Байгожина дана онирбековна


Зерттеу тақырыбының өзектілігі



бет7/38
Дата17.01.2023
өлшемі2,17 Mb.
#61731
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   38
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазіргі ғылыми және ақпараттық айналымда «журналистика» деген дәстүрлі классикалық атаудан гөрі «медиа», «масс-медиа», «коммуникация» сынды сөздердің жиі қолданылуы байқалады. ХХІ ғасыр – технологиялар ғасыры атауын иемденді. Ал жаһандану үдерістері және ақпараттық технологиялардың даму қарқыны бұқаралық ақпарат құралдарын ерекше медиалық сипаттағы ақиқаттың инновациялық құралына айналдырды.
Қазіргі әлемдегі түрлі ұлттар арасында мәдени байланыс арқылы бірін-бірі тану, білу мүмкіндіктерін мейлінше нығайтуға ден қойылуда. Әлемдік және қоғамдық рухани, ақпараттық ойлау жүйесінің қажетті де маңызды даму бағыт-бағдарының ұстанымы етіп алған іргелі ұлттың әдебиет пен тарихтағы мұратының ең маңызды өзегі – мәдениет. Ұлттық баспасөз марғасқасы Ахмет Байтұрсынұлының «Мәдениет – алға басуы тірнек ісі шеберленуімен, сана-саңылау күшейуімен болады» дегенін тарихи даму барысы айғақтауда. Мәдениет мәселесі – адамзат атаулыға ортақ тақырып, адамның қалыптасуына әсер ететін шешуші фактордың бірі. Мәдениетаралық алмасым маңызды экономикалық, кәсіби және мәдени-әлеуметтік коммуникациялармен қатар білім беру, ғылымды дамыту жүйесінде өте өзекті сиаптқа ие. Ол өзге ұлттың озық үлгідегі өміршең мәдениетімен таныс бола отырып, ұлттық құндылықтарымызды насихаттау міндеттерін талап етеді.
Медиамәдениет – қоғамның санасында сақталған дәстүрлі және қазіргі заманғы мәдениетті сақтап, тасымалдай отырып, дербес таңбалық код арқылы бұқаралық ақпарат құралдарының мәдениетті насихаттауда ерекше тәсіл ретінде көрініс тапты. Мәдениеттің функциялары барынша артып, мәні мен әлеуметтік-психологиялық нәтижесі бойынша медиакеңістікте айрықша орынды иеленді. Медиамәдениет көп функционалды құбылыс десек, оның идеологиялық, ақпараттық, коммуникативтік, әлеуметтік қызметтері қоғам өміріндегі тұғырын сипаттайды. Ол түрлі әлеуметтік топтарға бір-бірімен байланысуға мүмкіндік бере отырып, қоғамдық басқару құралы ретінде мәдиамәдениет айрықша мәнге ие болуда.
Мәдени өркендеудегі ықпалдастықпен мемлекеттер арасында медиа өнімді тұтынуы мен мәдениеттердің жақындасуы, халықаралық медиа аренада сала аралық терминдерді ұштастыруы үлкен үдеріске ұласуда. Жаһандық медиамәдени кеңістікке енуде әлеумет тұрмысының мәдени-психологиялық өрісін игеру және теориялық-тәжірибелік бағытын назарда ұстау үлкен сипатқа ие.
Әр түрлі мәдениеттер байланысы мен ықпалдастығының қарқынды дамуының нәтижесінде адамдар қарым-қатынасымен қатар БАҚ-тағы сипатымен жүзеге асырылатын іс-әрекеттер бүгінде мәдениаралық қатысым, медиамәдениет, кроссмәдениет, мәдениеттің медиатизациялануы және т.б. терминдердің пайда болуына өрісті ықпал етті. Қоғамдық қозғалыстар және жекеленген мәдениет қайраткерлері арасындағы мәдени қарым-қатынас барынша тереңдеп, жан-жақты өркендеу мақсатындағы ізденістерімен мәдениеттің медиатизациялану үдерісінде барлық елдің қоғамдық өмірін түгелдей қамтып жатыр.
Қазіргі салалық сабақтастық, түрлі терминдер мен бағыттар дамуының маңыздылығы мен заңдылықтарының айқындалуы бір жүйеде сипатталады. Сондай-ақ қазақ мәдениетін сақтау және оны жаһандық әлемнің медиа алаңына органикалық түрде енгізу үшін медиамәдениеттің теориялық және тәжірибелік маңызын зерттеудің маңыздылығы зор. Қазақстанның медиа платформасындағы медиамәдениеттің қалыптасуы мен әлеуметтік-психологиялық құзыреттілігінің ұшталуын мәдениеттің медиатизациялануы арқылы ұлттық идеологияның насихатталуын ашып көрсету – диссертация жұмысының өзектілігін көрсетеді. Демек, цифрлық қоғамдағы мәдениеттің медиатизациялануының қазіргі тенденциялары зерделенетін ғылыми зерттеудің өзектілігін:
1) Мәдениеттің медиатизациялануы байыпталған ғылыми зерттеулердегі негізгі концепциялар және методологиялық тәсілдерді айқындау;
2) Жаһандық ақпараттық қоғамның қалыптасу контексіндегі мәдениет ұғымының трансформациялануын байыптау;
3) Ақпараттың мәдени идентификациясы және медиамәдениеттің генезисін саралап, медиамәдениеттегі әлеуметтік-психологиялық аспектілерді қарастыру;
4) Цифрлық қоғамдағы мәдениет медиатизациясының Қазақстандық БАҚ-тағы көрінісіне мәдениеттің медиатизациялану үдерісіндегі медиа форматтарды қолдану, мәдениеттің медиатизациялануындағы ұлттық идеологияның мазмұндық тренді негізінде үңілу;
5) Цифрлық ұрпақ портретін жалпыландыру және концептуализациялау қажеттілігін жан-жақты байыптау құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет