Бақытты, Базарлы Балалық! №22 (1257)



Pdf көрінісі
бет5/11
Дата19.01.2017
өлшемі6,67 Mb.
#2253
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

жүз 

тЕңГЕліК 

Бақыт

Бала тілі - балмұздақ



айна

14

//   «Жамбыл - ТаРаЗ»  //  №22  (1257),  27  мамыР  2015 Жыл  //



Шежіре - 20

 (Сарғайған газет беттерінен)

Жалғасы, басы өткен санда 

1997 жыл

№6 (52). 6.02.1997

Газеттің осы санынан бастап газеттің бас 

редактор ретінде болат Дүйсебаев қол қойды.

Қала әкімі болат Жылқышиевтің есепті ба-

яндамасы жарияланды.

1997  жылдың  қаңтарында  Елбасы 

Н.Назарбаев «Жамбыл облысының орталығы 

–  Жамбыл  қаласының  атауын  өзгерту»  ту-

ралы  Жарлыққа  қол  қойды.  Осыған  орай 

Тараздың  2000  жылдығын  2002  жылы  атап 

өту үшін ұйымдастыру-техникалық іс-шаралар 

бағдарламасы жарияланды.

20-30  жылдары  Қазақ  елінің  өркендеуіне 

атсалысқан  Қарымбай  Қошмамбетовтың 

туғанына 100 жыл.

№12 (58). 20.03.1997

Ғалым,  тарихшы  мұхаммед  Хайдар 

Дулатидің 500 жылдығына облыс орталығында 

халықаралық ғылыми-теориялық конференция 

өтті.

№14 (60). 3.04.1997

Газеттің осы санынан бастап Ирина малико-

ва бас редактор ретінде қол қойды.

№19 (65). 8.05.1997

Қала  әкімі  болат  Жылқышиев  облыстық 

«ақ жол» газетінің  75 жылдық мерейтойына 

қатысып, газет ұжымына теледидар тарту етті.



№22 (68). 29.05.1997

«Сорос-Қазақстан» қорының мектептердегі 

дәстүрлі үлгілерді өзгертуге, жаңа баламалы 

үлгілер жасауға бағытталған бағдарламаларды 

қолдау  ниетімен  ҚР  білім  министрлігімен 

бірлесіп,  «мектептерге  арналған  гранттар» 

жобасын жүзеге асырған болатын. Гранттың 

бірін Тараз қаласындағы №45 б.момышұлы 

атындағы  қазақ  классикалық  гимназиясы 

жеңіп алды.



№23 (69).5.06.1997

Тараз  қаласының  2000  жылдығына  орай 

қалалық мәдениет бөлімі Шәмші Қалдаяқовтың 

шығармашылығынан ән-би байқауын өткізді. 

байқауда бас жүлдені Жамбыл университінің 

студенті мадина Сағымбекова, бірінші орын-

ды гуманитарлық колледж студенті Қарлығаш 

Жамбаева жеңіп алды.

«Қант» аҚ-ының 60 жылдығына материал-

дар топтамасы берілді.



№24 (70). 12.06.1997

18  жасар  Халықаралық  дәрежедегі  спорт 

шебері, жерлесіміз Оксана борисюк Гавай арал-

дарында өткен спорттық акробатикадан Әлем 

чемпионатында қола жүледегері болып оралды.

№25 (71). 19.06.1997

Облыстық  драма  театрында  жерлесіміз, 

белгілі актер асанәлі Әшімовтың 60 жылдығы 

аталып өтті. Облыс әкімі амалбек Тшанов өнер 

иесінің иығына шапан жауып, ат мінгізді.

м.Әуезовтың 100 жылдығына орай әкімшілік 

қызметкерлері шағын футболдан жарыс өткізді. 

Қала әкімдігі құрамында доп тепкен қала әкімі 

болат Жылқышиев жер қатынастар бөлімінің 

командасымен  болған  ойында  алғашқы  гол 

соғып, ерекшеленді.

№37 (83). 11.09.1997

Таразда Үнді елінің мәдениет күндері өтті.

Қазақ соқырлар қоғамына 60 жыл.

Облыс  әкімі  амалбек  Тшановтың 

қолдауымен Шәмші әндеріне арналған «менің 

Қазақстаным!» атты ән байқауы өтті. байқауда 

бас  жүлдені  филармонияның  әншісі  Сәуле 

Желдібаева жеңіп алды. бірінші орын Назгүл 

Дүйсенбаеваға,  екінші  орын  луговойлық 

Гүлнұр Өмірбаева мен Жамбыл гуманитарлық 

колледжінің  студенті  Тахмина  Әшімбекова, 

үшінші орын қаратаулық Индира Әбдиева мен 

жамбылдық мадина Сағымбековаға бұйырды.

жалғасы келесі санда

g

 



М.Х.Дулати атындағы  ТарМУ  «Филология  және  журналистика»  кафедрасының  

студенттеріне  «Жас  журналистер  мектебі»  ашылды.  Студенттер  бұл  жерде  тек  мақала  жа-

зып, бұқаралық  ақпарат  құралдарында  жұмыс  істеуге  үйреніп  қана  қоймайды,  танымал  жур-

налистермен  кездесіп,  сауатты  сауал  қоюға  үйренеді, қоғамның  маңызды  мәселесін  көре  

біліп,  көтеруге  дағдыланады.

Майра ІЛеС, студент

Жу р н а л и с т     б а с қ а ғ а     ұ қ с а м а й т ы н , 

өзгелерден    өзгеше    айырмашылығы    бар  

мамандық.  Себебі    ол    газет-журнал    неме-

се    радио    мен    телевидениенің    жұмысын  

атқарып, шығармашылық  қызмет  жасайды. 

Көпшіліктің  үні  бола  отырып, қоғамда  бо-

лып  жатқан  оқиғаны  жедел  әрі  уақытпен  

үнде се    жеткізетін    жаңалық    жаршысы.

бірақ  жеделділік  пен нақтылыққа басымдық 

берілген  кезеңде    халық    талғамы    мен    та-

лабы  да өскен. Сәйкесінше  осы  талаптарға  

сай    мамандар    даярлаудың    жауапкершілігі  

артып,  біршама    деңгейде    қиындады  де-

сек,    қателеспеген    болармыз.  бұл  бағытта 

тәжірибелі  ұстаздар  еңбек  етеді. Студент-

терге  қолдау   көрсетіп, уақыт  талабына  сай  

шығармашылық    қабілеттерінің    шыңдалуы  

үшін  оқытудың  жаңа  ақпараттық  технологи-

ясын  да  мүмкіндігінше  жиі  қолданып  дәріс  

береді.  Дегенмен  білікті журналист  маман-

дарды  даярлауда  тек    кафедрада    берілетін  

білім    аздық    етеді.  ал  «Жас    журналистер  

мектебінің»  ашылуы өте  құба  құп игі  ба-

стама.  Әрі  студенттер де  аталған  шеберлік  

сыныбына  белсенді  қатысады. Оған  бірден  

бір    себеп    мектепте    түрлі    семинарлар, 

тәжірибелі  журналистермен  кездесулер, әр  

жиында  студенттерге  тапсырмалар  беріліп,  

топ  ішілік  эссе байқаулар,  ұйымдастырып  

тұрады.    Ол  тапсырмалар    қарапайым    ғана  

болуы  мүмкін. айталық, бүгінгі  оқиға  ту-

ралы  ақпарат   жазып  келу, көкейде  жүрген  

түйіткілді  мәселені қозғайтын  тақыраптағы 

дегенсипатта.  бұл  ретте  айта  кету  керек, 

жазылған    дүниелер    тексеріліп,үздік    деп  

танылғандары    басылымға    шығады.  Жас 

журналистің топтағы  студенттермен бәсекеге 

түсіп  мақаласының  басылым  бетіне  шығуы  

үшін  талпынғандығының  өзі  оларды  үнемі  

тың    жаңалық    жазып,    ізденісте  жүруге  

үйретеді.

мінеки,  осындай    игі    істі  қолға  алып 

басы-қасында    басшылық    жасап,  мектептің 

ойдағыдай  жұмыс    жасауы  үшін  тер    төгіп  

жүрген  журналист  Дәметкен  ахметова мен 

«Филология  және  журналистика» кафедрасы  

тарапынан  атсалысып  отырған    филология  

ғылымдарының    кандидаты,  доцент  Зауре  

Сағыбайға  еңбектеріңіз      жемісті    болғай  

дейміз.  Университет    басшылығымен    екі  

жақты    ынтымақтастық    туралы    меморан-

дум    арқылы    құрылған  «Жас    журналистер  

мектебінің»  негізгі    мақсаты  –  жастардың  

бойындағы    дарынын    дамытып,  болашақ  

мамандығымен    жақынырақ    таныстыру, 

«қаламының  желі» бар студенттердің  басын  

қосып  журналистикаға  бейімдеу, аймақтағы  

журналистиканың    түйінді    мәселелерімен  

айналысып,  о сы    салада  қалам      тербеп  

жүргендерге  қолдау  көрсету.

Жоғарыда  айтып  өткендей  мектепте  жур-

налистермен  және  баспасөз  басшылары  және 

редакторлармен    түрлі    жиындар    өткізіліп  

тұрады. бұл жолғы басқосу «Редакцияға жас 

журналист  келді»  деген  тақырыпта  өтіп, 

күні кеше ғана оқу орнын бітіріп келген жас 

маманға бағыт беру мақсатында редактор мен 

ұжым қызметкерлерінің алатын орны сөз бол-

ды.  Тәлімі  мен  тағылымы  мол  кездесулердің  

бірінде  студенттер – Қазақстанның  Құрметті  

журналисі, Қазақстан Жазушылар және Жур-

налистер Одағының  мүшесі  мақұлбек  Рыс-

даулетпен  жүздесті.  Қызығы  мен  қиындығы  

қатар    жүретін  «Журналист»  мамандығы  

турасында әңгімесін  баяндап, өзінің  еңбек 

жолының  алғашқы  баспалдақтары  туралы 

айтып, болашақ әріптестерімен  құлшына сыр 

шертісті.  Сондай-ақ  дөңгелек  үстелге  «Жам-

был-Тараз»  газеті редакторының орынбасары  

Ерман    Әбдиев,  «Жамбыл-Спорт»  газетінің  

редакторы марат ахметов, облыстық«ақ жол» 

газетінің тілшісі, ақын  Наурызбек  Саршаев, 

«ар-ай»    газетінің  тілшісі,    ақын    Хамит  

Есаман, байзақ  аудандық  «ауыл  жаңалығы» 

газеті  редакторының  орынбасары Гүлшаһар 

Ермұратова,  Жуалы    ауданы    «Жаңа    өмір»  

газеті    редакторының    орынбасары  марат 

Құлибай,  «Университет    тынысы»  газетінің  

редакторы  Ғалия  боранбаева    да    қатысып, 

студенттер  үшін  берері  мол  келелі  кездесу  

болды. Пікір  алмасып, ой  бөліскен, мейлінше  

еркін  форматта  өткен  бұл  жиында  дәстүрлі  

медианың  жаңа  медианы қабылдауы,  яғни    

журналистиканың    өкілдері    бірте-бірте  

блог,  сайт    ашып,    саланың    кеңейіп    келе  

жатқандығы    сынды    т ақырыпт арды    да  

қамтыған    қызықты    әңгіме  өрбіді.  аталған  

тақырыптар  төңірегінде  әр  түрлі  пікірлер  

болды. Кейбір  журналистер:      «... бұрынғы  

газеттің  интернетке  шығуы  жаңа  медиадағы  

болмыстың    ауқымын    кеңейтеді.  ақпарат  

берудің    мазмұны    өзгереді.  бір    жағынан  

бұл    бәсеке.    Тіптен    газет    екінші    орынға  

шығып,  оқырманның  ықыласы  блогшыларға  

ауып  кетуі  бек  мүмкін» деген болжамның да 

жоқ  емес  екендігін  айтса, енді  бірі «Қайта  

газеттің  жаңа  медиа  форматына   көшкені  

оның  инициативтілігін  арттыра  түседі.  Оған  

қоса  таралымы  мен  аудиториясы  кеңейіп,  

жаңа  нарық  қалыптаса  бастайды»  деп   ойла-

рын  білдірді.  Негізінен басылымдарда кәнігі  

көп  жылдық  еңбек өтілімі  бар журналистер 

қызмет етеді.  Олар  мемлекеттен  қаржылық  

қолдау    алады.  Сондықтан    газет    жұмысын  

тоқтатпайтындығы    айтылып,    сан-салалы  

ойлар  ортаға  салынды.

Көңілде    жатталар    қаламы    қарымды  

журналистермен    өткен    тағылымы    мол  

басқосуда студенттер  айтылған  әңгімелерді  

зейін    қойып    тыңдады.    «Жас    журнали-

стер    мектебі»  жұмысын    тоқтаусыз  атқара  

берсе  нағыз    шыңдалу    мектебіне    айна-

лып,    жастардың    шығармашылық    әлеуетін  

дамытуға  үлес  қосары  сөзсіз.

 

„



«Нұр Отан» партиясы жыл сайынғы дәстүрлі үрдіс – журналистерге арналған «Нұр 

Сұңқар» республикалық байқауының басталғанын хабарлайды  

биыл тұңғыш рет радиожурна-

листер мен сыбайлас жемқорлыққа 

қарсы тақырыпты көтерген баҚ 

қызметкерлері марапатталады.

«Нұр  Сұңқар»  –  бұл  жыл 

сайынғы  дәстүрлі  үрдіс  –  пар-

тия мен баҚ өкілдері арасында 

әріптестік пен  ынтымақтастықты 

дамытуға үндейтін ел аумағындағы 

барлық журналистерге арналып 

өткізілетін ашық байқау.

б а й қ ау   ж ұ м ы с т а р ы н ы ң 

тақырыбы  –  партияның  аса 

м а ң ы з д ы   б а с т а м а л а р ы н , 

партияның  жаст ар  с аяс а-

тын,  партия  мен  оның  фили-

а лдары,  маслихатт ардағы 

фракцияларының  жұмысын, 

сондай-ақ  бастауыш  партия 

ұйымдарының  қызметін  жария 

ету.

Өткен жылы еліміздің барлық 



аймағынан  «Нұр  Сұңқар»  кон-

курсына  қатысуға  221  өтініш 

келіп  түсті.  байқауға  Елбасы, 

«Нұр Отан» партиясы Төрағасы 

Нұрсұлтан  Назарбаевтың  алға 

қойған  міндеттерінің  іске  асы-

рылу барысы, «Қазақстан-2050» 

стратегиясының басымдықтары, 

партия Доктринасының ережелері, 

сондай-ақ партиялық бастамалар-

ды  жариялаған  журналистердің 

е ң б е к т е р і   қ а б ы л д а н д ы . 

былтырғы жылы байқау комис-

сиясы шараның бірінші кезеңінің 

қорытындысы  бойынша  114 

жұмысты іріктеп алды.

2014  жылғы  1  қыркүйектен 

2015 жылғы 11 маусымға дейін 

жарияланған  немесе  эфирге 

шыққан материалдар және де жа-

рияланымдар мен бағдарламалар 

циклдері түрлі жанрларда (очерк, 

сұхбат,  мақала,  телевизиялық 

және  радио  бағдарламалар, 

журналистік  зерттеулер  және 

басқалары) қабылданады.

материалдар мемлекеттік және 

орыс  тілдерінде  қабылданады. 

б а й қ ау ғ а   м ат е р и а л д а р д ы 

қабылдаудың  соңғы  күні  – 

ағымдағы  жылдың  12  маусымы 

(алынатын  күн).  Жеңімпаздар 

а қ п а р ат   ж ә н е   б а й л а н ы с 

қызметкерлері  күні  қарсаңында 

елордамыз  –  астана  қаласында 

марапатталады.

биыл сыйақы тізбегіне радио-

журналистер  мен  жемқорлыққа 

қарсы  тақырыпты  көтерген 

тілшілер  үшін  жаңа  номинация 

қосылып отыр.

БаЙқау

Редакцияға жас журналист келді

Осылайша, жеңімпаздар 9 номи-

нацияда анықталатын болады:

1)  «Ерекше  пікір»  –  Ең  үздік 

телевизиялық журналист

2) «Сөз шебері» – Ең үздік газет 

журналисі

3)  «медиа-профи»  –  Ең  үздік 

ақпараттық агенттік журналисі

4) «Көзқарас» – Ең үздік блогер

5) «аймақ айнасы» – Ең үздік 

өңірлік корреспондент

6) «Қоғам үні» – Ең үздік радио 

журналисі

7 )   « Қ а з а қ с т а н д ы қ 

журналистикаға қосқан үлесі үшін»

8)  «Партия  қызметі  туралы  ең 

үздік материал үшін»

9)  «Сыбайлас  жемқорлыққа 

қарсы тақырыптағы ең үздік мате-

риалдар үшін».

айта  кетейік,  былтыр  «Нұр 

Отан» партиясы Саяси кеңесінің 

отырысында партияның 2015-2025 

жылдарға  арналған  Сыбайлас 

жемқорлыққа  қарсы  іс-қимыл 

бағдарламасы қабылданған бола-

тын. Оның мақсаты – бүкіл қоғамда 

коррупцияның кез келген көрінісіне 

төзімсіздік ортасын қалыптастыру 

арқылы  халықты  жемқорлыққа 

қарсы қозғалысқа тарту. 

Жеңімпаздарға 1 миллион теңге 

көлемінде сыйақы беріледі. 

байқау  Ережесімен  төменде 

көрсетілген  мекенжайдан  біле 

аласыздар.

материалдарды  байқаудың 

ұйымдастыру комитетіне жолдау 

керек: 

010000,  астана  қаласы,  «Нұр 



Отан»  партиясының  Орталық 

аппараты, Д.Қонаев көшесі, 12/1, 

№705 каб., тел.: +77172 55 55 96, 

+77172  55  55  63,,  электрондық                                  

пошта мекенжайы: nursunkar2015@

nurotan.kz.



Жаназық

13

//   «Жамбыл - ТаРаЗ»  //  №22  (1257),  27  мамыР  2015 Жыл  //



g

 

Кеңес одағының батыры, жазушы, даңқты жауынгер, әскери 



қолбасшы, көзі тірісінде-ақ ерлігі аңызға айналған  Бауыржан 

Момышұлы туралы жазылған шығармалар мен түсірілген деректі 

фильмдердің қатары күннен күнге көбейіп келеді. Жуырда жергілікті 

баспадан шыққан тағы бір жинақтың тұсауы кесілді.



оқ пЕн оттан 

оралғандар

Нұржан СерІКХаНҰЛЫ

Жауынгерлік әңгімелер  мен 

дастан-жырлар кітабының ав-

торы ақын, журналист мүтәліп 

Ережепбаев.  автордың  бұған 

дейін  «ата  қоныс»,  «Өлеңім 

өмірім»,  «аңызға  айналған 

ақиқат», «Жамбыл жолы» атты 

кітаптары  оқырмандарының 

ой-көңілінен  шығып,  жылы 

і л т и п а т қ а   д а   и е   б о л ғ а н . 

Қаламгердің  бұл  кітабы  «Оқ 

пен оттан оралғандар» деп ата-

лады. Жинақта, халқымыздың 

ардақ  тұтар  азаматы,  әйгілі 

батыр  бауыржан  момышұлы 

туралы  және  еңбегімен  елге 

танылған ұлы тұлғалар жайлы 

естеліктер берілген.                                                                                                

 –батыр бауыржанмен естен 

кетпес  алғашқы  кездесу  1960 

жылдың наурыз айында болды. 

Оны  тұңғыш  рет  көрудің  реті 

келді... Күні бүгінгідей көз ал-

дымда, ал оның «гүр» еткен зор 

дауысы  әлі  күнге  құлағымда. 

Ер  баукеңмен  кездескендегі 

сол  бір  сөзін  мен  ұмыта  ал-

мадым.  «Сен  өзің  Жуалыда 

болып  көріп  пең?  Жуалының 

сұлулығын  барып  көрмесең, 

оны өлеңге қалай қосарсың?!» 

деп қалды ол маған Сарыағаш 

курортында. мен жым болғам. 

« м ө л д і р »   д е г е н   ө л е ң і м д і        

бауыржан  батырдың  алдын-

да  оқып  нем  бар  еді?..Кейін, 

б ау к е ң   д ү н и е д е н   ө т к е с і н 

Жуалыға  жолым  түсті  –  деп 

бастапқы  жинақтың  авторы, 

Ұ О С   ж ә н е   е ң бе к   а рд а ге р і                                                                             

м. Ережепбайұлы. 

  « б і р   б і л е т і н і м   – е ш т е ң е 

б і л м е й т і н і м »   д е й д і   ә й г і л і 

ф и л о с о ф   С о к р а т .   б ұ л 

т ұ р ғ ы д а   қ а р т   ж а з у ш ы   д а 

« м е н і ң   б ұ р ы н н а н   б і л е м і н 

д е п   ж ү р г е н і м   б а т ы р д ы ң 

1929  жылдан  былайғы  өмір 

д е р е кт е р і   ғ а н а   е ке н »   д е п , 

№ 3   К ө л б а с т ау   ау ы л ы н д а 

д ү н и е ге   ке л ге н   б ау ке ң н і ң 

Ш ы м к е н т   қ а л а с ы н д а ғ ы                                                          

С ы п а т а е в   а т ы н д а ғ ы   ж е т і 

жылдық  мектебінде  (1923ж) 

және  1926 жылы сол оңтүстік 

ш а һ а р ы н д а ғ ы   а л т ы   а й л ы қ  

финанс  қызметкерлері  кур-

сында,    ас а  интернатында 

оқығандығы сынды батырдың 

өмір дерегінен сыр шертеді. 

  « Ұ л т ы м ы з д ы ң   ұ л ы 

қ а һ а р м а н   қ о л б а с ш ы с ы                                                                    

б а у ы р ж а н   м о м ы ш ұ л ы . 

мұрағат  ақиқаттары»,  «Ұлы 

Отан соғысының жауынгерлері 

туралы өлеңдер мен әңгімелер» 

және автордың өз өлең жырла-

ры,  әр  кездері  жарық  көріп 

отырған  мақалалары  мен  ой 

тол ғ аул а р ы н   қ о с қ а н д а   ү ш 

б ө л і м н е н   т ұ р ат ы н   ж и н а қ , 

өскелең  ұрпақтың  танымын 

кеңейтуге  үлесі  бар  тәрбие 

құралы  деуге  әбден  лайық. 

Соғыстың  ауыры-жеңілі  жоқ. 

б а рл ы қ   а д а м з ат   б а л а с ы н а 

татулық  пен  бейбітшіліктің 

бағасын  сездірген  сұрапыл 

соғыстың  қасіреті  әлі  күнге 

елдің есінде. 

  Ж а м б ы л   о б л ы с т ы қ   б а -

л а л а р   м е н   ж а с ө с п і р і м д е р 

к і т а п х а н а с ы н д а   қ а р т 

қ а л а м г е р д і ң   а т а л м ы ш 

к і т а б ы н ы ң   т ұ с а у   к е с у 

рәсімінің  басты  қонақтары 

да  мектеп  оқушылары  бол-

ды.  Кітапхана  директорының 

орынбасары Жанат айтжанова 

шараны ашып беріп, кітаптың 

тұсауын  кесті.  Оқырмандар 

арасынан  суырылып  шығып, 

мүтәліп  қарияға  өзінің  ар-

нау  өлеңін  оқыған  №10  орта 

мектептің  7  сынып  оқушысы 

Әшім  Іргебаев,  қаламгердің 

ақ  батасын  алды.  автордың 

естелігін  тыңдап  болған  соң, 

кітапхана ұжымы авторға сый-

сияпат жасап, оған ұзақ ғұмыр 

мен шығармашылық табыстар 

тіледі.

Ұрпақтың қалсын жадында...



 

Мәңгілік мәні өмірдің

 

„

Тарихын қазбаласаң - Қарахан мен Айша бибі, 



тағдырын зерделесең - Болат пен Айнұр есімді 

ғашықтардың рухы кезген Тараз шаһары қаншама 

ақын жазушылар мен қылқалам шеберлерінің 

туындысына арқау болмады десеңші. Әлі де жазылар 

дүние жетерлік. Жуырда ғана Гүлнұр Ембердиеваның 

мәңгілік тақырыпты арқау еткен әңгімелер жинағы 

жарыққа шықты.   

айсана НҰрБаП

Кешегі  ел  бастаған  ерлер  мен 

сөз бастаған билер, Отан үшін оққа 

байланып,  майдан  даласында  мерт 

болған  батырлардың  барлығы  да 

ғашықтар еді. Отанға ғашық перзент-

тер. махаббат деген сөздің ауқымы 

қаншалықты кең болса, Отан деген 

сөздің  де  мағынасы  соншалықты 

терең. Жақындарыңды бағала, ұлтыңды 

сүй,  сүйіктіңді  аяла,  достарыңды 

қадірле. Осының барлығы Отан анаға 

деген  іңкәр  сезімге  сыйып  жатыр. 

«...О дүниеде қосыла ма білмеймін, 

бұл дүниеде қосылмаған бастары?» 

деп  ақын  маралтай  Райымбекұлы 

жырлағандай, бұл далада топыраққа 

айналып кеткен қаншама халықтың 

арыстай ұл- қыздары, аяулы ғашықтары 

жатыр. Осыдан тура он жыл бұрын 

ҚР  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың 

«болашақ»  бағдарламасы  бойын-

ша  Ұлыбританияның  Кардиф 

университетінің магистратурасында 

оқып жүрген тараздық болат Карентаев 

пен ақтөбелік айнұр Сүлейменова елге 

үйлену мақсатында келе жатып, 2005 

жылдың 23 желтоқсанында Каспийге 

құлаған ұшақ апатынан қайтыс болған 

еді. бір құдіреті құтқарушылар теңіз 

тұңғиығынан қос ғашықтың денелерін 

алып шыққанда, мәңгілік бір болуға 

серттескендей, екеуі бір-біріне байла-

нып қалған екен...автор кітаптың хи-

каяттар бөлімінде осынау трагедиялық 

тақырыпты барынша аша түсуге және 

сол мұңлы жұмбақ сезімнің астарына 

үңіледі.  Ол    ғашықтардың  рухына 

лесіп, ой аралы мен қиял құрлығына 

қанат сермейді. Өзі ғана емес, кітапқа 

көз жүгірткен кез келген оқырманды 

ғашықтар  рухымен  сырластырып, 

көңіл қазанында сапырылып жатқан 

сезімдерді төбеңнен төге салғандай 

күйге жетелейді. Сол сәтте, күйбең 

тіршілікпен құлтемір бола бастаған 

адам болмысы өзінің тірі екенін сезініп, 

махаббаттың  құдіретін  мойындай 

бастайды. «– Егер сен бүгін өлетініңді 

білсең не істер едің? – дейді айнұр 

болатқа.

-Жаным, неге мұндай сұрақ қойдың?

-Жауап берші?

-менің өмірім сенімен басталады, 

сенімен аяқталады.

-білем,  тек...-  деп  сөзінің  соңын 

жұтқан айнұр, - Үйіңдегілер тойға      

дайындалып  жатқан  шығар?  Сенің 

мына  келісімшартың  болмағанда, 

әлдеқашан Таразда болар едік. Теплоход 

келгенше қай заман. ақтауда бірер күн 

аялдаймыз, одан әрі Шымкентке ұшып, 

Таразға жетеміз. Қандай ұзақ жол...»                                                                                                                          

«Әп-сәтте  әуеден  құлаған  ұшақты 

қарт Каспий жұта салды...»-деп ав-

тор, қос ғашықтың соңғы диалогына 

үн қосып, көз алдыңда сөйлетеді. Ең 

қызығы  оқиға  барысында  автордың 

өзі де, бір-біріне қосыла алмай қаза 

болған  екі  ғашықтың  да  жасы  жи-

ырма  сегізде.  Сонымен  қатар  автор 

жастар  арасындағы  аумалы-төкпелі 

сезімнің қарама-қайшылықтары мен 

үміт, өкініш, сағыныш сынды жүректің 

жүгін ауырлатқан, адамзаттың өзіне 

де түсініксіз махаббаттың құдіретіне 

әңгіме жанрындағы миниатюралық мы-

салдар арқылы анықтама береді. Және 

ол анықтаманы жинақты толық оқып 

шыққан оқырман ғана тусінуі мүмкін. 

Өйткені оқылған жайттардың барлығы 

оқырманды өзінше  ойға жетелейді. 

Кітаптың үшінші бөлімі бір мағыналас 

үш оқиғалардан құралған. Жазба тілінде 

триптих  деп  аталатын  бұл  ұғым  ең 

алғаш рет бейнелеу өнерінде пайда 

болғанмен,  бүгінде  проза  саласына 

бояуын қанықтырып үлгерді. 

Гүлнұр Ембердиеваның «махаббат 

романстары»,  «Ескі  жылдың  соңғы 

күні»,  «Құса»,  «Доллар»,  «Жалған 

сөз», «Фарт» және «Есепке құралған 

өмір-ай»  атты  триптихтері  тікелей 

бүгінгі  қоғамға  қатысты  жазылған. 

Әлеуметтік  желі  арқылы  танысқан 

жастар махаббаттың жауапкершілігін 

қаншалықты түсінеді? Парадокс, ин-

трига,  ирония,  несиесі  бар  қыздан 

астындағы аты үркитін бүгінгінің сері 

сымақтары, махаббат моралін матери-

ализммен таптаған,  жүрек қалауымен 

жарасудың орнына бір-бірімен санасу-

ды өмірлік әдетке айналдырған кімдер? 

балалық  шақтан  бақытсыздықтың 

күйін  кешіп,  жаңа  жыл  мерекесін 

жетімдер үйінде қарсы алудан басқа ама-

лы жоқ, өзін өзекке тепкен анасын сағына 

күтіп  жүрген    арманайдай  қазақтың 

аяулыларының тағдыры қандай? Осы 

іспетті қоғамның күлкілі де қайғылы, 

ащы да тұщы тұстары жазылған шығарма 

кімді де болса сөзсіз ойландырары анық. 

Өткен  демалыс  күндері  Жамбыл 

политехникалық колледжінде кітаптың 

авторы,  облыстық  «арай»  газетінің 

директор-бас  редакторы  Гүлнұр  Ем-

бердиевамен  кездесу  кеші  өтті. 

«махаббат-өмір романсы» деп аталған 

жиында колледж студенттері қаламгердің 

«Тамшы  жас»,  «Сыйлық»,  «Есепке 

құрылған  өмір»,  «Сағындым  KZ», 

«махаббат  періштесі»  атты  жинаққа 

енген әңгімелерінен сахналық қойылым 

қойып, өздеріне ұнаған триптихтерді 

сөз етіп, кітапқа қатысты  сұрақтарын 

ортаға салды. Сазгер Сәрсенбек бәкір, 

ақын Серік Томановтың сөзіне жазылған 

«аузынан  айдың  түскен  қыз»  әнін 

орындады.  ақын  Хамит  Есаманов 

көктем тақырыбында жазылған жаңа 

өлеңін оқып, жарыққа шыққан жинақ 

туралы  өз  лебізін  жеткізді.  Шараны 

жүргізген колледж директоры, педаго-

гика ғылымдарының кандидаты Жанар 

Орынбаева кітаптағы өмір шындығынан 

алынған  оқиғаларды,  махаббат  пен 

қасірет,  мұң  мен  шаттықты,  траге-

дия мен әзіл-әлжуа, күлкілі жайттар-

ды,  қаламгерлік  қиялдан  туындай-

тын  фантазиялық  ой-оралымдарын 

автордың  шебер  әрі  нақты  жеткізе 

алғандығын баса айтып өтті. Расында, 

әрбір қаламгер өзі өмір сүрген кезеңнің 

моральдық және әлеуметтік проблема-

ларын, рухани тынысын, жетістіктері 

мен кемшіліктерін көрсетуге тырыса-

ды. Оқырманның талабы да, іздейтіні 

де  осы.  Жиын  соңында  шараға 

қатысушылар  қаламгерден  қолтаңба 

алып,  шығармашылығына  толағай 

табыстар  тіледі.  Нағыз  махаббаттың 

нәркес  сырларын  зерделеп,  талай 

жандардың музасына айналған тарихи 

Тараз шаһарында жарыққа шыққан жаңа 

туынды көпшілік оқырманның, әсіресе 

жастардың көңілінен шығатындығына 

сеніміміз мол. 


әлеумеТ

12

//   «Жамбыл - ТаРаЗ»  //  №22  (1257),  27  мамыР  2015 Жыл  //



g

 

Қалалық мәдениет үйінде Қазақ хандығының 550 жылдығына 



арналған қолөнер шеберлерінің көрмесі өтті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет