ЖАНҰЯ
- 181 -
АЖЫРАСУ ІНДЕТІ
Қазіргі дәуірдің ең үлкен проблемаларының бірі және осы
дәуірдің оба ауруы десек артық етпейтін мәселе – ажырасу
індеті. Бұл індет жұқпалы ауруға ұқсап бүкіл дүниеге
таралуда. Бүкіл елдер жанұяны
шөктіретін бұл мәселе
жайлы бас қатыруда. Ажырасу санының көбеюінің бірнеше
себептері бар. Бұл себептердің бірі ар-намыс, ұяттылық
сезімдерінің азаюы. Бұл қоғам
қаншама жылдардан бері
ата-бабаларың ескішіл адамдар еді, ескі салттан бас тарту
керек, жаңашыл болу керек, «жүру керек, көру керек»
деген
желеулермен алданып келді. Ал негізінде сол ескішіл деп
жалаға ұшыраған ата-бабаларымыздың заманында болмаған
ажырасулар қазір күн санап артуда.
Осындай алдамшы пікірлердің нәтижесінде танысқаннан
45 минуттан кейін үйленулер немесе керісінше жылдап
созылатын батыста флирт деп атайтын некесіз жүрістер
басталды. Ең соңында шариғатқа қайшы болған орыстардың
«гражданский» деп атайтын өмір сүру тәсілдері кіре бастады.
Сондай-ақ технологиямен бірге кино, газет, теледидар, мода,
жарнама, интернет сияқты ақпарат құралдары кіріп келді.
Бұрыңғы заманда ажырасу - ең масқара іс саналатын еді.
«Қайтып келген қыз жаман» деген сөздің төркіні де осы. Қыз
күйеуге шығар кезде ата-анасы оған: «Тастай батып, судай сің!»
дейді. Ерлердің санасына «Отбасың сенің намысың» деген
ұғым тоқылатын. Ар, намыс, ұят деген сезімдер байрақтың
құнындай болатын. Ал қазір жарын дүкеннен жеміс алғанға
ұқсатып алатындар пайда болуда.
Жемістің қалдықтары
қоқысқа тасталатыны сияқты, бір-біріне деген шахуаттары
суығанда қоқысқа тасталуда. Заманауи деп атайтын қоғамның
діні мен ата-салтынан шеттелуі ажырасу үрдісінің
негізін
қалады. Барлық қоғамдарда ажырасу болуы мүмкін еді. Бірақ
ЖАНҰЯ
- 182 -
бұл індет бізде болмауы тиіс еді. Ескі замандарда, ислам
ахлақы негізінде құрылған мінез құлқымыз, менталитетіміз,
осы мінез құлықты қалыптастырған отбасылық өміріміз, бүкіл
әлемді таң қалдыратын. Бұған
батыстық саяхатшылардың
жазған күнделіктері куә. Ата- бабаларымызда ажырасу деген
нәрсе болмаған дерлік дәрежеде өте аз еді.
Достарыңызбен бөлісу: