Байтұрсынов оқулары халықаралық Ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет2/56
Дата15.03.2017
өлшемі8,81 Mb.
#9866
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56

ПЛЕНАРЛЫҚ МӘЖІЛІС 
ПЛЕНАРНОЕ ЗАСЕДАНИЕ 
 

 
ственной  власти  -  территория,  природные  ресурсы,  вооруженные  силы,  называемые  твердой  вла-
стью,  уступают  свои  позиции  мягкой  власти  -  конкурентной  экономике,  эффективному  управлению, 
активной дипломатии и моральному авторитету, привлекательному международному имиджу нации, а 
также качеству ее человеческого потенциала [5, с. 22-23]. Поэтому, присоединение к Болонскому про-
цессу надо понимать не как банальную уступку неким зарубежным партнерам, а меру по реформиро-
ванию  собственной  системы  образования  для  достижения  лучших  результатов  и  в  плане  качества 
высшего образования, и в плане его доступности. Болонский процесс - это ответ на вопросы, которые 
стоят  перед  высшим  образованием  во  всех  странах,  это  опыт  совместного  решения  проблем  [6]. 
Именно  из  этих принципов мы должны  исходить  при  формировании политики  интернационализации 
образования как на национальном, так и на вузовском уровне.
 
14-15 мая 2015 года в г. Ереван (Армения) прошла Девятая конференция министров образова-
ния Европейского пространства высшего образования (ЕПВО) на котором принято обновленная вер-
сия  Cтандартов  и  рекомендаций  по  обеспечению  качества  в  ЕВПО  (Standards  and  Guidelines  for 
Quality Assurance in the European Higher Education Area – ESG) и IV Болонский политический форум. В 
мероприятии  приняли  участие  делегации  48-ми  стран-участниц  Болонского  процесса,  а  также  16-ти 
приглашенных  стран  из  других  регионов.  Принятое  министрами  Ереванское  коммюнике  содержит 
ключевые приоритеты развития Болонского процесса, среди которых повышение качества образова-
тельных  услуг,  содействие  трудоустройству  выпускников  на  протяжении  всей  их  трудовой  карьеры, 
доступ к высшему образованию (инклюзивность), реализация структурных реформ. 
В рамках исполнения обязательств, принятых странами ЕПВО в ходе Ереванской конференции, 
Казахстан заинтересован в дальнейшей модернизации высшей школы и повышении экспортного по-
тенциала образовательных услуг среди стран-участниц Болонского процесса, что нашло отражение в 
Государственной программе развития образования и науки в Республике Казахстан на 2016-2019 го-
ды. 
В  качестве  долгосрочных  целевых  задач  КГПИ  в  области  международного  сотрудничества 
должны быть определены: 
 отработка механизмов интеграции института в мировую образовательную систему; 
 установление связей и заключение прямых договоров о сотрудничестве с зарубежными парт-
нерами; 
 разработка совместных с зарубежными партнерами программ сотрудничества и участие в ре-
ализации международных проектов в области образования, науки и культуры; 
 привлечение средств международных фондов и организаций для развития образовательной и 
исследовательской деятельности института; 
 членство  в  международных  организациях  с  целью  интеграции  в  мировое  образовательное 
пространство; 
 развитие  дальнейшей  интеграции  с  казахстанскими  вузами  для  более  успешной  и  широко-
масштабной реализации международного сотрудничества.  
 
 
 
ҚАЗАҚСТАННЫҢ БҮГІНГІ ТАҢДАҒЫ АЗЫҚ-ТҮЛІК  
ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ  МӘСЕЛЕЛЕРІ 
  
Жиентаев  С.М.  –  экономика  ғылымдарының  докторы,  А.Байтұрсынов  атындағы  Қостанай 
мемлекеттік университеті ғылыми-техникалық кеңесінің төрағасы, профессор 
Дүниежүзілік  дағдарыстың  күшеюі  қарсаңында  кез-келген  елдің  азықтық  қауіпсіздігі  өзекті 
мәселеге айналды. Сол себепті «Соңғы жылдары Қазақстанның азықтық қауіпсіздігін қамсыздандыру 
үшін  аграөнеркәсіптік  кешеннің  дамуына  қосымша  шаралар  жүзеге  асырылды».  2016  жылы  бюджет 
пен даму институттарының есебінен АӨК дамуына барлығы  60 млрд. тенгеден аса қаржы бөлінді. Бұл 
қаржы  бізде  жеткіліксіз  өнімдерді,  яғни  жемістер  мен  көкөністерді,  сүт  және  ет  тағамдарын    өндіруге 
жұмсалады.  Барлық  аймақтарда  астықтың  тұрақтандырылған  қоры  мен  әлеуметтік  маңызы  бар 
өнімдер құрылды. Жаңа өндірістер, соның ішінде ауылшаруашылық өнімдерін дайындайтын  орындар 
ашылды» деп Қазақстан Республикасының президенті Н.Назарбаев атап өтті [1]. 
Экономикалық  әдебиетте  азық-түлік  қауіпсіздігі  туралы  түсінік    әртүрлі  бағыттан  қарастырыла-
ды: түрлі мүдде тұрғысынан (ұлттық, мемлекеттік, тұлғалық); тұрақтылық (ұлттық экономика, экономи-
калық  даму,  әлеуметтік-экономикалық  жүйе,  АӨК  және  т.б.);  дербестігінен  (сыртқы  нарықтан  АӨК 
экономикасына дейін). 
Азық-түліктік қорлар  мен кепілдіктермен  қамтамасыз етілген мемлекет мүмкіншілігі жалпы ха-
лықтың және жекелеген  әрбір азаматтың сұранысын қанағаттандырады. Азық-түлікпен, ауыз суымен 
қамтамасыз етіп, ішкі және сыртқы жағдайлар мен қауіптерге тәуелсіз елдің азықтық қауіпсіздігін анық-

ПЛЕНАРЛЫҚ МӘЖІЛІС 
ПЛЕНАРНОЕ ЗАСЕДАНИЕ 
 

 
тайды. Жеткілікті көлемде қамтамасыз ету, сапасы мен өнім түрлілігі, қажетті және жеткілікті тұлғаның 
әлеуметтік  және  физикалық  дамуы  кеңейтілген  халық  қоныстандыруды  жаңаландыру.  Дүниежүзілік 
денсаулық сақтау ұйымының нормалары бойынша адам жылына ауыз суын қоса есептегенде, 959,7 кг 
азық-түлікті қолднануға тиісті. Осы жағдайда қазақстандықтар өздерін сенімді сезінеді. Нан жеткілікті 
шамада.    Ресми  түрде  мемлекеттік  тұтыну  қоржынында  43  өнім    түрлері  бар.  Бұл  ассортимент  ең 
төменгі болып табылады. Бағалардың ай сайын жоғарлауына байланысты, халық үшін қолжетімділігі 
қиындай түсті. 
Қазақстанның тамақтану Институтының есебі бойынша, әрбір қазақстандық күніне 200 гр нан тұ-
тынуы  қажет.  Нанның  бұл  мөлшері  адам  қалған  42  позицияларды  тұтынған  жағдайда  ғана  дұрыс 
болады.  
 
       Тағам түрлері 
Жылдар 
Жан 
басына 
шаққанда 
тұтыну 
мөлшері 
199

199

1998
 
19
99
 
2000
 
20
01
 
200

2003
 
2
00
4
 
2005
 
2013
 
2014
 
2015
 
Ет және ет өнімдері  73   52   45   44   44   44   45   41   40   40   45  53  65,8 
82 
Сүт және сүт 
өнімдері 
311   229   206   211   235   235   232   201   190   189   200  201 
267,

405 
Жұмыртқа, дана.  
225   97   79   90   102   109   113   119   106   108   105  106  108 
292 
Балық және теңіз 
өнімдері 
10,3  4,8   3,6   3,0   3,5   8,1   8,6   8,4   7,9   7,9   7,9  8,3  8,4 
18,2 
Қант 
8,0   8,5   8,1   20,3  21,0  26,4  21,7  20,3  16,6  16,4  16,7  18,1  20,9 
37 
Өсімдік майы  
11,2  7,6   6,8   7,2   8,9   13,8  12,6  12,0  9,6   9,7   9,9  10,2  12 

Картоп 
86   70   60   60   66   66   65   56   49   47   49  56  63 
97 
Көкөніс және бақша 
өнімдері 
76   56   70   76   80   95   81   79   71   7,1   75  89  91 
146 
Жеміс-жидектер  
23   11   7  
9  
15   23   21   33   35   36   36  39  40 
113 
Нан және нан 
өнімдері  
148   1.85   103   101   105   120   120   122   116   114   116  120  121 
110 
 
Кесте 1. Қазақстан Республикасында негізгі азық-түлік түрлерін жан  
басына шаққанда тұтынуы (жылына килограмм) *. 
 
Меншікті  өндіріс    халықтың  азықтағы  негізгі  сұраныстарын  ғана    қамтамасыз  ете  алады.  Егер 
осы азық түрлеріне тұтыну қоржынынан тағы 33 атауды енгізсе, жағдай күрт өзгерер еді. Қазақстанның 
азық-түлiк тәуелдiлiгiнiң көрсеткiшi 25%-ға дейін жетеді. 
Қазақстан  аграрлық-индустриалды  ел  болып  табылады.  Біздің  ойымызша,  жақын  арада 
республикамыздың  жоғары  технологиялық  өнімдерді  өндіру  саласында  экономикасы  дамыған 
елдермен бәсекеге түсуі қиынға соғады. Бірақ өзінің аграрлық әлеуетін ауыл шаруашылық өнімдерін  
өндіруде және сатуда қолдануға болады.  
Бүгінгі  күні  республикамыз әлемнің бидай мен ұнды экспорттаушы алғашқы  жеті  мемлекетінің 
қатарына кіреді. Халықаралық нарықта бұл көрсеткіш өте маңызды болып табылады. Себебі, «азық-
түлік өнімдерін өндіру  тiкелей өндiрушiлер мен жалпы өндiрiстің ең алғашқы өмір сүру шарты болып 
табылады». Бұл жағынан республикамыз, қазақстандық экологиялық таза ауыл шаруашылық өнімдері 
қажетті,  халықаралық  нарықта  өзінің  позицияларын  күшейтуге  барлық  жағдайлары  бар.  БҰҰ 
комиссиясының  болжамдары  бойынша  таяу  3  жылда    дәнді  дақылдардың    өндірісі  қолайсыз 
табиғаттық-климаттық  жағдайлар  мен  егістік  аудандардың  кішірейуі  салдарынан  қысқартылуы  тиіс. 
Астық дақылдарының  2015 жылғы дүниежүзілік қорлары 516 млн.т құрауына қарамастан, оған деген 
мұқтаждық  сақталып  отырады.  Бұған  маңызды  екі  фактор  әсер  етеді:  дамушы  елдердегі  халық 
санының  өсуі  мен  астықтың  техникалық  мақсаттарда  өңдеумен  байланысты  бастау  алған  астықты 
тұтынудың дамуы. Қазақстан айналымға тағы 6 млн.га  егістік аудандандарын енгізе алады. 
Қазақстан 250 жыл бойы Ресейлік иммперияның одан кейін Кеңес Одағының құрамында болған 
еді. Әрине Қазақстанның аграрлық секторының дамуы орталықта болып жатқан процестермен тікелей 
байланысты. Патриархалды  шаруашылықты жүргізу арқылы халықты азық-түлікпен қамтамасыз етті. 
Ресейлік  тауар  нарығында  көбінесе  ауыл  шаруашылық  жануарлар  мен  мал  шаруашылығының 
шикізаттар  (тері,  жүн  және  т.б.).  18  ғасырдың  екінші  жартысынан  басталған  нарыққа  көшу  процессі 
үлкен  ерекшелікке  ие  болған.  Бұл  кезең  патриархалды  жер  иеленудің  құлдырауымен  сәйкес  келіп, 
негізгі  4  құрылымның  (мемлекеттік,  қауымыдық,  ірі  жеке,  отбасылық-еңбектік)    өзара  әрекеттесуіне 

ПЛЕНАРЛЫҚ МӘЖІЛІС 
ПЛЕНАРНОЕ ЗАСЕДАНИЕ 
 

 
негізделген    аралас  көпқұрылымды  экономиканы  Оралдың  ар  жағына  аударды.  Осындай  жағдайда 
Столыпин отбасылық-еңбектік құрылымның дамуына үміт артқан. 
Кеңес  Одағының  азықтық  қауіпсіздігінің  сақталуы  біріңғай  орталықтан    одақтық  мемлекетпен 
шешім шығарылып жарқын бейнеленген әкімшіл-әміршіл сипат алды. Қазақстанда өткен ғасырдың 20-
шы жылдардың соны – 30-жылдардың басы ауыл шаруашылығын ұжымдастыру, ал 50-жылдары тың 
және  тыңайған  жерлерді  игеру    кең  ауқымды  компания  жүзеге  асырылып,  бұл  құбылыс  алда  егістік 
өндірісті 10 есе арттырды. 
«Дамыған социализм» кезеңінде халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету  мәселесі жедел түрде 
ерекше  шешімді  талап  етті.  1980  жылдың  мамыр  айында  «Азықтық  программа»  қабылданды.  Ауыл 
шаруашылық    өндірістің  төмен  тиімділігі  және  де  ауыл  шаруашылық  жұмыскердің  еңбек  қызметіне 
уәжінің жоқтығы салдарынан бұл программа іске асырылмады. 
Кеңес  Одағының  құлдырауы,  Қазақстанның  өз  тәуелсіздігін  алуы  республиканың  азықтық 
қауіпсіздігі туралы өзекті мәселені көтерді. 
БҰҰ  комиссиясының  критерийлері  бойынша  халық  тұтынатын  ішкі  нарықтағы  азықтық  тауар-
лардың  85%  сол  республикада  өндірген  жағдайда,  ол  ел  өзінің    азықтық  қауіпсіздігін  сақтап  қалады. 
Қазақстандағы бұл жағдай кризисті болып табылады. Сондықтан да үкімет өнімнің өсуін көздеп, ауыл 
шаруашылық  өндірістің  материалды-техникалық  базасын  нығайту  бағытында  инвестициялық 
жобаларды іске асыру үшін барлық жағдай жасап отыр [2]. 
Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін «фермер елді асырайды» лозунгі танымал болды. Ауыл 
шаруашылығына  арнаулы  жерлерді  жекешелендіру  үдерісі  қарқынды  дами  түсті.  Ірі  ауыл 
шаруашылық қожалықтар ыдырай бастады. Жаңадан құрылған фермерлік қожалықтар материалдық-
техникалық базаның және  жаңа ауыл шаруашылық техниканы сатып алу үшін  қаржы ресурстарының 
жоқтығынан, заманға сай агротехникалық   әдістерді егін шаруашылығында сақтай алмауы тез арада 
егін  өнімділігінің  төмендеуіне,  ауыл  шаруашылық  өндірістің  азаюына  әкеліп  соқты.  Сонымен  бiрге, 
бастапқы  даму  кезеңдерiнде  өтпелі  процесстердің  анықтауышы  ретінде    нарықтық  қатынастардың 
еркiн  даму  көзқарасы  болды.  Ауылшаруашылығы  халық  шаруашылығының  саласы  ретінде  мүлтіксіз 
бәсекеге бейімделіп,  мемлекеттік реттеуді қажет етпейді деп саналды. 
Бірақ тәжірибе жүзінде мұндай көзқарастың дәрменсіздігін көрсетті. Енді Қазақстанда нарықтық 
қатынастардың  қалыптасуы  мен  жұмыс  жасауы,  азықтық  қауіпсіздігін  қамсыздандыру  мемлекеттің  
реттеуі мен қатысуынсыз іске аспайтыны туралы нақты түсінік қалыптасты. 
Өтпелі  кезеңнің  экономикалық  теориясын  және  мемлекеттің  экономикаға  араласуын  талдау 
барысында    профессор  А.Ноув  былай  атап  өтті:  «Үкімет  белгілі  бір  саясатты,  стратегияны  ұстанып, 
техникалық прогресс пен инвестициялардың дамуы үшін ынталандыру шараларын жүргізу қажет пе? 
Мұндағы  Япония,  Оңтүстік  Корея,  Тайвань  таңдаулы  жақтау  шаралары  мен  жеңiлдiктi  кредиттерді 
және т.б. қоса есептегенде, үкіметтің позитивті стратегиясының мысалдары ретінде көрінді. Соғыстан 
кейін  Батыс  Еуропаның  қалпына  келуіндегі  мемлекеттің  рөліне  «шығыстық»  әріптестеріміздің  көңілін 
аудару  пайдалы  болар  еді.  Мысалы,  А.  Маршалдың  жоспарын  іске  асыру  жұмыстарын  атап  өтуге 
болады. Сонда  бұл елдердiң экономикасы нарықтық күштердiң озбырлығына қалған жоқ». [3] 
Мемлекеттің  азықтық  қауіпсіздігін  қамсыздандыру  жалпы  мемлекеттік,  ұлттық    міндет  болып 
табылады және факторлық екі топтың әсеріне тәуелді күшейе түседі. 
Алғашқы факторлар тобына мыналар жатады: 
а) халықтық шаруашылықтың саласы ретінде аграрлы сектор өзінің табиғаты бойынша бәсекеге 
түсу қабілеті төмен болғандықтан, ондағы  нарықтық қатынастардың қалыптасуын қиындатады
б) ауыл шаруашылығы үшін табиғи-климаттық  жағдайлардың шарттары әсіресе, Қазақстанның 
тәуекел  егін  шаруашылығының  аймағында  өте  маңызды.  Сондықтан  да  мемлекет  реттейтін 
сақтандыру қорларын ұйымдастыру мен дамытуға қатысты объективті қажеттілік туады; 
в)  ауыл  шаруашылық  өнімдеріне  бағалық  тұрақсыздығымен,  жүйелі  ауытқулары  табиғи-
климаттық  жағдайларға  қарағанда  өндіріс  циклінің  ұзақтығына  және  нарықтың  конъюнктурасы  мен 
түпкі ауыл шаруашылық  азықтың науқандық сипатының түбегейлi ықпалымен анықталады. Тәжірибе 
жолынан  байқасақ,  мұның  салдары  шаруашылық  субъекттердiң  аграрлық  сектордағы  тұрақсыздық 
және табыстарының ауытқуы болып табылады; 
г)  экономиканың  бұл  секторы  қаржы  сыйымдылығымен,  басқа  салаларға  қарағанда  өтілім-
ділігінің  мерзім  ұзақтығымен,  капитал  жұмсаудың  төмен  түсімділігімен    ерекшеленетіні  мәлім.  Бұл 
салаға  ақша  салудың  тартымсыздығы  осы  жағдайлармен  сәйкес  келеді.  Ал  қайтадан  құрылған  
шаруашылық субъектілердің күші мен инвестициялары әзірге аздық етіп отыр; 
д)  аграрлы  сектордағы  шаруашылықпен  айналысатын  субъектілердің  өндірістің  басқа  салала-
рымен  салыстырғандағы  теңсіздігі  байланысты    бағасының  диспаритетін  сақтайтын  өнім  үшін  ауыл 
шаруашылығының өндірістік-шаруашылық қаупінің жоғары дәрежесімен және өндірісті шоғырландыру 
мен  дербестеудің  төмен  дәрежесіне  ие  болу  ерекшелігінен  туады.  Белгілеп  өткен  теңсіздік  мемле-
кеттің қатысуын талап етіп, түрлі әлеуметтік-экономикалық шарттарда сақталып келеді. 

ПЛЕНАРЛЫҚ МӘЖІЛІС 
ПЛЕНАРНОЕ ЗАСЕДАНИЕ 
 
10 
 
Екінші  факторлық  топ  құрылымдық  пен    қаржылық  деформациялардың  дәрежесімен  және  де 
қатал  орталықтандырылған  мемлекеттік  экономикадан  әлеуметтік-бағдарлық    нарықтыққа  өту  
кезеңінің ерекшеліктеріне  байланысты. Кеңес үкіметінің тұтас Одақтағы және әсіресе Қазақстандағы 
басқару  жылдарында  экономикалық,  құқықтық  нарықтық  қатынастарды  енгізу  үшін  психологиялық, 
экономикалық  тұрғыдан  дайын  болмаған  кеңістік  құрылды.  Саясат    экономикадан  жоғары  тұрған  өн-
дірістік қатынастардың жүйесі орнады. Жоғарыдағы басшылардың бұйрығы экономикалық орындылық 
принциптерінен  «жоғары»  болу  еді.  Осындай  жағдайда  азықтық  қауіпсіздікті  бірден  шешу  өте  қиын 
болды. 
Қазақстан халықаралық қауымның мүшелерінің бірі болған жағдайда, сол бірлестіктің ықпалын 
сезінбеуі  мүмкін  емес  еді.  Республикамыз  халықаралық  нарықтағы  конъюнктурадан  тәуелді  болуы  
жағдайды  одан  сайын  күрделендіре  түседі.  Мұның  негізгі  себебі  Қазақстан  экономикасының 
айқындалған  экспортты-шикізатты  сипатқа  ие  болуында.  Өкінішке  орай,  тәуелсіздігімізді  алғанға  25 
жыл өткеніне қарамастан жоғарыда атап өткен шикізаттық бағытты өзгерту қолымыздан келмеді. 
Әрине, бұл жағдай елдің азықтық қауіпсіздігінде де білінетін болады. 1991 жылға дейін респуб-
лика  сапасы  өте  жоғары  болмағанымен,  киімдегі,  аяқ  киімдегі,  азықтағы  және  т.б.  халық  сұранысын 
85%-ға  дейін  қанағаттандыратын  бір  топ  тауарларды  өндірді.  Бұл  тауарлардың  қазіргі  заманда 
республикаға  әкелініп  жергілікті  тауарлармен,  тіпті  тағам  азықтарымен  де,  табысты  бәсекеге  түсіп 
жатыр.  Бағасы  жергілікті  тауарлардан  да  арзан  ауыл  шаруашылық  шетел  өнімдерінің  импорты  жер-
гілікті шаруашылық субъектілердің қаржы-экономикалық жағдайына  кері әсерін тигізіп,  экономиканың 
аграрлы  секторын  инвестицияландыруды  шектелген  ұлттық  валюттік  ресурстардан  алаңдату.  Ауыл 
шаруашылық  өнімдердің  және  өндірістің    импортының  өсуі    аграрлы  сектордың  даму  және  ауыл 
шаруашылық шикізатты қайта өңдеу мүмкіндіктерін шектейді. Бұл әрине еліміздің азықтық қауіпсіздігін 
нашарлатады. 
Экономикасы  дамыған  елдерде  қаржылық  белсенділігінің  төмендеуі  қаржылық  институттардың 
ішкі  қызметтерінің  әлсіреуіне  әкеледі.  Әлсіреу  себебі  мынада:  қаржылық  институттар  сыртқы 
негіздерге    тәуелді.  Батыстық  мамандардың  мәліметтері  бойынша  Доу  Джонстың  индексі  таяу  1,5-2 
жылда  құлайды.  Бұл  Қазақстанның  экономикасында  сөзсіз  айтылады.  Себебі,  шикізат  өнімдерін 
пайдаланатын  нарықтағы    іскерлік  белсенділіктің  төмендеуі  елге  қаржылық  кірістердің  қысқаруына 
әкеледі.  Қарапайым  талдау    нәтижелері  бойынша  халықаралық  нарықтағы  шикізат  бағалары  төмен-
дей түсті. Сондықтан да Қазақстан ауыл шаруашылық өнімдерді өндіруді дамытуға ден қою керек. 
Р.  Солоудың  моделін  сараптай  отырып,  экономистер  «қалған  тең  шарттарда»  ел  арзан 
капиталдың  кіші  көлемімен  тезірек  өсуі  тиіс  екендігіне  көңіл  бөлді.  Мұндағы  нәтиже  капиталдың  
кемитін қайтарымынан пайда болады. Бірақ өсудің басқа маңызды факторы  - технологиялар деңгейі. 
Ол  болса    өсетін  қайтарым  арқылы  сипатталады,  мәселен,  технология  деңгейі  неғұрлым  жоғары 
болған  сайын,  өсуі  де  тезірек  жүзеге  асады.  Артта  қалған  ел  кедейлік  қақпанына  немесе 
индустриялды  қақпанға  түсу  қаупі  бар.  Бұл  жағдайда  ел  баяу  өсудің    тепе-тең  бағытымен  жылжып 
келеді.  Бұл  тезис  Қазақстанның  заманға  сай  экономикалық  жағдайы  үшін  өте  маңызды  болып 
табылады.  2000-2007  жылдар  аралығындағы  экономиканың  өсуі  осы  факторларымен  тікелей 
байланысты болды. Ал қазіргі таңдағы жағдай өзгерді. Сондықтан  дәстүрлі формалардың дамуымен 
қатар,    ірі  тауарлық,  соның  ішінде  мал  және  өсімдік  шаруашылығының  өндіріс  үлесінің  үлкейтуіне  
бағытталған ауыл шаруашылық өндірісті үдету сынды үлкен жұмыс жүргізу қажет. Бүгінгі таңда барлық 
ауыл  шаруашылығындағы  мал  басының  80%-ға  жуығы  жеке  қоныстарда  орналасқан,  асыл  тұқымды 
малдардың  үлес  салмағы  табында  5-7%-ға  дейін  құрады.  Бұл  дамыған  елдерден  6  есе  кем  болып 
табылады.  [4] 
Қазақстанның азық-түлікпен қамтамасыз етуі ауыл шаруашылық өнімдерін өндірумен қатар оны 
қайтадан  өңдеуге  де    байланысты.  Бүгінгі  таңда  ол  аграрлық  сектордың  ең  әлсіз  буыны  болып 
табылады.Төмен  бәсекелестіктің  салдарынан  Қазақстан  Отандық  қайта  өңдеу  өнеркәсібі  шетелге 
азық-түлік  өнімдерін  өңдеу  үшін  1,9  млрд.  АҚШ    долларын  жұмсайды.  Бұл  республикаға  жоғарыда 
атап  өткен  «индустриялды  қақпанға»  түсу  қаупін  анықтайды.  Себебі,  қайта  өндіретін  орындардағы 
техникалық жабдықтардың тозу деңгейі 50%-дан асып кеткен, ал заманға сай жаңалары  республика-
мызда жасалмайды. 
1919 жылы А. Байтұрсынов өз ойын былай мәлімдеген: «Қазақтар өздері кең-байтақ  жайылым-
дарында  өсіретін   малдың еті  мен терісін өңдеп,  олардан   тұтынуға  дайын  өнімдерді  өндірмейінше, 
экономикалық тәуелсіздігі екі ұшты болады» [5]. Бұл жағдайда елімізде  дайындалған және өңдірілген 
ұлттық  байлықтың    95%-ы  шетелге  шикізат  есебінде  кетуі  маңызды  факт  болып  табылады  [6]. 
Сондықтан  болар,  біздің  пікіріміз  бойынша,  Қазақстандағы  шетел  компанияларының    қызметін  терең 
экономикалық  сараптама  арқылы  қарастыру  қажет.  Олардың  альтруисттік  мақсаттарды  көздеп 
жүрмегендері  мәлім.    Шетел  компаниялары  өз  капиталын    тиімді  ортаға  қолдануды  іздеуде.  Осыған 
орай мемлекет республикада әрекет етіп тұрған барлық шетел компанияларының акциялық бақылау 
пакетін өзіне қайтарып алып, олардың кірістерін айқын қылу қажет. Мысалы, дамыған елдердің (АҚШ, 
Франция,  Германия)  жалпы  ішкі  өнімде    еңбекақы  еншісі  65-67%-ды  құрайды.  Ал  Қазақстандағы  бұл 

ПЛЕНАРЛЫҚ МӘЖІЛІС 
ПЛЕНАРНОЕ ЗАСЕДАНИЕ 
 
11 
 
көрсеткіш  23-25%-ды  құрайды.  Мемлекеттің  барлық  шаралары    отандық  тауар  өндірушіні  қорғайтын 
ойластырылған  жақтау  саясатын  жүзеге  асырып,    өз  өндірісінің  дамуына    бағытталуы  тиіс.    Батыс 
елдері  400 жыл бойы да, қазіргі заманда да өзінің тауар өндірушісін қорғауға ұялмайды. Қазақстанға 
кедендік  кедергілерді  төмендетіп,  өзінің  өнімдерін  жергілікті  нарықта  тастама  бағамен  экспорттауға 
ұсыныс  жасады.  Қазіргі  дүниежүзілік  дағдарыс  Қазақстанның  азықтық  қауіпсіздігін  нығайтуын  те-
реңдетеді. Сондықтан да ұйымдық әсерлі бастауды күшейту қажеттілігінің проблемасы жетіліп,  мем-
лекеттің  реттеу  ықпалының  біршама  жаңаруы  ауылшаруашылық  өндірістің  дамуына,  азықтық  қауіп-
сіздігін  қамсыздандыруына,  халықаралық  еңбек  бөліністерінің  жүйесіндегі  республика  экономика-
сының интеграциясына көп  әсер етті. 
   Зайырлы,  демократиялық  принципті  ұстанған  қазақ  елі  әлемдік  қауымдастықтың  белді  бір 
мүшесі болғандықтан  да  оған әсер етіп жатқан ішкі-сыртқы әлеуметтік-экономикалық құбылыстардан 
сырт қала алмайды. 
Соның бірі қазір – өзіміз куә болып отырған экономикалық дағдарыс. Қазақстан экономикасында 
шикізат экпортының үлес салмағы бұрын да зор болатын,  қазір ол еселеп артты. 
Осы жағдайлар бүгінгі таңда қарастыруда. Мысалы, 2014жылы  2 қазанда Қостанай қаласында 
өткен  Халықаралық  конференцияда  қарастырылды.  Сонда  біріккен  экономикалық  қоғамда 
Қазақстанның азық түлік қауіпсіздігіне қайшы келетін жағдайлар қарастырылды. 
 
Ел 
2013 жыл 
2014 жыл 
2015 жыл 
Ресей 
5,5 
5,7 
5,9 
Белорусь 
18,1 
18,6 
18,9 
Қазақстан 
4,7 
4,8 
4,9 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет