Бақытты, Базарлы Балалық! №22 (1257)


Бүлдіршіннің ӨМір Гүлі солМасын!



Pdf көрінісі
бет4/11
Дата19.01.2017
өлшемі6,67 Mb.
#2253
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Бүлдіршіннің ӨМір Гүлі солМасын!

Құралай СеЙСеНБеКҚЫЗЫ

Негізі  педофил  сөзі  гректің  «сәби»  және 

«махаббат» деген сөзінен алынған. мағынасы: 

«сәбиге деген махаббат» дегенді білдірсе керек. 

алайда бұл сөздің төркінінде сәбиге деген ма-

хаббат емес жауыздық жатқаны жаныңа батады.

  Н а ғ ы з   п е д о ф и л д е р   л а й т   ж ә н е   х а р д -

педофилдер болып екіге бөлінеді. біріншілерден 

көп  қауіп  жоқ.  бұлар  -  психологиялық  про-

блемалары  бар,  қорланған  адамдар.  Олар 

ешқашан  өз  қиялдарын  жүзеге  асырмайды. 

Ең  қауіптілері  –  хард-педофилдер.  Олар 

өздерінің  не  қалайтындарын  жақсы  біледі, 

барлығын  мұқият  ойластырып,  көбіне  топ-

пен  басқа  қалаларда  жұмыс  жасайды.  Жал-

пы,  үлкен  кісілерді  қатты  сыйлайтын,  оны 

беделге  санайтын,  үлкенді  қадір  тұтқаннан 

«Жоқ!»  деп  айта  алмайтын  балалар  көбіне 

педофилдердің құрбанына айналу қаупі басым. 

Қылмыскерлердің қолданатын айлалары шаш-

етектен.  мысалы,  шоколад,  кәмпит  беруден 

бастап,  жоғалған  мысығын  табуға  көмектесу 

сияқты  өтініштерін  орындауға  асыққан  кейіп 

танытады.

Күнделікті телеарналар мен баспасөздерден 

кәмелеттік  жасқа  толмаған,  тіпті  балабақша 

ж а с ы н д а ғ ы   к і ш ке н т а й   б ү л д і р ш і н д е рд і ң , 

одан  қалды  ұл  балаларды  зорлап  кетті  деген 

ақпараттар жиі айтылатын болды.

Осынау  оқиғаларды  естіген  сайын  сонау 

балалық  шақтың  бір  түкпірінде  ұмыт  қалған 

бір  ой  санамның  саңылауынан  қылаң  беріп, 

көз  алдымда  көлбеңдеп  тұра  қалды.  13  жа-

сар  кезім.  ата-анам  қонаққа  ертіп  барды.  біз 

барған  үйдің  14  жасар  қызы  және  жиырмаға 

жете  қабыл  үлкен  екі  ағасы  бар  еді.  Әлгі  қыз 

екеуміз  ойнап  жүргенде,  ағасы  қасымызға 

келгіштей  берді.  ағасын  көргенде  қыздың 

қабағы  түйіліп,  әлденеден  мазасызданатыны 

байқалды. бірақ ағасы тым жақсы  адам екенін 

көрсеткісі  келгендей  қамқор  көңілмен  бізге 

кәмпит  ала  келеді.  Қыз  құлағыма:  «Тысқа 

шығып келейік» деп сыбырлады. ағасы болса: 

«Қайда барасыңдар? Келіңдер, мен сендерді ой-

натамын» деп жатты. Тысқа шығып, қыз екеуміз 

оңаша қалғанда: «Түнде ағам мен ұйықтайтын 

бөлменің  есігінен  сығалап  тұрады.  Көрпемді 

ашып-жауып жатқанынан оянып кетемін. Кейде 

«жаурап  қалған  жоқсың  ба?»  деп  иығымнан, 

кеудемнен  сипалап  сүйеді.  мен  шошынып 

жылап жіберемін де, үйдің іші азан-қазан бо-

лып,  әке  шешем  оянып,  мені  қастарына  алып 

кетеді. бірақ оларға неден шошитынымды әлі 

айтқан  жоқпын»  деп  жылап  қоя  берді.  «Әке-

шешеңе  айтпайсың  ба?»  дегеніме  балалық 

аңғал,  әрі  ағасына  деген  аянышты  пейілмен: 

«Әкемнің  мінезі  қатал.  айтсам,  өлтіріп  қоя 

ма деп қорқамын. Қазір әке-шешемнің  қасына 

ғана  ұйықтап  жүрмін»,-  деді.  «Екінші  ағаңа 

айт онда! бәлкім сол көмектесер» - дедім мен. 

«Одан  да  қорқамын.  мен  моншаға  түскенде, 

есіктен аңдып тұрғанын көріп қойдым» дегені 

әлі құлағымда.

арада  қаншама  жыл  өтті.  бүгінде  бір-

б і р   ү й д і ң   о т а ғ а с ы ,   а п т а л   а з а м а т т а р ғ а 

айналған  қыздың  қос  ағасы  бір-бір  мекемеде 

қызметкер.  алайда  кішкентайлардың  ара-

сында,  жаны  қалмай  жанұшырып  жүретін 

«балажандықтарын» да талай байқадым. бірде 

көршісінің қызын алдына алып, йогурт жегізіп 

отырғанын  да  көзім  шалып,  5  жасар  қызды 

жетектеп үйіне апарып тастадым.  бір қызығы, 

өз қарындастарының арын таптауға даяр арсыз 

азаматтардың ішкі сырын біле бермейтін жұрт, 

оларды құрмет тұтып, ақкөңіл, ақылды да адал 

ниетті  адам  ретінде  бағалайды.  ал  мен  әлгі 

туған  қарындастарының  айтқан  әңгімесінен 

кейін  әрі-сәрі  күй  кешіп,  әлгі  екеудің  мысы 

басады  ма,  әйтеуір  аузыма  құм  құйылып, 

өзімнің де тұла бойымды қорқыныш билеп, осы 

оқиғадан бері жиырма жылдың жүзі өтсе де, әлі 

күнге ешкімге айтпаппын...

Дүниежүзілік  денсаулық  сақтау  ұйымының 

з е р т т е у і   б о й ы н ш а ,   ө т к е н   ғ а с ы р д ы ң 

6 0 - ж ы л д а р ы н ы ң   б а с ы н д а   қ а з а қ   ұ л т ы 

«адамзаттың  геномы»  атанған  екен.  бұл  ең 

таза  қан  қазақтарда  болғанының  дәлелі.  Жеті 

атаға дейін қыз алыспаудың әрі арақты татып 

алмаудың арқасында осы нәтижеге жетсек керек. 

ал Кеңес заманында елімізге арақ келе бастады. 

Дәрігерлердің айтуынша, біздің қазақтарда ал-

коголь-дегидрогеназ  деген  фермент  жоқ  екен. 

Еуропа халықтары, Испания, Франция, Герма-

ния,  Италия,  әрі-беріден  соң  көрші  Ресейдің 

халықтары  алкогольді  ішімдіктерді  ежелден 

ішіп келеді. Сондықтан да олардың қандарында 

алкоголь-дегидрогеназ деген фермент көп. Әлгі 

фермент олардың қандарына түскен алкогольдің 

уытымен  күреседі.  ал  бізде  мұндай  фермент 

болмағандықтан,  біздің  ішімдіктен  табатын 

ауруымыз да, түрлі қылмыс та осыдан шығады. 

Одан бөлек, күн өтіп, жылдар жылжыған сайын, 

ру-руға бөлінуді жат санап,  жеті атаға жетпей-

ақ  қыз  алысатын  дүбәралардың  кесірінен  де 

генетикалық құрылымымыз бұзылған сыңайлы. 

«Қазақта  бұрын-соңды  қант  диабеті  деген  де 

болмаған.  Қазір  көптеп  кездеседі.  Негізінен, 

бұл  ауру  да  генетикалық  құрылымы  бұзылған 

халықтарда  көп  болады»,  –  дейді  дәрігер-

мамандар.

Жа л п ы   п ед о ф и л д е рд і   п с и хол о г т а рд ы ң 

көмегімен емдеуге болады деген пікір де бар. 

бірақ біздің елде, психолог мамандардың тапшы 

екені  аян.  Оның  үстіне  бар  психологтардың 

к ө р с е т е т і н   қ ы зм е т   с ап а с ы   қ а н д а й   е ке н і 

белгісіз...  Не  десек  те,  «бір  тау  бір  тауға 

қосылды» десе — сен, «Жаманның жаман әдеті 

қалды» десе — сенбе» дейтін қазақ едік. мың 

жерден емдеп, жүз жерден жазып, жаңылдырса 

да  дерттің  аты  дерт,  әдеттің  аты  әдет  емес 

пе?...  бәлкім,  аҚШ, Канада, Швеция, Польша 

сынды бірқатар мемлекеттердегідей «химиялық 

жолмен сүндеттеу» әдісін қолға алуымыз керек 

шығар.


О с ы   о р а й д а   О р т а   а з и я   п с и хо а н а л и з 

институтының директоры анна Құдиярованың 

айтқанына құлақ түріп көрелік:

-   П е д о ф и л и я   д е г е н   –   п с и х и к а л ы қ 

ауытқушылық, психикалық ауру. Әрбір аурудың 

емі  бар.  бұны  жыныстық  маньяк  деуге  бол-

майды.  маньякқа  бәрібір,  ұл  ма,  қыз  ба,  кәрі 

ме,  жас  па  -  талғамайды.  ал,  педофилдердің 

айырмашылығы  –ұл  болса  да,  қыз  болса  да 

әйтеуір  баланың  тәні  болуы  керек.  Түбін 

қазбалап,  ары  іздейтін  болсақ,  ол  эмоциялық 

тәуелділік.  Эмоциялық    тәуелділікті  психо-

лог  мамандардың  сөзбен  емдейтіні  болады. 

Егер «менің бойымда педофилия бар-ау, сезіп 

тұрмын»  деп,  өз  еркімен  келетін  болса,  неге 

оларды  емдемеске?  Оларға  уақытында  дәрі-

дермекті  де  беру  керек,  сондай-ақ  сөзбен 

емдеу  тәсілін  қолданған  жөн.  Ондайлардың 

сана-сезімін  қайта  құруға  болады.  мысалы, 

онкологиялық, тағы басқа да ауруларды сөзбен 

емдеуге болғанда, неге денесі сау адамның, тек 

психикасын,  санасын  психологиялық  көмек 

арқылы айықтыруға болмайды?

  бұл  тақырыпты  бір  жыл  болды  мен  қозғап 

жүрмін.  мен  оны  «тихая  домашняя  педофи-

лия»  деп  бастаған  едім.  Неге  десеңіз,  әрбір 

кішкент ай  ұл  неме с е  қыз  өзінің  дене сін 

зерттейді. Жыныстық бір қызығушылығы бола-

ды. Сол кезде көршінің баласы бола ма, өзінің 

іні  -  қарындастарымен  бола  ма,  жыныстық 

әртүрлі  ойындар  баст а лады.  Сол  ке зден 

қадағалауға алған жөн.

   Педофилия - ауру да, ал маньяк – қылмыскер. 

Егер ауру адамды емдегеннің орнына сүндеттеп 

тастасақ, оның тағдыры не болады? Егер сіздің 

денеңіз  қышыса,  оны  қасымау  керек.  Өршіп 

кетеді.  Сіз  ол  кезде  тіл  алмайсыз,  қышыған 

жерді  қасисыз,  солай  ма?  Өйткені  сіздегі 

қышыма  ауру.  Сонда  сіз  қылмыскерсіз  бе? 

Сондықтан  психологиялық  аурумен  ауырған 

адамды  қылмыскер  деп  шатастыруға  болмай-

ды.  Керісінше  емдеу  керек,  көмек  көрсету 

қажет,-дейді.

О с ы   б і р   д е рт ке   ш а л д ы қ қ а н д а р   ж а й л ы 

ізденген сайын, олардың сырт қарағанда ақыл-

есі дұрыс, қарапайым адам болып көрінетініне 

көзім жетті. Сондай-ақ, олардың көбісі бұрын 

басынан  жарақат  алған  деген  пікір  де  бар. 

Педофилдің неғұрлым ақылы аз болса, соғұрлым 

оның құрбандарының жасы да кішірейеді-міс. 

Сонымен  қатар,    қылмыскерлердің  көпшілігі 

арақ  немесе  басқа  да  мас  қылатын  заттарды 

қолданып, осындай арсыз әрекеттерге баратын-

дар. бұлар жай ғана бұзылған адамдар қатарынан. 

медициналық  тұрғыдан  қарағанда  бұлардың 

барлығы  педофил  емес.  Олар  тек  мас  болып, 

өздерін  өздері  ұстай  алмайтын  жағдайда  ғана 

сондай күйге түседі. 

бүгінгі  таңда  жас  баланың  тәніне  құмартып 

жүргендерді  қолға  түсіру  мақсатында  Ресейде 

«Оккупай-педофиляй»  деген  әлеуметтік  желіде 

топ  құрылған.  Олар  жас  баланың  анкетасын 

орналастырып,  педофилдерді  ұстаумен  айна-

лысады.  Қоғам  белсендісі  Николай  Гергерттің 

айтуынша,  олар  күдіктінің  ізіне  түскен.»бірде 

жасөспірімге ер адам онымен жақын танысқысы 

келетінін  жазады.  Сөзінен  арам  ойы  барын 

байқап, полицияның ұстап алуына көмектеспек 

боп  шешім  қабылдадық.  Пәтер  жалдап,  оны 

кездесуге  шақырдық»  -  дейді  Гергерт.  Есік 

ашқан жасөспірімге ол сыра мен анаша ұсынған. 

бұл  кезде  «болашақ  үшін»  белсенділері  көрші 

б ө л м ед е   б ол ғ а н . » Е р ке к   б а л а ғ а   ж а ң а   ғ а н а 

жуынғанын, жыныстық қатынасқа дайын екенін 

айтқанын естідік. Ол шешініп, төсекке ыңғайлана 

бергенде біз оны ұстап алып, қол-аяғын байлап, 

полицияға апардық» – дейді. алайда, «Оккупай-

педофиляй» тобының бұл әрекеті полицейлерді 

еш  толғандырмаған.  Полицейлер  ұсталғанды 

тіркеуден бас тартқан. Олардың айтуынша, оның 

іс-әрекетінен қандай да бір қылмыстың белгісін 

анықтамаған.  ал  «болашақ  үшін»  белсенділері 

күдіктінің жасы 31-де, ол алдында кісі өлтіріп, 

12 жылға сотталған, түрмеден шыққанына төрт-ақ 

ай болған деп шырылдап қала берді...

Иә,  өкінішке  орай,  бүгінде  интернет  ересек 

педофилдерге ақыл тоқтатпаған жасөспірімдерді 

алдап-арбауға  үлкен  мүмкіндік  тудырып  отыр.

Күннен  күнге  өршіп  бара  жатқан  қоғамның 

қасіретінен қалай тазарамыз?балғын бөбектерді 

м ұ н д а й   ж ау ы з д а р д ы ң   т ы р н а ғ ы н а н   қ а л а й 

құтқарамыз?  міне,  бүгінгі  мәселенің  ең  басты 

сұрағы да осы...

Кеше ғана Жамбыл облысы, меркі ауданында 

3 жастағы Жаснұр Әлімқұлов есімді бүлдіршінді 

азаптап, зорлап өлтіргені туралы мәлімет тара-

ды.  Күдікті  ретінде  жасы  50-ден  асқан  көршісі 

қамауға  алынды.  Қайғыдан  қан  жұтқан  отбасы, 

азғын жазадан құтылып кете ме деп күдіктенеді. 

Себебі оның психдиспансерде тіркеуде тұрғанын 

анықтапты. 

Әлімқұловтар әулетінің үш жасар ұлы Жаснұр 

сенбі  күні  түске  таяу  үйден  шығып  кеткен. 

Сол  күйі  қайта  оралмады.  ауыл  тұрғындары 

мен  тәртіп  сақшылары  жоғалған  бүлдіршінді 

жабыла  іздегенімен  таба  алмаған.  ал,  ертесіне 

әбден  азапталған  бөбектің  мәйітін  көрші  әйел 

жақындарына өз қолымен тапсырыпты. Келіншек 

бастапқыда баланың өлі денесін бақшасындағы 

ескі  әжетханадан  табылды  деп  айтып,  кейін 

мәйітті  үйіндегі  істемейтін  тоңазытқыштан 

шыққанын  мойындаған  Әлімқұловтар  жанұясы 

бүлдіршіннің  қазасын  ерлі-зайыптыдан  көріп 

отыр.  Сәби  зорланып,  азап  шеккен.  ал,  әйелі 

күйеуінің  осы  қылмысын  жасырмақ  болыпты.

Күдікті  бірнеше  жыл  бұрын  Қырғызстаннан 

қоныс аударған екен. бұған дейін сотты болған 

азаматқа қатысты енді кісі өлтіру бабы бойынша 

қылмыстық іс қозғалды. 

Қорыта  келе  ата-аналар  балаларының  қайда, 

кіммен  қыдырып  жүргенін  білуі  керек  және 

қараусыз  қалдырмауы  керек.    Қандай  жағдай 

болса  да,  танымайтын  адаммен  сөйлесуге  бол-

майтынын, ол атыңды атап тұрса да, жақындамау 

керектігін  жете  түсіндіру  қажет.  Өкінішке 

орай,  ат а-ана лардың  60%-ы  ба ла ларының 

кей  сөзіне  құлақ  аспайтын  көрінеді.  Негізі 

баланың  әңгіме сінен,  қылығынан  оны  бір 

нәрсе  алаңдататынын  байқауға  болады  емес 

пе?  Тәжірибеде  балаларды  зорлаудың  көптеген 

фактілері көбіне жабулы қазан күйінде қалады, 

өйткені  балалар  болған  жағдай  жөнінде  ата-

аналарына  айтпайды.  Кей  жағдайда  ата-анасы 

да  болған  жайтты  ешкімге  шағымданбай,  ұмыт 

қалдыратын көрінеді. 

бірде аулада бір кейуанамен тілдесіп қалдым. 

Оның  қасында  төрттен  асқан  немересі  бар  еді. 

Сәлден  соң  әңгіме  ауаны  балаларға  ойысқанда 

самайын ақ қырау шалған әжей жылап қоя берді 

де, өзінің ешкіммен бөлісе қоймаған ішкі сырын 

ақтарды.

-Келінім мен ұлым жұмыста болғандықтан, не-

мерем күндіз-түні менің жанымда. бірде екеуміз 

базарлап  келдік  те,  ауыр  екі  сөмкемді  бір  дем-

мен 4-ші қабатқа апара алмайтын болғандықтан 

осы қызымды бірінші қабатқа екінші сөмкемнің 

жанына  қалдырып,  өзім  бір  сөмкемді  алып, 

ішке көтеріліп кеттім. Екінші қабатқа барғанда 

«аяулым»  деп  дауыстағанда  қызым  «ау»  деп 

жауап  берді.  мен  алаңсыз  төртінші  қабаттағы 

үйімнің есігін ашып, сөмкемді ішке кіргізіп қайта 

шықтым.  бірінші  қабатқа  түскенде,  сөмкенің 

қасында ешкім жоқ!Көшеге жанұшыра жүгірдім. 

ары кетсе 5-6 минөттің ішінде ұзай қоюы мүмкін 

емес  екенін  ойлап,  өз  үйімнің  жертөлесіне  бас 

сұққанда,  сұмдық  жайға  тап  болдым.  20-дан 

асқан жігіт қызымның аузын басып, шешіндіріп 

тастапты.  мені  көре  сала  сыпырылған  шалба-

рын  көтере-мөтере  тысқа  атылды.  Жанталасып 

жағасынан  ала  түсіп  едім,  мені  төмпештеп, 

қолымды қайырып, қашып кетті. мен дер кезінде 

қызыма  көмекке  келгеніме  шүкіршілік  етіп, 

көз  жасыма  ерік  беріп  қала  бердім.  Егер  бұл 

оқиға жайлы тәртіп сақшыларына шағымданып, 

үйдегілерге  айт с ам,  мені  де  ұлымның  ая-

майтынын  ойладым.  Қызымды  енді  менмеен 

қалдырмайды  деп  қорықтым. бұл  оқиға  сөйтіп, 

жабулы қазан жабулы күйі қалды,- деді әжей.

мөңке би айтпақшы «ертеңіне сенбейтін күн» 

мен  «ежірей  деген  ұрпақтың»  кейіпін  киген 

заман  ақырдың  таяғаны  осы  ма?  Қызылым-

қызым,  қазынам-ұлым  деп  отырған  халық  үшін 

бір перзенттің бір тамшы жасының өзі қымбат! 

Жаздай жадырап, көктемдей күлім қағып тұрған 

бейкүні  бөбектің  өмір-гүлін  солдырып,  үмітін 

үзгендерге  ең  ауыр  жазаны  арқалату  керек.                     

Ол - өлім жазасы! 


қҰрақ КӨрпе

11

   //    «ЖАМБыл - ТАРАЗ»  //  №22 (1257),  27  МАМыР  2015 Жыл   //



(Болған оқиға)

бірде көршінің баласы бақыт - Әлмерейге:

- бүгін біздің үйде той болады! анамның 

туған күні! Әкем анама алтын сырға мен 

сақина сыйлады,- деді масаттанып. 

Сол  күні  кешкісін  кішкентай  Әлмерей 

көрші  апайдың  жүзі  нұрланып,  күйеуі 

сыйлаған  құшақ  гүлін  иіскеп  тұрғанын 

көрді. Сол күні ол ата-анасы бақытты орта-

ларына алып, шат-шадыман күйде көшеге 

шыққанын да қалт жібермей бақылады. Сол 

күні ол неге екенін көрші ағаны қатты жақсы 

көріп кетті... 

Әлмерей  ертең  мектеп  табалдырығын 

алғаш аттамақ. Ол өзінің үйдегі жалғыз аза-

мат екенін бұрыннан біледі. анасына ауыр 

көтерткісі келмей кішкентай қолдарымен 

сөмкесінің  бір  ұшын  тіреп  жүретіні  де 

сондықтан. Құлап қалған қарындасының 

маңдайынан иіскеп жұбатқанда, ол өзінің 

бойындағы  ер-азаматқа  тән  құдіретті де, 

қуатты сезімді жан-тәнімен сезінетін. 

Тек, кішкентай айзере:

-мама,  әкем  қашан  келеді?  Әке  сатып 

әперші бізге?- деген кезде анасының көңіліне 

қарап  қарындасын  келесі  бөлмеге  ала 

қашатын. Кішкентай айзереге әке туралы 

айтуға болмайтынын, анасының жабығып 

қалатынын барынша түсіндіретін. Ол сол 

сәтте әлемнің бір бұрышында жүрген өзінің 

безбүйрек  әкесін  қаншалықты  жеккөрсе, 

соншалықты күтетін...

...бір  топ  бала  ойнап  жүріп,  әлі  көзін 

де  аша  қоймаған  қос  күшік  тауып  алды. 

анасының  итті  жеккөретінін,  үйге  алып 

кірсе,  ұрсатынын  біле  тұрып,  Әлмерей 

екі күшікті анасына көрсетпей үйіне алып 

келді. Ваннаға су толтырып, сусабынмен 

шомылдырды.  Соңынан  желдеткішке 

кептіріп, анасының қымбат әтірін септі. Сол 

сәтте ғана ұлының қолындағы күшіктерді 

байқаған  анасы  ұлын  еш 

рұқсатсыз үйге күшік кіргізгені 

үшін жағынан тартып жіберді. 

Әлмерей бірақ жылаған жоқ. 

Ол  күшіктерін  жуындырып 

алғанына қуанышты күйде далаға шығып 

кетті. 


Сүйкімді  күшіктерді  құшақтаған  күйі 

адамдар көп жүретін жолға беттеді. Өткен-

кеткендерге «Күшік сатып алыңыз» деп жа-

лынды. бір әйел балаға жақын келіп, күшігін 

берсе, қолындағы үлкен ойыншық мәшинені 

сыйға тартатынын айтты. бала көнбеді. «Кіп-

кішкентай болып ақша сүйгішін» - деді де, 

көзі шатынаған әйел баланың қолындағы 

күшігінің бірін тартып алды. Кейін тағы бір 

жігіт келіп, шоколад, түрлі тәттілер ұсынды. 

Тәттіге қанша құмартса да, ақша керек екені 

санасынан шықпай қойған ұл, қолындағы 

жалғыз үмітінен айырылып қалудан қорқып, 

тағы да біреу тартып ала ма деген күдікпен 

айдалаға  тұра  қашты.  Кешірек  қарны 

ашқанын  сезді.  анасы  балмұздаққа  деп 

берген  ақшаға  күшігіне  сүт  алып  берді. 

Жол бойындағы пісте сатушы әйелге келіп: 

«апай, күшік сатып алыңызшы!» деді сосын. 

Неге екенін үні дірілдеп шықты. бар тілегі 

мен ниеті осы күшікте. Тек, мына әйел сатып 

алса болғаны, бар арманы орындалатындай. 

Әйел күшікті ары-беріп аударып-төңкеріп 

көрді де 100 теңге ұстатты. 

ақшаны алып, көңілі жайланған Әлмерей 

алтын сататын дүкенге асықты. бірақ ондағы 

аға баланың қолындағы ақшаға алтын сақина 

келмейтінін айтып қарқылдай күлді. 

алтын  сататын  дүкеннен  салы  суға 

кетіп шыққан бала сыйлық алуға болатын 

дүкеннің барлығын аралады. бірақ ол 100 

теңгеге  ешқандай  сыйлық  келмейтінін 

түсінген жоқ. Ол сатушыларды мұны ба-

«Қылмыскер» Үмбет

Үмбет пен Диляра бір сыныпта оқиды. Екеуінің сыры бір. 

Әжелері екеуіне екі балмұздаққа жететін ақша беріп, дүкенге 

жібереді. мұны естіп қойған кір қожалақ кішкентай Дилянаны 

олар ерткісі келмейді де, кетіп қалады. 

Диляна-қу  үнсіз  ғана  екі үлкенге ілесіп отырады. Соңында 

дүкеннен балмұздақ алып тұрған ағасы мен әпкесінің үстінен 

түседі. Сатушы:

- Тағы бір балмұздақ берейін - Дилянаға! Тоқтаңдар, қарыз 

деп жазып алайын,- дегені сол, үш балмұздақты қолына алған 

Үмбет «қарыз» деген сөзден жаны түршіксе керек:

-болыңдар! Қаштық, қаштық!- деп, екі қызды сүйреп, үйге 

қаша жөнеліпті. Үйінен үш үй ғана ары тұратын сатушы 

әйелді өзін таппай қаладыға санаса керек.

Жаттамай не істеп жүрсің?

Той. Төрт жасар қыз алты шумақ өлеңді мүдірмей оқыды. Сөз 

кезегі анасына келгенде:

- ақын Қадір мырза-Әлінің өлеңінен бір шумақ үзінді оқып 

берейін,- деді анасы. алайда төрт жолдың екіншісіне келгенде 

шатасып, ары қарай есіне түспеді де, өлеңді қайта бастады. Тағы 

да сол екінші жолына келгенде шатасып, кідіріп қалды да қызына 

бұрылып, сыбырлап қана:

-ары қарай қалай еді?,- деді. Қыз үнсіз тұра берді. Осы көрініс 

төртінші рет қайталанғанда анасы ыңғайсыздықтан қызына 

жалбарына қарап: «айтып жіберші ары қарай?» - дегені сол, 

микрофоннан кішкентай қыздың:

-Өзің жаттамай не істеп жүрсің?!,- дегені саңқ ете қалды...

Апама не айтасың?

 Үш жасар айдананы аспандата көтеріп, еркелетіп-еркелетіп 

тұрып:

-Сені бүжәйға беріп жіберейін бе? - десем.



-бүжәйға берсең, бере бер. маған бәрібір ғой. бірақ апам мені 

іздесе, не дейсің сосын?,- дегені.

Айтуға болмайтын нәрсе

Көшеде ойнап жүрген сүйкімді қыздың тіліне қызығып:

-атың кім,- дедім.

-Әсем,- деді ол.

-Қаншадасың?

-бестемін.

-Не істеп жүрсің?

-Ойнап жүрмін.

-Үйде кім бар?

-Е, арам! Үйде екі ағам, екі әпкем, мама, папам бәріміздің 

тұратынымызды біліп алайын деп тұрсың ғой, иә?! ал мен саған 

мамам, папам және мен үшеуміз-ақ тұрамын деп айтамын бәрібір. 

Үлкендер айтуға болмайды деген нәрсені, айтпау керек!- деп қояды.

Үйде жоқ


Кішкентай Элитаға:

«біреу мені сұраса, үйде жоқ  деп айт»,- дедім. Сәлден соң ит 

абалады да тысқа Элита шықты.

ар жақтан біреу:

-Құралай бар ма?,- деп еді.

-Құралай әпкем «біреу мені сұраса, үйде жоқ деп айта сал» деп 

еді,- деген Элитаның дауысы естіліп жатты.

Желідегі 

жазбалар

Көршімнің  баласы  үш  жасар  Дәулеттен: 

«Дәулет, сен де кішкентай бөпе болдың ба?» 

- десем, «Жоқ, мен кішкентай болған жоқпын. 

мені құдай бере салды» - деп, жауап берді.

***


ағамның қызы Әсеммен (4 жаста) болған 

әңгімем.


- Әсем, үйге ақшаны кім әкеледі?

- Папам.


- Ол қайдан әкеледі?

- Жұмыстан.

- Жұмыста оған ақшаны кім береді?

- Достары по чуть-чуть жинап береді.



Ғазиза ҰЗаҚ

***

Нұрдәулет ойға шомып отырды да:

-мама, мен өскен кезде айзере мен 

айғаным да дәу қыздар болып өсіп кете ме?,- 

деп сұрады өзінен 2-3 жас кішілігі бар екі 

қарындасын нұсқап.

-Әрине, өсіп кетеді,- дедім мен.

-Олар менімен  бірге өсіп кететін болса

мен  сонда кімді жұмсаймын?.- деп бұлқан-

талқан болды.



Гүлнұр аЛТЫНБеК

***


Үш балама сөз үйретіп отырдым.

Қызым Камилаға:

-Ит,- деп қайтала дедім.

Ол «ит» деді

балауса да «ит» деп қайталады. 2 жасар 

асуланға «ит» деп қайтала десем:

-Әуф,- деп қойып қалды.

Жібек аЛИБаева

құрақ көрпені құраған құрайлай сЕЙсЕнБЕКқызы

ласынып сыйлық бермей жатыр деп түйді. 

Еңсесін  мұң,  маңайды қараңғылық  басты. 

Ол алғаш рет өзінің көшеде жалғыз жүргенін, 

және қорықпайтынын ойлап, қуанып кетті. 

Ол енді кешкі қараңғылықта жұмыстан ана-

сын өзі күтіп ала алатынын түсінді. ал қазір 

анасының уайымдап жатқанын сезді де үйіне 

асықты.  Екі  күн  бойы  жаттап  жүрген  ана 

жайлы әнін тамағын кернеп, тағы бір айтып 

көрді де, үйіне беттеді.

айқара ашылған есіктен аяңдай басып үйге 

кірген ол:

«айналайын мама»,- деп әндете жөнелді. 

Соңынан:  «ана,  туған  күніңізбен!  маған 

кішкентайсың  деп  сатпай  қойды.  ал-

тын  сақинаны  өзіңіз  сатып  алыңыз!»  деп 

шешесінің қолына 100 теңге ұстатты. бірақ 

өзі қуаныш сыйлаймын деп келген анасының 

неге жылап жібергенін түсінбеді...




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет