Байдалиев Д. Д



Pdf көрінісі
бет86/91
Дата19.04.2023
өлшемі1,94 Mb.
#84262
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   91
 
Шілікті 
«Шілікті» - Боралдайдың орта тұсынан батысқа қарай 
асатын асудың аты. Жергілікті жұрт оны, «Шіліктің асуы» -деп те 
атайды. 
Тӛскейінде қалың жабайы мәуе ағаштар, бұталар ӛсетін осы 
асу туралы Еркінбек Тұрысов еңбегінде: 
«Тау десең тау, су десең су. Жан аяғы баспаған таза жер. 
Кӛркем шыңдары кӛгілдір мұнар құшқан Боралдайға Шіліктінің 
тұсынан асып, тӛскейін жабайы мәуе ағаштары кӛмкерген құзар 
шоқы баурайында, тау ӛзені жағасында ат басын тартты. Шілікті 
жолымен Боралдайға түссе, ел – құзсыз, шатысып – бұтысқан 
тоғай, аяқ алып жүрер жол жоқ» - деп суреттеледі. (Нұржаудың 
нұрлы түндері. Алматы: Нұрлы әлем, 1998, 195 бет). 
Бұл асудың Шілікті аталу себебі беткейлерінде қалың 
жыныс, шілік ӛсетіндіктен, «шілік» сӛзіне «ті» - жалғауы 
жалғанып «Шілікті» - болып туындаған атау. 
 
Ынтымақ 
Жуалы ауданының орталығы Бауыржан Момышұлы 
ауылынан батысқа қарай 14 шақырым жерде орналасқан 
Шақпақата ауылдық әкімшілігіне қарасты елдімекен атауы. 


142 
Ынтымақ елдімекенінде Жаныстан тарайтын Шегір руы 
мекендейді. Ауыл ортасынан Шақпақ ӛзені кесіп ӛтеді. 
Бұл жердің «Ынтымақ» - аталуы ол социалистік құрылыстың 
алғашқы колхоздастыру кезінде қойылған әлеуметтік топоним. 
Жуалы ауданының жері, суы, тауы, ӛзені, кӛлі, ойы, қыры, 
даласы барлығы да сан – салалы табиғат кӛрінісінің әрбір аттамы 
атсыз емес. Есімсіз адам болмайтын сияқты бұл ӛлкенің атсыз 
ӛңірі жоқ. Ол атауладың әрқайсысы ӛз кезінде ел қалауынан 
туындаған. Сондықтан да осы атаулардың барлығы да қоғам 
ризығы, табы сіңген тарихтың ұшқыны десек болады. 
Жуалы жер – су атауларын халық жасаған үлкен қазынаға 
немесе кӛнеде жазылған шежіреге балауға болады. Осы 
атаулардан аймақта ӛткен түрлі мәдени және басқа да қарым – 
қатынастар ру – тайпалардың миграциялық жолдары этностық 
жақындықтар, түрлі тарихи оқиғалардың ізі байқалады. 
Гректің ономастика аталатын ілімін – атаулар ілімі десек ол 
кӛп жағдайда лингвистикалық деректермен бірге тарих, 
география, этнография т.б. ғылымдардың деректерінен тұрады. 
Ал топонимика болса жер бетіндегі нысанның тілдік құрамын 
және оның мән – мағынасын зерттейтін топонимиканың үлкен бір 
саласы. 
Топонимика туралы А.М.Попов «Географические названия 
Введение в топонимику» атты еңбегінде: «Топонимдердің 
жасаушысы иесі де, пайдаланушысы да халықтар болғандықтан, 
ол тек географиялық себептерден пайда болған құбылыстар емес, 
қайткен күнде де, тарихи себептерден туған тілдік құбылыстар 
болып табылады» - деп жазған. Қарапайым түсінігі жағынан 
топонимиканы: «жер тілі» - деп айтуға болады, демек ол халық 
сӛзі. 
Жуалы ауданының топонимикалық жер – су атауларын 
зерттеген кезде оның құрылысы мен құрамы жағынан біз оны бес 
топқа бӛлдік: 
1 топ: Жалпы есімдерден пайда болған кӛптеген Ӛзен, 
Бұлақ, Бастау, Тӛбе т.б. елді мекен атаулары. 
2 топ: Туынды түбір тұлғалы Жосалы, Құлан, Шілікті, 


143 
Алмалы, Бақалы, Қақты, Жыланды т.б. бойынша жасалған жер, 
елдімекен атаулары. 
3 топ: Біріккен тұлғалы жалқы есімдер арқылы жасалынған 
атаулар: Қоңыртӛбе, Сарықайқаң, Қарамұрын, Жолбарысқамал, 
Кәріқорған, Шегірқамал және т.б. 
4 топ: Қос тұлғалы жалқы есімдерден тұратын: Ақсу – 
Жабағылы, Теріс – Ащыбұлақ сияқты атаулар. 
5 топ: Сӛйлемнен қалыптасқан жалқы есімдер: Кӛсегенің 
кӛк жоны, Қыз құлаған, Теке қамал, Қалмақ қырған, Қыдыр 
қонған сай, Марының сазы т.б. аталатын атаулар. 
Қазіргі Жуалы ӛлкесінде сақталған Бұлақ, Қайнар, Бел, Ӛзен, 
Бастау, Ӛзек, Тӛбе т.б. атау тұлғалардың барлығы ӛткен дәуірдің 
елесін беріп тұрғандай. Бұл тұлғалар келе – келе күрделеніп 
оларды үстемелейтін: ақ, қара, кӛк, сары, қызыл, биік, терең, кіші, 
бала, кең т.б. анықтауыштардың жалғауы арқылы ӛзгеріске 
ұшырағанын кӛреміз. Мысалы: Ақбастау, Қоңыртӛбе, Кеңбұлақ, 
Қостӛбе, Жетімтау, Айнакӛл, Ирекасу, Қарабастау, Кӛктӛбе т.б. 
атаулар. 
Аудан аймағында 3, 7, 9, 10, 40, 1000 т.б. ӛзекті сандардың 
топоним құрамынан орын алуы арқасында кӛптік белгіге ие 
болған атаулар да жеткілікті. Үштӛбе, Үшқоспа, Жетітӛбе, 
Тоғызтарау, Мыңжылқы, Мыңбұлақ т.б. сияқты атаулар осы 
топқа жатады. 
Атамекен жеріміздегі сырттан енген ерте ғасырларда 
қалыптасқан топонимикалық атаулар – Тұран елі мен парсы, 
жұрты арасындағы қарым қатынастары кезінде, Ұлы Жібек 
жолының кезінде, Араб халифаттарының түркі халықтарын 
жаулап алуы, монғол, кейінірек қалмақ шабуылы дәуірінде ӛткен 
қанды оқиғалардың тарихи ізі ретінде қалыптасқан географиялық 
жер – су атаулары. Ӛлкеміздегі Абарадж, Баджахт, Баркуаб, 
Шауғар, Тұра, Боралдай, Қалмаққырылған, Садырқамал, Торлан, 
Орда қонған т.с.с. атаулар осы оқиғалардың куәсі. 
Жуалы жеріндегі топонимикалық жер атауларының ең жасы 
Қазақстан мен Ресей арасындағы әрқилы қарым – қатынаспен 
байланысты пайда болған жер – су атаулары. Оның алғашқы 
кезеңі отаршылдықтың әсерімен «Жаңа низам» ережесіне сай 


144 
1868 – 1917 жылдар аралығында пайда болды. Бұл атауларға: 
Самсоновка, Кантемировка, Успеновка, Петровка, Столыпинка, 
Некрасовка т.с.с. кӛптеген атаулар тізбегі жатады. 
Атақты ғылым Мекемтас Мырзахметовтың «Қазақ қалай 
орыстандырылды?» 
атты 
еңбегінде 
республикамыздың 
топонимикалық ахуалын тӛмендегідей деректермен кӛрсеткен: 
«Қазіргі күнде республикамызда (1992 жылдың 1 
қаңтарындағы дерек) 83 қаланың 28 - і; 222 ауданның 107-сі; ал 
35 қалалық аудандардың 32-сі; 222 аудан орталығының 126-сы; 
204 жұмысшы поселкесінің 72-сі, әсіресе 2418 селсоветтің 1197-
сі; 8369 елді мекеннің 3567-сі тек қана орыс орыс тілінде аталады 
екен. Бұлардың қатарына мектеп, колхоз, совхоз, мекеме, кӛше, 
оқу орындары сияқты сан мыңдаған атауларды қоспа отырмыз» - 
деп жазады.
Әнуар 
Исмайловтың 
«Страны 
историцы 
Южного 
Казахстана» (1864 – 1917 г.г.) атты еңбегінде Оңтүстік 
Қазақстандағы орыс переселендерінің 1887, 1910, 1914 
жылдардағы қоныстануы туралы «Сведения о русских 
поселениях в Сыр – Дарьинской области» деген кестесінде 
келтірілген. (Источник: Обзор Сыр – Дариньской области за 1896 
– 1914г.г Ташкент. 1914г. 162 – 164с). Онда; Оренбург, тӛменгі 
Поволжье, Оңтүстік Россия, солтүстік россия, Харковь, Воронеж, 
Курск, Самара т.с.с. губернияларынан Әулие ата, Шымкент 
уездері бойынша келіп қоныстанған орыс переселендерінің саны 
туралы нақты мәліметтер келтірілген. Мысалы: 1894 жылы бір 
ғана Әулие ата уезіне 1128 адам қоныс аударса, 1910 жылы 
олардың саны 12938 - ге ӛскенін кӛрсеткен. 
Орыс переселендерінің 1906 – шы жылқы жылының 
кӛктемінде Жуалы ауданының Қошқарата, Талдыбұлақ, Алмалы 
аймағына келуі туралы Е.Тұрысбеков: «Темірлан жағынан 
шыққан бірер ояз шенеуніктері келіп, осында Сиқымның атақты 
Рысбек батырының немересі Тӛребек датқаның баласы Шерім 
болыспен кездесіп, патша ағзамның жарлығымен ішкі Ресейден 
келе жатқан переселен кӛштері осында «Загорная» деп аталатын 
аймаққа, екі Бӛген, Алмалы, Қошқарата, Талдыбұлақ ӛзендерінің 
бойына қоныстана бастайтынын жария етіп кеткен – ді. 


145 
Мелкенбурцев пен Бекжанов бастап, арнайы сапармен шыққан 
уездік жерге орналастыру бюросының ӛкілдері келді... 
Мелкенбурцев «Карта» дейтін туырлықтай қағазын жайып 
сӛйлей берген.
- Бұл переселен мәселесі талқылауға жатпайтын, ұлы 
мәртебелі патша ағзамның айрықша жарлығымен және сол 
жарлықтың негізінде биік мәртебелі жер министрі Столыпиннің 
жоспарымен белгіленген мемлекеттік іс. Мынау осында 
орнайтын жаңа селение. Оған бұл атраптың топографиясын 
жасаған жер инженері Леонтевтің есімі берілген. Значит, 
келешектегі Леонтьевке, мына Алмалинка ӛзенінің сағасында 
Черняев полкінің ержүрек офицері Орлов атындағы селение 
орнайды, ал енді мынау Малая Бугунька, жаңа селение танысып 
қойыңыздар, губерния жандармының офицері есаул Китаев 
Григорий Степановичтің атында – Китаевка... 
Солай, бұл ӛлке ұмытпайтын жылқы жылы мамыр айының 
орта тұсында Қаратаудың Шыбықбел, Қосағаш – Шоқан 
асуларын асып ағылған переселен кӛштері күнді – күнге жалғап 
жатты. Қосарлап, үштеп ат жеккен, парлап қызыл қасқа, кӛк 
қасқа ӛгіздерін жеккен арбалы кӛштер иттерін ілестіріп, 
шошқаларын шыңғыртып, құстарын қиқулатып жаз ӛтіп, сары 
күз сарқылғанша толассыз ағылды» - делінген. (Е.Тұрысов. 
Бәйдібек Алматы, Нұрлы әлем 1998, 52 – 55 б). 
Екінші 
кезеңде 
ӛлкемізде 
революциялық 
рухтағы 
дүниетанымды білдіретін социалистік негіздегі қоғамның саяси 
талаптарына сай жүргізілген жаңа топонимиялық атаулар пайда 
болды. Олар: Қызыл Жұлдыз, Орақ балға, Бірлік, Красный 
пахарь, Ынтымақ, Талапты, Жаңа талап, Кеңес, Қайрат, Дихан 
т.с.с. толып жатқан атаулар. Елдімекендеріміз бен кӛше 
атауларында 
Кеңестік 
қоғам 
қайраткерлері 
мен 
ӛнер 
саңлақтарының есімдері күштеп таңылды. Ол атаулар тізбегіне 
ауданымыздағы: К.Маркс, Ленин, Сталин, Молотов, Чапаев, 
Толстой, Ордженекидзе, Герцен, Октябрьский, Большевик, 
М.Горький, Чкалов сияқты атаулар куә болады. 
1990 жылдары қоғамымызда болған әлеуметтік – саяси 
ӛзгерістердің әсерінен Жуалы жерінің жер – су және елдімекен 


146 
атаулары тарихи атауларына қайта ие болды. Ол туралы жазушы 
М.Ахметовтың Жуалы кітабынан толық мағлұмат алуға болады. 
Қазіргі жаңа ұрпақтың санасына Қошқарата, Ақтасты, 
Рысбек батыр, Кӛлтоған, Күреңбел, Қарасаз, Шақпақата, 
Кӛктӛбе, Тасбастау, Шыңбұлақ, Кӛлбастау т.с.с. атаулар қайта 
қалыптаса бастады. 
1990 жылдарға дейін Жуалы ауданындағы елдімекендердің 
90% - дан астамы Ресейден алып келген орыс кулактары мен 
мұжықтарының, онан кейінгі кезеңде социалистік негіздегі 
атаулар еді. 
Сол кездегі ауылдық кеңестердің атауларына тоқталатын 
болсақ олардың ішінде бірде – бір қазақша атау жоқ екендігіне 
кӛз жеткіземіз. Олар: Бурный, Большевик, Бурно – Октябрьский, 
Евгеньевка, Кременевка, Казанка, Петровка, Луначарка, 
Самсоновка селолық советтері еді. Ал шаруашылықтың атаулары 
да 100% - орысша атаулардан құралатын: Бурненский, 
Октябрьский, К.Маркс атындағы совхоздары мен Большевик, 
Ленин атындағы, М.Горький атындағы, Чапаев атындағы, Путь и 
коммунизму, ХХІІ партсъезд атындағы колхоздар. 
Қазіргі кезде Жуалы ауданында 15 әкімшілік – аумаққа 
бӛлінген барлығы 52 елдімекен бар. Енді осыған тоқталайық: 
(Мұндағы жақшаның ішіндегі елдімекендер олардың бұрынғы 
атаулары) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет