238 


 

Қорыта  келе,  адамзаттың  алдында  тұратын  ұлы  мұраттың  бірі  –  саналы  және 

салауатты  ұрпақ  тәрбиелеу.  Ұрпақ  тәрбиесі  –  болашақ  қоғамның  тәрбиесі.  Осыған 

орай, отбасының, яғни ата-ананың болашақ ұрпаққа адамгершілік пен рухани тұрғыда 

тәрбие  берудегі  үлестері  орасан  зор  және  де  бұл  ұрпақ  алдындағы  жауапкершілік 

атадан-балаға  жалғасуда.  «Ұяда  не  көрсең,  ұшқанда  соны  ілесің»,  «Отан  отбасынан 

басталады», «Бала жастан…» деген нақыл сөздер, ата-ананың бала тәрбиесінде алатын 

орнын ерекшелендіреді. 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі: 



1.Нысанбаев Ә, Әбжанов Т. Ой.Ақыл. Адамгершілік.  Алматы, 1994ж 

2.Бала тәрбиесі №2 2016ж 

3.Сатыбаев.С  Халық әдебиетінің тарихы негіздері-Алматы 1992ж 

4.Баймұратова.Б Отбасындағы тәрбие,-Алматы:Шартарап-2000ж 

 

 

БАЛАЛАРДЫҢ МУЗЫКАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ 



ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ 

 

Бахыт Ж. 



Қарағанды қаласы  №6 «Алданыш» б/б КМҚК 

 

Жалпы  шығармашылық  білім беру  саласының  мақсаты:  мектеп  жасына дейінгі 



балалардың сезімдік-эмоционалдық ортасы мен эстетикалық талғамын қалыптастыру, 

шығармашылық  ойлау  мәдениеті  мен  елестетуін  дамыту.  «Шығармашылық»  білім 

саласының базалық мазмұны ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде: 

 



сурет салу; 

 



мүсіндеу; 

 



жапсыру; 

 



музыкада жүзеге асырылады. 

 Музыка адамның рухани дүниесіне зор әсер ететінін немен түсіндіруге болады? 

Адамдардың әртүрлі сәттеріндегі бастан кешкен күйлерін бейнелеп беретін ғажайып 

мүмкіндігімен түсіндіруге болады.  Ән айту өнерінің рухани дамуға тікелей қатысы 

бар. 

Әншіліктің  адам  өміріндегі  рөлі  өте  жоғары.  Н.Г.  Чернышевский  әншілікті 



«Жоғары,  жетілген  өнер  қатарына  жатқыза  отырып,  ән  айту,  сөйлеудің  әуелгі  және 

елеулі  негізі  іспеттес»,  -  деп  айтқан.  Адам  дауысының  әсерлі  ырғақтары  мен  бет-

бейнесінің  құбылып  отыруы  бүлдіршіндерді  елітіп  әкетеді.  Ұжым  болып  ән  айту 

айрықша  әсер  туғызады.  К.Д.  Ушинский  «Хормен  айтылатын  әнде,  адамды 

көңілдендіріп, сергітеді», - деп айтып кеткен екен. Ән айту бала ағзасына жайлы тиіп, 

сөйлеу  қабілетін  жетілдіруіне,  тынысын  тереңдеуіне,  дауыс  аппараттарын 

шынықтыруына көмектеседі.  

Ән салғанда тұлғаның өзін ұстай білуі дегеніміз – дұрыс тұру.  Ән айтқан кезде 

иықтарын көтермей, еңкеймей, бойына сай орындыққа түзу отырып не түзу тұруы тиіс. 


 

239 


 

Ән айтуға үйрету үрдісі, баланың музыкалық қабілеттері эмоциялық әсер алғыштығы 

музыканы есту қабілеті, ырғақты сезінуі айрықшы тез дамиды.         

 

Баланың есту қабілеті мен дауысының ерекшеліктері. Ән салу – дыбыс жасаудың 



күрделі үрдісі. Есту мен дауысты үйлестіру дене тітіркеністерінің өзара әрекеттері өте 

маңызды орын алады. Балалар ересек адамның сөйлеу және ән салу интонациясына 

еліктейді,  малдың,  құстардың  дауысын  айнытпай  салуға  тырысады.  Есту  мен 

дауыстың өзара байланыстығын көптеген ғалымдар зерттеп келеді. Балалар дауысын 

зерттеуші доктор Алмазов Г.Н. «Балалардың ән салудағы кемшіліктері: (талдай келіп), 

есту  мүкістігі,  тамағы  кесел,  есту  мен  дауыс  арасындағы  байланыстың    жоқтығын 

талдай келіп, бұл кеселдерді дәрігер дер кезінде емдеу керек екенін айтады. Егер оқыту 

дұрыс  жолға  қойылса  есту  қабілеті  қалыпқа  келеді.  Бала  дауысын  қорғау  ән  айтуға 

үйретудің  дұрыс  жолға  қойылуын  қажет  етеді.  Бұған  балалардың  жасына  сай 

келетіндей музыка материалдар, яғни репертуарды ойластырып, іріктеп алудың көмегі 

көп. Ол үшін баланың диапазонын білу керек.  Диапазон – дауыс жақсы естілетін ең 

төменгі және ең биік дыбысқа дейінгі интервал қатары. Баланың жас ерекшеліктеріне 

сай диапазон аралығы. 

 

 Баланың жасы 



Диапазоны 

2-3 


ми-ля 

3-4 


ре-ля 

4-5 


ре-си 

5-6 


ре-си (до2) 

6-7 


До (ре-до2), до#2-ре2 

 

Осы  кестені  Музыка  жетекшілері  балаларға  ән  таңдарда  ескерген  жөн.  Және 



балаларға суық және дымқыл ауа райында ән айтуға болмайтынын ата-анаға ескерткен 

жөн. 


Әншілік дағды мен шеберлікті дамыту вокалдық хор дағдылары әндерді үйрену 

үрдісінде  меңгеріледі.    Дағдылар  неғұрлым  күрделі  шығармаларды  үйренген  сайын 

күрделеніп, түрлене береді. Жыл аяғына қарай балалар мыналарды меңгеруі тиіс: 

 



Екінші  кіші  топ.  Педагогтың  көмегімен  және  музыканың  сүйемелдеуімен  ең 

қарапайым әндерді айту. 

 

Орта  топ.  Әнді  аспаптардың  сүйемелдеуімен  және  сүйемелдеуінсіз  айту. 



(Жеңілдеу әндер). 

 



Ересек топ. Әнді тәрбиешімен бірге музыканың сүйемелдеуінсіз және аспаптың 

сүйемелдеуімен өзінше айта білу. Үйренген әнді тез еске түсіру, әнді ажырата білу, 

дыбыстардың  биіктігі  мен  ұзақтығын  айыра  білу,  ән  айту  ережелерін  дұрыс  ұстана 

білу. 


 

Даярлық топ. Таныс әндерді музыканың сүйемелдеуімен және сүйемелдеуінсіз 



әсерлі  орындау,  өткен  әндерді  еске  түсіріп  ән  айту,  тұлғаны  дұрыс  ұстай  алу  және 

ұжым болып та жеке де ән айта білу – дауысын басқалармен үйлестіре білу, қатесін 



 

240 


 

түзей алу, дыбыстарды айыра білу, ұзақтықты сақтай білу, ноталардың аттарын білу, 

жалпы музыкалық сауаттылығы болуы керек. 

 



3 жасқа қараған шағында баланың дауысы қалыптаса бастайды. Әншілік дыбыс 

жетілмейді.  Тыныс  алуы  қысқа  болады.  Бірақ  балалар  осының  өзінде  де  ересек 

адаммен бірге әнге қосылып, музыкалық фразалардың соңын қайталайды. Ал, 4 жасқа 

толғанда әншілік дауысы анағұрлым ашылады. Жеңіл әнді түгел айтып шыға алады. 

Кіші  топтарда  дикцияны  жөндеу  жұмысына  мән  беріледі.  Балалар  сөздің  мәнін  

түсінбегендіктен  жобалап  қана  айтады.  Сондықтан,  түсініксіз  сөздердің  мәнін 

түсіндіріп, оларды дұрыс айтуға үйрету қажет. Педагог балаларды үздіксіз қадағалап 

ұжым  болып  әнді  дұрыстап  айтуға  үйретуі  қажет.  Бірінші  кіші  топтағы  балалар: 

жылдың аяғына қарай ересек адамға ілесіп өлең айтуға, әннің жекелеген фразаларын 

белсенді түрде қайталай алуы тиіс. 

Баланың  қабілеті,  белсенділігі  музыкалық  қызмет  процесінде дамиды.  Баланың 

өсіп жетілулерін ескере отырып, музыкалық қызметті ең жас шағынан бастап үйрету, 

дұрыс  ұйымдастырып,  бағытқа  салу  –  педагогтің  міндеті.    Өйткені  күнде  дамуда 

қиыншылық  болуы  тиіс.  Мәселен,  балаларға  музыкалық  дыбысты  биіктігіне  қарай 

айыра білуді үйретпесе, ондай балалар 7 жасқа толғанға дейін өте оңай тапсырмаларды 

да орындай алмайды. Сөз соңында мынаны айтуға болады, жарық, жылу және дымқыл 

сияқты  басты  жағдайлар  болғанда  ғана  гүл  әдемі  болып  өседі.  Бала  да  жан-жақты 

дамып, жұмыс істегенде құлпыра дамиды. 

 

Пайдаланылған әдебиеттер: 



 

1.  Искусство,  музыкознание,  музыкальная  психолгия  и  музыкальная  педагогика: 

Хрестоматия / Сост. Э.Б. Абдуллин, Б.М. Целковников. –Вып. 1 – с. 2. – М., 1991 

2. «Музыка әлемінде» журналы   (2000ж №1) 

3. «Музыка әлемінде» журналы   (2002ж №2) 

 

 



SPEECH GAMES AND STORIES AS A FACTOR OF PERSONAL DEVELOPMENT 

OF PRE-SCHOOL CHILDREN IN STUDYING ENGLISH 

 

BashtaT.V. Teacher of English language 



Kindergarten «Altynsaka», Karaganda 

 

The topicality of the considered theme is in need of psychologists, teachers, parents in 

necessity  of  finding  more  perfect  psycho  -  pedagogical  methods  influencing  on  the 

developing of child’s personality at English lessons. The purpose: the formation of children’s 

mental,  speech,  creative  skills;  development  of  character  building,  good  attitude  to  each 

other,  relatives  and  unknown  people  who  help  to  provide  as  ethical  so  characterful 

preparedness of pre-school children to school education.  

The  aims:  Attraction  less  successful  children  to  speech  activity.  Inculcate  interest  to 

collective activity for developing speech activity, dialogue and monolog speech. 

The goals: 



 

241 


 

 



To determine the influence of speech games and stories on children for involving them 

in speech sphere. 

 

Developing preschool children’s attention, formation their moral abilities 



 

Upbringing children’s communicative competence, interest to learning language.  



 

Teaching  foreign  language  at  kindergarten  calls  for  complex  accomplishment  of 



educational, practice, developing aims.  

Also learning foreign language develops children’s mental skills, their morally-esthetic 

world perception. 

Parents  often  want  their  children  to  study  and  know  English  language  and  they 

understand the necessity of it in modern life. But often we can hear a question « Is my child 

able to learn foreign language? ». Successful learning and development of the language is 

one of the main person’s ability. Any person is able to speak foreign language but it mostly 

depends on correctly chosen method of education. 

The main thing of teacher’s activity is creation of success for each child. The situation 

of  success  in  teaching  is  one  of  the  origins  of  the  strongest  internal  pre-school  children’s 

force that gives necessary energy to overpass the problems in learning English effectively. 

Rubbed  through  the  situation  of  success  once,  children’s  psychological  state  can  change 

absolutely. So the teacher can help less successful child to overpass lingual barrier, to begin 

speak English and work in collectivity. 

Working with these children you should know: 

- make good atmosphere at English lessons

- lend effective help to pre-school children who have some problems in doing something; 

- change methods and devices at English lessons for overpassing children’s passivity; 

- help pre-school children to overpass the fear of making mistake, rising up the situation of 

success and free choice; 

- orient children to such important value as family, person, Motherland, labor, culture, world, 

knowledge including the main sides of activity; 

- form physical development, to addict healthy life.    

The  child  should  be  present  the  material  the  way  that  he  can  imperceptibly  join  a 

communication environment and feel surely among more capable children. For this purpose 

it is necessary to organize interesting, enticing OEA. One of types of such OEA are the speech 

games representing, figuratively speaking, reproduction participating real activity of people 

in practice, creating conditions of universal communication. Efficiency of such education is 

caused with explosion of motivation first of all and increasing of interest in language. 

Speech  game  promotes  motivation  of  speech  activity  as  pre-school  children  get  into 

such situations in which there is a requirement something to tell, to find out, to ask, to prove, 

to share something with the interlocutor. In speech games there is  an opportunity for timid 

children to communicate, speak, overcoming the uncertainty. In usual daily communication, 

as a rule, leadingchildren show an initiative, and modest and shy children mostly keep silent. 

In  such  games  each  child  receives  the  role  where  he  can  actively  communicate  with  the 

interlocutor. 

Joining in speech games at English lessons, children can present themselves in any role 

in a certain situation; try to behave according to this role and rules of the game. Speech games 

can  be  interpersonal  (relatives,  friends),  social  (the  doctor,  the  seller),  psychological 


 

242 


 

(positive,  neutral,  negative  characters).  The  roles  which  are  executed  by  children  also 

promote that they study to communicate, to discuss the questions, to understand and estimate 

the feelings of surrounding people. 

Of course, it is possible to suggest children to show the sketch, mechanically learning 

words and sentences. But as experience shows, children can't repeat   the text for a long time 

and  at  the  same  time  not  to  lose  interest  in  this  work.  More  capable  pre-school  children 

remember words and the offered phrases quicker. But for less capable children this work will 

seem monotonous and uninteresting when looking at more capable contemporary - they will 

feel restrained. Therefore it would be advisably to finish usual sketch with an interesting plot, 

with an unexpected outcome  — it can be also a game of tag, and cheerful end which will 

make  children  laugh  and  will  adjust  them  for  further  positive  work,  and  mutual 

communication with contemporaries. 

One of such games is game "Ill-mannered guest". This speech game can be held after 

studying  of  words  on  the  themes  "Clothes",  "My  house".  Two  persons  participate  in  the 

sketch. The first child plays a role of the ill-manned sloven. The second child - the owner of 

the house: 

 

Кnосk аt the door . А hostess ореns the door. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет