Шынболат СеЙДУаЛИев
бұл сол кезеңдегі Кеңес халқының ержүректілігі мен
төзімділігін паш етіп, тарихтың қойнауында мәңгілікке қалған
күн. Осы соғыста Кеңес Одағының басқа халықтарымен
бірге жауды талқандап, жеңіске жету ісіне Қазақ халқы да
өзінің лайықты үлесін ауыз толтырып айтарлықтай қосты.
Қазақстандық жауынгерлер брест қамалынан бастап бер-
линге дейін барды. Сталинград түбіндегі шайқаста, Днепр
өткелінде, москва мен ленинград үшін болған ұрыстарда
ерен ерліктер көрсетті.
Қазақ ел басына күн туғанда толарсақтан саз кешетін жа-
уынгер халық. Ұлы Отан соғысының қатпарлы парақтарына
үңіліп қарасақ, қазақтардың қанды қырғынға қаймықпай
соғысқанына ашық көзіміз жетеді. Оған мысал айқас
алаңдарында өшпес ерліктің нақ үлгісін көрсеткен бес жүз
қазақтың Кеңес Одағының батыры атағын алғанын айтсақ
болады.
Осындай сұрапыл соғыстың бел ортасында қан кешкен
қазақ сарбазының бірі – Оспан Жолдасов. Ол 1913 жылы
қазіргі Тараз қаласында дүниеге келген. Қиын-қыстау за-
манда ата-анасынан ерте айырылып, жетімдіктің кермек
дәмін татып өскен. балалықтың паң көңілін сезіне жүріп, 4
сыныптық біліммен сусындаған. Ержеткен соң, түрлі шару-
алармен айналысып, тұшымды тірліктің тұтқасын ұстайды.
Осылай жүріп өз ошағының отын жағып,1937 жылы от-
ер жолдасы -тәуекел.
басын құрады. Қуаныш артына қуаныш ұласып, 1938 жылы
тұңғыштары дүниеге келеді. Тұңғышының балауса үнімен
бал қылықтарын көріп, тұлымы желбірей бастаған уақытта
соғыстың жалын оты тұтана бастайды. Отанын қорғау әр ер
жігіттің міндеті болғандықтан, Оспан Жолдасов та соғысқа
аттанады. Ол 1942 жылдың 8 қазанында соғыстың оты қарпып
тұрған балтық жағалауына табан тірейді. Сонда кескілескен
ұрыс даласына сұғына еніп кете барады. Негізінен ол 163
гвардия полкінде байланысшы болған. Қан майданның қақ
ортасында жүріп, беларусь фронты қатарында болып, неміс
басқыншыларының қауқарын қайтарған. Германия жеріне
дейін барған. Қан қақсатар қанды шайқастар қайсыбір солдат-
ты жараламай қоймасы анық. Осындай ұрыстардың бірінде
Оспан Жолдасов жамбасынан жараланады. Оған да мойымай
талай ұрыстарға қатысып, Жеңісті Германия жерінде қарсы
алады. 1945 жылдың 10 қазанында туған жерге аман-есен
оралады.
Соғыста көрсеткен ерліктері үшін түрлі медальдарға ие
болған. 1943 жылы «Ерлігі үшін», 1943жылы «Әскери қызметі
үшін», 1946 жылы «Германиядағы Жеңісі үшін» медальда-
рымен марапатталған. Сонымен қатар Жеңістің 20, 30, 40
жылдығы үшін төсбелгілеріне де ие болған.
Соғыстан кейін еңбекке белсене араласады. 1946-1956 жыл
аралығында Жамбыл қаласында өрт сөндіруші болып қызмет
атқарса, 1956 жылдан бастап Диірменде бас күзетші болып
жұмыс жасайды. 1984 жылы құрметті еңбек демалысына
шыққан. 2 ұлы мен 1 қызынан 10 немере сүйген. Олардан
бүгінде шөберелері бар.
Оспан Жолдасов ақсақал тәуелсіздіктің ақ таңы қылаң берер
шақта, яғни 1991 жылдың 16 қарашасында бақилық болды.
Тағылым
8
// «ЖАМБыл - ТАРАЗ» // №22 (1257), 27 МАМыР 2015 Жыл //
g
«Қасиетті қазақ жері талай ұлт пен ұлысқа пана болған құтты
мекен. Солақай саясаттың кесірінен айрандай ұйып отырған
елдердің тыныштығы бұзылып, әкелеріміз нақақтан-нақақ халық
жауы атанды. Аналарымыздың жүрегі шерге, етегі жасқа толды.
Бір күнде кіндік қанымыз тамған грек жерінен күштеп, өмірімізде
естімеген Қазақстан дейтін елге мыңдаған азамат депортация-
ланды. Міне, осындай қатқыл қатыгездікті, күйбең тіршілік үшін
күрес басталғанда, менің жасым небәрі екіде болған екен» -деп
бастады әңгімесін Жамбыл облыстық грек этно-мәдени бірлестігі
төрағасының орынбасары Виолетта Капасакалис.
Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған
б о з д а қ т ы ң б і р і - В и о л е т т а
Капасакалистің әкесі - анестас
еді. Кейіпкеріміздің әкесі білікті
дәрігер болған кісі. алмағайып
шақта асқар тау әкенің қамқорлығы
жанға медет болмай, анасы үш
құлынын бауырына басқан күйі
бөтен елге айдалды. Тағдырдың
т ә л к е г і н е ұ ш ы р а ғ а н ж а н д а р
өмірдің тарту еткен қатал сынын,
жақсылардың шарапатын ешқашан
ұмытпайды.
«Әрине, ана сүті аузынан кетпе-
ген, екі жастағы баланың есінде не
қалсын. бірақ, сол кездегі Қазақ
жеріне күштеп қоныс аударған
қ а н д а с т а р ы м н ы ң ж а н а й қ а й ы н
өзінің қайғы-қасіретіне балаған
соғыс жылдарынан кейін еңсесін
тіктеп үлгермеген қазақ халқының
ке ң п е й і л д і г і , жома рт к ө ң і л і н
қалай ұмытуға болады?»-деп, терең
күрсінген Виолетта әжей Оңтүстік
Қазақстан облысы мақтарал ауда-
нында тұрақтаған күндерінен шыр
шертті.
« м ы ң д а ғ а н г р е к ұ л т ы н ы ң
өкілдері, оның басым көпшілігі
жасы егде тартқан ата-әжелер,
Құдай қосқан қосақтарынан көз
жазып қалған әйелдер мен дүрбелең
тіршіліктен бейхабар ойын балала-
ры еді. анамның айтуы бойынша,
біз мақтаралға табан тірегенде,
жергілікті тұрғандармен өзара
араласуымызға, тіпті тіл қатып
сөйлесуімізге де тиым салынған
е к е н . Ү н е м і қ а б а ғ ы қ а т у л ы
күзетшінің жіті бақылауында
болыппыз. Десе де, бір үзім на-
нын тамағынан өткізе алмай, ет-
жүрегі езіліп, ашқұрсағымызға
а с - с у с а л ғ а н қ а з а қ х а л қ ы н ы ң
бауырмалдығын сезіндік. бұл жер-
де ақжарма тілегімізбен алғыстан
қазақ халқының
БауырМалдығына
Бас иЕМін
басқа не айтуға болады?» - деді
толғанысын жасыра алмай.
Жығылғанға жұдырық дегендей,
бір күні Виолетта анестиейқызы
қатты науқастанып қалады. анасы
шыбын жанын қоярға жер т ап-
пай, жаны қиналған перзентінің
дертіне шипа іздеп бе зектейді.
ауыл арасын кезіп, дәрігер іздеуге
жүріс-тұрыстарын аңдып отырған
қарауылдар мұрша беруші ме еді?
алайда, көрер жарығы бар баланы
періштелер қағып, айша е сімді
қазақ әйелі кішкентай ғана Виолет-
таны кең көйлегінің етегіне жасы-
рып, ем-дом қабылдатады. Осылай-
ша, бір ажалдан аман қалған ол қазақ
әйелінің жанарында жалындаған
мейрімділікті жадынан мәңгілікке
өшіре алмасын үлкен тебіреніспен
жеткізді.
« Қ а з а қ б ау ы рл а р ы м ы з б і зд і ң
басымызға қара бұл үйірілгенде,
жатырқамай керісінше, жанашырлық
танытты. Жалғыз маған ғана емес,
мен секілді балауса бүлдіршіндерге
ас болсын деп, айран-сүттерін,
азық-түліктерін жасырын түрде
талай рет әкеліп бергендері әлі
көз алдымда. ауылдың аңқылдаған
ада л азаматт арының арқасында
мейірімділіктің айнымас үлгісін
көрдік, қазақтың қарадомалақ ба-
лаларымен тонның ішкі бауындай,
құлан-тайдай тебісіп өстік. Сөйтіп,
қазақ ұлтының салт-дәстүрін, әдет-
ғұрпын, тілі мен ділімен де жете
таныстық»,-дейді ол.
Х а л қ ы м ы з « б і р а ш т ы қ т ы ң ,
б і р т о қ т ы ғ ы б а р » - д е д і . Қ а з а қ
жеріне күштеп қоныс тепкендер
жұртымыздың жылулығын, адами
қарым-қатынастың жарқын үлгі-
өнегесін көріп, құтты мекенге тастай
батып, судай сіңіп кетті. Виолетта
Кап а с а ка л и с т і ң ә ке с і а қ т а л ы п ,
отбасының соңынан Қазақстанға
келді. ат көлігі аман-е сен жет-
кен ол жанұясының о сы жерде
ғұмыр кешуін қалайды. Сөйтіп,
мақтаралықтардың мейіріміне әбден
қаныққан Капасакалис әулеті жұмыс
бабымен Жамбыл жеріне қоныс ау-
дарады. Дәл осы Тараз қаласында
әкесі дәрігерлік қызметті абыроймен
атқарып, ұл-қыздары білім алады.
Виолетта әжей әке жолын қуып, ақ
халатты абзал жан болуды көксеп,
м ә с кеуд е жо ғ а р ы б і л і м а л а д ы .
алайда жырақта жүрген қызға елге,
отбасына деген сағынышы маза
бермейді. ақыр соңында мәскеу
қ а л а с ы н ы ң т у м а с ы , ө з і с ү й і п
қосылған жарын Қазақстанға бірге
келуге көндіреді. міне, бүгінде
70 жасқа таяп қалған кейіпкеріміз
бір ұл, бір қыз тәрбиелеп, олардан
тараған немерелерінің қызығын
көріп отырған бақытты әже.
«менің келінім қазақ, ал күйеу
балам орыс ұлтының өкілі. Шүкір,
бейбітшілік салтанат құрған елде
балаларымыз тату-тәтті ғұмыр кешу-
де. Өскелең ұрпақ қазақ халқының
ж а с а ғ а н ж а қ с ы л ы ғ ы н е ш қ а ш а н
ұмытпауы тиіс. Қазір тағдыр басқа
салған бейнейттің зейнетін көріп
отырмыз. Осы жасыма қарамастан әлі
күнге дейін сүйікті мамандығымнан
қол үзген жоқпын. Қазақстанымның
гүлденуіне теңізге құйған тамшыдай
болса да үлесім тисе, Отан алдында
перзенттік парызымды өтеу тілегім,-
деді кейуана.
Виолетта Капасакалис.
Қаралы дата туралы не білесіз?
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен 1997 жылдың 31 мамыры
«Ашаршылық және саяси-қуғын сүргін құрбандарын еске алу күні» деп белгіленген
болатын. Бүгінде еліміздің бірқатар қалаларында арнайы ескерткіштер ашылып,
музейлер жұмыс жасайды. Жыл сайын қуғын-сүргін құрбандары тұрақтаған
Қарағанды, Ақмола облысының маңындағы лагерлерде еске алу шаралары өтеді.
Тарих беттерінде қара таңба болып жазылған зұлмат кезеңнің қасіреті әрбіріміздің
жадымызда жаңғырып тұруы тиіс. Алайда, осынау қаралы датаны өскелең ұрпақ
біле ме? Білсе де, бұл күнді қаншалықты маңызды деп санайды?
- Ғарипа НҰРШАБАЕВА, қала
тұрғыны: «Бабалар рухына тағзым
етейік!»
- біз бұл күнді қаралы дата деп
атап өтіп, оңай айта салғанымызбен,
оның түбінде үлкен қайғы-қасірет
жатыр. Әрбір қазақтың баласы осы
қайғы-қасіретті ұмытпауы керек.
Тарихқа үңіліп қарайтын болсақ,
ашаршылық қазақ даласында 1929
жылы бірінші рет болып, кейін
1932 жылы қайталанған. бірінші
ашаршылықта бірнеше миллион
халық қырылған болса, екіншісінде
одан да көп халық аштықтан көз
жұмды. ал қырылғаннан қалғандары
жан сақтау мақсатында басқа елдерге
босып, тозып кетті. бұның барлығы
қазақ даласына жасалған қиянат бола-
тын. мысалы, сол кезде Қазақстанда
басшы болған Голощекиннің «Кіші
октябрь» саясатының өзі халықты
осыған итермеледі. Ол бастапқыда
малмен ғана күнін көріп отырған
байларға, кейін орташаларға, ең
соңында астық екпейтін малшыларға
астық салығын салды. астықты тау-
ып бере алмағандарын шұбыртып,
қаңғытып жіберді. Сөйтіп, 1933
жылға дейін қазақ даласында болған
40 миллион малдың, 1933 жыл-
дан кейін 15 миллионы ғана қалды.
Қазақта «жұт жеті ағайынды» дейді
ғой. Оған 37-жылы репрессия келіп
қосылды. Саяси-қуғын сүргінге
ұлтымыздың маңдайалды азаматта-
ры ахмат байтұрсынов, міржақып
Дулатов, Жүсіпбек аймауытовтар
ілініп, атылып кетті. мен ана ретінде
өз ұл-қыздарыма 31 мамырдың қандай
маңызды күн екенін ұдайы түсіндіріп
отырамын. бұл күнді жастар ұмытпай,
бабалар рухнына тағзым етулері тиіс.
Дәулетхан ЖАҚЫПОВ, спорт-
шы: «Ұлт зиялылары туралы
фильмдер көптеп түсірілсе...»
— Кино нағыз идеологияның көзі
деп жатамыз ғой.
Әсіресе, ұлт тарихына
келгенде, кинотуын-
дылар мен кітаптың
алатын орны ерекше.
Қазақ киносының да-
муына үлесін қосып
жүрген беделді ре-
жиссер Сатыбалды
Н а р ы м б е т о в т ы ң
«мұстафа Шоқай»
киносы арқылы ХХ
ғасырдың алғашқы
то қ с а н ы н д а с а я -
си қызмет атқарған
м ұ с т а ф а Ш о қ а й
өмірі мен тағдыры
туралы тарихи ту-
ынды тамашаладық.
Ф и л ь м д е е л і н і ң
азаттығын аңсаған азамат мұстафа
Шоқайдың өмірі, саяси жолы,
Түркістан, Кавказ, Түркия, Фран-
ция елдеріндегі эмигранттық
тағдыры, айдауға түскен кезде көрген
қиыншылықтары көрініс тапқан.
міне, осындай нар тұлғалы азамат-
тарымыз туралы көбірек фильмдер
түсірілсе, ұтарымыз анық. мәселен,
Смағұл Садуақас, Тұрар Рысқұлов,
Нәзір Төреқұлов, Жаһанша мен Халел
Досмұхамедовтардың қайраткерлігі
туралы тың туындылар түсірілсе та-
маша емес пе?!
Әмина САПАРҒАЛИ, Абай
атындағы Жамбыл гуманитарлық
колледжінің 3-ші курс студенті:
«Жастар бұл күнді ұмытпайды,
керісінше, ұлықтайды»
- 31 мамыр – Саяси куғын-сүргін
құрбандарын еске алу күні. бұл
күнді менің құрдастарым біледі деп
айта аламын. Себебі, қазақ жерінде
1939-1933 жылдары орын алған
ашаршылық пен 1937-1938 жылдары
ату жазасына кесілген саяси-қуғын
сүргін құрбандары туралы баспасөз
беттерінде мақалалар жарияланып,
телеарналарда арнайы деректі филь-
мдер көрсетіліп тұрады. Сондай-ақ
тарих пәнінде бұл қаралы күн туралы
көптеген мағұлматтар беріліп, ашық
сабақтар өткізіледі. Кейбір деректерде
аштық және репрессия кезінде 2,5-3
миллион халықтың қазаға ұшырғаны
айтылады. Әрине, бұл қазақ халқы
үшін орны толмас өкініш. Жыл сайын
қаламыздың орталығында орын теп-
кен саяси-қуғын сүргін құрбандарына
арнайы ашылған ескерткішке арнайы
гүл шоқтарын қойып, құрбандарды
еске аламыз.
Бетті дайындаған
Индира БаЙҚОНЫС
ШамШырақ
9
// «ЖАМБыл - ТАРАЗ» // №22 (1257), 27 МАМыР 2015 Жыл //
ҮнСіздік әЛемінде
Аулада жайқалған жасыл алқапқа, ондағы тамылжыған құстардың әсем
әуеніне елітіп, мимырт басып келемін. Есіктің алдындағы кішкене бақ
мамырлап-ақ тұр екен. Ондағы жасыл-желек бұл оқу орнына ерекше көркем
көрініс сыйлағандай. Мектеп табалдырығынан аттағанда, іштегі құлаққа
ұрған танадай ерекше тыныштық көңілімді құлазытып жіберді. Осынау
өлі үнсіздік, меңіреу әлемде мәңгіге қалып қойғандардың мекенінде іштей
мазасыз күй кешерің рас...
Құралай СеЙСеНБеКҚЫЗЫ
Иә, мұндағы балғындардың маңдайына абыр-сабыр сөйлесіп, емен-
жарқын әңгіме-дүкен құруды жазбапты. Олардың кейбірі тыстағы құстың
қалай сайрайтынынан да бейхабар. Көліктің қалай от алып, қандай дыбыс
шығаратынын да білмейді. Оларды ән әуенмен тербетіп, музыканың үнінен
ләззат алғанын да ешкім көрмеген. бірақ осы Саңырау және нашар еститін
балаларға арналған облыстық «мейірім» арнайы түзету мектеп-интернатының
ұстаздары, балаларға сурдопедагогика саласы бойынша бар зейінін салып,
сөздердің дыбысталуын, қалай айтылуын үйретуде.
бүгінгі таңда бұл мектеп-интернатта 156 ерекше бала білім алуда. Олардың
дені – 4 жастан бастап балабақша тобына қабылданса, сондай-ақ мектепке
даярлық сыныбынан бастап 10 сыныпқа дейін білім нәрімен сусындап,
орта білімнің куәлігімен шығады. мұнда әр сынып өз ерекшелігіне орай
топтастырылған құлағы мүлде естімейтін балғындар 8-ден, нашар еститіндер
12 баладан бір сыныпта оқиды екен.
Ең алдымен, саңыраулар арасында қарым-қатынас қалай жасалады? Олар
өзара қалай түсініседі деген сұраққа жауап іздеп көрелік. бұрындары көптеген
ғасырлар бойы саңырау адамдар қоғамдық қысым, шеттету әрекеттеріне
ұшырап, тіпті, кейде осы табиғи кемшілігі үшін құрбан болып кеткендер де
ара-тұра кездесіп жататын. алайда, ХVI ғасырда италияндық дәрігер Джером
Кардан есту қабілетінен айырылғандарға қандай да бір ортақ белгілер арқылы
ойды жеткізуге болатынын дәлелдеді. Осылайша, XVII ғасырда Шарль де
лепи қол және саусақтар көмегімен тұтас ойды түсіндіруге мүмкіндік бер-
ген әліпби құрастырды. Зерттеу қорытындыларын жинастыра отырып, 1965
жылы 300 ден астам ыммен көрсетілетін сөздер болса, 1975 жылғы сөздікте
олардың саны 1500-ге артты.
Саңыраулардың тілдерінде дактиль әліпбиі (әріптердің саңыраулар тіліндегі
нұсқасы) және жекелеген ымдау тілі арасында айырмашылықтар бар. Дактило-
логия арқылы жалқы есімдер, яғни адам аттары, елдер, таулар, географиялық
мекен секілді сөздегі әрбір әріп жеке түсіндіріледі. мысалы — «Р» - «И» -
«м». ал, түгелдей сөзді қолдың, саусақтардың өзге де мүшелердің көмегімен
түсіндіруді ым арқылы түсіндіруге жатады («рақмет», «ата»). бүгінде осындай
қимыл арқылы түсіндірілетін жалпы есімдер саны жыл сайын көбейіп, жаңа
ым-ишара пайда болып келеді екен.
Қарапайым тілдер тобының топтастырылу үрдісі секілді саңыраулар тілі де
аумағына қарай сұрыпталады. Тіпті бір тілде сөйлейтін әр түрлі аумақтардың
өзінде саңыраулар бір-бірін түсінбеуі мүмкін.
ал біз арнайы бас сұққан саңыраулар мектеп-интернатындағы балаларға
барлық жағдай жасалған. Олар күніне бес мезгіл тамақтанады. Сондай-ақ,
кіші сыныптар түс әлетінде көз шырымын алады. азаннан түске дейін
сабақ оқыса, түстен кешке дейін түрлі үйірмелерде іс тігіп, сурет салып,
ұлдар жағы ағаштан ұсталықты үйреніп, кейде жарыстар ұйымдастырады.
Өз мүмкіндігінің шектеулілігіне қарамастан, тағдырмен тайталасқан
балалар түрлі саладан өздерін көрсетіп жүр. Жасөспірімдерді спортқа
баулушы Ерназар Қонысбаев көптеген оқушылардың дзюдо, таэквондодан
жетістікке жетуіне атсалысуда. Сондай-ақ, облыс көлемінде өтетін мүмкіндігі
шектеулілерге арналған «Жарық» және «Жұлдызай» байқауларына қатысып,
жүлделі орындардан көрінеді.
Осынау есту қабілетінде мүкістігі бар балғындарға білім беріп, жан жы-
луын құйып жүрген осындағы тәрбиешілер мен ұстаздармен де сөйлесудің
сәті түсті.
- мұндағы балалармен ұғынықты қарым-қатынас жасап, әр ойды түсініп,
жіті түсіндіру үшін сурдопедогог ләззат Қыпшақбаеваның курсына бір
жыл қатыстым. Ең алғаш «Дактиль» әліпбиі, яғни әріптердің саңыраулар
тіліндегі нұсқасы мен ым-ишарамен сөйлесуді үйрендім. Қазір қолөнер
бағдарламасын құрастырып, балалардың икеміне орай, түрлі жұмыстарға
баулимыз. бұл балаларды түсінбеу мүмкін емес, қайта өте ерекше, кез-келген
нәрсеге шығармашыл көзбен қарайды,- дейді балғындарды өнерге баулып, іс
үйретуді мақсат тұтқан ұстаз, еңбек пәнінің мұғалімі Қолқанат малдыбаева.
Расында, бақытты балалық шақтың образы, немесе көктемнің жасыл
желегі, тіпті тарихи туындыларды да қағазға түсіріп, түрлі қалың маталарға
айнытпай салып, ине-жіппен кестелеген көз тартар бұйымдар мұнда көп-ақ.
бұл үйірмеге қатысушылардың бірі құрақ құраса, енді бірі ою ойып, сырмақ
тігіп жүр.
ал ұйымдастырушы ұстаз мәншүк Қыдырбаева болса, балалардың өнерін
көпшілікке көзайым ету жолында еңбек етеді.
- мен мұндағы балалардың сезімтал екенін айтқым келеді. бұл сәбилердің
әрқайсысы ерекше. Олар мүмкіндігі шектеулі бола тұра, армандары көп, және
сол арманына жету жолында талпынысы, құлшынысы таң қалдырады. мен
осы мектептегі мерекелік іс-шараларға атсалысып, түрлі жарыстарды, сондай-
ақ балалардың қолөнерінен көрме ұйымдастырамын. балаларды іріктеп, әр
баланың қабілетін дамытуды алдымызға мақсат еткендіктен балғындар өз
қолымен жасаған бұйымдарынан көрме ұйымдастырып, олардың қатысуымен
концерттік бағдарлама қойып тұрамыз. Сол үшін бізге демеушілік ететіндер
де бар. «бином» ЖШС, «Қазфосфат» ЖШС, «Нури» ЖШС, «Купи центр»
дүкені қайырымдылық көрсетіп, қаржылай көмектесіп тұрады,- деді ол.
Сондай-ақ бейнелеу өнері пәнінің ұстазы Нәзипа Шынбергенованың да
балалар жайлы өз айтары бар:
- біздегі балақайлар сондай мейірімді. Олар Отанға деген сүйіспеншілігін,
туған жер, ата анасына деген махаббатын тілдерімен жеткізе алмаса да,
қылқаламмен жеткізгісі келетінін білемін. Жеткізіп те жүр. мысалы, мәскеу
қаласында мүмкіндігі шектеулі балалардың арасында өткен «аудио исток»
сурет байқауына 40 баланың суретін жібердім. Солардың арасынан Қанат
Әбдіраимов 1 орын, бағжан Садығалиев 3 орын иеленіп келді.
Таңның арайлы шуағы мен қоңыр кештің алқызыл шапағына бөленгенін
көріп шаттану мұндағы балғындарға да бұйырған. алайда олар сол өздері
сезінген қуанышты әсерді не айғайлап айта алмай, не біреудің айтқанын ести
алмай пұшайман күй кешеді. Ең өкініштісі де сол. Дегенмен, бүгінгі қоғамда
бұл мәселенің де шешімі табылған сыңайлы. Саңырауларға арналған осынау
мектеп өзінің үнсіз әлемінде жүрген балғындарды қоршаған ортаға бейімдеп,
олардан зиялы азамат шығару үшін барын салуда.
ҰБТ-2015:
Өзгеріс бар ма?
Нұрсейіт ҮСеНОв,
Ұлттық тестілеу орталығы №144 филиалының
жетекшісі
ҰбТ бес пән бойынша: қазақ немесе орыс тілі
(оқыту тілі), математика, Қазақстан тарихы, орыс
тілінде оқытатын мектептерде қазақ тілі және қазақ
тілінде оқытатын мектептерде орыс тілі және таңдаған
мамандыққа байланысты бекітілген мамандықтар
тізбесіне сәйкес таңдау пәні бойынша пәндердің
біреуіне сәйкес өткізіледі.
Шығармашылық немесе арнайы дайындықты қажет
ететін мамандықтарды таңдаған бітірушілер үшін
төртінші пәнді таңдау ерікті, олар одан кейін қосымша
шығармашылық емтихан тапсырады.
ҰбТ жалпы білім беретін оқу бағдарламалары
негізінде әзірленген тест тапсырмаларының
көмегімен өткізіледі, олардың мазмұны көрсетілген
бағдарламаның шеңберінен шығуы мүмкін емес.
ҰбТ-ны өткізу кезінде пайдаланылатын тест
мазмұнының және дұрыс жауаптар кодын айқындайтын
мәліметтер мемлекеттік құпия болып табылады.
бітіруші тестілеуден өту үшін, ҰбТӨП-ке
рұқсаттамада көрсетілген күні өзімен бірге келесі
құжаттарды алып келуі керек:
ҰбТ-ға кіруге рұқсаттама;
жеке басын куәландыратын құжат;
қара сиялы қалам;
ҰбТ кезінде бітірушіге тыйым салынады:
сөйлесуге;
орнынан тұруға;
орын ауыстыруға;
кез-келген материалдар және заттармен алмастыру-
ды жүзеге асыруға;
калькуляторларды, фотоаппараттарды, ұялы байла-
ныс құралдарын (пейджер, ұялы телефондар, планшет-
никтер, т.б.), ноутбуктар, плейерлер, шпаргалкалар
және анықтамалық құжаттарды (менделеев кестесі
мен тұздардың ерігіштік кестесінен басқа) қолдануға
және аудиторияға алып кіруге.
Тестілеу кезінде тәртіп бұзушылықтардың ал-
дын алу және тестіленушілерді қорғау мақсатында
тестілеуге кіргізу барысында металіздегіштер, тестілеу
кезінде ұялы байланыс желісін сөндіру құралдары мен
бейнебақылау құрылғылары қолданылады.
бітіруші аудиториядағы тәртіп сақтау ережесін
бұзғаны және тыйым салынған заттарды қолданғаны
үшін министрлік өкілінің шешімімен қайта тапсыру
құқығынсыз аудиториядан шығарылады, ал оның тест
нәтижелері жойылады.
Тестілеуге берілген уақыт аяқталған кезде (3,5
сағат) бітіруші емтихан материалдарын тапсырудан бас
тартқан жағдайда оның жұмысы өңделмейді.
ҰбТӨП ғимаратына кіргізу барысында бөтен тұлға
ұсталған жағдайда, ұсталған тұлға да және орнына
бөтен тұлғаны кіргізуге заңсыз әрекет жасаған түлек
те тестілеуге жіберілмейді.
Әрбір пән бойынша тест тапсырмаларының саны
- 25. ҰбТ-ға бөлінетін уақыт-3,5 астрономиялық
сағат. Тестілеу нәтижелері бойынша апелляцияға
өтінішті бітіруші тестілеу нәтижелері жарияланғаннан
кейін, келесі күнгі сағат 14-ке дейін бере алады және
апелляциялық комиссия өтінішті бір тәулік мерзімінде
қарайды.
Өтініш берушіде өзімен бірге жеке ба-
сын куәландыратын құжат және ҰбТ-ға кіруге
рұқсаттамасы болуы керек.
Конкурсқа қатысу үшін 50 балдан («Жалпы ме-
дицина» мамандығы үшін 65 балдан төмен емес),
ұлттық жоғары оқу орындарына түсушілер 70 балдан
төмен жинамауы тиіс («білім», «ауылшаруашылық
ғылымдары» және «Ветеринария» топтарының
мамандықтары үшін 60 балдан төмен емес), соның
ішінде бейіндік пәннен 7 балдан (әрбір шығармашылық
емтиханнан 10 балдан), ал қалған ҰбТ пәндерінен
(оның ішінде қазақ мектептерінде оқытылатын орыс
тілі мен орыс мектептерінде оқытылатын қазақ тілінен)
4 балдан төмен болмауы керек.
биылғы жылғы ерекшелік қорытынды ведомостар
шыққан кезде мектеп бітірушілердің фамилиясы емес
олардың ЖСН-дары тұрады. бұл бітірушілердің ара-
сында түсінбеушіліктер болмау үшін жасалған шара.
Құрметті мектеп бітірушілер, алдағы сынақта өз
білімдеріңізді дәлелдейтін жақсы нәтижелерге қол
жеткізулеріңізге тілектеспіз!
Бүкіл республика бойынша ҰБТ
алдағы 01.06.2015-15.06.2015 ж.ж.
аралығында өткізіледі. Барлық
мектеп бітірушілерден 10.03.2015-
25.04.2015 ж.ж. аралығында ҰБТ-ға
қатысу туралы өтініштер қабылданды.
ҰБТ жылдағыдай бес пән бойынша
тапсырылады.
Өнерлі он саусақ.
Таразы
10
// «ЖАМБыл - ТАРАЗ» // №22 (1257), 27 МАМыР 2015 Жыл //
Төбемізден алқаракөк аспан төніп, қара жердің үстіне қара қазақ қара шаңырақ
көтеріп, қара қазанын қайнатқалы алаш ұрпағының ұғымында «педофил» сөзі жоқ еді.
Қилы-қилы заманды бастан өткеріп, түрлі-түрлі қылмыстың қыр-сыры ашылып, қанша
жерден «қарағай басын шортан шалып жатса да», бала зорлау, соңынан өлтіріп тастауын
ести қоймаған қазақ едік. Енді, міне аштық, қуғын-сүргін, соғыстан аман қалған шыбын
жан - жантүршігерлік оқиғалардың тірі куәсі болып, айдың күннің аманында қылмысқа
сылтау іздеген делқұлылардың кесірінен тағдыры тас-талқан болған бүлдіршіндердің
жазықсыздан жазықсыз тағдырына балта шабылып жапа шеккенін естіп, жаға ұстадық.
Достарыңызбен бөлісу: |