ОТБАСЫЛЫҚ ЗОРЛЫҚ - ЗОМБЫЛЫҚ – ҚОҒАМНЫҢ КЕСЕЛІ
Бейсен Қ.П. - магистрант, ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы
Осы мақалада отбасы ішіндегі қылмыстық зорлық-зомбылықтың маңызды әлеуметтік мәсе-
лелері, сонымен қатар, отбасы ішіндегі зорлық-зомбылық қылмыстарға қарсы іс-әрекет көрсету
мақсатында оларға деген әлеуметтік алдын алу мүмкіншіліктері баяндалған
Кілтті сөздер: отбасы, зорлық-зомбылық, психологиялық зорлық-зомбылық, бұқаралық ақпа-
рат, зорлау
«Отан отбасынан басталады» демекші, қай халық болмасын әке мен шешені жоғары бағалаған.
Ал отбасының негізін құрайтын маңызды ата-ана деген екі тұлғадан жанұяның болашағы тәуелді.
Өкінішке орай, қазіргі таңда отбасының әлеуметтік жағдайы үлкен дағдарысқа ұшырап отыр. Адам мен
қоғам үшін отбасының маңызы, атқаратын қызметі алуан түрлі болғандықтан, оны зерттеуші қоғамдық
ғылымдар да көп. Бұл ғылымдардың әрқайсысы өз анықтамасын беруге тырысады. Әлеуметтану
ғылымы оны былай анықтайды: отбасы дегеніміз – тарихи өзгеріп отыратын әлеуметтік топ, оның
жалпы белгілері – бөтен адаммен жыныстық байланыс орнату, туысқандық қатынастар жүйесі,
адамның жеке-дара адамгершілік сапаларын қалыптастырып дамыту, белгілі бір экономикалық
қызметті іске асыру.
Қазақстан Республикасындағы жалпы әлеуметтік және экономикалық ахуалдың қазіргі кездегі
жағдайында отбасы ішіндегі зорлық-зомбылыққа қарсы іс-әрекет проблемасы өте өзекті. Ел үшін
күрделі кезеңде келеңсіз үдерістердің дамуы тұрақсыздандыру құбылыстарына әкеледі, сол сияқты
отбасына да келеңсіз әсерін тигізеді [1, 6- б].
Қазіргі заманғы отбасы көптеген қолайсыз, кейде тіпті криминогендік факторлардың аясында
дағдарысты басынан кешіп отыр. Ер адам мен әйел арасындағы қарым-қатынастар заңды түрде
бекітуді мұқтаж етеді. Ерлі-зайыптылар арасындағы өзара қарым-қатынастардың үйреншікті қалпы
бұзылды: отбасы өз тұрақтылығынан айырылды, айырылысу ерекше фактіден қалыптыға айналды,
ата-ананың ықпалы әлсіреді. Туыстар арасындағы даулар жиі қылмысты сипатта: ұрып-соғудан кісі
өлтіруге дейін орын алуда.
Қазақстанда отбасылық криминология жалпы криминологиялық ғылым арнасында қалыптасты.
Ол қалыптасқан ұғымдар аппараты, ғылыми базасы мен белгілі зерттеу саласы бар әлеуметтік-
құқықтық тәртіпті білдіреді, оның негізіне қылмыстылық пен отбасы институтының өзара тәуелділігі
жатады [2, 338-б.].
Отбасылық криминология (отбасылық қарым-қатынастардың криминологиясы, криминофами-
листика), жалпы криминологияның саласы бола тұрып, отбасылық саланың криминогендік фак-
торларын және оларды айқындайтын қылмыстық мінез-құлығын, сондай-ақ қылмысқа қарсы іс-әрекет
көрсету мақсатында оларға деген әлеуметтік ықпалын зерттейді. Криминофамилистика ең ірі
ЗАҢ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
АКТУАЛЬНЫЕ ВОПРОСЫ ЮРИДИЧЕСКОЙ НАУКИ
17
криминологиялық проблемаларды отбасылық қарым-қатынастардың төңірегінде қарастырады. Бұл
проблемаларға:
- отбасы ішіндегі ер адамдардың және әйелдердің қылмыстық мінез-
құлқын қоса алғанда, отбасы ішіндегі қылмыстар;
- отбасының кәмелетке толмағандардың қылмыстылығына әсері;
- отбасының пайдакүнемдік пен зорлық-зомбылықты қылмыскердің жеке
басының қалыптасуына әсері;
- отбасының қылмыстардың қайталануына әсері;
- қылмыстардың жаппай молаюының отбасылық себептер тетігі;
- отбасына ықпал ету арқылы қылмыстардың алдын алу жатады [5, 7-9-б.].
Ғылыми әдебиетте отбасы - тұрмыс пен өзара жауапкершіліктің ортақтастығына байланысты
адамдардың некеге немесе қандас туыстыққа негізделген бірлестігі ретінде қаралады.
Отбасы ішіндегі қарым-қатынастардың деформациясын зерттеуде отбасылардың типологиясы
маңызды рөл атқарады. Өзінің криминологиялық маңыздылығы бойынша отбасыларын сау,
бейімделген және девиантты деп бөлуге болады [3, 9-10-б. ] :
Сау отбасы – бұл бұзылған экономикалық және әлеуметтік-психологиялық үдерістердің ықпа-
лына түспеген отбасы, оның мүшелері толық дене, рухани және әлеуметтік әл-ауқатының жағдайында
өмір сүруде. Осындай отбасылар арасында бақытты отбасылар қалыптасады. Ал өкінішке орай
бақытты отбасымен бірге бақыты тайған отбасыда болады, ол дегеніміз отбасы ішіндегі зорлық-зом-
былық. Отбасы ішіндегі зорлық-зомбылық дүние жүзінің барлық елдеріндегі алуан түрлі отбасы-
ларында (қоғамның түрлі топтарында) орын алады және отбасының барлық мүшелеріне қатысты жа-
салады. Алайда, жалпыланған санат болып есептелетін үйдегі зорлық-зомбылық ішінде жәбірле-
нушілер мен құрбандар арасындағы қарым-қатынастардың табиғатын айқындайтын өзгеше санаттар
бар екенін айта кету керек. Оларға, мысалы, балаларға, зайыбына немесе серіктесіне қатысты,
сонымен қатар қарт адамдарға қатысты жасалған зорлық-зомбылықты жатқызуға болады.
Зорлық-зомбылықтың отбасы өміріне кеңінен енуі отбасының құлдырауына және отбасылық
тәрбиелеу деңгейінің төмендеуіне әкелетін қолайсыздыққа ұшырататын келеңсіздіктер бар, бұл
балалардың қараусыз қалуына әкеледі және кәмелетке толмағандар жасайтын құқық бұзушылық
санының өсуіне (жеткіншектер маскүнемдікке, жезөкшелікке, сондай-ақ қылмыстық қызметке
тартылады) мүмкіндік жасайды.
Отбасылық зорлық-зомбылық отбасы ішіндегі тұлғалардың өзара әрекеттесуінің ең шұғыл
жанжалды нысаны ретінде күш көрсету зорлық-зомбылығын, экономикалық, психологиялық және
жыныстық зорлық-зомбылықты қамтиды.
Күш көрсету зорлық-зомбылығы – отбасы мүшелерінің және олармен келісіп өзге де адам-
дардың жәбірленушіге дене жарақатын келтіруі, сондай-ақ бас бостандығынан, үйінен, тамағынан
және қалыпты өмірдің басқа да жағдайларынан айыруы, бұл жеке тұлғаның дене және психикалық
денсаулығының бұзылуына, өліміне, ар-намысы мен абыройына зиян келтіруі мүмкін.
Психологиялық зорлық-зомбылық – жәбірленушінің ар-намысы мен абыройын қасақана кемсіту,
оның өміріне қауіп төндіретін, денсаулығына зиян келтіретін немесе психикалық даму мен
денсаулығының бұзылуына әкелетін қоғамдық қаупі бар әрекеттерді қорқыту, бопсалау, қорлау, алдау
жолымен жасауға мәжбүрлеу.
Жыныстық зорлық-зомбылық – жеке тұлғаның жыныстық тиіспеушілігіне қол сұғу, сондай-ақ
отбасы мүшесінің тарапынан педофилия фактілерін қоса алғанда, оның психикалық-жыныстық
дамуын бұзатын өзге де іс-әрекеттер. Егер жыныстық зорлық-зомбылық проблемасы туралы айтатын
болсақ, онда көптеген психолог-зерттеушілердің пікірінше, зорлау – бұл тек қана секс проблемасы
емес, сонымен қатар биліктің де проблемасы. Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық отбасы мен
қоғамдағы ер адамдар мен әйел адамдар арасындағы тарихи қалыптасқан тең емес биліктік қарым-
қатынас көріністерінің бірі болып табылады, ол ер адамдардың басым болуына және олардың
тарапынан әйелдерге қатысты кемсітушілік көрсетуге алып келді. Алайда бұл жағдайда тек әйел ғана
азап шекпейді, ер кісі де азап шегеді және ең алдымен, оған батылдық, соңғы уақыттары нағыз ер
кісінің бейнесі кісі өлтірушімен, зорлаушымен, басқыншымен теңдестірілген фильмдер мен
кітаптардың қиратушы толқыны ықпал етеді. Егер ер кісі мейірімді болса, онда ол бұқаралық ақпарат
құралдары иландыратын бейнелерге сәйкессіздігін сезінеді. Өкінішке орай, әйел тек қана сексуалды
объект ретінде көрінетін бұқаралық мәдениеттің үздік туындыларына жата қоймайтын бейнелермен
ерекшелене бастады. Отбасы ішіндегі зорлық-зомбылық, атап айтқанда, зорлауды немесе жыныстық
езгіні бейнелейтін көріністер, порнографияны қоса алғанда, әйелдер мен қыздарды жыныстық
құмарлықтың заты ретінде пайдалану зорлық-зомбылықтың таралуына жәрдемдесетін факторлар
болып табылады және қоғамның рухани өміріне, жыныстар арасындағы қарым-қатынастарға жағым-
сыз ықпал етеді. Ер кісі өзінің табиғатынан белсенді, басқыншы, ал әйел – енжар, қайырымды деген
аңыз санамызға енгізілуде. Бірақ, расында да ер кісі әйелді кемсіте ме? Зерттеушілер жиі-жиі оның
олай емес екені туралы қорытындыға келетін болды. Патриархаттық мәдениетке негізделен қоғам екі
жынысты да кемсітеді және айла жасайды, ол қоғамның ізгіленуіне кедергі келтіреді [8, 17-б.].
ЗАҢ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
АКТУАЛЬНЫЕ ВОПРОСЫ ЮРИДИЧЕСКОЙ НАУКИ
18
Экономикалық зорлық-зомбылық – адамды заңмен көзделген құқығы бар тұрғын үйінен,
тамағынан, киімінен, мүлкінен, қаражатынан қасақана айыру, бұл дене саулығының және (немесе)
психикалық денсаулығының бұзылуына әкеп соғуы мүмкін [9, 21-22-бб.].
Отбас ы іш індегі қылмыстық зорлық-зомбылық мән-жайларын анықтау – маңызды әрі өте
күрделі міндет. Криминологияда қылмыс себептерінің проблемасы әрқашан да ғалымдар мен
практиктердің аса қызығушылықтарын туғызады, өйткені бұл проблеманы шешу криминологиялық
теорияның ғылыми мазмұнын, оның қолданбалы бағыттылығын және құқық қорғау қызметінің негізгі
жолдарын айқындайды.
Қазіргі кезде отбасы іш індегі қылмыстық зорлық-зомбылықтың детерминациялау пробле-
масын зерттеу қажеттілігі туды.
Жаһанды экономикалық дағдарыстың өзі де, өндірістің тоқтауы, жұмыссыздықтың өсуі және
осының аясында отбасы мен ұжымда қалыптасып келе жатқан психоэмоциялық ахуал белгілі бір
дәрежеде отб асы іш індегі қылмыс тық зорлық-зомбылықтың детерминанты ретінде көрінеді, тіпті
отб асы ішіндегі зорлық-зомбылық қылмыстардың генезисі де өзгеруде, отб асы ішіндегі зорлық-
зомбылықтың криминогендік факторлар жүйесі құқық нормаларын айтпағанда, этикалық және
моральдық нормалардың барлық қырларын өшіреді, зорлық-зомбылық бағыттағы криминогендік
факторлардың отбасына ықпал ету диалектикасы. Отбасы қолайсыздығының алуан түрлілігі және тіпті
объективтік сипаттағы қолайсыз факторлар психоэмоциялық және денесіне тиіспеушілік құқығына қол
сұғу түріндегі ауыр салдарларға әкеледі, бірақ біз үшін маңызды нәрсе - қазіргі кезде рухани қауіпсіздік
бұзылуда және қазақ халқының бүкіл генетикалық қоры үшін қауіп төнуде. Осыған байланысты
Қазақстан Республикасы «Тұрмыстық зорлық-зомбылық алдына алу туралы» Заңының рөлі аса
орынды.
Түрлі қылмыстардың алдын алу және жолын кесу үшін ең алдымен оның шығуы-ның себептерін
анықтау қажет. Осы тұрғыда ғалымдар тарапынан зерттеліп, зерделенген ақпаратқа сүйенсек, басты
себеп болатын күрделі жәйттер азаматтардың жұмыссыздығының салдарынан туындаған отбасының
тұрмыс жағдайының ауырлығы, маскүнемдік және нашақорлық жағдайлар. Сараптама қорытын-
дысына қарағанда әйелдерге қарсы жасалған қылмыстардың болуына басты себеп отбасындағы
жанжал, тұрмыс келеңсіздігі, ер азаматтардың ішімдікке әуестігі, бір-бірін жек көрушілік, зәбір көрушіні
адамсынбау — кемсіту, күш және қоқан-лоқы көрсету, әйел азаматшалардың ер адам алдында дәр-
менсіздігі, күн көріс қиындығы, т.б. Осылармен қоса тағы бір негізгі себеп зардап шегуші әйелдің
сезіктімен бірге спирттік ішімдік ішуі, өзін кез-келген ортада еркін және ашық ұстауы себеп болады.
Қай халық болмасын әйел затына ықыласпен қараған, қазақ халқында әйелдің орны ерекше,
ана деп құрметтеп, қарындас деп еркелетіп отырған. Ер азаматтың тірегі, қамқоршысы болған
әйелдер – қамыққанда сүйеу, тарыққанда тіреу, қам көңілге жұбаныш бола білген.
Қорыта келе, біз үшін «отбасылық қарым-қатынастар» - бұл үй, баспана, балалар, жайлылық
пен сенімділік, қорғаныш, онда біз балалық шақтың елесін, ата-ананың балаға деген махаббатын,
сондай-ақ, әже мен ата, аға мен әпке арасындағы өзара қарым-қатынастарын есімізге түсіреміз.
Осылайша, отбасы бұл біз үшін әлем жайындағы алғашқы бейнелер, қарым-қатынастың алғашқы әрі
өте маңызды сабақтары.
Әдебиеттер:
1. Джекебаев У.С. О социально-психологических аспектах.- Алма-Ата, 1971.
2. Шестаков Д.А. Криминология: Новые подходы к преступлению и преступности: Противо-
действие преступности в изменяющемся мире: учебник. 2-е изд., перераб. и доп. / предисл. В.П.
Сальникова. – СПб.: Издательство Р.Асланова «Юридический центр Пресс», 2006ж. – 561 б.
3. Кочин А.А., Харламов В.С. Детерминация криминального насилия в семье: Пособие. – М.:
ВНИИ МВД России, 2004. – 52 б.
4. Варданян А.В. Насильственная преступность и ее предупреждение. // М., 2002ж. – 122б.
5. Женщина и бытовое насилие. Учебно-практическое пособие – Алматы, 2003ж. – 131 б.
ЗАҢ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
АКТУАЛЬНЫЕ ВОПРОСЫ ЮРИДИЧЕСКОЙ НАУКИ
19
УДК 343.326
ТЕРРОРИСТIК НЕМЕСЕ ЭКСТРЕМИСТIК ӘРЕКЕТТІ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ЖӘНЕ
ТЕРРОРИЗМГЕ НЕ ЭКСТРЕМИЗМГЕ ӨЗГЕ ДЕ ДЕМ БЕРУШІЛІКТІҢ
ҚЫЛМЫСТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫ
Есмагамбетова Г.Т. - магистр, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік универси-
теті
Берілген мақалада террористік немесе экстремистік әрекетті қаржыландыру және терро-
ризмге не экстремизмге өзге де дем берушілік қаралған.Шын мәнінде террористік немесе экстре-
мистік іс-әрекетке қылмыстық-құқықтық тұрғыдан қарсы әрекет ету жалпы терроризм мен экс-
тремизмге қарсы тұратын негізгі құралдардың бірі болып табылады. Демек, террористік немесе
экстремистік әрекетті қаржыландыру үшін қарастырылған қылмыстық-құқықтық жауапкершілік,
Қазақстан Республикасының қоғамдық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің бір құралы ретінде
қарастырылады.
Түйінді сөздер: қаржыландыру, террористік әрекет, экстремистік әрекет,қылмыстық –
құқықтық сипаттама.
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі № 416-1 «Терроризмге қарсы іс-қимыл
туралы» Заңының 1-бабы, 12-тармақшасына сәйкес, терроризмді қаржыландыру деп – жеке тұлғаның
не адамдар тобының не заңды тұлғаның іс-әрекетінің террористік сипатын не берілген мүліктің,
көрсетілген ақпараттық, қаржылық және өзге де қызмет түрлерінің террористік іс-әрекетті жүзеге асы-
ру не террористік топты, террористік ұйымды, заңсыз әскерилендірілген құралымды қамтамасыз ету
үшін пайдаланылатынын көрінеу ұғынып жасаған адамның оларға ақшаны және (немесе) өзге де
мүлікті, мүлікке құқықты немесе мүліктік сипаттағы пайданы беруі немесе жинауы, сондай-ақ сыйға
тартуы, айырбастауы, қайырмалдық жасауы, қайырымдылық көмегі, ақпараттық және өзге де қызмет
түрлерін көрсетуі не қаржылық қызметтер көрсетуін айтады[1, б. 4].
Сол сияқты терроризмді қаржыландыру ұғымына ұқсас анықтама Қазақстан Республикасының
2009 жылғы 28 тамыздағы «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және
терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 1-бабы 12-тармақшасында да беріл-
ген[2, б. 3].
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 18 ақпандағы «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы»
Заңының 3-тармақшасында сәйкес, экстремизмді қаржыландыру деп – жеке тұлғаның не адамдар то-
бының не заңды тұлғаның іс-әрекетінің экстремистік сипатын не берілген мүліктің, көрсетілген ақпа-
раттық, қаржылық және өзге де қызмет түрлерінің экстремизмді жүзеге асыру не экстремистік топты,
экстремистік ұйымды, заңсыз әскерилендірілген құралымды қамтамасыз ету үшін пайдаланылатынын
көрінеу ұғынып жасаған адамның оларға ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті, мүлікке құқықты неме-
се мүліктік сипаттағы пайданы беруі немесе жинауы, сондай-ақ сыйға тартуы, айырбастауы,
қайырмалдық жасауы, қайырымдылық көмегі, ақпараттық және өзге де қызмет түрлерін көрсетуі не
қаржылық қызметтер көрсетуін айтады[3, б. 3].
Қазақстан Республикасының қолданыстағы қылмыстық заңнамасында террористік немесе экс-
тремистік әрекетті қаржыландыру және оған өзге де дем берушілік үшін 2014 жылғы 3 шілдедегі
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 258-бабымен жауапкершілікке тарту қарасты-
рылған[4, б. 3]. Қазақстан Республикасында аталған қылмыс үшін жауапкершілік тұңғыш рет 1997
жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі [5, б. 3]«Қазақстан Республика-
сының кейбір заңнамалық актілеріне ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша өз-
герістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңымен енгізілді (Қылмыстық ко-
декстің 233-3 б.)[6, б. 3]. Ұлттық қылмыстық заңнамада аталған қылмыс түрі террористік актілердің
жүзеге асуына тікелей қатысы болмаса да, террористік немесе экстремистік әрекетті қаржыландыру
және терроризмге не экстремизмге өзге де дем берушілікке қатысы бар екені дәлелденген тұлғалар-
ды жауапқа тарту қажеттілігіне байланысты пайда болды.
Шын мәнінде террористік немесе экстремистік іс-әрекетке қылмыстық-құқықтық тұрғыдан қарсы
әрекет ету жалпы терроризм мен экстремизмге қарсы тұратын негізгі құралдардың бірі болып табыла-
ды. Демек, террористік немесе экстремистік әрекетті қаржыландыру үшін қарастырылған қылмыстық-
құқықтық жауапкершілік, Қазақстан Республикасының қоғамдық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің бір
құралы ретінде қарастырылады.
Кейіннен жүргізілген бірқатар реформаларға байланысты, Қазақстан Республикасының кейбір
заңнамалық актілеріне ұйымдасқан қылмысқа, террористік және экстремистік қызметке қарсы іс-қимыл
мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының
2011 жылғы 29 қарашадағы Заңымен қарастырылған баптың құрылымы және атауы «Террористік
ЗАҢ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
АКТУАЛЬНЫЕ ВОПРОСЫ ЮРИДИЧЕСКОЙ НАУКИ
20
немесе экстремистік әрекетті қаржыландыру және терроризмге не экстремизмге өзге де дем бе-
рушілікке қатысы бар» деп өзгертілді.
Аталған қылмыс түрінің қоғамға келтіретін қаупін есепке алсақ, террористік немесе экстремистік
әрекетті қаржыландыру және терроризмге не экстремизмге өзге де дем берушілік үшін қылмыстық
жауапкершілік ісін жүргізудің орынды екендігі анық. Қоғамға қауіп төндіру дәрежесі қоғамдық қарым-
қатынасқа зардаптың қол сұғушылықтан келген көлеміне және сипатына, оның таралуына, оны жүзеге
асырған кінәлі тұлғаның іс-әрекетін сипаттайтын мәліметтерге байланысты болады. Қылмыстық
заңмен қорғалатын қоғамдық қарым-қатынасқа қол сұғуға жатқызылатын іс-әрекет жалпы қоғамға
қауіптілік дәрежесінің барлық жағдайлары негізінде заң шығарушымен шешіледі. Нақ қоғамға қауіптілік
дәрежесі - құқықтың басқа салаларымен реттелетін қылмыстық кұқық бұзушылықты басқа да құқық
бұзушылықтардан шектеудің жалғыз белгісі болып табылады.
Қарастырылып отырған қылмыстың қоғамдық қауіптілігі террористік немесе экстремистік әре-
кетті қаржыландыру және терроризмге не экстремизмге өзге де дем берушіліктің кешенді объективті
белгілерін құрап, террористік актілер немесе террористік немесе экстремистік іс-әрекеттерін жүзеге
асыру қаупін тудырып, нәтижесінде адамдар өліміне, мүлікке едәуір нұқсан тигізетін, қоғамдық
жағдайдың тұрақсыздандыруына әкелетін басқа да қоғамға қауіпті жағдайлардан тұрады.
Құрылымына қарай заң шығарушы 258-бапты «Қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке
қарсы қылмыстық кұқық бұзушылықтар» Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 10-
тарауына қосқан. Демек, қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қоғамдық қарым-қатынастардың
жиынтығы аталған қылмыстың объектісі болып табылады. Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 6
қаңтардағы «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» Заңының 4-бабы 1-тармақша-
сына сәйкес қоғамдық қауіпсіздік деп қоғамның тұтастығы мен оның тұрақтылығы қамтамасыз етілетін
азаматтар өмірінің, денсаулығының және амандығының, қазақстандық қоғамның рухани-имандылық
құндылықтарының және әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің нақты әрі ықтимал қауіп-қатерлерден
қорғалуының жай-күйін айтамыз[7, б. 3].
Террористік немесе экстремистік әрекетті қаржыландыру және терроризмге не экстремизмге өз-
ге де дем берушіліктің мәнін ашуда, басқа террористік және экстремистік қылмыстардан шектеп дұрыс
саралауда, аталған қылмыстың объективті жағын анық білген маңызды.
Қарастырылып отырған қылмыс түрінің объективті жағы тұлғаның келесі:
- террористік немесе экстремистік әрекетті жүзеге асыратын, жеке тұлғаға не адамдар тобына
не заңды тұлғаға ақшаны және (немесе) өзге мүлікті, мүлікке құқықты немесе мүліктік сипаттағы пай-
даны беру;
- террористік немесе экстремистік әрекетті жүзеге асыратын, жеке тұлғаға не адамдар тобына
не заңды тұлғаға ақшаны және (немесе) өзге мүлікті, мүлікке құқықты немесе мүліктік сипаттағы пай-
даны жинау;
- террористік немесе экстремистік әрекетті жүзеге асыратын, жеке тұлғаға не адамдар тобына
не заңды тұлғаға ақшаны және (немесе) өзге мүлікті, мүлікке құқықты немесе мүліктік сипаттағы пай-
даны сыйға тарту;
- террористік немесе экстремистік әрекетті жүзеге асыратын, жеке тұлғаға не адамдар тобына
не заңды тұлғаға ақшаны және (немесе) өзге мүлікті, мүлікке құқықты немесе мүліктік сипаттағы пай-
даны айырбастау;
- террористік немесе экстремистік әрекетті жүзеге асыратын, жеке тұлғаға не адамдар тобына
не заңды тұлғаға ақшаны және (немесе) өзге мүлікті, мүлікке құқықты немесе мүліктік сипаттағы пай-
даны қайырымдылыққа тарту;
- террористік немесе экстремистік әрекетті жүзеге асыратын, жеке тұлғаға не адамдар тобына
не заңды тұлғаға демеушілік көмек көрсету;
- террористік немесе экстремистік әрекетті жүзеге асыратын, жеке тұлғаға не адамдар тобына
не заңды тұлғаға қайырымдылық көмегі;
- террористік немесе экстремистік әрекетті жүзеге асыратын, жеке тұлғаға не адамдар тобына
не заңды тұлғаға ақпараттық және өзге де қызмет түрлерін көрсету;
- террористік немесе экстремистік әрекетті жүзеге асыратын, жеке тұлғаға не адамдар тобына
не заңды тұлғаға қаржылық көмек көрсету;
- берілген мүлікті, ақпараттық, қаржылық және өзге деқызмет түрлерін террористік және экстре-
мистік іс-әрекетті жүзеге асыру үшін қолдану;
- террористік немесе экстремистік топты, террористік немесе экстремистік ұйымды, заңсыз
әскерилендірілген құралымды қамтамасыз ету үшін берілген мүлікті, ақпараттық, қаржылық және өзге
де қызмет түрлерін қолдану іс-әрекеттерді жасауынан көрініс табады.
Террористік немесе экстремистік әрекетті қаржыландыруды және терроризмге не экстремизмге
өзге де дем берушілік Қылмыстық кодекстің 258-бабында келтірілген: жеке тұлғаға не адамдар тобына
не заңды тұлғаға олардың қызметінің террористік немесе экстремистік сипатын не берілген мүлік,
көрсетілген ақпараттық, қаржылық және өзге де қызмет түрлері террористік немесе экстремистік әре-
кетті жүзеге асыру не террористік немесе экстремистік топты, террористік немесе экстремистік
|