ЖАНҰЯ
- 99 -
әсіресе жаңа үйленген жастардың бұл тұрғыда көздері ашық
болуы керек. Анасының, әпке-қарындастарының және басқа
да әйелдердің өз әйелін жамандағандарына алданбауы керек.
Мұндай әңгімелерге жол бермеу керек. Мұндай сөздерге
еріп, әйелін ренжітуден сақтануы керек. Анасы және әпке-
қарындастарына қарсы әйелінің
айтқан сөздеріне де сақ
болуы керек. Ата-анаға қорлық көрсетілуіне жол бермеуі
керек. Ата-анасына өзі, әйелі және бала-шағалары міндетті
түрде құрмет көрсетуі керек. Ата-анаға және қайын атамен
қайын енеге құрмет, қызмет етуді
бірінші міндет деп білу
керек. Үлкендердің разылығын, дұғасын, батасын алуға
тырысу керек. Олардың игі дұғаларын алуды үлкен олжа деп
білу керек.
6) Әйелінің жаман мінезіне жұмсақ, сабырлы мәміле
жасау керек. Онымен жақсы қарым-қатынаста болуға тырысу
керек. Ақылды ерлі-зайыптылар бір-бірлерін ренжітпейді.
Өмірлік досын ренжіту ақымақтықтың белгісі. Жаман
мінезді адамның әйелі үнемі
ренжи беріп, жүйке жүйесі
тозады. Жүйке ауруына шалдығады. Түрлі ауруларға душар
болады. Әйелі ауру болған адам бақытсыз болады. Әйелінің
қызметінен, көмектерінен махрұм қалады. Бүкіл өмірі оның
дертіне дауа іздеумен өтеді. Ал негізінде бүкіл бұл дерттеріне
өзінің жаман мінезі себеп болған. Қанша өкінсе де, бұл
өкінішінен ешқандай пайда болмайды. Олай болса, әйеліңе
көрсеткен жаман мінезіңнің зияны өзіңе тиеді. Сондықтанда
оған үнемі жылы жүзді, жұмсақ тілді болуға тырысу керек!
Достарыңызбен бөлісу: