ұятынан да көп еді» дейтін.
Ибн Мүбәрәк хазреттері «Барлық ілімдерді білетін
адамның әдебінде кемшілік бар болса, онымен көріспегеніме
өкінбеймін, мұны өзіме зиян деп білмеймін. Бірақ әдепті
адаммен көрісе алмасам өкінемін» дейтін.
Барлық уақытта, барлық жерде әдепті, ұятты болуға
тырысу керек! Хадис шәрифте: «Ұятсыздық адамды
күпірге түсіреді»- делінген. Ұят ғимаратты ұстап тұратын
тірек тәрізді. Тірексіз ғимараттың тұруы қиын болғанындай,
ұятсыз адамның иманын қорғауы да қиын болады.
Хадис шәрифтерде былай делінеді: «Аллаһу та’аладан
ЖАНҰЯ
- 70 -
ұялыңдар! Аллаһтан ұялған адам, жаман ойдан алыс
тұрады, асқазанына түскендерді қадағалайды, өлімді
еске алады» (Тирмизи)
«Ұяттылық – бастан-аяқ (толығымен) жақсылық»
(Мүслим)
«Әр діннің бір ахлағы бар. Исламның ахлағы ұят-
тылық.» (Ибн Мажә)
«Ұятсыз адам үнемі жамандық жасайды.» (Ибн Мажә)
«Ұятсыз адам аманатқа қиянат етеді, қиянатшыл
болады, мейірім сезімі қалмайды, діннен ұзақтайды,
лағынетке ұшырайды, шайтан сияқты болады.»
(Дәйләми)
«Ұятпен иман егіз бауырдай. Бірі кетсе екіншісі де
кетеді.» (Әбу Нуайм)
«Мүмин айыптамайды, лағынет етпейді, жаман сөз
айтпайды және ұятсыз емес.» (Тирмизи)
«Ұят иманның құрылымы. Бір нәрсенің құрылымы
бұзылғанда, бөлшектері де бұзылады.» (И. Мәуарди)
«Ұяттылық – иманнан. Ұятсыздың иманы жоқ деген
сөз.» (Ибн Хиббан)
«Адам салих екі көршісінен ұялғанындай күндіз-түні
өзімен бірге болған жанындағы екі періштеден де ұялуы
тиіс.» (Бәйһақи)
«Ұятсыздың діні болмайды және ұятсыз жаннатқа кіре
алмайды.» (Дәйләми)
Достарыңызбен бөлісу: |