Бақыттың кілті


Жауап: Иә, некенің үш бауы да үзілген болады. Сен маған харамсың



Pdf көрінісі
бет124/184
Дата11.06.2023
өлшемі1,21 Mb.
#100545
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   184
Жауап: Иә, некенің үш бауы да үзілген болады.
Сен маған харамсың
Сұрақ: Ілміхал кітабында «Еркек әйеліне “сен маған 
харамсың” десе, ажырасуға ниет етпесе де бір талақи баин 
жүзеге асады.» делінген. Бұл сөз астарлы болса неге ниет 
керек емес? Ал егер бұл ашық сөзге жататын болса, онда неге 
талақи рижи болмайды? 
Жауап: Бұл қағидаға бағынбайтын жеке бір жағдай. «Сен 
маған харамсың» сөзі астарлы болуына қарамай ашық сөздегі 
секілді ниетке қаралмайды. Астарлы сөз болғандықтан 
талақи баин болады.
Сен харамсың
Сұрақ: Ажырасу еркі өзінде болған әйел, күйеуіне «сен 
харамсың» десе ажырасқан бола ма? 
Жауап: Ажырасқан болмайды. Егер «сен маған харамсың» 
десе ажырасқан болады. Өйткені еркек некелі болмаған бүкіл 
әйелдерге харам болып табылады. “Сен маған харамсың” 
деген кезде, кімге харам екені білдірілген болады. Ол кезде 
талақ өткен болады.
Бірінші талақты растау
Сұрақ: Адвокатқа барып «Әйеліммен ажырасуға шешім 
қабылдадым» деп арыз жаздым. Адвокат маған «Сенімдісіз 
бе, әйеліңізбен ажырасуды қабыл еттіңіз бе?» деп 
сұрағанында «иә» дедім. Кейін өкіндім. Арызға «Ажырасуға 
шешім қабылдадым» деп қол қойған кезде бір талақ өткен 
болды ма? Адвокат сұрағанда «иә» дегенімде екінші талақ 
айтылған болды ма? 
Жауап: Ажырасуға шешім қабылдадым дегеніңізде 
бір талақ айтылған болды. Адвокатқа «иә» деп жауап 


ЖАНҰЯ
- 180 -
бергеніңізде бірінші сөзіңізді растаған болдыңыз.Екінші 
талақ айтылған болып есептелмейді.
Әйеліне қызым деп айту
Сұрақ: Бір адам әйелімен сөйлесіп келгенде «кіммен 
сөйлестің» деп сұрағандарға «қызыммен сөйлестім» десе 
немесе әйелінің суретін көрсетіп «мынау менің қызым» десе 
некесіне зияны бар ма? 
Жауап: Жоқ, зияны жоқ. Сол секілді тікелей әйеліне 
«қызым», «анам», «қарындасым» деп айтумен де талақ 
болмайды. «Бұдан кейін анам, қарындасым бол» десе бір 
талақи баин жүзеге асқан болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет