ЖАНҰЯ
- 71 -
Дінімізде ұяттың орны өте маңызды. Аллаһу та’аладан
ұялу иманның қуатты екендігінің, ал
ұятсыздық иманның
әлсіз екендігінің белгісі. Хадис шәрифте:
«Ұяттың аздығы
күпірден» делінген. Ұятсыз адам уақыт өте күпірге де
кіруі мүмкін. Ұят иманның негізінен болып табылады.
Ұяты бар адам Аллаһтан ұялғаны үшін күнәдан тартынады.
Адамдардан ұялмаған адам Аллаһтан да ұялмайды.
Адамдардан ұялып күнәсін жасыру да ұяттылықтан болып
саналады. Адамдардан ұялған адамның Аллаһу та’аладан
да ұялатыны түсініледі. Өйткені хадис шәрифте
«Аллаһтан
қысылған, адамдардан да қысылады» делінген. Ұятсыз
адамның адамгершілігі қалмайды. Хазреті Әбу Бәкр «Ұятсыз
адам, адамдардың арасында жалаңаш отырған кісі сияқты»
деген. Құран кәрімде:
«Иман келтіргендердің арасында
жамандықтың, ұятсыздықтың таралуын қалағандар
және ұнатқандар үшін дүниеде де ахиретте де қайғылы
азап бар»делінген. (Нұр 19)
Әйел мен ердің қатынастарында және әжетхана үшін
қолданатын сөздерді дәл солай
қолдану адамгершілікке
сай емес, ұятты (ар-намысты) жояды және жақсыларды
жәбірлейді. Ондай
сөздерді айту керек болғанда, ашық
сөздермен емес, ишарамен, астарлы сөздермен айтылады.
Аллаһу та’аланың әрдайым бізді көріп тұрғанын, әр дайым
Оның құзырында екендігін ойлау керек, мысалы отырғанда,
жатқанда әдепке мән беру керек. Жегенде, ішкенде,
сөйлегенде,
оқығанда, жазғанда және әр істі істегенде
бұлардың барлығы Аллаһу та’аланың
құдіретімен болып
жатқанын, барлық әрекеттерде оның әміріне мойынсұнып,
тыйым салғандарынан сақтануды ойлау керек. Осылай ойлау
өте үстем ғибадат болып табылады.