Бақыт пенен дәулеттің ұстайтұғын қазығы. Кердері Әбубәкір Қымбатты ханымдар! Әлемде бақытты әйелдер ӛте кӛп! Неге олар бақытты ? Иә, бұл сұраққа алысқа бармай-ақ: «Оның жолы болғыш»



Pdf көрінісі
бет5/25
Дата18.10.2022
өлшемі0,75 Mb.
#43844
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Калиева Куралай - www.kuralay.kz 

ӛзгерту үшін алдымен ӛзіңіздің ол адам туралы ойыңызды ӛзгертуіңіз шарт. 
Ер адамыңызға ренжігенде, бұрынғы ӛткен-кеткенді қозғап алдынан алып 
шығудың қажеті жоқ. Олар болған қақтығыстарды тез ұмытып қалады. Сіз 
ғана ұзақ уақыт есіңізде ұстап, ренжіп жүруіңіз мүмкін. Ал ол ұмытып қалды,
сонда сіздің сонша уақыт ренжіп жүргеніңізден пайда келді ме? Кей еркектер 
ұмытпайды ғой деуіңіз мүмкін. Иә, ұмытпайды, егер сіз ер азаматыңыздың 
бойында нағыз еркектің болмысын қалыптастыра алмасаңыз. Оны нағыз 
еркек ету қолыңыздан келмей жатса, ӛзіңізден кӛріңіз. Ол сіздің қолыңызда. 
 
7. Қабылдау 
Қымбатты ханымдар, гүл болыңыздар. Гүлдің жанында тек еңбекқор 
аралар жүреді. Гүлді тозаңдандырады, шырынын жинайды, тіл үйіретін бал 
жасайды. 
Ішкі жан дүниеңізді таза ұстап, тек нағыз еркек қасыңызға келетін 
ханым боласыз ба, жоқ болмаса, ішкі қоқысым ӛзімдікі, ӛзіме ұнайды деп 
қоқыс болып, айналаңызға сасықты жақсы кӛретін нағыз еркек емес адамды
жібересіз бе, ол - ӛз қолыңызда. Егер сіз айналаңыздағы адамдардан сізді 
толыққанды сыйлайтын адамдарды, сонымен бірге ер азаматты жасай алмай 
жатсаңыз, мен бұларға шыдап жүрмін деп ешқашан айтпаңыз. «Шыдау» 
деген сӛздің орнын «қабылдаймын» деген сӛзбен ауыстырыңыз. Иә, 
қабылдау керек, ӛйткені сол адамды ӛзіңіз тартып отырған. Ер азаматыңыз 
қандай болса да, оны қабылдап, ары қарай нағыз еркек етудің жолына түсіңіз. 
Жалау сіздің қолыңызда. Ер азаматтың кӛңілін ӛзіңізге аудару үшін бұл 
кеңестерді орындаңыз. Орындау үшін 72 сағаттан артық уақытытыңызды
ӛткізіп алсаңыз, нәтижелілігін жояды. Дұрысы бүгінгі істейтін істі ертеңге 
қалдырып қажет емес. Ең бастысы ниеттеніп кірісіңіз, мен сізге сенемін
нағыз еркекке сіз лайықтысыз. 
Әр әйел бақытты болуды, яғни қыз кезінде сәтті тұрмысқа шығуды, ана 
болуды, бір сӛзбен айтқанда, қамшының сабындай қысқа ғұмырды 
ӛкінбестей етіп ӛткізуді армандайды. 
Бақыт деген не, сіз үшін? Әркім ӛзінің санасындағы «Бақыт» ұғымына 
деген ойларын естеріне түсіріп, оның анықтамасын беруге қиналады. Әркім
әртүрлі түсінеді немесе әртүрлі бағытта бақытты болады деп те отырған 
шығарсыздар... 
Ӛте орынды ойлайсыздар, ханымдар! Иә, бақытқа әркім әртүрлі 
анықтама береді, әркім әртүрлі бағытта ӛзін бақыттымын деп сезінеді. 
Біреулеріңіз қыз ретінде бақыттысыздар, ата-ана махаббаты, үлкен армандар, 
қолдарыңызды сұраған жігіттер. Біреулеріңіз келін ретінде бақыттысыздар, 
еріңіздің ата-анасы сізді толық қабылдағаны үшін, біреулеріңіз жұмыста ӛсіп 
жатырмын деп бақыттысыздар, біреулеріңіз әйел ретінде бақыттымын деп 
ойлайсыздар. Осы пікірлеріңіз сіздерді қанағаттандыра ма? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет