Байгожина дана онирбековна


Медиамәдениеттегі әлеуметтік-психологиялық аспектілер



бет16/38
Дата17.01.2023
өлшемі2,17 Mb.
#61731
түріДиссертация
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   38
1.3 Медиамәдениеттегі әлеуметтік-психологиялық аспектілер
ХХ ғасырдың соңына қарай әлемнің ақпараттық бейнесі ғылыми тұжырымдама ретінде көп зерттеле бастады. Ақпарат – әлемнің әлеуметтік, психологиялық, мәдени суретінің іргетасы және жеке адамның дүниетанымын қалыптастыруда маңызды рөл атқарды. Жаңа ақпараттық ойлаудың қарқынды қалыптасуына байланысты БАҚ өкілдерінің, мәдениеттанушылардың, философтар мен әлеуметтанушылардың ғылыми пікірталастарының тақырыбы – ақпарат пен мәдениеттің ықпалдасуы, мәдениеттің медиатизациялануы. Жаңалықтар ағыны мен БАҚ-тың түрлі арналары негізінде әлемнің ақпараттық бейнесі құрылды, онда мәдениеттің ерекше түрі – медиамәдениет қалыптасты. Ғылыми техникалық жаңалықтар мен өзгерістерге байланысты медиатизация және ақпараттандыру бүгінгі заман дамуының негізгі бағыттары болып табылады. Осыған орай, жаңа үлгідегі мәдениет ретінде медиамәдениет немесе ақпараттық мәдениет қалыптасады.
Медиамәдениеттегі ақпарат – бұл мәдени ақпаратты БАҚ тәсілдерімен беру, адам өмірінің алуан түрлілігін көрсету. Мәдени нормаларды құндылықтар мен білімді қалыптастыратын, тарататын және енгізетін рухани өндірістің үдерісі мен нәтижесі ретінде түсіндіріледі. Ақпараттандыру дәуірінде ақпарат пен мәдениет екі әлеуметтік құбылыс ретінде жаңа жүйелі-функционалды құрылым медиамәдениетті немесе ақпараттық мәдениетті құрайды. Қазіргі таңда медиамәдениеттің әсері мен рөлі артып келеді. Жеке адамның, топтың және қоғамның дамуы үшін медиамәдениет үлкен мәнге ие. Қоғамның әлеуметтік үдерісінде маңызды рөл атқарады, сондай-ақ саясатқа, мәдениетке, экономикаға белсенді әсер етеді.
Ғылымның өркендеу сатысында туындаған медиамәдениет пен медиақұзыреттілік мәселелері әлеуметтің, білім беру саласы мен мәдениеттің, философияның, психологияның және т.б. салалардың басты назарында келеді. Дәстүрлі БАҚ, ақпараттық агенттіктер, баспа ісі, фотожурналистика, арт журналистика, музыкалық индустрия әлеуметтік өмірдің жиынтығы мен дербес түрлерін білдіреді. ХХІ ғасыр медиасы тек ақпарат тасымалдаушы ғана емес, ақпараттық-мәдени монополиялардың тұтас жүйесі, сондай-ақ медианың құндылық бағдарлары мен артықшылықтарының негізі болып табылады.
Медиамәдениеттің феномені ретінде ғылымдар тоғысындағы пәнаралық үйлесім жатыр. Медиамәдениеттің өзіндік табиғаты және оның әлеуетке ықпалы Д.Белл, Ж.Бодрийяр, М.Кастельс, М.Бахтин, М.Маклюэн, В.Михалкович, Р.Арнхейм, В.Беньямин, Ж.Делез, Р.Барт және Ю.Б.Бабаева, А.Бригзз, П.Винтерхофф-Шпурк, А.Е.Войскунский, Д.Е.Григорова, О.Веннингер, Д.Лемиш, Н.Луман, Г.С.Мельников, В.Кагельман, П.Кобли, Р.Харрис сияқты зерттеушілердің еңбектерінде кездеседі. Сондай-ақ, әлеуметтік-мәдени өзгерістердің бұқаралық ақпарат құралдарындағы рөлі, дүниежүзілік көлемдегі құндылықтардың, нормалардың, психологиялық үлгілердің диффузияға бейімділігі жиі айтылады.
Медиамәдениет термині психологияның ғылыми бағытына жақын салыстырмалы түрде қолданыла бастады, дегенмен әлі толық орныққан жоқ. Отандық және шетелдік салааралық әдебиеттерде «медиамәдениет», «медиалық мәдениет», «ақпараттық мәдениет», «аудиовизуалды мәдениет» терминдер көбіне синонимдер ретінде пайдаланылады. Медиамәдениет мәселелерін психологиялық талдауда әлі де әдістемелік және эмпирикалық негіздемелер аз. Психологиялық зерттеулердің ықпалымен медиамәдениеттің психологиясы және медиапсихология деп өз атауын иемденді. Ал медиапсихология бағытында ақпараттық құзыреттілік, медиа білім беру, медиасауаттылық, медиақұзыреттілік сияқты терминдер негізге алынды. Медиамәдениеттің психологиялық құбылысын теориялық жағынан ғана емес, практикалық тұрғысынан да маңызды болып отыр.
Жаһандану – қазіргі қоғамды техникаландыру жағдайларындағы медиамәдениеттің көптеген психологиялық мәселелерін зерттеуді өзекті етеді. Олардың ішінде:
– бұқаралық ақпарат құралдарының жаһандық таралуы жағдайындағы тұлғаның бірегейлігі, дағдарыс және сәйкестілік қақтығысына қатысты мәселелер;
– медиамәдениеттің адам психикасына ықпалын зерттеу;
– медиа ортадағы тұлғаның әл-ауқатына психологиялық талдау;
– медиа ортаның тұлғаны әлеуметтендіруге әсері;
– медиабілім беру – медиа ортадағы тұлға дамуының феномені ретінде;
– компьютер мен интернеттің әлеуметтік-психологиялық функцияларын талдау;
– виртуалды кеңістікте қарым-қатынас жасау, оның ерекшелігі мен әсерлері;
– интернеттің тұлғаға әлеуметтік-психологиялық әсерлерін зерттеу;
– интернет пайдаланушылардың гендерлік ерекшеліктері, виртуалды шындық пен киберкеңістікке тәуелділік психологиясы;
– медиа адамның жеке басын қалыптастыруға, сондай-ақ рухани мәдениетке әсер етуінің психологиялық тетіктері мен салдарын зерделеу;
– ақпараттық қоғамдағы жеке адамның психологиялық қауіпсіздігі.
Медиақұзыреттілікті қалыптастыру және медиабілім беру теориясы мен тәжірибесі сияқты мәселелер Э.Харт, А.В. Спичкина, Е.Е. Пронина, Л.С. Зазнобина, Б.Мак-Махон, А.В. Федорова, К.Базэлгэт, И.В. Вайсфельд, Н.А. Адрова, Е.Л. Вартанова, Д.Е. Григорова, Л.Мастерман, В.А. Монастырский, А.В. Шарикова еңбектерінде зерттелді. Медиабілім беру, мәдиамәдениет пен медиапсихология бүгін маңызды факторлардың біріне айналды деп айтуға болады. Я.Н. Засурский, И.А. Донина, Ю.Д. Бабаева, Е.Л. Вартанова, А.Е. Войскунский, Д.Е. Григорова, Г.С. Мельников, Н.Н. Петрова, Э.Э. Пронина, Е.А. Столбникова, А.В. Федоров, Н.И. Клушина және т.б. Ресей ғалымдарының зерттеулерінде медиамәдениеттің мәселелері, бұқаралық ақпарат құралдарының адамға және аудиторияға әсерін бағалау тұрғысынан қарастырылғанын айта кетуіміз керек.
Жоғары технологиялы БАҚ-ның жеке тұлғаға әсерін отандық және шетелдік зерттеушілер медиамәдениеттің ықпал етуінің басты нысандарының бірі жастар аудиториясын бөліп көрсетеді. Ғалымдардың ғылыми жарияланымдарында бұқаралық мәдениеттің психологиялық-әлеуметтік әсерлерін зерттеуге арналған қолданбалы-теориялық, тәжірибелік зерттеулердің көптігі сипатталады, медиамәдениет жастардың дамуына әсері мықты екенін растайды. М.Аромштам, Д.Брайант, А.Вартанов, Д.Е. Григорова, Н.П. Гришаева, С.Дэвид, М.Н. Кабанова, Е.Петрушанская, Э.Савицкая, В.Г. Собкин, В.В. Семикин, В.Э. Семенов, Б.Ю. Сорочкин, С.Томпсон, Р.Харис және Д.Лемиш, А.В. Шариков, А.В. Федоров, В.П. Чудинова сияқты бірқатар авторлардың пікірінше, медиамәдениет факторларын кішкентай балалар ойындарының мазмұнынан, жасөспірімдердің мінез-құлқынан көріп, бұл олардың рухани-адамгершілік бағдарларының қалыптасуына ықпал етеді. Әсіресе, қоғамның әлеуметтік-экономикалық құрылымының өзгеруі және оның рухани саласының жаһандануы жағдайында әсер етуінің феномендерін бірнеше рет анықтады. Зерттеушілер балалар мен жасөспірімдердің субмәдениетінде бұқаралық ақпарат құралдарының әсерінен едәуір өзгерістер болатынын, БАҚ-тың жасөспірімдерді әлеуметтендіруге ықпалының байқалатынын үнемі атап өтеді.
Ғаламтор жастардың күнделікті өміріне, тұтынушылық мінез-құлық үлгілерін қалыптастыруда әсер етуші фактор. Бұл ретте оның ерекшеліктері, рәміздері, құндылықтары, желілік этикеті, желілік ойлау жүйесі, желілік сілтемесі және т.б. мұның барлығы интернеттің мәдениетін қалыптастырды. Жастар аудиториясын тарту мақсатында маркетингтік коммуникацияларда табысты пайдаланылады.
Медиамәдениеттің ерекшелігінің бірі – қоғамды ақпараттандыру жағдайында мәдени бірегейлік мәселесі және бірегейлік қақтығысы. Зерттеуші П.Винтерхофф-Шпурк медиапсихологияның екі маңызды саласын атап көрсетеді: ақпаратты «жіберушілердің» тәжірибесі мен мінез-құлқын зерттейтін медиа өндіріс психологиясы және ақпаратты «алушыларымен» тікелей байланысты медианы қабылдау психологиясы [112]. Сонымен бірге медиапсихологияның басқа ғылымдармен ынтымақтастығын, оның қажеттілігін атап өтеді. Медиа зерттеулердің 40-65%-ы бойынша жасөспірімдер мен жастардың дамуына теледидардың әсері, зорлық-зомбылыққа, жарнамаға, көзқарастың қалыптасуы мен өзгеруіне, мектептегі жетістік пен интеллектуалды дамуға, сондай-ақ қоғамды қолдайтын әрекеттердің әсеріне арналған.
Қазіргі заманғы психологиялық зерттеулердегі медиа өндіріс саласындағы «ақпаратты өндіруші» және медианы қабылдау саласындағы «ақпарат алушы» медиапсихологиялық зерттеудің үш негізгі бағытымен байланысты:
• Медиабілім беру – ақпаратты тұтынушылардың мүддесіне бұқаралық ақпарат құралдарында пайдалану, дағдыларын қалыптастыру, манипуляцияға қарсы стратегияларды игеру;
• Медиасараптама – ақпараттық-психологиялық қауіпсіздік, аудиторияның мүдделері мен құқықтары қағидаттарын сақтау тұрғысынан бұқаралық коммуникация контексін талдау;
• Медиатерапия – бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ұжымдық бірлестікті қалпына келтіру және оңалтуды қамтамасыз ету.
Медиабілім бойынша зерттеулер бұқаралық ақпарат құралдарының адамға әсер етуші психологиялық ықпалын анықтап, бүгін ол ғылыми және тәжірибелік тұрғыдан медиапсихологияның маңызды бағыттарының біріне айналып отыр. Медиабілім теориясы мен тәжірибесін зерттеуші И.В. Вайсфельд, Е.Л. Вартанова, Д.Е. Григорова, Л.С. Зазнобина, Я.Н. Засурский, Л.Мастерман, Б.Мак-Махон, В.А. Монастырский, Е.Е. Пронина, А.В. Спичкина, А.В. Федорова, Э.Харт, А.В. Шариковтар және т.б. бұқаралық коммуникация құралдарының әлеуметтік және жеке адамның медиақұзыреттіліктерін қалыптастырудағы рөлі педагогика мен психология саласына қатысты екенін атап өтеді. Зерттеушілер медиабілім берудің мақсатын адамның медиақұзыреттілігінен, медиа сауаттылығынан көреді, оны дамыту мен қалыптастырумен байланыстырады.
Ұстанымдардың (позиция) айырмашылығына қарамастан, медиабілім берудің модельдері келесі міндеттерді біріктіреді:
– тұтынылатын ақпараттық өнімдерге саналы сыни көзқарас қалыптастыру;
– медиа тәуелділікті алдын-алу (теледидарға тәуелділік, интернетке тәуелділік және т.б.);
– бұқаралық ақпарат құралдарының манипуляциялық стратегиялары мен ықпалынан қорғану дағдыларын үйрету;
– алынған ақпараттан жалған мәліметтер мен бұрмалаушылықтарды анықтап, тәжірибелік дағдылар алу.
Сондай-ақ, медиақұзыреттілікті дамыту жеке адамның психологиялық мәдениетінің деңгейін арттырумен үйлестіреді. Осылайша, С.Дж. Бэрэн адамның медиа құзыреттілігін бағалау үшін қажетті дағдыларды ұсынады:
– медиамәтін мазмұнын түсіну мен қабылдау;
– ақпаратты қабылдау кезінде дәлелді және эмоциялық ажырату қабілеті;
– жанрлардың ерекшеліктері мен шарттарын білу;
– медиамәтіндер дереккөздерінің қаншалықты ықпалды екендігіне қарамастан, сыни тұрғыдан ойлау қабілеті;
– медиамәтіндердің күрделілігіне қарамастан түрлі ақпарат құралдар тілінің ерекшеліктерін және оларға әсер ету тәсілдерін білу [26, 8 б.].
Медиапсихологиялық зерттеулердің медиа сараптама мен медиа терапия бағыттары бойынша зерттеулері мен тәжірибелік әзірмелер көлемі, тұжырымдары медиабіліммен салыстырғанда айтарлықтай аз. Жалпы алғанда медиапсихология және медиамәдениет психологиясы саласындағы зерттеулерге талдау жүргізе отырып, қазіргі заманғы медиа құралдардың қоғамдық және жеке санаға, халықтың түрлі контингенттерінің әлеуметтік мінез-құлқына ықпал етуі өте күрделі әрі көп аспектілі, көп деңгейлі екенін айтуға мүмкіндік береді. Мәдени құндылықтармен, идеялармен алмасу, қоғамдық құндылықтарды игеру, саяси-идеологиялық, дүниетанымдық аспектілерді түсіну әлеуметтік-психологиялық феномен ретінде қызмет атқарады. Қоғамдық санадағы өзара ықпалдастық пен іс-қимылды зерттеу нәтижесінде бірыңғай әлеуметтік-мәдени ахуалды құрайтын әлемнің жаңа медиамәдениетін қалыптастыратын түрлі ұлт медиамәдениетінің менталитетін зерттеу сияқты бағыттарын атауға болады. Түрлі медиамәдениеттердің өзара әрекеттесуінің жалпы тенденциялары, заңдылықтары, әсерлері қоғам мен жеке тұлғаның медиамәдени өзара әрекетін шығарады. Психологиялық зерттеулер аясында медиамәдениет феномендерін зерттеу негізгі мәселелердің қатарында тұр. Болашақта осы салада кең ауқымды теориялық және эксперименттік әзірлемелер пайда болатыны сөзсіз. Бұл үдеріс психологиялық білімнің жаңа саласын – медиапсихологияны қарқынды дамытумен, оның ғылыми бағыттарын тереңдету және кеңейтумен, медиапсихологиялық тәжірибені дамытумен байланысты. Бұл жағдайда феноменологиясы мен медиамәдениет теориясын зерттеу ғана емес, халықпен, әсіресе азаматтардың жас ұрпақтарымен ағартушылық жұмыс, жеке тұлғаның медиамәдениетін қалыптастыру әдістемесі және технологиясы бойынша мамандар даярлау жөнінде ғылыми-тәжірибелік ұсынымдар әзірлеу маңызды болып отыр. Медиапсихологиялық зерттеулердің негізінде медиамәдениет ұғымының психологиялық жағынан талқылағанда медиасауаттылық және медиаортаның агрессивті көріністерінен қорғану шараларын қоса алғанда, қазіргі заманғы жоғары технологиялық медиа өнімдерді өндіру мен қабылдаудың мазмұны жағынан кең болып шықты. Сонда адамның психологиялық мәдениетін қалыптастыратын құралы және компоненті ретінде медиа құзыреттілікті қарастыруға болады. Жоғарыда жүргізілген талдаулар медиамәдениет психологиясының ықтимал дамуын айқындап, оның әлеуметтік-психологиялық феномен ретіндегі перспективалық зерттеулері кейбір бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді:
• медиамәдениет қоғамның жаңа әлеуметтік шындығы ретінде және пәнаралық құбылыс ретінде зерттеуге теориялық-әдіснамалық тәсілдер әзірлеу;
• әлеуметтік фактор ретінде медиамәдениеттің үдерістерін, заңдылықтарын, құрылымы мен әрекет ету тетіктерін анықтау;
• әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерін зерттеу, медиа мәдениеттегі әртүрлі әлеуметтік топтардың әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерін зерттеу, әдіснамалық-теориялық негіздемесін қарастырып, эксперименталдық деректерді жүйелеу;
Медиамәдениет термині алғаш рет мәдениеттану саласында қолданылып, оның астарында қоғам мен мемлекет арасындағы делдал медиатор болып табылатын ақпараттық қоғамдағы мәдениеттің ерекше түрі түсіндірілді. Мәдени зерттеулер қазіргі кезеңде медиамәдениетті адамзаттың тарихи даму барысында қалыптастырған ақпараттық-коммуникативтік құралдар кешені ретінде байыптайды. Зерттеушілер Ф.Джеймисон, Ж.Бодрийяр және П.Вирильоның тұжырымдарында медиамәдениет – бейнені және дыбысты жазудың, таратудың қазіргі заманғы техникалық тәсілдерінің арқасында кең тараған динамикалық бейнелерді таратумен байланысты мәдениет саласы [113], - деп қарастырылады.
Медиамәдениетті ақпараттық-семиотикалық тұрғыдан қарастырғанда үш түйінді тәсілді бөліп көрсетуге болады: артдәйектемелер жүйесі (лат. arte ‒ жасанды и factus ‒ жасалынды), символдар мен белгілер жүйесі. Ю.М. Лотман мәдени құбылыстарды ақпаратқа толы мәтіндер ретінде түсіндіру керек деп санайды.
Медиамәдениеттің ерекшелігі мұнда әлеуметтік ақпарат «кодталған» белгілер кешені болуы мүмкін. Белгілі бір мәдени құбылысты түсіндіру, оның субъективті мағынасын айқындау болып табылады. Медиамәдениеттің ақпараттық құрамдас бөлігін семиотикалық құрамдас бөліктің шекарасынан тыс елестету мүмкін емес. Медианың көмегімен қоғам ақпаратты жинақтайды, көбейтеді, алдыңғы буын тәжірибесін сақтауға, яғни қоғамның генетикалық жадын сақтауға көмектеседі [114]. Медиамәдениет – әлеуметтік, тарихи жағынан адамзат әзірлеген ақпараттық-коммуникативтік құралдардың жиынтығы, тарихи даму барысы. Сондай-ақ, медиа саласындағы интеллектуалдық және материалдық құндылықтардың жиынтығы, әлеуетте жұмыс істеудің тарихи қалыптасқан жүйесі.
А.Мольдің «Социодинамика культуры» атты еңбегінде постмодернизм мәдениетінің болашақ үлгісі ретінде пайда болатын «мозаикалық мәдениеттің» тұсаукесері деп қарастырады. А.Моль дәстүрлі «гуманитарлық» мәдениетті бұқаралық коммуникациялар құралымен таратылатынын, үздіксіз хаотикалық (күйзелісті) ақпарат ағынының әсерінен қалыптасатынын айта отырып, қазіргі заманғы «мозаикалық» мәдениетке әсерін талдайды [115].
Медиамәдениет – пәнаралық сипаттағы ұғым десек, оның бағыттары әлеуметтану, философия, психология, мәдениеттану, педагогика, өнертану, саясаттану, тарих, антропология және т.б. көптеген ғылымдармен тоғысады. Медиамәдениетті зерттеу, оның әлеуметтік әсерін бағалау, қазіргі қоғамдағы орны мен рөлін, бұқаралық ақпарат құралдарының жүйесінде таралу ерекшеліктерін нақтылау жоғарыда берілген салалармен байланыста анықталады.
Медиамәдениетті түрлі тәсілдер арқылы зерттеу, нәтижелерін талдау оны әлеуметтік құбылыс ретінде қарастыруға мүмкіндік береді, оған басты себеп төмендегі мәселелермен сабақтастықта алынады:
• Әлеуметтік әсер ету аймағы;
• Виртуалды және нақты мәдениеттердің өзара әрекеттесу аймағы;
• Тұлғаны әлеуметтендірудің арнайы институты .
Мәдени ортада адамның әлеуметтік мінез-құлқын реттеудің психологиялық факторлары мен тетіктерін зерделеу бүгінгі күндері ерекше маңызға ие болып отыр. Қазір адамның жеке тәжірибесінде нақты, өзекті және ұсынылатын виртуалды компоненттерден тұратын жеке және сыртқы мәдени ортаның күрделі интеграциясы жүреді. Мәдениетті тұтыну ғана емес, өзге елдің мәдениетінен қауіпсіздік пен мәдени коммуникативтік, психологиялық ресурстарының жетіспеушілігін сезінуде. Күнделікті тіршілік, нарықтық экономика, құқық, ғылым мен білім беру, отбасылық құндылықтары БАҚ-пен қамтылып, өзін-өзі табысты жүзеге асыру үлгілерін ұсынады, бүгінгі күннің медиатизациясы деп қарастыруға мүмкіндік береді. Адамның қоғамда өзін-өзі анықтауы мен жетілуінің тетіктерін зерттей отырып, олардың арасында медиа орта ең ықпалды, әсіресе, бұқаралық ақпарат құралдары жеке тұлғаның субъективтілігін қалыптастырушы екенін байқаймыз. Мәдиамәдениетті әлеуметтік-психологиялық құбылыс ретінде зерттеудің маңыздылығы психология үшін жаңа мәселелер тобын теориялық тұрғыдан дамыту қажеттілігі ғана емес, сондай-ақ БАҚ-тың жаһандануымен, медиамәдениеттің мазмұны мен нысаны жағынан көпмәдениетке айналуымен айқындалады. Медиамәдениетті психологиялық талдау жергілікті қоғамдастық мәдениеті ретінде құрылымдық-жүйелік тәсілдің қызметі және миссиясын, тұтыну аудиториясының мінез-құлқы мен құндылықтарын басқаратын ерекше әлеуметтік объект ретінде зерттеуге мүмкіндік береді.
Мәдиамәдениеттегі корпоративтік және ұйымдастырушылық мәдениетке тән функциялар сипатын мына мәселелер айқындайды:
– құрылымдылығы, жүйелілігі, орнықтылығы, біртектілігі және бейімділігі іспеттес қасиеттері;
– инновациялық, танымдық, коммуникациялық, уәждеуші және т.б. тұрғысындағы қызметтері:
– медиақұзыреттілік, медиалық қорғау, медиабілімділік бағыттарын сипаттауға болатын жеке параметрлері.
Ақпараттың жаһандауына байланысты адам өмірінің алғашқы жылдарынан бастап көпмәдениетті медиакеңістікте тіршілік етеді. Қоғамның медиалық тәжірибелерін әлеуметтік мінез-құлық және медиа құзыреттілік деңгейіне байланысты игереді. Адамның басқа мәдениетпен танысып, оны игеру үдерісі өмірлі жағдайларға, тұлғалық ерекшіліктерге байланысты. Осыдан мәдени ұтқырлықтың болуы үлкен маңызға ие. Адамның медиа ортасы мәдени шекаралардың өту салаларындағы тиімді мінез-құлық моделін айқындайтын кейбір жалпы кестені (сызбаны) белгілеуге мүмкіндік береді, жеткілікті жоғары медиа құзыреттілігі бар тұлғаға тән стратегияларды, ондағы жаңа мәдениеттегі бағдар, тиімді бейімдеу, жаңа мәдени құндылықтарды игеру, әлеуметтендіру – сәйкестендіру – индекстеу, өзін-өзі жүзеге асыру, өзге де мәдениетті шығармашылықты түрлендіру, мәдени көріністерді интеграциялау, өзара алмасу болып табылады. Тұлғаның басқа мәдениетке бейімделу нұсқаларын енгізудің себептерін ескермей талдауға болмайды. Мәдениетті игеруде бейімделу, интеграция, дараландыру стандарттарын ескере отырып түзетуге болмайды. Дегенмен, ақпараттық ғасырдың дамуына байланысты бұл стандарттар өзгеруі мүмкін, бұл жағдайда жеке адамнан едәуір бейімделетін мәдени-психологиялық әлеуетін қолдану талап етілуі мүмкін. Аталған феномендер мен үдерістерді сипаттау үшін медиақұзыреттілік зерттеулердің жалпы контексіне жеке тұжырым, мәдени, психологиялық құзыреттілікті енгізу керек деп ойлаймын. Адамның интегралды әлеуметтік, психологиялық қасиеті ретінде қарастырылады. Құзыреттілік адамның түрлі мәдениеттермен тиімді іс-әрекетін қамтамасыз етеді, әлеуметтік бейімделудің, жеке тұлғаның дамуының және мәдени сәйкестенудің нәтижесі ретінде көрінеді. Адам өзі қоршаған әлем туралы іс-әрекет жасау мен стратегиялары туралы түсініктерін кеңейту функцияларын атқарады. Мәдени-психологиялық құзыреттіліктің қалыптасуында куәлік қатынастар жүйесінің даму деңгейі және адамның қандай да бір қоғамдастықтың әлеуметтік кеңістігіндегі орны болып табылады. «Мәдени-психологиялық құзыреттілік» ұғымы «медиа құзыреттілік», «мәдени құзыреттілік» немесе «жеке құзыреттілік» ұғымдарына қарағанда айтарлықтай кеңірек және күрделі, сондай-ақ мәдени мүдделердің кеңдігі мен түрлілігін және т.б. болжайды. Қазіргі қоғамда медиамәдениеттің құрылымы мен негізгі функцияларына қатысты мәселелер жан-жақты талқыланып, бұқаралық медианың жастар аудиториясына психологиялық әсері көрсетіліп, медиа ортадағы тиімді әлеуметтік мінез-құлық факторлары зерттелуде. Медиамәдениеттің ықпалын талдау кезінде балалар мен жасөспірімдердің дамуы мен әлеуметтенуіне медиа ортаның оң да, теріс те әсер етуі байқалады. Әлеуметтік мәдениет кеңістігінде адамға көптеген қарама-қайшы факторлар әсер етеді. Мысалға, арзан жарнамалар, медиа жеткізетін түрлі негативті ақпараттардың нәтижесінде әлеумет жеке адамның мінез-құлқының бұрмаланған нормалары мен формалары пайда болады. Жаңа технологиялық құралдардың санамызға әсер етуіне байланысты медиа адикциялардың түрлері (компьютерлік ойындарға, интернетке және т.б. тәуелділік) анықталады.
Қазіргі әлеуметтік тәжірибеде жеке тұлғаның мәдени-психологиялық құзыреттілігі іс-жүзінде медиа құзыреттілікті қалыптастырудың базисі ретінде ғана емес, сонымен қатар медиабілімнің тиімділігін арттырудың шарты мен ресурсы ретінде әрекет етеді. Мұндай жағдайда жеке тұлғаның әлеуметтік маңызды қасиеті ретінде мәдени-психологиялық құзыреттілігін қалыптастыру білім берудің стратегиялық мақсаттарының біріне айналады және бүгінде арнайы медиабілім беру қажеттілігі туралы айтуға болады. Адамның медиа тәрбиесін кең мағынада алсақ, бір жағынан тұлғаның медиамәдениетін өзгертіп отырған әлемдегі мінез-құлыққа дайындығы, яғни медиа хабарламаларды қабылдау, тиімді жауап беру қабілеті және медиа иммунитеттің белгілі бір формаларын қалыптастыру мүмкіндігі деп қарастыруға болады. Екінші жағынан, медиа құзыреттілік жеке тұлғаның медиа үдерістерге белсенді қатысушысы, оның ішінде қазіргі мәдени медиа технологияларды иеленушілердің қабілеті ретінде көрінеді. Мысалы, виртуалды интернет коммуникацияның белсенді субъектісі ретінде интернет коммуникацияға қатысу арқылы сипатталады.
Медиа тәрбиенің жеке нәтижесі ретінде мәдени психологиялық құзыреттіліктің құрылымы мен мазмұнына мыналар:
• медиа әлемі туралы психикалық рефлексия және әлеуметтік адекватты идеялар қалыптастыру;
• мінез-құлықтың жаңа формаларын қабылдау және дамыту (соның ішінде өзіндік);
• топтық мінез-құлық үлгілерін білдіру және сәйкестендіру механизмдері арқылы әсер ету;
• адамның әлеуметтену мен қорғауда өзара байланысы, медиа әлемдегі манипуляциалық әсеріне төзімділік пен медиа иммунитеттің көріністері кіреді.
Эмпирикалық деңгейлерді бағалау және жастардың мәдени-психологиялық құзыреттілігін қалыптастыру тетіктерін зерделеудің маңыздылығы бүгінгі уақыттың шындығы ғана емес, ол жеке адамнан жаңа, өзге де мәдени тәжірибелерге ұдайы қосылуды талап ете отырып, әлеуметтік-мәдени өмірдің серпінділігін арттырды, сондай-ақ әлеуметке енудің тез өзгеретін бейімделу мүмкіндіктерінің тапшылығына байланысты. Жас адам психологиялық, мәдени-коммуникативтiк ресурстарды көп мәдениеттi әлеуметке енгiзудiң, басқа мәдениетпен қауiпсiз және тепе-теңдiк өзара iс-қимылдың, әлеуметтiк-мәдени ортаны шығармашылық қайта құрудың жетiспеушiлiгiн ұдайы бастан кешiредi. Жастардың мәдени-психологиялық құзыреттілігін қалыптастыру тетіктерін бағалау және білу мәдениет өнімдерін пассивті тұтыну, медиа жүйе ұсынатын үлгілерді, құндылықтарды, стандарттар мен мінез-құлық нормаларын игеру ғана емес, толыққанды тұлғалық өзін-өзі айқындау мүмкіндіктерін туғызады.
Мәдени-психологиялық құзыреттілік мәселелерін дамытуды құрылымдық тұрғыдан қараймыз. Оны зерттеуге түрлі субмәдениеттер, жергілікті қоғамдастықтың әлеуметтік сана-сезімінің формалары, өзінің этно-тарихи ерекшеліктері бар контингент (түрлі жастар топтары, фанаттар бірлестіктері), әлеуметтік кеңістіктің көпмәдениетті сипатын айқындайтын қандай да бір қоғамдастықта бірге жұмыс істейтін қосалқы шаруашылықтардың әртүрлі түрлері (белгілі бір жастар қоғамдастығының ерекше медиамәдениетінің кіші түрі ретінде поп-мәдениетті қарастыруға болады) кіреді. Жергілікті мәдениеттің бірі, мәдениеттің жас топтары мен ұлттық топтарын, түрлі кәсібилендіру топтары бойынша саралану дәрежесін көрсететін мәдениеттің түрі – субмәдениет. Жастардың аудиториясы қазіргі заманның мәдиамәдениетін, поп-мәдениет сияқты компонентін құрылымдық тәсіл тұрғысынан зерттеп және қабылдайды. Әлеуметтік, экономикалық, психологиялық зерттеулердің нәтижелерін бірыңғай позициядан және бірыңғай контексте пайдалануға, медиамәдениеттің іс-әрекетін зерттеуге мүмкіндік жасайды. Медиамәдениеттің құрамы мен элементтері, ұйымдастыру және жұмыс істеу тәсілдері, әлеуметтік және экономикалық ықпалы эмпирикалық зерделеу нысанына жатады. Бұл тәсіл медиамәдениетті, оның ішіндегі осындай үдерістер мен құбылыстарды психологиялық тұрғыдан жүйелі зерттеуді көздейді. Поп-мәдениеттің түрлі әлеуметтік және психологиялық ықпалын, ұйымның ішкі (шоу-кәсіпорындардың қосалқы мәдениеті) және сыртқы әсерлерін, сонымен қатар поп-мәдениетті ерекше әлеуметтік нысан ретінде қабылдап, тұтынушыларға әсерін, әлеуметтік нормалар мен құндылықтарға медиа өнімнің әсерін, имиджін зерттеуге болады. Поп-мәдениет:
– шоу-бизнестің кәсіби персоналын, ойын-сауық қызметтерін өндіру, дамыту және сату және оларды нақты тұтыну, әлеуметтік ұйым ретіндегі медиамәдениеттің функциялары мен ерекше параметрлері қалыптастыру;
– әлеуметтік ықпал ретінде тұтынушы мен өндірушінің механизмдері мен феномендері, сұранысты басқару және т.б.
Медиамәдениеттегі поп-мәдениет дербес әлеуметтік объект ретінде қарастырылып, мәдениеттің элементтері туралы заманауи әлеуметтік түсініктерді зерттеуге болады.
Жастар ортасындағы поп-мәдениет туындыларын қабылдау мен бағалаудың эмпирикалық зерттеулері медиамәдениеттің компенсаторлық, танымдық, эмоциялық реттеушілік және коммуникативтік сияқты функцияларымен, тұлғаның мәдени-психологиялық құзыреттілігінің даму деңгейімен айтарлықтай байланыста болатынын көрсетіп отыр. Өз кезегінде мәдени-психологиялық құзыреттілікті қалыптастыру мәдениет объектілері туралы әлеуметтік түсініктер жүйесінің даму деңгейімен, жеке тұлғаның трансмәдениет ерекшелігімен және жеке тұлғаның қазіргі әлеуметтік-мәдени ортаға енгізілу сипатымен айқындалады. Медиа әлемге жүгіну арқылы субъект қазіргі уақытта өзіне қажетті жағдайды қалыптастырады. Мысалы, қосымша энергетикалық белсенділікке немесе керісінше, релаксацияға жетеді. Бұл жағдайда медианың мәдени өнімі жеке тұлға үшін мінез-құлықтық еліктеу объектісі эмоциялық сәйкестендіру тетігі ретінде көрінеді.
Қазір коммуникация құралдарына өзекті рухани өнімдердің жолсерігі ретінде назар аудару медиамәдениет ұғымын тұрақтандырды. Бүгінгі медиамәдениет адамның қоршаған әлемдегі әлеуметтік, адамгершілік, психологиялық, интеллектуалды аспектілері ақпарат ағымының дәстүрлі БАҚ және интернеттен көрініс табады. Қоғамның мәдени даму кезеңіндегі жасалған, қоғамдық сананы қалыптастыруға және адамның әлеуметтенуіне ықпал жасайтын коммуникативтік, ақпараттық құралдардың жиынтығы. Ақпаратты беру мәдениетін және оны қабылдау мәдениетін медианың барлық түрлері қамтиды. Жеке тұлғаның медиамәдениеті медиа мәтінді оқуға, бағалауға және талдауға, медиа арқылы жаңа білімді меңгеруге және медиа шығармашылықпен айналысуға т.б. қабілеттердің даму деңгейлерінің жүйесі бола алады. Мәдениет «екінші табиғаттық болмыс». Мәдениет категориясы адамдар жасаған болмыс пен өзін-өзі тану сферасын, әлеуметтік өзара әрекеттесу мен мінез-құлықты реттеу қайнар көзін білдіреді. Мәдениет пен коммуникациялық қарым-қатынас мәдени өзара іс-қимыл, онда біріншіден хабар жіберушінің болуын қажет ететін коммуникация актісі, екіншіден уақыт пен кеңістікте хабар берілетін арна және соңында хабарламаны қабылдайтын, есте сақтайтын қабылдаушы. А.К. Коваленко және В.Ю. Борев өздерінің еңбектерінде жеке адамның әлеуметтенуі мен мәдениетінің артуына ықпал ететін мұраның объективті-тарихи және әлеуметтік қажеттіліктерге негізделген үдерісі ретінде қарастырады [116]. Көптеген зерттеушілер мәдениет тарихындағы коммуникацияның тактильді және ауызша, жазбаша және баспадан аудиовизуалдыға дейінгі түрлерін сипаттайды.
Қазіргі заманғы мәдениеттанудың негізінің бірі қалаған медиамәдениет термині, ал ақпараттық қоғам мәдениеттің өзара ықпалдастығын белгілеу үшін енгізілді. Әлеуметтану мен мәдениеттануда «бұқаралық ақпарат құралдары» (БАҚ) және «бұқаралық коммуникация құралдары» (БКҚ) сияқты ұғымдар кеңінен тараған.
Батыстық зерттеулерде «масс медиа» термині қолданылады. «Медиа» XX ғасырдың термині, ол бастапқыда «бұқаралық мәдениет» феноменінің кез-келген көрінісін белгілеу үшін енгізілді, сондықтан зерттеушілер жаңа терминологияны пайдалана отырып, мәдениет тарихы мен теориясын қайта қарауға мүмкіндік алды. Жаңа феноменнің пайда болуы қазіргі заманғы «арт-критиканың» қалыптасуына алып келді, оның функциялары, қызметі және мәртебесі бұрынғыдан әлдеқайда түрлі болып табылады. Медиа кеңістікте болып жатқан үдерістерді зерттеу, медиамәдениет әлеміне енудің маңызды бөлігіне айналады.
В.С. Степин адам мәдениеттің туындысы ретінде қарап, «мәдениетте берілген әлеуметтік тәжірибені игеру арқылы ғана тұлғаға айналады, мұндай ассимиляция әлеуметтену, оқыту және тәрбиелеу үдерісінде жүзеге асырылады [117, 68 б.], - деп атап өтеді. Ресейлік танымал зерттеуші В.В. Савчуктың пікіріне қарағанда, мәдениеттің кез-келген саласында медианың үйлесін табуға болады [118].
Қазіргі заман жағдайында әр адамның медиамәдениет әлеміне қатынасын анықтау мүмкіндігінше өзекті болып табылады. Соның бірі –медиабілім бағыты. Медиа білімнің негізгі мақсаты – бұқаралық ақпарат құралдарының тілін меңгеру, коммуникацияның сөзсіз нысандары негізінде және техникалық құралдар мен қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың көмегімен қарым-қатынас тәсілдерін меңгерту. Бұқаралық коммуникацияның негізгі заңдылықтарын зерттеуді қолдайтын педагогикалық бағыт ретінде пайда болған медиабілім қазіргі уақытта ақпараттық кеңістікте өмір сүретін әрбір адамға қатысты әлеуметтік-мәдени құбылыс мәртебесіне ие болып отыр. Бұл адамдардың медиамәдениет әлемімен өзара әрекеттесуінің негізгі үдерістерін көрсететін бірқатар маңызды факторларға байланысты болып отыр.
ЮНЕСКО медиабілім беруді ХХІ ғасырдағы мәдени педагогикалық дамудың басым бағыты ретінде анықтап, медиа білім беру бұқаралық ақпарат құралдарының барлық түрлерімен және түрлі жаңа технологиямен байланысты. Еуропа кеңесі медиабілімді «медиа құзыреттілікті дамытуға ұмтылатын, алынған ақпараттың негізінде өз пікірін білдіруге қабілетті азаматтардың жауапкершілігін тәрбиелеу мақсатында медиаға сыни және ойластырылған көзқарас ретінде түсінілетін оқыту» ретінде қарастырады. Бұл оларға қажетті ақпаратты пайдалануға, оны талдауға, онымен байланысты экономикалық, саяси, әлеуметтік және мәдени мүдделерді сәйкестендіруге мүмкіндік береді. Медиабілім адамдарға медиа арқылы жаттығулар жасауға мүмкіндік береді, олардың жеке тұлға ретінде дамуына ықпал етеді, сонымен бірге әлеуметтік қатысуы мен интерактивтілігін арттыратын сөз және ақпарат бостандығы құқығын айқындайды.
Қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайда медиабілім беру теориялық-тәжірибелік жағынан көркемдік тәрбиенің, өнертану, мәдениеттану, әлеуметтану, психология және т.б. ажырамас компоненттері ретінде әрекет етеді. Медиабілім берудің мазмұнды аспектілері медиа саладағы өнертану негіздерін, ондағы бұқаралық ақпарат құралдарының негізгі түрлері мен жанрларын, әлеуметтегі медиа функцияларын, медиа тарихын, кәсіби медианы, әуесқой медиа саланы, медианың таралу арналарын, медиа саласындағы мәдени қозғалыстарды және т.б. қамтиды.
Медиабілім беру үдерісінде жеке тұлғаның ақыл-ой, адамгершілік, этикалық, эстетикалық, дүниетанымдық және т.б. маңызды сипаттамаларын, рухани объективтілігін кеңінен дамыту арқылы жүзеге асырылады.
Отандық медиабілім беру жүйесінің бастауы ретінде экранмен қарым-қатынас мәдениетін, коммуникативтік дағдыларды дамыту, медиамәтінді түсіндіру, талдау және бағалау дағдыларын дамыту, аудиовизуалды медиа өнімді қолдана отырып өзін-өзі көрсетудің түрлі формаларын үйрету болып табылады.
Медиамәдениеттің туындыларын зерттеу медиабілім берудің негізгі тұжырымдамалары медиа агенттік (ақпарат көзі), медиамәтін категориясы, медиамәтін тілі, медиа технология, медиа аудитория және т.б. сүйенеді.
Медиа агенттігі (медиамәтінді өндіруші, медиа ақпарат көзі, медиа индустриясы) – телеарнада, баспада, редакцияда, киностудияда және т.б. жұмыс істейтін ұйымдар, тұлғалар тобы (авторлар, продюсерлер, менеджерлер), әдетте, бұқаралық аудиторияға арналған медиамәтіндерді жасайтын, тарататын техникалық құралдар кешені.
Медиамәтін категориясы – медиамәтіндердің әртүрлі түрлері, (баспа, телевидение, кинематография және т.б.) формалары (жарнамалық, деректі, білім беру және т.б.) және жанрлар (мақала, сұхбат, репортаж, драма, комедия және т.б.) үйлесуі.
Медиабілім беру аудиториясы – медиамәтінді құрастыратын адамдар тобы (мектеп оқушылары, студенттер, мұғалімдер, оқытушылар, медиа саланың қызметкерлері).
Медиа технология – 1) медиамәтіндерді нарыққа шығаруға қажетті құралдар-жабдықтар, техникалар мен материалдар; 2) медиамәтіндерді нақты техникалық құралдарды, композицияны, жанрды және т.б. пайдалану тұрғысынан құру тәсілдері.
Медиамәтін тілі – нақты медиа мәтіндерді жасау кезінде пайдаланылатын мәнерлілік құралдары мен тәсілдердің кешені. Медиа оқырмандармен, пайдаланушылармен немесе тыңдаушылармен вербалды, бейнелеу және аудиовизуалды жазу тілдерінде сөйлесуге қабілетті. Нақты медиа мәтіндерді жасау кезінде құралдар мен тәсілдер кешені қолданылуы мүмкін (кодтар мен шарттылықтар жиынтығы, олардың көмегімен қайта түсініледі). Мысалы, кино мен теледидар көру және дыбыстық құралдарды қамтитын дыбыс-бейне жазу тілін пайдаланады, баспасөз тілі, вербальды баспа мәтіні және графикалық иллюстрациялар, фотосуреттер бейнелерді үйлестіреді.
Медиа репрезентациясы – адам әлеуметінің, адамдардың, оқиғалардың, идеялардың және т.б. өмірін медиа мәтінде көрсету (репрезентациялау) үдерісі. Білім беру жүйесін реформалау, біліктілік тәсілінің ережелеріне негізделген білім берудің жаңа стандарттарын енгізу жағдайында инновациялық технологияларды пайдаланбай, қазіргі өскелең ұрпақты тиімді оқытуды елестету қиын. «Шын мәнінде, қазіргі заманғы білім беру жүйесі білім алушылардың ақыл-парасатын дамытып қана қоймай, оның мүмкіндіктерін арттыруы тиіс. Іс-жүзінде бағдарлап, студенттердің іс-әрекетіне назар аударып, оларды өз бетінше оқыту мен дамыту үдерісіне үйретіп, олардың инновациялық және креативті әлеуетін кеңейтуі тиісті. Мұндай мәселелерді дәстүрлі және қарқынды оқыту технологияларын ақылға қонымды түрде біріктіру арқылы ғана шешуге болады» [119].
Сонымен бiрге қазiргi заманғы әлеуметтiк-мәдени жағдайда қоғамның негiзгi эстетикалық, мәдени және құндылықтық басымдықтарын айқындау, медиатизациядан өткен кеңiстiкте өмiр сүретiн адамды тәрбиелеу мен дамыту тұрғысынан медиабiлiм берудiң мүмкiндiктерiн кеңейтуге байланысты өскелең ұрпаққа бiлiм беру мен тәрбиелеудiң негiзгi векторларын бөлу ерекше маңызды болып отыр. Осыған байланысты жаңа руханияттың қалыптасуы адамзат мінез-құлқының жаһандық үлгісіне, оның шығармашылық әлеуетінің көрінісіне айналатын гуманитарлық мәдениетті игеруді талап етеді деген пікір әділетті болып көрінеді. Өнер жас ұрпақтың дүниетанымдық және адамгершілік дамуына ықпал ететін елдің, халықтың өмірімен, тарихымен тығыз байланысын ашуға мүмкіндік беретін әлемнің көркем бейнесін танудың тұтастығын қамтамасыз етуге арналған адам болмысының жаңа құндылықтарын әзірлеуде табиғи қажеттілік бар.
Үнемі ұлғайып келе жатқан ақпараттық ағым жағдайында әр адамға БАҚ құзыретті болуы қажет: түрлі ақпараттың көптігі жағдайында бағдарлай білу, оны сауатты қабылдау, түсіну, талдау, оның көрермендерге, оқырмандар мен тыңдаушыларға әсер ету механизмдері мен салдары туралы түсінікке ие болу.
Аудиторияның медиақұзыреттілігін дамыту міндеттері медиабілім беру үдерісінде белсенді, интерактивті, жобалық технологияларды кешенді пайдалану, медиамәтіндермен жұмыс істеудің инновациялық тәсілдерін қолдану арқылы шешіледі. Шығармашылық, диалог, интеракция білім беру үдерісінде оқушыларға, студенттерге және педагогтарға бір-бірімен белсенді өзара іс-қимыл жасау, пікірталас, шығармашылық сабақтар барысында мәселелерді шешу кезінде ақпарат алмасуға мүмкіндік береді. Бұл жағдайлар медиабілім беру үдерісі үшін ерекше өзекті, өйткені диалогқа үндеу, бірлесіп құру қазіргі заманғы медиамәдениет әлемін түсіну үдерісінің табысты болуының маңызды шарты болып табылады. Қазіргі заманғы мәдениет пен білім беру саласы медиатехнологиямен тығыз байланыста: қашықтықтан оқытудың ауқымды желісі белсенді дамып келеді, мәдени ескерткіштерді сақтау цифрлық форматта көбірек орын алуда. Жаңа ақпараттық технологиялар көрермендерге ақпараттық ресурстарды игеріп қана қоймай, әлемдегі ең үздік медиамәдениеттің шедеврлерімен танысуға, әлемнің жетекші киностудияларына виртуалды экскурсиялар жүргізуге, басқа елдердің өкілдерімен онлайн режимінде байланыс орнатуға, тәжірибе алмасуға, қашықтықтан конференциялар, дөңгелек үстел өткізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, медиатехнологияларды дамыту шығармашылық идеяларды жүзеге асыруға негіз болады. Бұл мүмкіндіктерді пайдалану адамгершілік, әлеуметтік-мәдени, рухани және эстетикалық басымдылықтарға байланысты. Медиатизацияланған кеңістікте өмір сүретін адамның әлеуметтенуі мен мәдениеттенуі жеке мәдени, әлеуметтік, эстетикалық деңгейде диалогқа түсе отырып, бірлесіп құру үдерісімен тығыз байланысты.
Бүгінгі таңда бірде-бір құрылым медиа ақпараттың шапшаң шабуылына қарсы тұра алмайды немесе оның теріс әсерінің орнын толтыра алмайды. Білім беру, мәдениет мекемелері бүгінгі күні медиалық шындыққа бәсекелестік тудыра алмайды. Медиа өнімдердің қарқынды дамуы және барлық жерде таралуы адамның өзара іс-қимылының қалай жүріп жатқанын түсінуге байланысты жаңа мәселелерді туғыза отырып, медиамәдениеттің түрлі аспектілерінің ғылыми дискурстарының өрісін ұдайы кеңейтуге ықпал етеді. Бұқаралық ақпарат құралдары әлемінде осыған байланысты медиамәдениетті түсіну, оның ішінде ғылыми ой тарихында таралған идеяларды талдау мәселелері өзекті болып отыр. Медиамәдениеттің жұмыс істеуінің күрделене түсетін құрылымы экономикалық, әлеуметтік-мәдени мазмұнды, әлемді жеке және ұжымдық қабылдау аясын қалыптастыруға айтарлықтай әсер етеді. «Қазіргі мәңгілік медиамәдениет» деген мағына беретін уақыт пен кеңістік адамзаттың көпмәдениетті кеңістікте өмір сүру мүмкіндігін ашады. Бұл жағдайда адамның мәдени ерекшелігін сақтау, медиакеңістік мәдениетінде әлеуметтендіру, медиа әлемдегі адамның өзін-өзі таныстыру, имитациялау және өзін-өзі жүзеге асыру арасындағы шекараны анықтау және т.б. Медиа шынайылықты зерделеу және меңгеру, адамның қазіргі заманғы медиамәдени үдерістер арасында әлеуметтік, мәдени байланыстар орнату медиабілім беру үдерісінде жүзеге асырылады. Медиабілім берудің басты мақсаты – бұқаралық коммуникация, бұқаралық ақпарат құралдары әлеміндегі адамдардың өзара әрекеттесу заңдылықтарын зерттеу, бұқаралық ақпарат құралдары тілін меңгеру, байланыс тәсілдерін меңгеру, қарым-қатынастың вербалды емес түрлері және техникалық құралдар, заманауи ақпараттық технологияларды қолдану. Медиабілім беру қазіргі жағдайда әлеуметтік-мәдени құбылысқа айналып отыр, әлемнің кез-келген елінің әрбір азаматының бостандығына және ақпарат құқығына негізгі құқықтарының бір бөлігі демократияны қолдау құралы болып табылады. Медиабілім беру адамға:
– коммуникацияда медианы пайдалану қабілетін меңгеруге мүмкіндік береді;
– БАҚ таратқан медиамәтіндер және құндылықтарды түсіндіру;
– медиамәтіндерді құру және тарату, қызығушылық танытатын аудиторияны жинау үшін сәйкес медианы таңдау;
– медиа өнімдерді қабылдау, медиаға еркін қолжеткізу мүмкіндігін алу.
Ақпарат ағынының ұлғаюы жүретіндігін ескерсек, геометриялық өркендеу әлем туралы білім алу ғана емес, оларды өз бетінше кеңейту мүмкіндігі маңызды болатыны айқын болады. Үздіксіз білім алу мен өзін-өзі тәрбиелеу мүмкіндіктері артып келеді, ол үшін медиа ресурстар жақын болашақта іргелі рөл атқарады. Міне, үнемі ұлғайып отыратын ақпараттық база туралы ғана емес, сонымен қатар мәдениетаралық коммуникация, үздік мәдени дәстүрлерді сақтау және көбейту мүмкіндіктері де бар.
Әр саланың дамуына жаһандану оразан зор ықпал етті. Жаһандану туралы ресейлік ғалымдар да өз тұжырымдарын білдірген. А.И. Уткин [120], В.В. Васильева [121], В.Л. Иноземцев [122], Д.А. Шутов [123], Д.В. Иванов [124], И.А. Мальковская [125], Н.Н. Панарин [126], О.Н. Астафьева [127] еңбектерінде жаһанданудың мәні мен формалары туралы өз пікірлерін әртүрлі тұрғыдан ұсынды, бұл ұстанымдардың әрқайсысы жаһандану мәселелерін талқылауда үш негізгі бағытты түсіндіреді. Бірінші бағыты – трансұлттық корпорациялардың саны мен маңызының өсуі, өзге елдерге қаржы және тауар ағындарының ұлғаюы, халықаралық еңбек бөлінісінің, шикізат пен жұмыс күші нарығының кеңеюі. Халықаралық саяси одақтар мен ұйымдар санының өсуі, үкіметтік емес транұлттық ұйымдарды басқа елдердің аумағына орналастыру, идеологиялар мен шоғырланған әскери күштерге қарсы тұру, халықаралық ұйымдардың гуманитарлық мәселелерді шешуі – екінші бағыты. Үшінші бағыт – кеңістіктегі шектеуді тоқтатын бұқаралық мәдениет үдерістерінің жаһандануына байланысты. Әлемдік БАҚ пен интернет арқылы бұқаралық мәдениеттің кеңеюі, мономәдениеттіліктің мультимәдениеттілікке өзгеруі, түрлі этникалық және аймақтық мәдениеттердегі құндылықтардың, мінез-құлық ережелері мен нормалардың үйлесуі.
А.С. Панарин пікірінше, жаһандану – либералды-прогрессивті ойдың сәнді сөзі, дегенмен жаһандану үдерістері экономика, мәдениет, күнделікті өмір салтындағы және т.б. ұлттық ерекшеліктердің жойылуына әкеледі [126, 3 б.].
Түрік әлеуметтанушысы М.Талас: «Жаһандану – дамыған елдердің саяси, әлеуметтік және мәдени салалардағы гегемониясын және дамыған елдердің дамымаған елдерден артықшылығын анықтайды», - деп айтқан. Елдер жаһандану ұғымына әртүрлі мағына береді және жаһандануға байланысты өтіп жатқан үдерістерді әртүрлі бағалайды [128]. Әлеуметтанушы И. Валлерстайн: «Жаһандану тіпті мемлекеттік егемендікті бұзады, автономды мәдениеттер жоғалады және ұлттық бірегейлік дағдарысы орын алады» [129], - дейді. Жаһандану үдерісінде қалыптасқан жағдайға кейбір адамдар өзара ынтымақтастық танытты, ал кейбіреулері бас тарту мен қарсылықты белсенді түрде көрсетті. Сондай-ақ, мәдениеттің жаһандануы Батыс (американдық) мәдениеттің үстемдігімен жүретіні туралы көптеген дәлелдер бар. Шығыс мәдениеті Батысқа да әсерін тигізеді, вестернизация және истернизацияның өзара байланысты үдерістері жүреді. Шығыс мәдениеттері еуропалықтар мен американдықтардың өмір құрылымында идеялар, мінез-құлық және т.б. деңгейінде өз іздерін қалдырады. Бір жағынан, қазірдің өзінде кейбір жергілікті мәдениеттер мен дамып келе жатқан жаһандық мәдениеттерден симбиоз қалыптасқанын байқауға болады, екінші жағынан жаһандану үдерістері жергілікті мәдениеттер үшін қорқынышты салдарға әкелуі мүмкін. Атап айтқанда: әлеуметтік-қоғамдық құрылым, іргелі құндылықтар мен мұраттар жүйесі туралы өз идеяларымен әртүрлі мәдениеттерді жойып, тіпті жай ғана орташаландыра отырып, мәдениеттердің тасымалдаушысын тарихи жадынан айырылған адамдарға айналдыра алады. Әлеуметтік-мәдени өзгерістер қарқынын жеделдету және қазіргі кезеңді сипаттайтын дамудың жалпы өркениеттік үдерісіне мәдени ықпалдың күшеюі «мәдениеттің жаһандануы» ұғымының мазмұнды мазмұны туралы ғылыми ортадағы пікірталастардың жаңа кезеңін бастайды.
«Жаһандық мәдениет» термині Р.Робертсонге тиесілі. Жаһандануды Р.Робертсон өмірлік әлемнің институционализациясы және жаһандық локализация тұрғысынан екі бағытты бөліп қарастырады: Біріншісі – күнделікті жергілікті өзара әрекеттесуді және әлеуметтенуді ұлттық-мемлекеттік деңгейден өтетін әлемдік тәртіптің макроқұрылымдарының тікелей әсерінен ұйымдастыру ретінде анықталады. Әлемдік тәртіптің макроқұрылымы – ұлттық мемлекеттер аясында өмір сүретін қоғамдардың өзара тәуелділік жүйесі. Р.Робертсонның пікірінше, ол мынадай үш фактордың әсерінен пайда болады: капитализмнің экспансиясы, Батыс империализмі және жаһандық бұқаралық ақпарат құралдарының дамуы. Ол жаһанданудың негізі жаһандық мәдениеттің өзгеруі, атап айтқанда бүкіл әлем туралы қарқынды хабардарлықтың пайда болуы деп санайды. Екінші фактор – шетелдік, «экзотикалық» жергілікті мәдениеттердің элементтерін күнделікті өмірге енгізу арқылы басқа мемлекеттер мен мәдениеттердің өкілдерімен өзара әрекеттесуді күнделікті тәжірибеге айналдыру. Мультимәдениетті жергілікті қауымдастықтарда «халықаралық қатынастар», «өркениеттер қақтығысы», «трансұлттық корпорация» категориялары өзара іс-қимылдың тәжірибелік санаттарына айналуда. Бұл жағдайда «жаһандық» термині тек «халықаралық» ғана емес, сонымен бірге «ұлттық» және тіпті «жергілікті» терминдерге байланысты, бұл адамдардың күнделікті өмірін жаһандық тәжірибеге айналдырады. Әлемдік локализацияға бір мезгілде енуді атап өту үшін ондағы гомогенділік пен гетерогенділіктің үйлесіміне орай Р.Робертсон арнайы термин – «глокализацияны» енгізеді [130]. Р.Робертсон ұсынған тұжырымдама жаһандануды құрылымдық өзгерістер үдерістері ретінде ғана емес, сонымен бірге адамдар арасындағы ақыл-ой мен өзара әрекеттестіктің өзгеруі ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Р.Робертсон тұжырымдамасы адамдар тобының мәдени ерекшелігін ескереді және мәдениеттің жаһандану үдерістерінен белгілі бір дербестігін растайды. Оның әлемдік түсінігі бүкіл әлеуметтік кеңістікті қамтиды, сондықтан оны «жаһандық әлеуметтілік» ұғымы ретінде сипаттауға болады.
Ал, орыс ғалымы А.Я. Флиер жаһандану үдерістерінің ерекшеліктерін анықтай отырып, жаһандану адамзаттың мәдени әртүрлілігінің деңгейін жоғарылату мен төмендетудің үздіксіз циклінің кезеңдерінің бірі болып табылады деген қорытындыға келеді [131]. Оның пікірінше, жаһандану – құлдыраудың уақытша кезеңі, бірақ көп ұзамай төмендеу үдерісі өзгеріп, жергілікті мәдениеттер өздерінің әсерін тағы да арттырады деген ой түйеді. Қазіргі уақытта жаһанданудың дамуында экономикалық сала басты рөл атқарады. Тауарларды жаппай тұтыну мен қызметтері үнемі өсіп келеді, бұл өз кезегінде олардың біркелкілігіне әкеледі. Адамзаттың маңызды бөлігінің өмір салтына, сондай-ақ елдердің мәдениетіне айтарлықтай әсер ететінін А.Я. Флиер атап өтеді.
В.П. Большаковтың «Ценности культуры и время» атты кітабында құндылықтар мәдениет және өркениеттен ажырамас байланыста қарастырылады. Құндылықтар ұғымын анықтамастан бұрын автор мәдениет пен өркениет сөздерінің астарын түсіну керектігін ұсынады. Мәдениет ұғымына бір ғана анықтама беру мүмкін емес. Мәдениеттің тәсілдерінің бірі адам қызметінің тәсілдері мен өнімдерінің жиынтығы ретінде түсіндіреді, тағы бір тәсіл мәдениет өмірдің барлық салаларында адам мен адамзаттың жетістіктерінің жиынтығы ретінде түсіндіреді, егер бұл үдеріс жеке тұлғалардың рухани дамуына қызмет етеді. Сонда мәдениеттің элементтері адамның рухани өзін-өзі жетілдіруіне қызмет ететін адамзат өркендеуінің сәттері болады [132].
Өркениеттің құндылықтары – адамзат мәдениетінің тірегі, өйткені өркениеттің әлеуеті адамзаттағы барлық ақылға қонымды, қисынды нәрсе. «Таза ақылдан өмірге, мәжбүрлеуден бостандыққа, көпшіліктен шығармашылық тұлғаға – бұл өркениетке дайындалып жатқан фазалық ауысулардың табиғаты [133]. Орыс философы В. Мироновтың пікірінше мәдениет – материалдық және рухани формацияларды қалыптастырудағы қызмет түрі [134]. Оның элементтеріне әлеуметтік құндылықтарды жатқызуға болады. Олар абстрактілі болғанына қарамастан, олар дәстүр мен менталитет түрінде жүзеге асырылады. В.Миронов атап өткендей, мәдениеттің екі қарама-қарсы қасиеті бар – бұл белгілі бір құндылықтардың мәдениеттің үстемдігі ретінде бекіту, сонымен бірге уақыт өте келе мәдениет әлеуметтік орта жағдайларының өзгеруіне байланысты құндылықтардың бейімделуі. Постмодерндік теорияға сәйкес мәдениетті семиотикалық жүйе ретінде түсіндіруге болады, яғни мәдени мұраны қайта тарату үдерісі арқылы белгілі бір заңдылықтарға немесе басқаша айтқанда мәтінге енгізілген мәдениет тасымалдаушысына түсінікті белгілі бір мағыналар, символдар, белгілі бір мағыналар жүйесі. Бөтен мәдениетті игеру – бұл олардың код пен мағынасын, контекстті игеру үдерісі. Модернистік мәдениет қолжазба және баспа мәдениетіне негізделген, бірақ бұл әдістер мәдениеттегі басты емес, бастысы мәтіннің өзі болды. Нәтижесінде модернистік классикалық мәдениет сапамен сипатталды. Модернистік классикалық мәдениет тұтастыққа, толықтыққа, өзін-өзі қамтамасыз етуге және өзіндік ерекшелікке ие классикалық ұлттық мәдениеттердің пайда болуына мүмкіндік берді. Көбінесе модернистік мәдениет екіге бөліп қарастырады: элиталық мәдениет және бұқаралық мәдениет. Элиталық мәдениет классикалық мәдениетті анықтайтын өзегі, ол белгілі бір қоғамның дәстүрлі құндылықтарының тасымалдаушысы, ал бұқаралық мәдениет көпшілікке тән құндылықтар, нормалар және мәдени кодтар болып табылады. Классикалық мәдениет сыртқы әсерлерге төтеп бере алатын күшті қорғаныс механизмдеріне ие болды. Егер М.Реалың «Исследование медиа культуры. Коммуникации и человеческие ценности» [135] атты еңбегіне сүйенсек, классикалық модернистік мәдениеттің соңғы жарқын құбылыстарының бірі ретінде П.Кубертен ұйымдастырған алғашқы Олимпиада ойындары болды. Олар рационалды, интеллектуалды, физикалық және моральдық жетілуге ұмтылатын келесі принциптер мен құндылықтарды жариялады: үдеріс, жоғары өнер, демократия, ғылым және технология. Жалпы модернистік мәдениетке келесі құндылықтар тән болды: ғылыми үдеріс, идеялар, индустрияландыру, урбанизация; білім беру; нақты тұжырымдалған әлеуметтік идеалдар. Жаңа постмодерндік мәдениет, ол аяқталғаннан кейін өзін айқын көрсетті.
Медиамәдениет қазіргі қоғам құндылықтарының негізгі детерминанттарының бірі болып табылады. Н.Б. Кириллова «Медиакультура: от модерна к постмодерну» еңбегінде оған келесі анықтама береді: «Медиамәдениет ‒ бұл мәдени-тарихи даму барысында адамзат жасаған, қоғамдық сананы қалыптастыруға және жеке тұлғаны әлеуметтендіруге ықпал ететін ақпараттық-коммуникациялық құралдардың жиынтығы». Медианың барлық түрлері (аудио, баспа, визуалды) ақпаратты беру мәдениеті мен оны қабылдау мәдениетін қамтиды, медиамәдениет сонымен қатар оқуға, медиа мәтінді талдауға және бағалауға, медиа шығармашылықпен айналысуға, медиа арқылы жаңа білім алуға және т.б. қабілетті жеке даму деңгейінің жүйесі бола алады» [26, 31 б.]. Медиамәдениет қазіргі қоғамды модернизациялаудағы маңызды байланыстардың бірі болып саналады.
Медиамәдениет тақырыбы тұрғысынан алғанда отандық зерттеушілерден Б. Нуржанов және А. Ержанова [136], Р. Нуртазина [137], Е. Бурова [138], Р. Сартаева [139] еңбектері жеке зерттеуге негіз бола алатынын баса көрсетеміз.
Қорытындылай келе:
– әлеуметтік және мәдени өзгерістер жаһандық тұтастықты қалыптастыру кезінде көпжақты іс-қимыл мен өзара тәуелділікті дамыту үдерістерінің тарихи жиынтығы ретінде қарастырылатындығын мойындауға болады;
– әлеуметтік-психологиялық ықпалы бар жаһанданудың әрбір тұжырымдамасында мәдени фактордың жаһандық интеграция үдерістеріне ықпал ететін «жаһандық мәдениет» немесе «мәдени жаһандану» терминдерімен белгіленетін үстем рөлдің бекітілуіне дейінгі мәнінің артуы көрініс табады. Сонымен бірге, «глокализация» деп аталатын құбылыстардың қалыптасуына әкелетін жергілікті тенденциялар мен синтез тенденцияларының күшеюі туралы түсінік артып келеді;
– жаһандану үдерістерінде адамзат мәдениетінің жаңа бет-бейнесі қалыптасуда. Бұл жаңа мәдениетке мәдени үлгілерді ұйымдастырудың әмбебаптық және өзіндік сынды екі түрі де тән;
– мәдениет элементтерін универсализациясы әлеуметтік-мәдени сипатқа ие, яғни ол қабылданған әлеуметтік тәжірибелерге негізделген. Көбіне бұл экономикалық және саяси өзара әрекеттесумен байланысты тәжірибелерде, сондай-ақ өркениеттің технологиялық құралдарын қолдануға негізделген ойлау, мінез-құлық және іс-әрекетте көрінеді;
– әмбебаптандырудың ауқымы мен қысымына реакция халықтар мен қоғамдардың ұлттық және мәдени өзін-өзі тануын күшейту, олардың дамуына ықпал етеді;
– мәдениет саласындағы жаһанданудың қарама-қайшылықтары әлеуметтік құбылыс ретінде дәстүрлерді сақтау тәжірибесін күшейте алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет