Байгожина дана онирбековна


Зерттеудің ғылыми жаңалығы



бет9/38
Дата17.01.2023
өлшемі2,17 Mb.
#61731
түріДиссертация
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   38
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Диссертацияның ғылыми жаңалығы – Қазақстанның ұлттық мәдениеті медиатизациялануының феноменіне алғаш рет кешенді зерттеу жүргізілді. Сондай-ақ медиамәдениеттің жаһандық және ұлттық дискурстардың синтезі ретінде қалыптасуы нәтижесінде мәдениеттің ерекше коммуникациялық матрицалары пайда болатындығы көрсетілген. Қазақстандық журналистикадағы мәдениеттің медиатизациялануына тән қырларының жүйелі түрде анықталып, оның трансформациялану болмысының саралануы – Қазақстан аумағында өзекті тақырып ретінде жеке көтеріліп, зерттелмеген ғылыми жаңалық. Осы мақсатты 2016-2021 жылдар аралығында қазақ және орыс тілді мерзімді басылымдардағы мақала тақырыптары мен мәтіндерінде кездесетін прецеденттер арнайы қарастырылып, олардың жіктемесі жасалды. Прецеденттік феномендер арқылы мәдениеттің өзіндік синтезін көрсете отырып, қазіргі лингвомәдени парадигмада маңызды рөлге ие екені сипатталды. Прецеденттік мәтіндердің ерекшеліктері ретінде тұрақты сөз тіркестері, нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, сөз өнері үлгілері, аңыз-ертегілер мәтіндері, фольклор нұсқалары, мифология сипаттамалары алынып, шығармашылық ізденістермен сабақтас классикалық туындылардағы мәдени, әлеуметтік маңызға ие болып келетін рухани құндылықтардың ұштастырылуы, тарихи тұлғалар мен тарихи оқиғалардың ұтымды түрде қолданылуына тән өзіндік табиғаты тұжырымдалды.
Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар:
– медиамәдениеттің шетелдегі және қазақ қоғамындағы рөлі мен маңызы қазіргі жаһандану дәуірінде үлкен маңызға ие болуда;
– медиа контенттің түрленуі тікелей қоғамға да, жеке тұлғаларға да өз әсерін тигізетін күрделі құбылыс;
– медиабілім беру, медиа вирус, медиамәтін категориясы, медиа технология, медиа аудитория, мәдени дискурс, медиатизация және т.б. негізгі тұжырымдамалары медиамен сабақтас күрделі мәселе;
– мәдениет медиатизациялануының қазақ қоғамына әсер етуі, жаңа бағыттың қазақстандық БАҚ-тарда көрінісі зерттеліп, жаңа терминнің қазақстандық медиа кеңістікте қолданылуы ғылыми жұмыстың жаңалығы тұрғысынан анықталды;
– әлемдік коммуникация жүйесінде маңызды сипаттағы мәдениет медиатизациялануының қалыптасуы журналистика мен мәдениеттану, лингвистика, стилистика тоғысуымен айқындалады, аталған бағыттардың өзара ықпалдастығы жаңа сипат алуымен ерекшеленеді;
– мәдениеттің медиатизациялануын салыстыру, жүйелеу, мониторингтік талдау, тарихи-салыстырмалы түрлерін ғылыми сипаттауға пайдалану түріндегі қадамдар ғылыми жұмыстың тәжірибелік және ғылыми-теориялық ерекшеліктері болып табылады;
– мәдениеттің медиатизациялануы қоғамдық сананың өзгеруіне тікелей ықпал ететіні тұжырымдалып, ұлттық мәдениетті сақтау мен ұрпақтар сабақтастығын нығайтудағы мемлекеттік идеология тұғырын бекітудегі жаңашыл бағыттағы ғылыми ізденістер қоғамдық сұранысқа ие.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет