Байтұрсынов оқулары халықаралық Ғылыми-практикалық конференция материалдары


ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК- ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ



Pdf көрінісі
бет17/56
Дата15.03.2017
өлшемі8,81 Mb.
#9866
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   56

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК- ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ 
СОВРЕМЕННЫЕ ТЕНДЕНЦИИ СОЦИАЛЬНО-ЭКОНОМИЧЕСКОГО РАЗВИТИЯ КАЗАХСТАНА 
82 
 
         Президентіміз:  «Таяудағы  жылдар  жаһандық  сынақтардың  уақыты  болады.  Әлемнің  бүкіл 
архитектурасы  өзгереді.  Барлық  елдер  осы  күрделі  кезеңнен  лайықты  өте  алмайды.  Бұл  шептен 
мықты  мемлекеттер,  жұдырықтай  жұмылған  халықтар  ғана  өтетін  болады»  -  деп  атап  көрсетті. 
Қазақстан  үшін  экономикалық  өсудің  тиімділігі  мен  сапасы  маңызды  мәселе.  Ұзақ  мерзім  бойы 
еліміздің экономикалық дамуының нәтижесі жалпы қоғамдық өнімнің сан жағынан өсу қарқындылығы 
арқылы  бағаланып  отырды.  Кәсіпорындардың  болуы  мен  дамуы  іс  жүзінде  олардың  өздерінің 
өнімдерін сатудан түскен табыстар есебінен шығындарын өтеу қабілетімен байланысты болмады. Бұл 
жағдай кәсіпорындардың іс-әрекеттерінің тиімділігіне тәуелсіз, қаржыландырудың тыс көзі және еңбек 
пен  капиталдың  шекті  өнімділігімен  байланыстырылған  табыстарды  бөлу  жүйесінің  болуымен 
дәлелденеді.  Қорыта  келе,  Қазақстан  Республикасының  жүргізіп  отырған  экономикалық  саясатының 
негізгі  мақсаты  –  шет  ел  инвестициясының  және  ішкі  жинақтың  жоғары  дейгейіндегі  экономикалық 
ашықтығы негізінде экономикалық өсуге жету. 
 
Әдебиеттер: 
1.   Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына 2005 жылғы жолдауы.- 49 б. 
2.   Назарбаев Н.Ә. Қазахстан – 2030. Алматы, 1998.- 248 б.  
 
 
 
УДК 338.436.33(574) 
 
АГРАРЛЫҚ СЕКТОРДА КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУДЫҢ  
КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ 
 
Батырбек Хадыс - докторант PhD, Қазтұтынуодағының Қарағанды экономикалық универси-
теті  
 
Ауыл шаруашылығы кластерлерін дамыту, және де қазіргі заманғы ауыл шаруашылығы тау-
ар  өндірушілерді  лизингтік  жүйесі  арқылы  құрал-жабдықтармен  арқылы  жүреді  қамтамасыз  ету, 
көлік инфрақұрылымды дамыту, аграрлық ғылымды дамыту сияқты іс-шаралар ауыл шаруашылы-
ғының қарқынды дамуына әсерін тигізеді 
Негізгі сөздер:ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлікті реттеу, агроөнеркәсіп кешенді 
 
Қазақстанның  ауыл  шаруашылық  секторы  үшін  2015  жыл  өте  пайдалы  болды.  Ауыл  шаруа-
шылығы  министрінің  түсіндіруінше,  мемлекетіміздің  фермерлерге  көрсетілетін  қаржылық  қолдауы 
артығымен қамтамасыз етіліп, бөлінген 8,5% қаражат сомасы іс жүзінде 17%-ға айналатын мүмкіндігін 
сыйлап/«жеңіп», Дүниежүзілік сауда ұйымына кірді. Сонымен  қатар, мемлекет субсидиялаудың жаңа 
тәсілдері арқылы кооперативтерді жандандырып, саланы тиімдірек етуге ниеттенуде.
 
«Ауыл  шаруашылығын  дамытудың  жаңа  кезеңі  басталды»  деді  Елбасы  Н.Ә.  Назарбаев  Қа-
зақстан халқына арнаған дәстүрлі жолдауында. Ендігі жерде отандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің 
бәсекеге  қабілеттігін  арттыру  басты  назарда  болып,  айрықша  талаптар    қойылатынын  атап  өткені 
бәрімізге мәлім. 
Президент  атап  көрсеткендей  таяудағы  7-8  жылдың  ішінде  біз  әлемдік  экономикаға  бүкіл  бол-
мысымызбен  ықпалдасуға  тиіспіз.  Мұнда  аграрлық  салаға  да  шешуші  рөлдердің  бірі  жүктелетін  бо-
лады. Сондықтан Қазақстанның ауыл шаруашылығы халықаралық стандарттарға қаншалықты сәйкес 
келетін болса, еліміздің жалпы әлемдік экономикадағы жағдайы соншалықты жақсара түспек[1]. 
Ауылдың  әлеуметтік  жағдайын,  тұрғындардың  тұрмысын  түзеу  үшін  қатарынан  үш  жылды 
ауылға  арнау  елімізге  үлкен  өзгерістер  әкелді.  Ауылдық  жерді  дамыту  ұғымы  тек  қана,  ауыл 
шаруашылығын дамытудан әлдеқайда үлкен нәрсені көздейді. Бұл ауылдық қауымдастықты қамтитын 
бүкіл  қатынастар  кешенінің  дамуы  болып  табылады.  Демек,  бүгінгі  таңда  ауылды  жандандыру 
ауылдағы саяси, әлеуметтік әрі  экономикалық байланыстарды қалпына келтірудің біртұтас құрамдас 
бөлігі ретінде қарастыруымызға болады.  
Қазақстан  Республикасы  өзінің  егемендігін,  тәуелсіздігін  алғаннан  кейін,  мемлекетте  әсіресе 
өндірістерде,  қызмет  көрсетуде,  ауыл  шаруашылығында  шағын  және  орта  кәсіпкерлікті  дамытуға 
мүмкіндік  алды.  Бірақта,  алғашқы  кезде  олардың  тарихи  дамуы  қоғамда  сапалы  жүргізілмеді.  Ал, 
қазіргі кезде бұл кәсіпкерлер экономиканың жасаушы күші ретінде қалыптасып келеді. 
Ауыл  шаруашылығын  жоспарлау  және  материалдық-техникалық  жабдықтау  сала  кәсіпорын-
дарымен шаруашылық байланыстарды ұйымдастыру негізінде ұдайы өндіріс процесін жандандыруға 
мүмкіндік  алады  және  олардың  арасындағы  қалыптасатын  байланыстардың  әрқайсысының  өзіндік 
ерекшеліктерінің  барлығын  ескере  білуі  тиіс.  Әрине,  жалпы  өндірістік  және  экономикалық  қарым-
қатынас  жүйесінің  өзгеруі  алдымен  меншік  түрлеріне  және  олардың  өзгеру  қарқынына  байланысты 

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК- ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ 
СОВРЕМЕННЫЕ ТЕНДЕНЦИИ СОЦИАЛЬНО-ЭКОНОМИЧЕСКОГО РАЗВИТИЯ КАЗАХСТАНА 
83 
 
екені  белгілі.  Нарық  қатынасына  өту  барысында  меншік  түрлерінің  жылдам  қарқынымен  өзгеруі, 
кәсіпкерлік-шаруашылық жүргізу үлгілерінің тез өзгеруіне себепкер болады. 
Кәсіпкерлік барлық дүниежүзіндегі өмір сүріп келе  жатқан адам баласына тән, іскерлік белсен-
ділігі,  қабілеті.  Өйткені,  адамдар  өмір  сүру  үшін  қызмет  етуі  керек.  Сол  арқылы  өзінің    өмір  сүруіне 
керекті  мәселелерді азық-түлік басқа да керекті заттарды қамтамасыз ете алады.  
Қазіргі  нарықтық  қатынас  жағдайын,  ауыл  шаруашылығы  кәсіпкерлерді  материалдық  - 
техникалық  құралдар  мен  жабдықтайтын  өнеркәсіп  салалары  мен  байланыстыратын  делдалдар 
арқылы жүргізілуде. Оның себебі ауыл шаруашылық өндірісінің өзіндік ерекшелігіне байланысты. Ол, 
материалдық-техникалық жабдықтаудағы ұйымдастыруы мен жоспарлаудағы өзгешеліктері. 
 
 
1 сурет – Ауылшаруашылығының жалпы өнімдерін өндіру көлемі 
 
ҚР  АӨК  жалпы  өнімінің  көлемі  ауыл  шаруашылығы  өнімдерінің2010  жылғы  1089,4  млрд. 
теңгеден 2014 жылғы 2286 млрд. теңгеге дейінгі және қайта өңдеу өнімдерінің 2010 жылғы 490,8 млрд. 
теңгеден 2014 жылғы 828 млрд. теңгеге дейінгі өсуімен орнықты үрдісті көрсетті. Соңғы 5 жылда ауыл 
шаруашылығы  өнімдерінің  жалпы  көлемінің  орташа  өсу  қарқыны20  %-ды,  қайта  өңдеу  өнімдері  12,2 
%-ды құрады[2]. 
АШК  өзгешеліктердің  бірі  –  ауыл    шаруашылығында  өндірістік  кезеңнің  жұмыс  кезеңімен  тура 
келмеуі. Мұнда өндірістік уақыт екі кезеңнен құралады: бірінші кезең - тікелей адам еңбегінің әсерімен 
жасалатын өндірістік процесс кезеңі,  екіншісі  - табиғи процестердің әсері мен жасалатын кезең. Осы 
процестер өндіріс нәтижесінде ауыл шаруашылығында, оның қоғамдық сипатына байланыссыз, ұдайы 
өндіріс табиғи процесі мен әрдайым бірігіп, тұтасып кетеді. Бұл жағдайлар ауыл шаруашылық өндірісі 
үшін маңызды экономикалық ерекшеліктер. 
Ауыл  шаруашылығындағы  кәсіпкерлердің  істерін  (бизнесін)  дамыту  үшін  мынандай  ұсыныстар 
тұжырымдаймын: 
1.Нарықтық  қатынас  жағдайында,  кәсіпкерлік  –  күрделі  және  көп  мағыналы  мәселе.  Ауыл 
шаруашылығындағы  бұл  жұмыс,  агроөнеркәсіп  кешенінің  экономикасын  дамыту  үшін,  жұмыскерлер 
мен жұмыс берушілер (кәсіпкерлер) арасындағы нақты қарым қатынастар жиынтығы және ол тікелей 
мемлекеттің, кәсіпорындардың ықпалында болады. Осыны ескере отырып,  зерттеу барысында ауыл 
шаруашылық  саласындағы  кәсіпкерлікті  қалыптастыру  заңдылықтары  және  оның  көп  тармақты 
экономикадағы негізгі факторлары мен әдістемесі талданған.  
2.  Ауылшаруашылық  саласындағы  кәсіпкерлікті  реттеу  (жетілдіру)  барысында  дүние  жүзіндегі 
экономикасы  дамыған  мемлекеттердің  бағдарламалары  мен  үлгілері  зерттеліп,  олардың  негізінде 
республикадағы, оның ішінде аймақтардағы ұтымды кәсіпкерлікті жетілдірудің мынандай бағыттарын 
ұсынуға болады:  
  кәсіпкерлікті  жетілдіруге  бағытталған  еңбек  заңдарының  тұрақтылығын  негіздеу,  ол  үшін 
кәсіпкерлерден  алынатын  салық  мөлшерін  төмендету,ал  кейбір  кәсіпкерлерге  салынатын  салық 
мөлшері 0,1 пайыздан көтермеу және салық төлеуден толық босатуды қарау; 
  республикадағы  кәсіпкерлік  қатынастарды  дамыту,  халықаралық  еңбек  ұйымының  (ХЕҰ) 
қолдауымен, халықаралық стандартқа сәйкестігін қамтамасыз ету
  мемлекеттік  жұмыспен  қамту  қызметі  керектігін  жандандыру,  халықты  жұмыспен  қамтудың 
мемлекеттік бағдарламаларын дамытуға айрықша назар аудару;         
  кәсіпкерлік  жұмысты  дамыту  үшін  әлеуметтік  әріптестік  институттарын,  олардың  жүйесін 
тұжырымдау, әдістемелік, теориялық және тәжірибелік негіздерін құру; 
  жұмыссыздарды  әлеуметтік  қорғауда  белсенді  шаралар  қолдау  негізінде,  оларды  тиімді 
бағалау қажет. 
1089,4
 
1404,5
 
1641,4
 
1442,6
 
2286,0
 
108,5
 
93,1
 
114,6
 
88,3
 
126,8
 
2011
 
2012
 
2013
 
2014
 
2015
 
Ауылшаруашылығыөнімдерініңжалпыкөлемі, млрд.теңге 
Жалпыауылшаруашылығыөнімдерініңфизикалықкөлеминдексі, % 

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК- ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ 
СОВРЕМЕННЫЕ ТЕНДЕНЦИИ СОЦИАЛЬНО-ЭКОНОМИЧЕСКОГО РАЗВИТИЯ КАЗАХСТАНА 
84 
 
3.    Ауыл  шаруашылығында  кәсіпкерлердің  жұмысын    реттеуді  жетілдіру,  ондағы  жұмысшы  – 
қызметкерлердің  әлеуметтік  жағдайларын  қорғау  үшін  кәсіби  жағынан  оларды  дайындау  және  қайта 
дайындау  бағдарламаларын  қабылдаудың  қажеттілігі  тууда.  Сонымен  бірге,  кәсіпкерлікпен  айналы-
сатын  тауар  өндірушілердің  тиімді  жұмыс  істеуіне  мемлекет  тарапынан  қолдау  жасау,  кәсіпкерлікке 
мамандандыру, оған инвестиция тарту.  
4. Ауыл шаруашылығында тауар өндірушілердің өнімдерін өңдеумен қайта өңдеудің кластерлік 
жүйесін  қалыптастыру  барысында,  жаңа  жұмыс  орындарын  ашудың  мүмкіндіктерін  қарастыру. 
Сонымен  бірге,  кәсіпкерлікті  келешекте  дамыту  үшін  ауыл  шаруашылығындағы  құрылымдарымен 
ұйымдардың қазіргі кезеңдегі өндірістік қуаттарын толық және тиімді пайдалану. 
5.  Агроөнеркәсіп  кешенді  реформалауда  республикадағы  ауыл  шаруашылық  саласындағы 
кәсіпкерлерге шаруашылық жүргізудің өз жолын таңдауға мүмкіндік беру. Меншік иелеріне экономика-
лық дербестілігін сақтай  отырып, өзінің әлеуметтік-экономикалық мүдделерін қорғайтын  ірі  құрылым-
дарды (өндірістік  кооперативтерді) ұйымдастыру.  Интиграцияның  мұндай жолы  кәсіпкерлердің тиімді 
жұмыс  істеуіне  мүмкіндік  жасайтынын  дүние  жүзіндегі  экономикасы  дамыған  мемлекеттердің 
тәжірибесі  көрсетіп  отыр.  Бүгінде  әлемде  жетпістен  астам  мемлекеттің,  жүз  жетпіс  ұлттық  одағын 
біріктіріп  халықаралық  кооперативтік  альянсқа  бірігіп  алты  жүз  млн  -  нан  аса  кооперативтер  жұмыс 
істеуде. 
6.    Ауыл  шаруашылығындағы  кәсіпкерлердің  материалдық  -  техникалық  жабдықтау  жүйесін 
дамыту үшін:  
  техника, энергетика және материалдық ресурстардың бағасының жоғары болуына байланыс-
ты, ауылдық тауар өндіруші кәсіпкерлердің төлем қабілетін көтеру үшін, ресурстар өндіруші салалар-
дың қуаттылық деңгейін толық пайдалану мақстатында, лизинг негізінде қызмет көрсету заңын “Қаржы 
лизингі туралы”, заңын жетілдіру қажеттілігі туып отыр; 
  өндіріс құрал - жабдықтар нарығында бәсекелестіктің болмауы жағдайында ресурс өндіруші 
сала  кәсіпорындардың  монополистік  үстемдігін  сақтауда.  Осыны  жою  үшін,  ресурс  өндіретін  кәсіп-
орындардың санын көбейту, сол арқылы өнеркәсіп өнімдері мен ауыл шаруашылық өнімдері арасын-
дағы баға паритетін теңестіру
  лизингке  берілетін  техникалардың  пайызын  кәсіпкерлер  үшін    төмендету  және  лизинг  беру 
мерзімін ұлғайту; 
  ауыл шаруашылығында  тауар өндіруші  кәсіпкерлерді мемлекет тарапынан  техника жөнінде 
сараптамалық бағдарлама қабылдау, ол үшін біртұтас техникалық саясатты жүргізу.  
Нарықтық  қатынастардың  даму  жағдайында  ауыл  шаруашылығында  маркетингті  қолдану 
кешенді-мақсатты  тәсілді  пайдалану  арқылы  тұтынушылардың  талаптарына  бейімделудің  икемді 
тактикалық  саясатын  жүргізуге,  ауыл  шаруашылығы  өнімдерін  өндіру,  дайындау,  тасымалдау,  қайта 
өңдеу,  сақтау  және  өткізу    секілді  өндірістік-  экономикалық  байланыстарының  сан  алуан  түрлерінің 
тиімділігін  арттыруға  мүмкіндік  береді.  Қарастырылған  факторлар  желілік  қарым-қатынастар  жиын-
тығымен  анықталады.  Бұл  үрдіс  белгілі  бір  қағидаларды    сақтау  арқылы  ауыл  шаруашылығы 
саласында  маркетингтік  қызметті  ұйымдастыруды  жүзеге  асыруда  оның  ілімдік  және  әдістемелік 
негіздерін құрайды.  
Аграрлық-өнеркәсіп кешенінде маркетингті қолданудың мәні өндірісті өндірілген өнімге деген сұ-
ранысқа сәйкестендіру және өнімнің бәсеке қабілетілігін арттыру, кәсіпорынның ресурстарын мақсат-
тармен ұштастырудан, ал мақсаттарды-тұтынушылар талаптарымен байланыстырудан көрінеді[3].  
Агроөнеркәсіп  кешенінде  маркетингтік  қызметті  жетілдіру  бойынша  жүргізілген  зерттеулер 
бірқатар қорытындылар мен ұсыныстар жасауға мүмкіндік береді. 
1.  Аграрлық  өнеркәсіп  кешенінде  маркетингті  қолдануды  жетілдіру  нарыќтыќ  ќатынастарды 
дамыту  мен  ауыл  шаруашылыќ  саласындаѓы  оњтайлы  мамандануды  орнықтырудың  қажетті  шарты 
болып  табылады.  Маркетинг  нарықтағы  ауыл  шаруашылық  өнімдері  мен  өзге  де  тауарларға  деген 
сұраныс  пен  ұсынысты  және  олардың  даму  тенденцияларын  зерттеу,  АӨК-нің  ұтымды  құрылымын 
жасау  және  Қазақстанның  жекелеген  облыстары  мен  аймақтары  арасында  өнім  айырбасын 
ынталандыру  арқылы  АӨК  кәсіпорындарының  мамандануын  тереңдету  мен  дамыту  үшін  қажетті 
шарттарды  қалыптастырады.  Агромаркетинг  жөніндегі  ғылыми  көзқарастар  мен  тұжырымдамалар 
сараптамасына,  зерттеулер  нәтижесіне  сүйене  отырып,  агромаркетинг  мәніне  нарық  субьектілерінің 
нарықтық және экономикалық өзара байланыстарын желілік қарым-қатынастар арқылы максимальды 
түрде  тиімді  пайдалануға  бағытталған  қызметтің  арнайы  кешенді  түрі  ретінде  қарастыру  түсінігін 
береді.   Бұл анықтамада аграрлық сферада маркетингті қолдану  мәнділігі  айқындалған.  
2. Агроөнеркәсіп кешеніндегі маркетингтің ерекшеліктеріне ауыл шаруашылығы өндірісінің өзіне 
тән ерекшеліктерімен қатар, экономикалық  аймақ  ерекшеліктерінің ықпалы, аграрлық құрылымдарда 
маркетингтік қолдану спецификасына, ауыл шаруашылық өндірісінің барлық кезеңдерінде маркетинг-
тің  қолданысын  есепке  ала  отырып    баға  берілді.  Ауыл  шаруашылығы  өндірісінде  маркетингті 
ұйымдастырудың  өзіндік ерекшеліктеріне, біріншіден, ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілер ауыл 
шаруашылығы  емес  кәсіпорындарға  қарағанда  қысқа  мерзімде  де,  ұзақ  мерзімде  де  өз  өнімдерін 
толық бақылай алмайды, сондықтан қажетті көлемде және ассортиментте тұтынушылар қажетіліктері 

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК- ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ 
СОВРЕМЕННЫЕ ТЕНДЕНЦИИ СОЦИАЛЬНО-ЭКОНОМИЧЕСКОГО РАЗВИТИЯ КАЗАХСТАНА 
85 
 
мен  мұқтаждықтарын  қанағаттандыру  үшін  жылдам  жеткізу,  мақсатқа  сай  орау,  сервистік  және 
эстетикалық  қызмет  көрсету  жұмыстарын  жылдам  ұйымдастыруы  қажет.  Екіншіден,  ауыл  шаруа-
шылығында,  басқа  салалармен  салыстырғанда  тәуекел  деңгейі  мен  белгісіздік  дәрежесі  жоғары 
болады, осыған байланысты маркетинг бойынша мамандар тұтынушылар сұранысын қанағаттандыру 
тенденциясын,  нарықтық  конъюнктураны  және  т.б.  жақсы  білуі  тиіс.  Үшінші  ерекшелігі  ауыл  шаруа-
шылығы  өнімдерінің  нарығы  еркін  бәсеке  нарығы  болып  табылатындықтан,  бұл  нарықта  көп 
мөлшерде тәуелсіз сатушылар жұмыс істейді және  ауыл шаруашылық өнімдерінің өндірушілері жеке 
дара немесе топтаса отырып, бағаға оншалықты қатты әсер ете алмайды.  
3. Агроөнеркәсіп кешенінде маркетингтің дамуы мен қазіргі таңдағы жағдайына талдау жасалып, 
маркетингті  ұйымдастыруға  және  оның  дамуына  кедергі  келтіріп  отырған  бірнеше  факторлар 
анықталды.    Агроөнеркәсіп  субъектілері  мен  ақпараттық-кеңестік  жүйе  қатысушылардың  өзара  іс-
қимыл  тетіктерінің  жетілдіру  қажеттілігі  ғылыми-тәжірибелік  тұрғыдан  негізделді.  Аграрлық  секторға 
ақпараттық-маркетингтік  және  консалтингтік  қызмет  көрсететін  компаниялардың  қызметтерін  кеңейту 
және өңірлік желілерді дамыту үшін мемлекеттік қолдау шаралар аясында қолайлы жағдайларды құру 
және нарықтық қатынастарды реттеуде маркетингтік басқаруға бағытталуы тиіс.   
4. Шетелдік тәжірибеде аграрлық секторды қолдау саясатының ерекшеліктерін анықтай отырып, 
біздің  ойымызша  агроөнеркәсіп  кешенінде  маркетинг  қызметін  жетілдіру  мақсатында  маркетингтік 
және кеңестік қызмет көрсетуші, сонымен қатар бәсекелік ортаны талдау, тиімді жарнама, жаңа өнімді 
нарыққа  шығару  стратегиясы,  компанияның  маркетингтік  қызмет  нәтижесін  өлшеу  және  тауарды 
нарықта  позициялау  бойынша    ұйымдардың  дамыған  желісін  құру  қажет.  Ауыл  шаруашылығы  кәсіп-
орындарына  және  шаруа  қожалықтарына  даму  стратегиясын  қалыптастыру  және  қолдау  сұрақтары 
бойынша көмек көрсетуші  ақпараттық-кеңестік қызметтің қызметтер аясын кеңейту керек. 
5.  Тиімді  аграрлық  нарықты  қалыптастыру  процесінің  басты  бөлігі  мемлекеттік  деңгейден 
бастап, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне дейінгі аралықты қамтитын АӨК-і деңгейінде және  
барлық  сфера  шеңберінде  маркетингтік  жүйенің  болуы  қажет.  Бірақ  өндірістік  бөлімге  ең  жақын 
орналасқан,    АӨК-нің  әрбір  сферасын  өзара  байланыстыратын  және  үйлестіруші      аудандық  бөлім 
болып  табылады.  Аудан-кәсіпорын    деңгейінде  маркетинг  қызметін  жетілдіру  мақсатында    аудан 
деңгейінде маркетингтік қызметті ұйымдастырудың логикалық моделі ұсынылған, мұнда барлық жүйе 
қызметін үйлестіріп отырушы орталық буынды аудандық маркетингтік орталық атқарады.  
6. Аграрлық шаруашылықтарда маркетинг қызметін ұйымдастыру, ендіру және маркетинг бөлімі 
қызметінің тиімділігін бағалау бойынша әдістемелер ұсынылды. Ауыл шаруашылық кәсіпорындарында 
негізінен  жалпы  әдістемелік,  ұйымдастырушылық  және  тәжірбиелік  жағынан  жобалық  матрицалық 
түрде  құрылған  маркетингтік  қызметті  ұйымдастыру  құрылымы  қолайлы  да,  ыңғайлы  болады. 
Матрицалық  құрылымды  қалыптастыруды  екі  түрлі  бағыттағы  критерийге  өнім  түрі  және  маркетинг 
функциясы  бойынша  ұйымдастыру  тиімді  болып  табылады.  Бұл  жағдайда  маркетингтік  қызметпен 
ауыл шарушылығы өндірісінен арнайы білімге ие шаруашылықтың бас мамандары айналысады. Бұл 
өз  кезегінде  кәсіпорынның  кадрларын  және  олардың  іскерлігін  икемді  пайдалануға  мүмкіндік  береді. 
Жалпы  кәсіпорындағы  үрдісі  шаруашылық  субъектісінің  коммерциялық  қызметінің  пайдалылығы  мен 
бәсекеге қабілеттілігін сипаттайтын мынадай көрсеткіштердің серпінін ескере отырып, жүзеге асырылу 
қажет:  кәсіпорынның  коммерциялық  қызметінен  келіп  түсетін  пайданың  жалпы  пайда  мөлшеріндегі 
үлесі,  нарық  сыйымдылығы,  маркетинг  қызметінің  шығындары,  өнімнің  бәсекеге  қабілеттілігі 
көрсеткіші, кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілік коэффициенті болып табылады. 
7.  Агроөнеркәсіп  кешенінде  маркетингтік  қызметті  жетілдірудің  стратегиялық  бағыттарына 
негізделе  отырып,  маркетингтік  басқарудың  негізі  инвестициялық  талдау  болып  табылатындықтан, 
ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің инвестициядан тәуелділігін көрсету мақсатында эконометрикалық 
модельдер  көмегі  арқылы  компьютерлік  шешім  нәтижесінде,  олардың  арасындағы  заңдылық 
теңдеуімен бейнелетіндігі анықталды. Детерминация коэффициенті 0,863, яғни жоғары деңгейде.  
8.  Агроөнеркәсіп  кешенінде  мемлекеттік  және  аймақтық  деңгейде    әртүрлі  механизмдерді 
қолдану арқылы аграрлық сферда маркетингтік қызметті жетілдірудің үлгісі ұсынылды.  
Қазақстан  Республикасының  биыл  Дүниежүзілік  Сауда  Ұйымына  кіруі,  ауыл  шаруашылығының 
әлемдік  экономикасына  белсенді  интерграциясы  болады.  Қазіргі  уақытта  Қазақстан  Республикасы 
Ауыл  шаруашылығы  министрлігінің  «Ауыл  шаруашылығы  өнімінің  бәсекеге  қабілеттілігін  арттыру» 
жобасын  үйлестіру  орталығымен  ауыл  шаруашылығын  көтеру  үшін  көптеген  іс-шаралар  жүзеге 
асыруда, оның ішінде:  
  стандарттарды  үйлестіру  ауыл  шаруашылығы  өнімдерінің  қауіпсіздік  саласындағы  норма-
тивтік-құқықтық  актілерді  Комиссия  Кодес  Алиментариус  стандарттарымен  үйлестіруді,  ауыл 
шаруашылығы мен тағам өнімдерін өндіру және қайта өңдеу кәсіпорындарында НАССР (тәуекелдікті 
және сын бақылау нүктелерін талдау) жүйесін қолдану жөніндегі басшылықты әзірлеуді; 
  өнімнің қауіпсіздігі мен сапасын бақылау және қадағалау ауыл шаруашылығы өнімдерін са-
раптау  жөніндегі  Ұлттық  референттік  зертхана  салуды,  облыстық  және  аудандық  мемлекеттік  вете-
ринарлық  және  карантиндік  зертханаларды  жаңғыртуды,  жылжымалы  зертханаларды  сатып  алуды, 

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК- ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ 
СОВРЕМЕННЫЕ ТЕНДЕНЦИИ СОЦИАЛЬНО-ЭКОНОМИЧЕСКОГО РАЗВИТИЯ КАЗАХСТАНА 
86 
 
мамандарды  ауыл  шаруашылығы  өнімдерінің  сапасы  мен  қауіпсіздігі  бойынша  озық  зерханалық 
әдістерге оқытуды, 20 жеке меншік зертханаларға бірлесіп қаржыландыру жағдайында грант беруді; 
  ауыл  шаруашылығы  маркетингін  дамыту  маркетингтік  инфрақұрылымды  дамытуға  және 
ауыл  шаруашылығының  имиджін  жақсартуға  грант  беруді,  ауыл  шаруашылығы  өнімдерін  өндіруші 
және қайта өңдеуші ассоциацияларды, кәсіпорындарды ақпараттық-маркетингтік жүйесін дамыту және 
қолданбалы маркетинг және маркетингтік ақпаратты қолдануға оқытуды; 
  қолданбалы ауыл шаруашылығы зерттеулерін дамыту аграрлық саладағы жас ғалымдарды 
және жоғарғы оқу орындардың оқытушыларын шет елдерде оқытуды, қолданбалы ауыл шаруашылық 
зерттеулерді дамытуға грант беруді; 
  білімдерді тарату жүйесін дамыту ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерге облыстық және 
аудандық  деңгейде  қалыптастыруды,  білімді  тарату  бойынша  республикалық,  облыстық  және 
аудандық  үйлестірушілерді және нұсқаушыларды шет елдерде оқытуды қамтиды. 
Сонымен қатар ауыл шаруашылығы кластерлерін дамыту, қазіргі заманғы ауыл шаруашылығы 
тауар  өндірушілерді  лизингтік  жүйесі  арқылы  құрал-жабдықтармен  қамтамасыз  ету,  көлік  инфрақұ-
рылымды  дамыту,  аграрлық  ғылымды  дамыту  сияқты  іс-шаралар  ауыл  шаруашылығының  қарқынды 
дамуына әсерін тигізеді. 
 
Әдебиеттер: 
1.  .  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  Қазақстан  халқына  Жолдауы,  «Қазақстан-2050» 
Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты. 14 желтоқсан, 2012 жыл; 
2.  . Жедел деректер (жедел ақпарат, бюллетендер)> Ауыл шаруашылығы. http://stat.gov.kz/ 
3.  . «Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған  ұйымдардың қатысуымен қолдаудың кейбір 
мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 шілдедегі  № 645 қаулысы; 
 
 
 
УДК 330.131.7:37.014 
 
ЭКОНОМИЧЕСКИЕ РИСКИ И РИСКИ КАЧЕСТВА КАК  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет