Байдалиев Д. Д



Pdf көрінісі
бет12/13
Дата08.02.2017
өлшемі1,94 Mb.
#3661
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

 
Шаңлақты 
Тарихшы Мұхаметжан Тынышбаев: «Кӛшпелілерде; әсіресе 
қазақтар  мен  қырғыздарда  ӛте  жақсы  бір  қасиет  бар  –  ол  сол 
жерде болған оқиғаға байланысты етіп атау беріп отырған» - деп 
жазады. 
Әсіресе  осындай  үлкен  тарихи  оқиғалар  болған  жерлер 
Жуалының  Қошқарата  аймағында  кӛптеп  кездеседі.  Соның  бірі 
«Шаңлақты»  -  оқиғасы.  Бұл  жер  Қошқарата  елдімекенінің 
оңтүстік, ал Ақтасты ауылының батысындағы Боралдай тауының 
етегіндегі  беткей. 
Бұл  ел  мен  жердің  тағдыры  найзаның  ұшы  мен  білектің 
күшіне,  ердің  нарқы  мен  парқы  сын  талқысына  түскен  жоңғар 
қалмақтарының  шапқыншылығына  қарсы  азаттық  күресінің 
Жуалы жерінде қалған ӛшпес белгісі. 

138 
 
Шаңлақты  шайқасы  туралы  қысқаша  мәліметті  жазушы 
Мырзахан  Ахметов  «Жуалы»  атты  тарихи  танымдық  кітабында 
келтірген:  
«Қошқарата  маңында  қалмақтармен  кӛп  күндерге  созылған 
шайқаста  қазақ  жауынгерлерінің  жеңісімен  аяқталғаны  белгілі. 
Оған  кейін  Кантемировка  атанып  кеткен  Шаңлақты  ауылының 
ӛткені туралы халықтың аузындағы әңгімелер куә. Осы ұрыстың 
әйгілі Куликово шайқасынан бірде – бір кем болмағаны сонша, ат 
тұяғымен  тапталған  сол  аймақта  кӛп  жылға  дейін  шӛп  шықпай 
қалған» (154бет).  
Соғыстың  сондай  жойқын  болғаны  «Шаңлақты»  -  деген 
атауынан – ақ кӛрініп тұр. Орыс кулагы Кантемировтың есімімен 
аталып  келген  бұл  жердің  бұрынғы  аты  «Шаңлақты»  -  деп 
аталады  екен.  Бір  ӛкініштісі  осы  Шаңлақты  шайқасы  туралы 
ешқандай тарихи мәліметтер кездеспейді. Тек қана ел аузындағы 
сақталып қалған ауызекі әңгімелер ғана бұл оқиғалар туралы там 
– тұмдап қана хабар береді. 
Жазушы  Еркінбек  Тұрысовтың:  «Арада  табандатқан  алты 
жыл  тӛрт  ай  ӛткенде,  кешегі  «ақтабан  шұбырандының»  азапты 
жолында  жанкешті  ұрыс  жүргізіп,  ел  жұртын  біржола  құрып 
кетуден сақтан арыстанша айқасқан қазақ қосындары 1729 – шы 
тауық  жылының  жазында  ата  жаумен  алыса  жүріп,  бүгінде  жау 
табында  қалған  Балабӛген,  Қошқаратадағы  ата  мекенінің  шетіне 
де жеткен» - деп жазуына қарағанда, бұл Шаңлақты шайқасы осы 
Отан  соғысында  бетбұрыс  жасалынған  1730  –  шы  жылдардың 
шамасында болған деп болжам жасаймыз.  
Осы  қанды  шайқастың  куәсі  ретінде  Шаңлақты  оқиғасы 
болған жерден осы уақытқа дейін кейбір қару – жарақтардың тат 
басқан,  сынған  қалдықтары  табылып  жатады.  Қошқарата 
елдімекеніндегі  Абай  орта  мектебінің  ӛлкетану  мұражайында, 
қалмақ  және  қазақ  жауынгерлерінің  сол  жерден  табылған 
жебелері бар.  
  
  Шегір қамал 
 Амангелді  (қазіргі  Тәттібай)  елдімекенінің  оңтүстігінде 
шамамен  10  -  11  шақырым  жерде  жоғарғы  Алатаудың  Жуалы 

139 
 
асуының Кӛктал және Кӛкше арасындағы аңғарда «Шегір қамал» 
- аталатын жер бар.  
  Кӛнекӛз қариялар ол жерді «Шегір қырған» - деп те атайды. 
Олардың  айтуынша  Жаныстан  тарайтын  Шегір  руының  Итаяқ 
атты батыры тастан қамал салдырып, жұрт оны «Шегір қамал» - 
атаған.  Шегірден  шыққан  мерген  садақшылар  қалмақтарға 
тұтқиылдан  шабуыл  жасап  жауына  алдырмай  қояды.  Түн 
мезгілінде  олар  бір-біріне  от  жағып  белгі  беріп  жаудың  бет 
алысын қай жерде екенін білдіріп отырған. 
  «Ақпан батыр» - атты тарихи дастанда: 
Қаратау мене Алатау, 
Түйісетін жерінде. 
Кӛктал, Кӛкше жерінде, 
«Шақпақ ата» дейтұғын, 
Құтты қоныс ӛңірде 
Итаяқ батыр салдырған, 
Қорғаны еді Шегірдің. 
Сондықтан да бұл қорған 
«Шегір қамал» атанды – делінген. 
  Бір  күні  Шегір  жасақтары  әр  тұста  қарауыл  қойып  түнгі 
ұйқыға  кеткенде  Жолдыбай  атты  қарауыл  сатқын  «Бала  құлан» 
сайында  жатқан  қалмақты  бастап  келіп,  тӛмендегідей 
баяндалады: 
             Кешегі түні қарауыл, 
Болуды соған береді. 
Түбіне тартып бұл жауыз, 
«Бала құлан» сайында, 
Тығылып жатқан қалмаққа
Жұлдыздай ағып жӛнелді. 
Хабар беріп жауларға, 
Қамалға бастап келеді... 
Арғысын ӛзің кӛрдің ғой 
Қырылды   Шегір ӛрені  – деп келтіреді. 
  Бұл  оқиға  кезінде  Шегірдің  атақты  батыры  Ақпан  жорықта 
болады.  Келгесін,  жаудан  кек  алуға  серт  беріп,  ӛлген 
жасақтардың басына оба орнаттырады. Содан бұл қамал «Шегір 

140 
 
қамал» - атанады. 
  Аталған  дастан  Шегірдің  Назар  ұрпағынан  тарайтын 
Сүлеймен  ұлы  Уәлиханның  айтуы  бойынша  Хамзе  Амандықов 
ақын  қағазға  түсірген.  «Шегір  қамал»  немесе    «Шегір  қырған»  - 
атты осы тарихи жердегі тастан салынған қамалдың орнын қазіргі 
кезде жобалап байқауға болады. 
  Ескерту:  тарихи  дастандағы  оқиғалар  негізінен  1723  -  1759 
жылдар аралығындағы қазақ - қалмақ соғысын қамтиды. 
 
Шыбықбел 
Жуалы  ауданының  солтүстік  жағындағы  Қостұра  аталатын 
жердің  батыс  тұсындағы  Оңтүстік  Қазақстан  облысының  жеріне 
асатын  асу  «Шыбықбел»  -  деп  аталады.  Оның  жанында  іргелес 
Мұзбел аталатын  жер де бар. 
Шыбықбел  асуының  ерекшелігі  сол  ол  асумен  асқан 
жолаушының  ешқандай  оңға  немесе  солға  бұрылуға  мүмкіндігі 
жоқ  жіңішке  иілген  жотамен  жүріп  отырады.  Жіп  –  жіңішке 
шыбықтай  болып  иілген  осынау  табиғи  ерекшелік  жұрт  кӛзінен 
таса  қалмаған.  Оның  географиялық  орналасуына  қарай  ел  ӛте 
тапқырлықпен «Шыбықбел» - деп атау берген.  
Шыбықбел асуында талай тарихи оқиғалар ӛткен. Бұл асуда 
«Ақтабан шұбырынды» кезінде Ұлы жүздің кӛшін бастаған Тӛле 
би  секілді,  туған  жерді  жаудан  қорғаған  Қойгелді,  Қарабатыр, 
Ӛтеген, Сәмен т.с.с. батырлардың, Кіші жүз Есет батыр бастаған 
жасақтарының сол сұрапыл дәуірде қалған ізі жатыр.      
 
Шымырбай сай 
Кіші 
Қаратаудың 
шығыс 
жағындағы 
шұрайлы 
шатқалдардың  бірі  «Шымырбай  сай»  -  деп  аталады.  Бұл  жерде 
кезінде  сол  аймаққа  аты  мәлім  Шымырбай  датқа  мекен  еткен.  
Шымырбай  датқа  туралы  жергілікті  жердің  қариялары  ел 
қамқоршысы  болған,  қиянат,  барымтаға  мейлінше  қарсы  тұрып, 
әділ билік айтқан тұлға ретінде әңгімелейді.  
Шатқалдың  «Шымырбай  сай»  -  аталуы  кісі  есімімен 
байланысты антропонимдік атау. 
 

141 
 
 Шыңбұлақ 
 Жуалы  ауданындағы  Жетітӛбе  ауылдық  әкімшілігі  округіне 
қарасты  елдімекен.  Аудан  орталығы  Бауыржан  Момышұлы 
ауылынан солтүстікке қарай 20 шақырым жерде тау баурайында 
орналасқан. 
 Шыңбұлақ  елдімекені  1993  жылға  дейін  Братск  аталып 
келген,  кейін  ӛзінің  тарихи  атауын  қайта  иемденді.  Шыңбұлақ 
елдімекенінің  жанындағы  таудан  бұлақтар  ағып  шығып  Теріс 
ӛзеніне қосылады. 
 Жердің  бұлай  аталуына  келетін  болсақ,  ол  терең  шатқалдар 
арқылы ағатын бұлақтарға байланысты пайда болған атау.  
Түркі тілінде чың сӛзі – «терең», «тік шатқал» деген ұғымды 
береді.  Яғни  «Шыңбұлақ»  -  атауы  «терең  шатқалдағы  бұлақ» 
мағынасын беретін гидронимиялық атау болып табылады. 
 
Шілікті 
«Шілікті»  -  Боралдайдың  орта  тұсынан  батысқа  қарай 
асатын асудың аты. Жергілікті жұрт оны, «Шіліктің асуы» -деп те 
атайды. 
Тӛскейінде қалың жабайы мәуе ағаштар, бұталар ӛсетін осы 
асу туралы Еркінбек Тұрысов еңбегінде: 
«Тау  десең  тау,  су  десең  су.  Жан  аяғы  баспаған  таза  жер. 
Кӛркем  шыңдары  кӛгілдір  мұнар  құшқан  Боралдайға  Шіліктінің 
тұсынан  асып,  тӛскейін  жабайы  мәуе  ағаштары  кӛмкерген  құзар 
шоқы баурайында, тау ӛзені жағасында ат басын тартты. Шілікті 
жолымен  Боралдайға  түссе,  ел  –  құзсыз,  шатысып  –  бұтысқан 
тоғай,  аяқ  алып жүрер  жол  жоқ»  -  деп  суреттеледі.  (Нұржаудың 
нұрлы түндері. Алматы: Нұрлы әлем, 1998, 195 бет). 
Бұл  асудың  Шілікті  аталу  себебі  беткейлерінде  қалың 
жыныс,  шілік  ӛсетіндіктен,  «шілік»  сӛзіне  «ті»  -  жалғауы 
жалғанып «Шілікті» - болып туындаған атау. 
 
  Ынтымақ 
Жуалы  ауданының  орталығы  Бауыржан  Момышұлы 
ауылынан  батысқа  қарай  14  шақырым  жерде  орналасқан 
Шақпақата ауылдық әкімшілігіне қарасты елдімекен атауы. 

142 
 
Ынтымақ  елдімекенінде  Жаныстан  тарайтын  Шегір  руы 
мекендейді. Ауыл ортасынан Шақпақ ӛзені кесіп ӛтеді. 
Бұл жердің «Ынтымақ» - аталуы ол социалистік құрылыстың 
алғашқы колхоздастыру кезінде қойылған әлеуметтік топоним. 
 
Жуалы  ауданының  жері,  суы,  тауы,  ӛзені,  кӛлі,  ойы,  қыры, 
даласы барлығы да сан – салалы табиғат кӛрінісінің әрбір аттамы 
атсыз  емес.  Есімсіз  адам  болмайтын  сияқты  бұл  ӛлкенің  атсыз 
ӛңірі  жоқ.  Ол  атауладың  әрқайсысы  ӛз  кезінде  ел  қалауынан 
туындаған.  Сондықтан  да  осы  атаулардың  барлығы  да  қоғам 
ризығы, табы сіңген тарихтың ұшқыны десек болады. 
Жуалы  жер  –  су  атауларын  халық  жасаған  үлкен  қазынаға 
немесе  кӛнеде  жазылған  шежіреге  балауға  болады.  Осы 
атаулардан    аймақта  ӛткен  түрлі  мәдени  және  басқа  да  қарым  – 
қатынастар  ру  –  тайпалардың  миграциялық  жолдары  этностық 
жақындықтар, түрлі тарихи оқиғалардың ізі байқалады. 
Гректің ономастика аталатын ілімін – атаулар ілімі десек ол 
кӛп  жағдайда  лингвистикалық  деректермен  бірге  тарих, 
география,  этнография  т.б.  ғылымдардың  деректерінен  тұрады. 
Ал  топонимика  болса  жер  бетіндегі  нысанның  тілдік  құрамын 
және оның мән – мағынасын зерттейтін топонимиканың үлкен бір 
саласы. 
Топонимика  туралы  А.М.Попов  «Географические  названия 
Введение  в  топонимику»  атты  еңбегінде:  «Топонимдердің 
жасаушысы  иесі  де,  пайдаланушысы  да  халықтар  болғандықтан, 
ол тек географиялық себептерден пайда болған құбылыстар емес, 
қайткен  күнде  де,  тарихи  себептерден  туған  тілдік  құбылыстар 
болып  табылады»  -  деп  жазған.  Қарапайым  түсінігі  жағынан 
топонимиканы:  «жер  тілі»  -  деп  айтуға  болады,  демек  ол  халық 
сӛзі. 
Жуалы  ауданының  топонимикалық  жер  –  су  атауларын 
зерттеген кезде оның құрылысы мен құрамы жағынан біз оны бес 
топқа бӛлдік: 
1  топ:  Жалпы  есімдерден  пайда  болған  кӛптеген  Ӛзен, 
Бұлақ, Бастау, Тӛбе т.б. елді мекен атаулары. 
2  топ:  Туынды  түбір  тұлғалы  Жосалы,  Құлан,  Шілікті, 

143 
 
Алмалы,  Бақалы,  Қақты,  Жыланды  т.б.  бойынша  жасалған  жер, 
елдімекен атаулары. 
3 топ: Біріккен тұлғалы жалқы есімдер арқылы жасалынған 
атаулар:  Қоңыртӛбе,  Сарықайқаң,  Қарамұрын,  Жолбарысқамал, 
Кәріқорған, Шегірқамал және т.б. 
4  топ:  Қос  тұлғалы  жалқы  есімдерден  тұратын:  Ақсу  – 
Жабағылы, Теріс – Ащыбұлақ сияқты атаулар. 
5  топ:  Сӛйлемнен  қалыптасқан  жалқы  есімдер:  Кӛсегенің 
кӛк  жоны,  Қыз  құлаған,  Теке  қамал,  Қалмақ  қырған,  Қыдыр 
қонған сай, Марының сазы т.б. аталатын атаулар. 
Қазіргі Жуалы ӛлкесінде сақталған Бұлақ, Қайнар, Бел, Ӛзен, 
Бастау, Ӛзек, Тӛбе т.б. атау тұлғалардың барлығы ӛткен дәуірдің 
елесін  беріп  тұрғандай.  Бұл  тұлғалар  келе  –  келе  күрделеніп 
оларды үстемелейтін: ақ, қара, кӛк, сары, қызыл, биік, терең, кіші, 
бала,  кең  т.б.  анықтауыштардың  жалғауы  арқылы  ӛзгеріске 
ұшырағанын  кӛреміз.  Мысалы:  Ақбастау,  Қоңыртӛбе,  Кеңбұлақ, 
Қостӛбе,  Жетімтау,  Айнакӛл,  Ирекасу,  Қарабастау,  Кӛктӛбе  т.б. 
атаулар. 
Аудан аймағында 3, 7, 9, 10, 40, 1000 т.б. ӛзекті сандардың 
топоним  құрамынан  орын  алуы  арқасында  кӛптік  белгіге  ие 
болған  атаулар  да  жеткілікті.  Үштӛбе,  Үшқоспа,  Жетітӛбе, 
Тоғызтарау,  Мыңжылқы,  Мыңбұлақ  т.б.  сияқты  атаулар  осы 
топқа жатады. 
Атамекен  жеріміздегі  сырттан  енген  ерте  ғасырларда 
қалыптасқан  топонимикалық  атаулар  –  Тұран  елі  мен  парсы, 
жұрты  арасындағы  қарым  қатынастары  кезінде,  Ұлы  Жібек 
жолының  кезінде,  Араб  халифаттарының  түркі  халықтарын 
жаулап алуы, монғол, кейінірек қалмақ шабуылы дәуірінде ӛткен 
қанды оқиғалардың тарихи ізі ретінде қалыптасқан географиялық 
жер  –  су  атаулары.  Ӛлкеміздегі  Абарадж,  Баджахт,  Баркуаб, 
Шауғар, Тұра, Боралдай, Қалмаққырылған, Садырқамал, Торлан, 
Орда қонған т.с.с. атаулар осы оқиғалардың куәсі. 
Жуалы жеріндегі топонимикалық жер атауларының ең жасы 
Қазақстан  мен  Ресей  арасындағы  әрқилы  қарым  –  қатынаспен 
байланысты  пайда  болған  жер  –  су  атаулары.  Оның  алғашқы 
кезеңі  отаршылдықтың  әсерімен  «Жаңа  низам»  ережесіне  сай 

144 
 
1868  –  1917  жылдар  аралығында  пайда  болды.  Бұл  атауларға: 
Самсоновка,  Кантемировка,  Успеновка,  Петровка,  Столыпинка, 
Некрасовка т.с.с. кӛптеген атаулар тізбегі жатады. 
Атақты  ғылым  Мекемтас  Мырзахметовтың  «Қазақ  қалай 
орыстандырылды?» 
атты 
еңбегінде 
республикамыздың 
топонимикалық ахуалын тӛмендегідей деректермен кӛрсеткен: 
«Қазіргі  күнде  республикамызда  (1992  жылдың  1 
қаңтарындағы дерек) 83 қаланың 28  - і; 222 ауданның 107-сі; ал 
35  қалалық  аудандардың  32-сі;  222  аудан  орталығының  126-сы; 
204 жұмысшы поселкесінің 72-сі, әсіресе 2418 селсоветтің 1197-
сі; 8369 елді мекеннің 3567-сі тек қана орыс орыс тілінде аталады 
екен.  Бұлардың  қатарына  мектеп,  колхоз,  совхоз,  мекеме,  кӛше, 
оқу орындары сияқты сан мыңдаған атауларды қоспа отырмыз» - 
деп жазады.  
Әнуар 
Исмайловтың 
«Страны 
историцы 
Южного 
Казахстана»  (1864  –  1917  г.г.)  атты  еңбегінде  Оңтүстік 
Қазақстандағы  орыс  переселендерінің  1887,  1910,  1914 
жылдардағы  қоныстануы  туралы  «Сведения  о  русских 
поселениях  в  Сыр  –  Дарьинской  области»  деген  кестесінде 
келтірілген. (Источник: Обзор Сыр – Дариньской области за 1896 
–  1914г.г  Ташкент.  1914г.  162  –  164с).  Онда;  Оренбург,  тӛменгі 
Поволжье, Оңтүстік Россия, солтүстік россия, Харковь, Воронеж, 
Курск,  Самара  т.с.с.  губернияларынан  Әулие  ата,  Шымкент 
уездері бойынша келіп қоныстанған орыс переселендерінің саны 
туралы  нақты  мәліметтер  келтірілген.  Мысалы:  1894  жылы  бір 
ғана  Әулие  ата  уезіне  1128  адам  қоныс  аударса,  1910  жылы 
олардың саны 12938 - ге ӛскенін кӛрсеткен. 
Орыс  переселендерінің  1906  –  шы  жылқы  жылының 
кӛктемінде  Жуалы  ауданының  Қошқарата,  Талдыбұлақ,  Алмалы 
аймағына  келуі  туралы  Е.Тұрысбеков:  «Темірлан  жағынан 
шыққан бірер ояз шенеуніктері келіп, осында Сиқымның атақты 
Рысбек  батырының  немересі  Тӛребек  датқаның  баласы  Шерім 
болыспен  кездесіп,  патша  ағзамның  жарлығымен  ішкі  Ресейден 
келе жатқан переселен кӛштері осында «Загорная» деп аталатын 
аймаққа, екі Бӛген, Алмалы, Қошқарата, Талдыбұлақ ӛзендерінің 
бойына  қоныстана  бастайтынын  жария  етіп  кеткен  –  ді. 

145 
 
Мелкенбурцев  пен  Бекжанов  бастап,  арнайы  сапармен  шыққан 
уездік  жерге  орналастыру  бюросының  ӛкілдері  келді... 
Мелкенбурцев  «Карта»  дейтін  туырлықтай  қағазын  жайып 
сӛйлей берген.  
-  Бұл  переселен  мәселесі  талқылауға  жатпайтын,  ұлы 
мәртебелі  патша  ағзамның  айрықша  жарлығымен  және  сол 
жарлықтың  негізінде  биік  мәртебелі  жер  министрі  Столыпиннің 
жоспарымен  белгіленген  мемлекеттік  іс.  Мынау  осында 
орнайтын  жаңа  селение.  Оған  бұл  атраптың  топографиясын 
жасаған  жер  инженері  Леонтевтің  есімі  берілген.  Значит, 
келешектегі  Леонтьевке,  мына  Алмалинка  ӛзенінің  сағасында 
Черняев  полкінің  ержүрек  офицері  Орлов  атындағы  селение 
орнайды, ал енді мынау Малая Бугунька, жаңа селение танысып 
қойыңыздар,  губерния  жандармының  офицері  есаул  Китаев 
Григорий Степановичтің атында – Китаевка... 
Солай,  бұл  ӛлке  ұмытпайтын  жылқы  жылы  мамыр  айының 
орта  тұсында  Қаратаудың  Шыбықбел,  Қосағаш  –  Шоқан 
асуларын асып ағылған переселен кӛштері күнді  – күнге жалғап 
жатты.  Қосарлап,  үштеп  ат  жеккен,  парлап  қызыл  қасқа,  кӛк 
қасқа  ӛгіздерін  жеккен  арбалы  кӛштер  иттерін  ілестіріп, 
шошқаларын  шыңғыртып,  құстарын  қиқулатып  жаз  ӛтіп,  сары 
күз  сарқылғанша  толассыз  ағылды»  -  делінген.  (Е.Тұрысов. 
Бәйдібек Алматы, Нұрлы әлем 1998, 52 – 55 б). 
Екінші 
кезеңде 
ӛлкемізде 
революциялық 
рухтағы 
дүниетанымды  білдіретін    социалистік  негіздегі  қоғамның  саяси 
талаптарына  сай  жүргізілген  жаңа  топонимиялық  атаулар  пайда 
болды.  Олар:  Қызыл  Жұлдыз,  Орақ  балға,  Бірлік,  Красный 
пахарь,  Ынтымақ,  Талапты,  Жаңа  талап,  Кеңес,  Қайрат,  Дихан 
т.с.с.  толып  жатқан  атаулар.  Елдімекендеріміз  бен  кӛше 
атауларында 
Кеңестік 
қоғам 
қайраткерлері 
мен 
ӛнер 
саңлақтарының  есімдері  күштеп  таңылды.  Ол  атаулар  тізбегіне 
ауданымыздағы:  К.Маркс,  Ленин,  Сталин,  Молотов,  Чапаев, 
Толстой,  Ордженекидзе,  Герцен,  Октябрьский,  Большевик, 
М.Горький, Чкалов сияқты атаулар куә болады. 
1990  жылдары  қоғамымызда  болған  әлеуметтік  –  саяси 
ӛзгерістердің  әсерінен  Жуалы  жерінің  жер  –  су  және  елдімекен 

146 
 
атаулары тарихи атауларына қайта ие болды. Ол туралы жазушы 
М.Ахметовтың Жуалы кітабынан толық мағлұмат алуға болады. 
Қазіргі  жаңа  ұрпақтың  санасына  Қошқарата,  Ақтасты, 
Рысбек  батыр,  Кӛлтоған,  Күреңбел,  Қарасаз,  Шақпақата, 
Кӛктӛбе,  Тасбастау,  Шыңбұлақ,  Кӛлбастау  т.с.с.  атаулар  қайта 
қалыптаса бастады. 
1990  жылдарға  дейін  Жуалы  ауданындағы  елдімекендердің 
90%  -  дан  астамы  Ресейден  алып  келген  орыс  кулактары  мен 
мұжықтарының,  онан  кейінгі  кезеңде  социалистік  негіздегі 
атаулар еді. 
Сол  кездегі  ауылдық  кеңестердің  атауларына  тоқталатын 
болсақ  олардың  ішінде  бірде  –  бір  қазақша  атау  жоқ  екендігіне 
кӛз жеткіземіз. Олар: Бурный, Большевик, Бурно – Октябрьский, 
Евгеньевка,  Кременевка,  Казанка,  Петровка,  Луначарка, 
Самсоновка селолық советтері еді. Ал шаруашылықтың атаулары 
да  100%  -  орысша  атаулардан  құралатын:  Бурненский, 
Октябрьский,  К.Маркс  атындағы  совхоздары  мен  Большевик, 
Ленин атындағы, М.Горький атындағы, Чапаев атындағы, Путь и 
коммунизму, ХХІІ партсъезд атындағы колхоздар. 
Қазіргі  кезде  Жуалы  ауданында  15  әкімшілік  –  аумаққа 
бӛлінген  барлығы  52  елдімекен  бар.  Енді  осыған  тоқталайық: 
(Мұндағы  жақшаның  ішіндегі  елдімекендер  олардың  бұрынғы 
атаулары) 
Ақсай  ауылдық  аумағына  қарасты  елдімекендер:  Қайрат 
ауылы (ауылдық әкімшілік орталығы), Дихан ауылы.  
Ақтӛбе  ауылдық  аймағына  қарасты  елдімекендер:  Бәйтерек 
(Октябрьск)  ауылы  (ауылдық  әкімшілік  орталығы),  Жаңаталап 
ауылы, Марьяновка  ауылы. 
Бауыржан  Момышұлы  ауылдық  аймағына  қарасты 
елдімекендер:  Бауыржан  Момышұлы  (Бурное)  ауылдық 
әкімшілік және аудан орталығы.  
Билікӛл  ауылдық  аумағына  қарасты  елдімекендер: 
Қарабастау  ауылы  (ауылдық  әкімшілік  орталығы),  Жаңа  ӛткел 
ауылы,  Дарбаза  (№1  ферма)  ауылы,  Жылыбұлақ  (№2  ферма) 
ауылы, Ленинский путь  ауылы. 
Боралдай  ауылдық  аумағына  қарасты  елдімекендер: 

147 
 
Кӛлтоған  (Алексеевка)  ауылы  (ауылдық  әкімшілік  орталығы), 
Кеңес ауылы, Рысбек батыр (Луначарка) ауылы. 
Бурнооктябрьск  ауылдық  аумағына  қарасты  елдімекендер: 
Бурнооктябрьск  ауылы  (ауылыдық  әкімшілік  орталығы), 
Түктібай (Гагарин) ауылы. 
Жетітӛбе  ауылдық  аумағына  қарасты  елдімекендер: 
Кәріқорған  (Казанка)  ауылы  (ауылдық  әкімшілік  орталығы), 
Тасбастау  (Благовещенка)ауылы,  Шыңбұлақ  (Братск)  ауылы, 
Қоңыртӛбе (Успеновка) ауылы, Любимовка ауылы. 
Мыңбұлақ  ауылдық  аумағына  қарасты  елдімекендер: 
Кӛлбастау  (Евгеньевка)  ауылы  (ауылдық  әкімшілік  орталығы), 
Талапты ауылы. 
Кӛкбастау  ауылдық  аумағына  қарасты  елдімекендер: 
Әбілдабек  Қойбақов  атындағы  ауыл  (ауылдық  әкімшілік 
орталығы),  Бақалы  (Қызыл  дихан)  ауылы,  Кӛктӛбе  (Ново  - 
Вознесеновка) ауылы, Қосбӛлтек (Кастальевка) ауылы. 
Күреңбел  ауылдық  аймағына  қарасты  елдімекендер: 
Күреңбел  (Самсоновка)  ауылы  (ауылдық  әкімшілік  орталығы), 
Тӛңкеріс ауылы, Қаратас (Чапаев) ауылы. 
Қарасаз  ауылдық  аумағына  қарасты  елдімекендер:  Қарасаз 
(Петровка)  ауылы  (ауылдық  әкімшілік  орталығы),  Зыковка 
ауылы,  Ақбастау  (Ясная  поляна)  ауылы,  Юрьевка  ауылы, 
Юсуповка ауылы. 
Қошқарата  ауылдық  аумағына  қарасты  елдімекендер: 
Қошқарата 
(Кантемировка) 
ауылы 
(ауылдық 
әкімшілік 
орталығы),  Ақтасты  (Некрасовка),  Бүргенді  ауылы,  Қызтоған 
ауылы, Тесіктас ауылы. 
Қызыл  арық  ауылдық  аумағына  қарасты  елдімекендер: 
Қызыл  арық  ауылы  (ауылдық  әкімшілік  орталығы),  Сұрым 
ауылы,  Ақтӛбе  ауылы  (Габаевка)  ауылы,  Теріс  –  Ащыбұлақ 
ауылы, Алатау (Андреевка) ауылы.  
Тоғызтарау  ауылдық  аумағына  қарасты  елдімекендер: 
Тоғызтарау  ауылы  (ауылдық  әкімшілік  орталығы),  Рыбзавод 
ауылы, Құмсуат (Новостройка) ауылы. 
Шақпақата  ауылдық  аумағына  қарасты  елдімекендер: 
Шақпақата  (Кременевка)  ауылы  (ауылдық  әкімшілік  орталығы), 

148 
 
Тәттібай  ауылы,  Ынтымақ  ауылы,  Амансай  (Калинин)  ауылы, 
Шақпақ станциясы.  
Атамекен  жеріміздегі  тарихи  топонимиялық  атауларды 
келер  ұрпаққа  мәңгілік  мұра  етіп  қалдыру  біздің  басты 
міндетіміз,  ӛйткені  ол  ата  –  бабаларымыздың  ғасырлар  бойы 
жинап келген баға жетпес қазынасы. Ол туралы ғалым Мекемтас 
Мырзахметов:  «Әрбір  халық  туған  жер,  Атамекен  жұртындағы 
топонимикалық атауларды белгілі бір себептерге байланысты, не 
тарихи оқиғаларға орай бір рет дүниеге әкеледі де оны ұрпағына 
мәңгілікке  ескерткіш  ретінде  қалдырады.  Ол  атаулар  ұрпақ 
ауысып,  жаңа  буын  жас  қауым  ӛмірге  келгенде,  дәстүрлі 
жалғастық  тауып  халықтың  тарихи  жадында  таспен  қашап 
жазғандай  мәңгі  ӛмір  сүре  береді.  Ал  осы  мәңгілік 
топонимикалық қастерлі атау бұзылса, оған тӛлем жоқ, ол қайта 
айналып келмейді, жоғалады» - деп жазған болатын. 
   Мән бермеппін жер атына бұрын мен,  
    Кездерім  кӛп  мән  беруден  сүрінген  -  деп  ақын 
Ж.Нәжімеденов  жырлағандай  ендігі  жерде  ұлан  –  байтақ 
ӛлкеміздің 
тарихи 
тӛлқұжаты 
болып 
қалыптасқан 
топонимикалық атаулар халықпен бірге мәңгі жасауы тиіс 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет